Білім берудегі бағалаудың өлшемдік технологиялары

Еліміздегі білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау

Дәстүрлі бағалау түрлері және олардың оқушылардың оқу жетістіктерін анықтаудағы рөлі

Артықшылықтары

1. Оқушы мен педагогтың өзара әркеттестігіне негізделеді, яғни оқушылардың коммуникавтік қабілеттері дамытылады.

2. Тәсілдердің қарапайымдылығы.

3. Нәтижелерді алудың шапшандылығы

Депуттатар білім саласындағы жүйесіздікті жою үшін дәстүрлі оқыту жүйесіне көшу керек дейді.

Дәстүрлі бағалау:
-жоспарлау, оқыту және бағалау бір-бірінен бөлек үдерістер;-бағалаудың бір ғана құралы немесе стратегиясы пайдаланылады;
-бағалау тек мұғалімнің билігінде;
-оқушылардың оқу нәтижелерін есепке алу мен есеп берудің бір ғана тәсілі қолданылады;
-оқушылардың жауаптары дұрыс жауаппен салыстырылады (біледі-білмейді);
-тақырыппен жұмыс біткен кезде ғана тексеру жүргізіледі;
-бағалаудың жалғыз мақсаты – қойылатын бағаны анықтау;
-оқушылардың ағымдық білімі мен оқу тәжірибесін бағалау тақырыппен жұмыс біткен кезде ғана жүргізіледі.

Кемшіліктері

1. Компетенттілік тұрғыда оқытуға қатысты бақылау құралдарының жеткіліксіздігі.

2. Педагогикалық өлшеу элементтерін кейбіреуінің көрініс бергенімен, олар оқушылардың бағаланатын қасиеттерінің сапалы эквиваленттерін сандық өлшеуді емес, оларды бағалауды мақсат етеді, сондықтан мұндай бақылау нәтижелерін бір-бірімен салыстыруға болмайды.

3. Педагогтар тарапынан субъективизмнің көрініс беруі.

4. Бағалаудың бірыңғай шкаласы мен критерийлерінің болмауы.

5. Оқу әрекеті нәтижелерін өзіндік түзету жасауға толық мүмкіндік бермейтіндігі

ҚР орта білім беру жүйесіне критериалды бағалауды енгізу

Критериалды бағалау – оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен
мазмұнына сәйкес келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың (оқушы,
мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала
таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы
оқушының оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс.

Мұғалімнің бағалаудағы ролі:
Мұғалім тәлімгер ретінде - кері байланысты және әр оқушыға қолдау
көрсетуді қамтамасыз етеді;

Мұғалім жетекші ретінде - топтағы ағымдағы жұмыс үдерісіне алып жүру
үшін диагностикалық ақпарат жинастырушы;

Мұғалім есепке алу маманы ретінде - оқушылардың өсуі мен жетістіктері
туралы жазу;

Мұғалім баяндамашы ретінде - оқушылардың өсуіне қатысты ата-
аналарына, оқушыларға және мектеп әкімшілігіне баяндау.

Кретериалды бағалау жүйесінің құрылымы

Кретериалды бағалау жүйесінің құрылымы

Оқу үшін бағалаудың негізгі сипаттамалары:
1 Оқыту мақсатымен бөлісу.
2 Алда не күтіп тұрғанын оқушылардың білуіне көмектесу.
3 Өзін-өзі және құрбыларын бағалау.
4 Оқушылардың жақсарту үшін не қажет екендігіне көмек беретін пікірлермен
қамтамасыз ету.
5 Оқушылардың өздерін жетілдіре алатынына сенімділігін дамыту.
6 Өзара бірлесіп бағалау туралы ақпаратты талдау және ойластыру.

Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалау арқылы жүзеге асырылады

Жиынтық бағалау— оқу бағдарламасындағы бөлімдер (ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі. Білім алушының қабілетін есепке ала отырып, дифференциациялық оқытуды ұйымдастыру үшін қолданылатын күрделілігі түрлі деңгейдегі тапсырмалар орындалады. Бағалау барлық пән бойынша өткізіледі. Бағалау жолдары мазмұны мен түрлеріне сай әртүрлі болады. Оқу мақсатына жету дәрежелерін анықтау үшін Б.Блумның оқу мақсаттары таксономиясына сәйкес бағалау критерийлері реттеліп қарастырылады.

Wild animal

Wild animal

Қалыптастырушы бағалау— оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді. Үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар күнделікті сабақта орындатуға арналған. Әр тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім белгілі бір оқиға немесе әрекетке жауап беру, үн қату, пікір білдіру үшін әр оқушыға кері байланыс жасайды. Қалыптастырушы бағалауда түрлі әдістерді қолдануға болады. «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бағалау ағашы», «Бағдаршам», «Смайликтер».

Wild animal

Wild animal

Wild animal

Wild animal

Wild animal

Wild animal

Оқушы жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі қарастырылған
міндеттерді шешеді:

Оқушының білімін ағымдық және қорытыныды бағалау;
Баға сапасын арттыру.

Оқушының сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыруы. Бағаға
қарсы теріс көзқарастың болмауы;

Білімді меңгерудің жыл аяғындағы ғана емес, күнделікті білім алудың
даму динамикасын айқындауы;

Әрбір оқушының сабақ үдерісіндегі әр кезеңіндегі дайындық деңгейін
анықтау;

Білім алу барысындағы қиындықты, қателікті, білім олқылықтарын және
оның себептерін дер кезінде анықтауы;

Оқушының білім алу үдерісін қадағалап, дәл және жедел түрде сапалы
білім алғаны жөнінде кері байланыс ақпаратын алуы;

Оқушының барлық жұмыс түрлерін бағалауы. (өзіндік жұмыс, ағымдағы
бағалау, қорытынды бақылау, тренинг,үй жұмысы, шығармашылық т.б)

ҚР орта білім беру жүйесіне критериалды бағалауды қамтамасыз ететін нормативтік құжаттар

1.Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрінің 2017 жылғы 18 қаңтардағы № 18 бұйрығымен енгізілген өзгертулер ескерілген Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығымен бекітілген педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын жүргізу және ұйымдастыру Ережесі;

c1a

.«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқармасының 19.04.2017ж. (№ 17 хаттама) шешімімен бекітілген Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламалары бойынша бағалау рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу Ережесі.

r

https://infourok.ru/kriterialdi-baalau-zhyesin-engizudegi-baalau-kriteriylerin-rastiru-3701676.html

2.ҚР БжҒМ Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаметінің № 11-4/744 13.04.2017ж. күнгі хаты;

Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу бойынша мұғалімдерге
арналған нұсқау

Білім алушылар орындарына жайғасып, тоқсандық жиынтық бағалау
жұмысын орындауға дайын болған кезде мұғалім төмендегілерді орындауы
қажет:

Білім алушыларға бағалауды өткізу ережелерін сақтау қажеттігі туралы
түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Алғашқы беттегі нұсқауды дауыстап оқып, жұмысты орындауға берілген
уақытты хабарлайды. Бағалау жүргізіліп жатқан кезде білім алушылардың
бір-бірімен сөйлеспеу керектігін ескертеді.

Тапсырманы білім алушы отырған партаның үстіне бетін төмен қаратып
қояды, бетті аударып қарамауын өтінеді.

Бағалауды өткізу кезінде білім алушылардың бір-бірімен сөйлесуіне,
көмек сұрауына, біреуге көмектесуіне болмайтыны туралы ескертіледі.

Білім алушылардан тапсырма парағының бетін аударып, өзі туралы
мәліметті толтыруын сұрайды: білім алушының тегі, аты және сыныбы
(мектебі).

Тақтаға басталу және аяқталу уақытын жазады, білім алушылар хабардар
болу үшін қосымша дауыстап айтады.

Бағалау жүріп жатқан кезде білім алушылардың жұмысты өз бетінше
орындап жатқанына көз жеткізеді. Олар бір-бірімен сөйлеспеуі қажет,
бір-бірінен көшіруіне болмайды.

Білім алушылардың тапсырманы орындауға қажетті құралдарының бар
екеніне көз жеткізеді.

Білім алушылардың нұсқауды түсінгеніне көз жеткізеді, сұрақ туындаған
жағдайда жиынтық бағалау жұмысы басталмас бұрын жауап береді.

Бағалау өтіп жатқан кезде мұғалім нұсқауға немесе жұмысты орындау
уақытына қатысты сұрақтарға жауап береді. Мұғалім білім алушылардың
жазуына, сұрақты өзгертіп айтуға көмектесуіне немесе ақпарат беруіне
болмайды.

Егер кейбір білім алушылар жиынтық бағалау жұмысын белгіленген
уақыттан бұрын орындайтын болса, өз жауаптарын қайта қарап шығуын
өтінеді. Жиынтық бағалау жұмысын орындау уақыты аяқталған соң
білім алушылардан жұмысты орындауды тоқтатуын және қалам/
қарындаштарын үстел үстіне қоюын өтінеді. Барлық жұмыс жиналып
біткенше білім алушылардың бір-бірімен сөйлеспеуі және тыныш отыруы
өте маңызды.

Book

Book

Білім алушылардың келген, келмегенін белгілеп алу қажет. Білім
алушылардың жас ерекшелігіне қарай анықталған уақыт аралығы, яғни
жұмысты орындауға неше уақыт қалғаны туралы ақпарат беру маңызды.
Бағалау жұмысын аяқтауға 5 минут қалғанын білім алушыларға әрқашан
ескертіп отыру қажет.

Білім алушыларға «Математика», «Жаратылыстану» сияқты пәндерден
шешу жолдарын көрсетіп, содан соң ғана жауап жазу бағанына тек нақты
жауапты жазу қажеттігін түсіндіреді.

Білім алушылардың тапсырманы орындау кезінде көмек болатын
қосымша құралдарды қолданбағанына көз жеткізеді, мысалы, сөздіктер
немесе калькуляторлар (егер аталған заттар тоқсандық жиынтық
бағалаудың спецификациясында қарастырылмаған болса).

Бағалауға арналған тапсырмалар әзірлеу

2-3 сынып бойынша жабық тапсырма

Дескриптор Білім алушы
- берілген сандардан мүмкін болатын барлық үш таңбалы сандарды
құрастырады; 
- салыстыру арқылы ең үлк

Дескриптор Білім алушы
- берілген сандардан мүмкін болатын барлық үш таңбалы сандарды
құрастырады;
- салыстыру арқылы ең үлкен санды анықтайды;
- салыстыру арқылы ең кіші санды анықтайды.

Дескриптор Білім алушы
- әр фигураның ауданын табу формуласын анықтайды; 
- формула бойынша тіктөртбұрыштың ауданын табады;

Дескриптор Білім алушы
- әр фигураның ауданын табу формуласын анықтайды;
- формула бойынша тіктөртбұрыштың ауданын табады;
- формула бойынша шаршының ауданын табады;
- формула бойынша тікбұрышты үшбұрыштың ауданын табады.

Movie

Movie

Дескриптор Білім алушы
- 1000000-ға дейінгі мыңдықтарды өсу ретімен жазады; 
- 1000000 көлеміндегі мыңдықтарды салыстырады.

Дескриптор Білім алушы
- 1000000-ға дейінгі мыңдықтарды өсу ретімен жазады;
- 1000000 көлеміндегі мыңдықтарды салыстырады.

..

Дескриптор Білім алушы
- нөлмен аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтеді; 
- нөлмен аяқталатын үш таңбалы санд

Дескриптор Білім алушы
- нөлмен аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтеді;
- нөлмен аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөледі.

98

Дескриптор Білім алушы
- шешімі 6 саны болатын теңсіздіктерді анықтайды; 
- теңсіздіктің шешімдер жиынын жазып көрсетеді

Дескриптор Білім алушы
- шешімі 6 саны болатын теңсіздіктерді анықтайды;
- теңсіздіктің шешімдер жиынын жазып көрсетеді

Дескриптор:
- берілген сөздерден жуан-жіңішке жұп дауыстыларды табады;
- жұп дауыстыларды сәйкестендіреді;
- сәкестендірілген

Дескриптор:
- берілген сөздерден жуан-жіңішке жұп дауыстыларды табады;
- жұп дауыстыларды сәйкестендіреді;
- сәкестендірілген сөздерді дәптерге жазады.

Дескриптор:
- жұмбақты оқиды;
- жұмбақтың шешімін табады;
- дұрыс жауаптарымен сәйкестендіреді.

Дескриптор:
- жұмбақты оқиды;
- жұмбақтың шешімін табады;
- дұрыс жауаптарымен сәйкестендіреді.

Бағалауға арналған тапсырмалар әзірлеу

Ашық тапсырмалар және олардың ерекшелігі

Ашық тапсырмалар жоғары деңгейдегі танымдық
дағдыларды тексеруге, аргумент келтіре алуға,
жеке көзқарасын білдіруге, сыни ойлай алуға және
т.б. арналған. Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда оқушылар бірнеше сөздерді, бір сөйлемді, қарапайым сызбаны немесе формуланы қолдана отырып, сұрақтарға қысқа нақты жауап беруі
қажет

Ашық сұрақтар мен ашық тапсырма құрастыруға қатысты мұғалімге арналған ұсыныстар

- Нұсқау қарапайым, дәл және ықшам болуы тиіс. Оларды көрінетін жерге жазыңыз.

- Тапсырма тек бағалау құралы ғана болып табылады. Сұрақтардың жауабы нақты ақпарат беруі тиіс.

- Тапсырма маңызды және қажетті ақпаратты қамтуы тиіс. Оқу бағдарламасы мен оқу мақсаттарына қатысы жоқ қиын сұрақтарды қосуға болмайды.

- Жауабын анықтауға арналған мәтін оқушыға таныс болуы керек және тақырыптан ауытқу болмауы керек.


- Оқушылардың жас ерекшелігін, тілдік мүмкіндіктерін ескеріңіз, қарапайым тілді қолданыңыз.

- Құрылған сұрақтар жынысына, қандай да бір қызығушылығына тәуелсіз барлық оқушыларға бірдей түсінікті болуы керек, мысалы, берілген мәтін тек қыздарға арналған (косметика туралы) немесе ұлдарға қатысты (автокоөліктердің қозғалтқыштарының соңғы үлгілері туралы) болмауы керек.

- Жұмыстарды тәуелсіз сарапшылар кемінде екі рет тексеруі керек.

- Дайын бағалауға арналған тапсырмаларды бақылау үшін бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сүйену керек.

Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларда бірнеше кезеңдерден тұратын түрлі сөйлемдерді,
түсініктемелерді, сызбаларды немесе дәлелдерді
қолдана отырып орындауы қажет.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар нұсқаларының бірі эссе болып табылады. Эссенің
көмегімен тек жазылым дағдысы ғана тексеріліп
қоймайды, сондай-ақ, берілген сұрақты немесе
мәселені әр түрлі көзқараста қарастыру, берілген
тақырыптың түрлі аспектілерін ашып көрсету, өз
көзқарасын аргумент түрінде келтіру, мәселені
шешудің жолдарын ұсыну және т.б. меңгеруі
тексеріледі.

Ашық тапсырмалардың түрлері

Қолдану деңгейіне берілген тапсырма

Бұл негізгі және өте маңызды тапсырмалар; олар өте қысқа немесе керісінше, бірнеше әрекеттен тұратын күрделі тапсырма болуы мүмкін. Мұндай тапсырмалардың негізгі мақсаты – оқушыға жаңа білімді қолдану қажет болатын өмірлік жағдайға сәйкес келетін балама жағдаят тудыру. Мұндай тапсырма бірнеше нұсқа жауабы ұсынылған мәтін арқылы берілуі мүмкін.

Ашық түрдегі тапсырмаларға арналған талаптар:

әр тапсырма орны сызықшамен немесе нүктелермен белгіленетін мүмкіндігінше бір ғана сөзбен толықтыруды қажет ететін болуы (____, немесе …);

сызықтың негізгі элемент орнына қойылуы;

бір тесттегі барлық сызықтар бірыңғай ұзындықта болуы;

толықтырылатын сөздің мүмкіндігінше тапсырманың соңына қойылуы;

тапсырма мәтінінің құрылымы қарапайым және артық ақпаратттарсыз болуы;

тапсырма шартында қайталаулар мен екіорай теріс ойлар болмауы керек.

Ойлануға берілген тапсырма

Мұндай тапсырмалар сирек кездеседі. Олар оқушының өзі тақырыпты әбден ойланып, жаңа білімін өз әрекетінде қолдану жолын дұрыс табуын көздейді. Білімін өмірде қолдану туралы ойлану өздігінен шешім қабылдап, өз таңдауын негіздей білуге мүмкіндік береді. Мұндай тапсырмалар дайын жауабы көрсетілмеген ашық сұрақтар арқылы берілуі мүмкін, сұраққа оқушылар өз бетінше ойланып жауап жазады. Жауапты автоматты түрде тексеру мүмкін емес. Жоғары деңгейдегі тапсырма әзірлеу үшін ашық сұрақтар құрастырып үйрену керек.

Дұрыс құрастырылған ашық сұрақтар оқушының ұстанымы мен құндылықтарын анықтауда, дұрыс ой тұжырымдап, өз ойын дәйекті жеткізе білуін бағалауда пайдалы болып саналады.

Бағалауға арналған тапсырма әзірлеудің жалпы ерекеліктері

Дескрипторларды құрастыру кезінде ескеру керек жағдайлар

Дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі
әрекетті көрсететін сипаттама.
Дескрипторлар қалыптастырушы бағалау мен
бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізу кезінде
қолданылады. Тапсырмаларды тексеру үдерісінде
бөлім бойынша жиынтық бағалауда қолданылатын
әр дескриптор 1 балмен бағаланады.

Дескрипторларда –
оқушыдан белгілі бір нəтижеге қол жеткізу үшін күтілетін қызмет
түрін қысқаша сипаттау, балл қою схемасы – нүсқаулық, əрбір сұрақ
үшін балл саны мен балл беруді сипаттау нақты көрсетілген. Бағалау
критерийлерін пайдалану емтихан жұмысының қандай мектепте
орындалғанына қарамастан барлық оқушылардың жетістіктерін
бағалаудың тəсілдерін стандарттауға мүмкіндік береді, бұл
объективті жəне ашықө бағалауға қол жеткізеді.

Балл қою кестесі

Балл қою кестесі тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары үшін құрастырылады және жиынтық
жұмыстарды тексеру үдерісінде қолданылады.

Балл қою кестесі қашан, қалай балл берілетіндігін
білдіретін, дұрыс (болжамды) жауаптар мен ұсыныстардың үлгілері туралы анық және нақты ақпарат ұсынатын құрал болып табылады. Әр тапсырмаларды орындаудың әр кезеңінің балдары
көрсетіледі.

Балл қою кестесі – тоқсандық жиынтық бағалау
тапсырмаларына балл қою бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын кесте

Pet

Pet

Pet

Pet

Pet

Pet

Пән бойынша оқушы білімін критериалдық бағалау
Әдебиеттік оқу пәні бойынша критериалдық бағалау жүргізу әдістемесі

Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім алушылардың күтілетін нәтижелер мен
тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында
меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 2-сыныпта «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша тоқсандық жиынтық
бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.

Pet

Pet

Pet

Pet

Pet

Pet

Pet

Pet

Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4-сыныптарына арналған «Әдебиеттік оқу» пәнінен
үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)

Pet

Pet

Күтілетін нәтижелер
Тыңдалым және айтылым:
білім алушы әңгімелесудің, оқылған немесе тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын
түсінеді және жеткізе алады; сөйлеушінің көзқарасын жеткізу жолдарын айқындайды,
қорытындылар жасайды; пікірталастың тақырыбын түсінеді және сөйлеу нормасын сақтай
отырып, оны талқылауға қатысады; мәнерліліктің эмоциялық-реңкті құралдарын қолдана
отырып, әңгімелеу және сипаттау мәтіндерінің мазмұнын баяндаудың түрлі тәсілдерін
пайдаланады; көркем шығармалардың мазмұнын баяндаудың түрлі тәсілдерін қолданады;
тыңдағандарына және оқығандарына қатысты пайымдайды, өз ойымен және эмоциясымен
бөліседі; логикалық дәйектілікті сақтай отырып, өз көзқарасын дәлелдейді; берілген тақырып
пен коммуникативтік нұсқауға сәйкес өзара байланысқан, логикалық тұрғыдан дәйектелген
дербес пікір білдіреді; тілдік қатынастың әртүрлі тәсілдерін қолдана отырып, диалогқа
қатысады; оқылған, тыңдалған ақпараттың негізінде рухани-адамгершілік құндылықтар
туралы түсінікті талдайды;

Оқылым:
білім алушы халық ауыз әдебиеті мен балалар әдебиеті туындыларын оқиды,
кейіпкерлердің мінез-құлықтарын талдайды және іс-әрекеттеріне баға береді; көркем
мәтіндерді көркем емес мәтіндерден ажыратады; көркем шығармалардың негізгі идеялары
мен композициясын айқындайды; көркем туындының жанрын айқындайды, өзінің
жауабына/таңдауына негіздеме береді; автордың бейнені сомдау үшін қолданған әдеби
көркемдеуіш құралдарын айқындайды; жазушының өз кейіпкерлеріне қатынасы туралы
қорытынды жасайды; мәтіндерді белгілі бір оқу түрлері мен стратегияларын қолдана отырып
оқиды; шығармалардағы оқиғалар барысын болжайды; әңгімелерді/өлеңдерді мәнерлеп
оқиды; өлеңді мәнерлеп жатқа оқиды; көркем әдебиет туындыларындағы адамзаттың ортақ
құндылықтарын айқындайды

Жазылым:
білім алушы тиісті сөздерді негізді түрде іріктей отырып, әртүрлі типте, жанр мен
стильде өз мәтіндерін құрастырып жазады; меңгерген грамматикалық, пунктуациялық және
орфографиялық нормаларға сай жазады; жеткізудің түрлі тәсілдерін (суреттер, сызбалар,
кескіндер, кестелер) қолдана отырып, мәтіндер жазады; Қазақстан халқының мәдениетіне,
салт-дәстүріне байланысты тақырыптарға өзінің жеке көзқарасын білдіре отырып, шағын
мәтіндер құрастырады.

Жиынтық бағалауды өткізу ережесі

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер,
плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау
оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға
жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен
таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау
басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.

Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен
сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім
алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім
алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға
немесе көрсетуге тыйым салынады.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі
хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын
тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.

Критериалды бағалауды Блум таксономиясының категорияларына сәйкес ұйымдастыру әдістемесі

Блум таксономиясының орта ойлау деңгейінің (қолдану, талдау деңгейлері) ерекшеліктері

Пайдаланылатын етістіктер

Қолдану.Көрсету, тағайындау, орындау, суреттеу, қолдану, пайдалану, айналысу

Талдау.Ажырату, саралау, үміт арту, даулау,жатқызу, салыстыру, тәжірибеден өткізу, қарама-қарсы қою, зерделеу

Мақсат пен бағалау арасындағы байланыс

Блум таксономиясы бойынша тапсырма сипаттары

Қолдану.Бірнеше тәсілмен шешіңіз. Құбылыстың негізін түсіндіріңіз. Жорамалды тексеріңіз. Қорытынды жасаңыз.

Талдау.Құрылымы қандай? Топтастырыңыз. Салдары не? Салыстырыңыз. Бөліктерге бөліңіз. Себебін талдаңыз.

Блум таксономиясы бойынша тапсырма түрлері

Талдау
1.Бұл оқиғалардың қайсысы шын мәнінде болған, қайсыларын автор ойдан шығарған?
2.Азамат соғысы мен ауған соғысынан кейiнгi жағдайлардың ұқсастығы.
3.Талқыланған мақаладан үш дерек пен үш пiкiр табыңыз

Қолдану
1.Берілген сөздің әрбірін қолданып сөйлем құрастырыңыз.
2.Картадағы белгілерді пайдаланып, қаладағы үш ескерткішке бару маршрутын жаса.
3.Өздерiңiз оқитын сыныптың ауданын табыңыздар.
4.Әңгіменің толық оқып болған соң, оның немен аяқталатынын табыңыз.
5.Игерілген ылғалдылықты анықтау тәсілін қолданатын үш жағдайды көрсетіңіз.

Қолдану: Материалды жаңа жағдайда пайдалану

1.Әдіс-тәсілдерді орнымен қолдану
2.Нақты жағдайда заңдылықты орнымен пайдалану
3.Ұстаным, ережелерді жаңа жағдайда қолдана алу

Талдау: Материалды негізгі компоненттерге жіктей білу

1.Жасырын болжамды айқындау
2.Өрбу логикасында жіберілген кемшіліктерді көре білу
3.Фактілер мен салдар арасындағы айырмашылықты ажырату

Блум таксономиясы бойынша сұрақтар

Қолдану.Бұл қалай пайдаланылады? Бұл немен байланысты? … қандай жағдайларда?

Талдау.Неге? Қалай? …. себебі не болып табылады? Қорытынды үшін не нәрсе дәлел? ...себебі қандай? …бір-бірімен қалай үйлеседі?

Блум таксономиясы негізіндегі орта ойлау дағдыларына арналған тапсырмалар құрастыру

Талдау деңгейі бойынша тапсырма

Талдау деңгейі бойынша тапсырма

Қолдану деңгейі бойынша тапсырма

Қолдану деңгейі бойынша тапсырма

Пән бойынша оқушы білімін критериалдық бағалау.
Дүниетану пәні бойынша критериалдық бағалау жүргізу әдістемесі

Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу
бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін
тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға
бағытталған.
Спецификация 3-сыныпта «Дүниетану» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың
мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды

Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Дүниетану» пәні бойынша (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) бастауыш
мектепке арналған оқу бағдарламасы (1 - 4-сыныптар).

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық
жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан
дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларға білім алушы сөздер немесе сөйлемдер
түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларда максималды балл жинау үшін білім
алушыдан тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін
5 тапсырмадан тұрады.

Movie

Movie

Movie

Movie

Movie

Movie

ө

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер,
плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.

Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация
үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін
балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі

Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен
сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім
алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға
көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге
тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі
хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын
тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау
оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға
жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен
таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау
басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.

Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру

Мұғалімдердің модерация кезіндегі əрекеті

Модерация кезінде:
• білім алушылардың жұмыс қорытындысын әріптестермен
талқылайды, барлық балдардың балл қою кестесіне сәйкес қойылғанына
көз жеткізеді;
• қажет болған жағдайда нәтижелерге немесе балл қою кестесіне
өзгерістер енгізеді;
• отырыс хаттамасына қол қояды

Модерациядан кейін:
• модерацияны ескере отырып, өзгеріс енгізу қажет білім
алушылардың барлық жұмыстарын қайта қарастырады. Мұндай
жағдайда жоғарылату немесе төмендету жағына қарай балдардың
өзгеруі де мүмкін;
• білім алушының жұмысына соңғы нақты балдар қойылады;
• соңғы нақты балдар электрондық журналға қойылады.

Модерацияға дейін:
• білім алушылардың жиынтық бағалау жұмыстарын балл қою
кестесіне сәйкес бағалайды;
• жиынтық жұмыс үлгілерін іріктеп алады (максималды,
минималды балдармен; бағалауда қиындық тудыратын жұмыстарды);
• жеке мәліметтерді шифрлайды, білім алушылардың жұмыстарын
модерацияға дайындайды.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы мазмұнын,
құрылымын анықтайтын келесі ақпараттардан тұрады:

тапсырмалардың балл қою кестелері.

тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының үлгілері;

тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу бойынша нұсқау;

тапсырмалар бойынша балдарды бөлу:

тапсырмалар саны;

бағалау құрылымы;

жиынтық жұмыстардың ұзақтығы;

тоқсандық жиынтық бағалауға шолу:

тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты;

Тоқсандық жиынтық бағалау өткізілетін кабинеттерді мұғалімдер

алдын ала дайындайды. Айналасы білім алушыларға таныс болуы,
күнделікті сабақ өтіп жүрген кабинеттері болуы ұсынылады.
Кабинеттерді дайындау кезінде келесілерді ескеру қажет:

• Көшіріп алудың алдын алу үшін білім алушылардың отыратын
орнын ойластыру қажет.

• Тапсырманы орындау барысында білім алушыларға көмегі тиюі
мүмкін деген плакаттар, ақпараттық сипаттағы қабырға
материалдарының алынып тасталуы немесе беті жабылуы тиіс.

Білім алушыларда сұрақ немесе мәселе туындаған жағдайда
парталардың арасы мұғалім мен бақылаушының еркін жүріп тұруына
мүмкіндік беретіндей орналасуы тиіс.

• Негізгі нұсқаулық пен уақыт жазылып тұратын болғандықтан
тақта білім алушылардың алдында болғаны дұрыс.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау талаптары

- тоқсандық ЖБ нәтижесі бойынша модерация өткізіледі (жазбаша
жұмыстар үшін);

тоқсандық бағаға әсер етеді (50%)

бір сабақ көлемінде өткізіледі (40 минут);

тоқсанның барлық бөлімдері бойынша оқу мақсаттарын қамтиды;

бағалау балдары балл қою кестесіне сәйкес қойылады;

- тоқсандық ЖБ тапсырмаларын мұғалім спецификацияға сәйкес
құрастыруы тиіс;

Game

Game

Game

Game

Критериалды бағалауды Блум таксонономиясының категорияларына сәйкес ұйымдастыру

Блум таксономиясын бағалау процесінде пайдалану

Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні- оқушыларды кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталады. Сабақ жоспарын Блум таксономиясына салып, бағдарламада белгіленген жеті модульді ықпалдастырудың арқасында оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ қызығушылықтарын түсініп, оқытудың жаңа тәсілдерін тиімді және орынды пайдаланып, оқушы бойында ішкі уәж тудырып, өз қабілеттеріне сенім арттырып, ол өз кезегінде жаңа материалды саналы түрде меңгеруіне әсер етеді деп күтілді.

Репродуктивтік әдіс. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушының іскерлігін және дағдыларын қалыптастырып, тапсырмалар беріп, өзі меңгерткен білімді, үйреткен іскерлік дағдыларын оқушыларға қайталатады. Оқушылар мұғалімнің үлгісі бойынша жіктейді, септейді, жоспар құрып, мұғалімнің нұсқауымен тәжірибе жасайды. Репродуктивтік әдіс мұғалімнен ұйымдастырушылық қабілетті талап етеді. Мұғалім сөздік, көрнекілік, тәжірибелік әдістер арқылы жаңа оқу материалын түсіндіреді, ал оқушылар оларды тапсырмаларды орындау үшін қолданады. Білімнің көлемі көп болғанда репродуктивтік әдіс түсіндірмелі-иллюстративтік әдіспен бірге қолданылады. Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы «дайын» білімдерді есінде сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсенділігі төмен болады.

Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді.

Сабақ үрдісінде Блум таксономиясын пайдалану

Блум таксономиясы негізіндегі төменгі ойлау дағдыларына арналған тапсырмалар құрастыру әдістемесі

Блум таксономиясының деңгейлері туралы ақпаратты белгішені басып көрулеріңізге болады

Блум таксономиясының деңгейлері туралы ақпаратты белгішені басып көрулеріңізге болады

Блум таксономиясы бойынша тапсырма түрлері

Пайдаланылатын етістіктер

1.Білу
1.Зат есімге анықтама беріңіз.
2.Әрекет мәні әңгіменің қай жерінде айқындалады?
3.Тіршілік иелерін қандай екі категорияға жіктеуге болады?
4.(9+17)+21+8 өрнегінің мәнін табыңыз.

2.Түсіну
1.Иллюстрациядағы эпизодтан кейін роман кейіпкеріне не болғанын әңгімелеңіз.
2.ХХ ғ.ғ басы, ортасы, аяғында Германияда болған оқиғалар туралы үш сурет салыңыз.
3.Параграф мазмұнын өз сөзіңізбен қысқаша айтып беріңіз.
4.Неліктен географиялық карталарда таңбалар қолданылады?

Білу: Оқыған материалды есте сақтап, қайталап айтып беру
1.Пайдаланылған сөздіктер мен түсініктерді білу
2.Нақты фактілерді (мәліметтер мен деректер) білу
3.Негізгі ұстанымдар мен ережелерді білу

Түсіну: Берілген материалды өз сөзімен басқаша жеткізе алу
1.Ұстаным, ереже, фактілерді түсіну
2.Мәтінді басқа формада жеткізе алу
3.Нәтиженің келешегін болжамдай алу

Блум таксономиясы бойынша ойлау әрекетінің деңгейлері

Білу.Нақты фактілерді, ақпараттарды
және олардың сипаттамасын білу
және көрсету

Түсіну.Ақпаратты дұрыс көрсету, болжау
немесе түсіндіру арқылы ұғынуды
көрсету

Қолдану.Ақпаратты және бұрын алынған
білімдерді жаңа немесе таныс емес
мәнмәтінде немесе жағдаятта
қолдану

Талдау.Ақпараттық материалдарды
құрылымдық бөліктерге бөлу
қабілетін көрсету, дәлелін немесе
себебін анықтау арқылы түрлі
қорытынды алу үшін ақпаратты
зерделеу, жалпы ережелерді негіздеу
үшін ой қорытындысын және/немесе
дәлелдер табу

Синтез.Бұрын алынған білімдердің түрлі
бөліктерін жаңа мән мәтінде қайта
қарау қабілетін көрсету

Бағалау.Белгіленген критерийлер бойынша
идеялардың немесе фактілердің
маңыздылығы туралы пікір
қалыптастыру

Бағалауға арналған тапсырмалар әзірлеу

Тапсырма барысында назар аудару керек қағидалар

Book

Book

Бағалау қағидаттары

Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау
оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін
нәтижелермен тікелей байланысты оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады.Оқыту барысында мұғалім пәннің оқу бағдарламасында белгіленген оқу мақсаттарын басшылыққа
алады. Оқу мақсаттары сыныптар бойынша
күтілетін нәтижелер тұрғысында анықталған: білік
немесе дағды, білу немесе түсіну. Оқу бағдарламасының әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікті сақтай
отырып құрастырылған оқу мақсаттары бөлімше
аясында оқушылардың қаншалықты алға ілгерілегенін көрсетеді, олар мұғалімдерге өз жұмысын жоспарлауға және оқушыларды бағалап, оларға
оқудың келесі кезеңі туралы ақпарат беруге
мүмкіндік береді.

• Ашықтық және нақтылық. Бағалау түсінікті,
айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық
оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын,
жауапкершілігін арттырады.
Бағалау критерийлері мен әдістерін белгілеуге,
бағалау үдерісіне оқушылардың өздерін де қатыстыру керек. Мұндай ұстаным бағалауды оқушылар үшін өзіне түсінікті, демократиялық және әділ
үдеріске айналдырады.

Дамытуға бағыттылық. Бағалау білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады. Бағалау білім алушылардың қандай білім мен
дағдыларды меңгергені туралы ақпараттарға талдау жасауға және жинақтауға негізделген білім
беру үдерісінің алдағы уақыттағы қадамдары туралы негізгі шешімді қабылдауына мүмкіндік береді.

Book

• Шынайылық, анықтық және валидтілік. Бағалау
дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлер мен құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына
сенімділік бар. Объективтілік, анықтық, валидтілік
жиынтығы бағалаудың сапасын анықтайды.
Валидтілік бағалау үдерісінің нақты әрекетін
көрсетеді. Күтілетін нәтижеге жету үшін бағалау
әдісінің дұрыс таңдалғанына қалай көз жеткізуге
болады? Ол үшін оқушының қажетті білім, білікдағдылар мен құндылықтарды меңгергенін көрсете
алатын дәл/жеткілікті бағалау құралын, яғни
бағалауға арналған тапсырма немесе жаттығуды
таңдау қажет.

• Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу
жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі
қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз
үдеріс болып табылады. Пән бойынша білім мен
дағдыларды айқындау қалыптастырушы бағалау
және жиынтық бағалау арқылы қамтамасыз етіледі.

Жабық тапсырмалар және олардың түрлері

Оқу мақсаттарының негізінде тиімді және мәнді
практикалық тапсырма әзірленеді. Тапсырма жабық түрдегі немесе ашық түрдегі тапсырма (жабық
тапсырма, ашық тапсырма) болуы мүмкін. Тапсырманың әр түрі нақты оқу мақсатына жету үшін
қажетті және өзекті болып саналады. Мұндай тапсырманы құрастыру оңай және олар оқушылардың
түсінуіне де жеңіл. Бұр бір дидактикалық материал
негізінде сандық және сапалық сипаттамалары
әртүрлі бірнеше тапсырма дайындауға мүмкіндік
береді.Жабық тапсырмаларпедагогика мен психологияда кең тараған. Мұндай тапсырманы құрастыру оңай және олар оқушылардың түсінуіне де жеңіл.Тапсырманың дидактикалық мазмұны сақталған жағдайда жабық тапсырмалардың ішкі құрылымы әр алуан болуы мүмкін. Бұр бір дидактикалық материал негізінде сандық және сапалық сипаттамалары әртүрлі бірнеше тапсырма дайындауға мүмкіндік береді

Тұжырымның шындық/жалған екенін анықтау тапсырмасы
«Шындық/Жалған» тапсырмасы – бұл тұжырым
түрінде берілетін жабық тапсырма,

Тұжырымның шындық/жалған екенін анықтау тапсырмасы
«Шындық/Жалған» тапсырмасы – бұл тұжырым
түрінде берілетін жабық тапсырма, оқушылар
берілген тұжырымның ақиқат немесе жалған
екенін анықтауы қажет. Басқаша айтқанда, әр
сұрақтың тек екі мүмкін жауабы болады, оқушы
сол екеуінің біреуін таңдайды. Мұндай тапсырмалар білу және түсіну дағдысын тексеруге қолайлы.

Салыстыру және сәйкестендіру тапсырмасы
Сәйкестендіруге қатысты сұрақтар оқиға, мерзім,
атаулар мен оқиға болған жерлерді біл

Салыстыру және сәйкестендіру тапсырмасы
Сәйкестендіруге қатысты сұрақтар оқиға, мерзім,
атаулар мен оқиға болған жерлерді білу маңызды
болып саналатын жағдайда білімді тексерудің барынша тиімді тәсілі болып табылады. Сәйкестендіру тапсырмалары көптеп жасалған эксперименттерді, олардың нәтижелерін, арнайы терминдер мен анықтамаларды есте сақтауды қажет ететін
жаратылыстану ғылымында да қолдануға ыңғайлы.
Сәйкестендіру түрлері:
1) Терминдерді олардың анықтамасымен сәйкестендіру;
2) Бір-бірімен байланысты фразаларды сәйкестендіру;
3) Себебі мен салдарын сәйкестендіру;
4) Өлшем бірлікті басқа өлшем бірлігімен сәйкестендіру;
5) Есепті оның шешімімен (жауабымен) сәйкестендіру

Көп таңдауы бар тапсырмалар
Көп таңдауы бар тапсырма – оқушының жауабы
ұсынылған тізімнің көлемінде шектелген, дәйекті
жауабы берілген сұрақ түріндегі тапсырма. Мұндай
тапсырма екі компоненттен тұрады: тапсырманың
мәтіні және жауап нұсқалары, мұндағы дұрыс
жауап – тапсырманың кілті, дұрыс емес жауаптары
– дистракторлар болып табылады.
Тапсырманың мәтіні барынша қысқа бола тұрып,
сұрақтың мазмұнын анық көрсетуі тиіс. Тапсырманың сауатты құрастырылуы өте маңызды. Тапсырма мәтінінің күрделі түрде берілуі тапсырманы
түсінуді қиындатады. Тапсырма орфографиялық
және грамматикалық ережелерді сақтай отырып
құрастырылуы тиіс.

«Жаратылыстану» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық
бағалаудың мазмұны

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу
бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін
тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға
бағытталған.
Спецификация 3-сыныпта «Жаратылыстану» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық
бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.

Wild animal

Wild animal

Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Жаратылыстану» пәні бойынша (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы)
бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы (1 - 4-сыныптар).

Wild animal

Wild animal

Wild animal

Wild animal

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны - 16

Wild animal

Wild animal

Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық
жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан
дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларға білім алушы сөздер немесе сөйлемдер
түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларда максималды балл жинау үшін білім
алушыдан тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін
6 тапсырмадан тұрады.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер,
плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау
оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға
жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен
таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау
басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.

Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен
сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім
алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға
көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге
тыйым салынады.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі
хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын
тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.

Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация
үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін
балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

Бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар әзірлеу

БЖБ өткізу кезіндегі мұғалімнің қадамдық әрекеті

1) БЖБ өткізетін бөлімдерді/ортақ тақырыптарды анықтайды.
2) таңдалған оқу материалын бөлімінің өткен тақырыптарына/оқу
бағдарламасы бойынша өтетін тақырыптарға сәйкестігін тексереді.
3) білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін әзірлейді.
4) білім алушылардың оқу жетістіктерін объективті бағалау мақсатында
тапсырмалардың мазмұнын тексереді.

5) білім алушылардың функционалдық дағдыларын дамытуға арналған
тапсырмаларды қамтиды.
6) білім алушыларға жауап берудің нақты күнін көрсетеді.
7) қашықтан оқыту жағдайында қол жетімді байланыс құралдары арқылы
БЖБ тапсырмаларын жібереді (Күнделік.kz, мектеп порталының
платформасында, электрондық пошта, чат, телебағдарламалар, қазпошта және
т.б. орналастыру)

8) ҚР БҒМ №125 бұйрығына сәйкес балл қою ережесінің талаптарын
сақтайды (БЖБ үшін балл 1-4 сыныптарда 7-ден кем емес және 15-тен артық
емес, 5-11(12) сыныптарда 7-ден кем емес және 20-дан артық емес).
9) оқушылар орындаған жиынтық жұмыстарды тексереді.
10) электрондық журналға/қағаз түріндегі журналға балл қояды.
11) білім алушыларға, ата-аналарға немесе баланың заңды өкілдеріне кез
келген қолжетімді байланыс құралдары арқылы қағаз немесе электрондық
форматта кері байланыс (рубрика) ұсынады.

Тапсырмаға сараптама жасауға арналған сұрақтар

- сұрақтың немесе тапсырманың берілуі түсінікті ме (екі жақты теріс
пайымдау, қажетсіз қиын сөздер, күрделенген синтаксис, диалект сөздер, анық
емес сөздер және т.б.)?

-суреттер, диаграммалар, сызбалар және т.б. анық па?

-жауап нұсқалары логикалық реттілікпен орналасқан ба?

-тапсырмалардың күрделілік деңгейі жеткілікті ме?

-тапсырма оқу мақсатына, бағалау критерийлеріне, көрсетілген ойлау
дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келе ме?

-грамматикалық және орфографиялық қателер жоқ па?

-балл қою кестесі/дескрипторлар тапсырмаға сәйкес пе?

БЖБ үлгісі

Plant

Plant

Plant

Plant

Plant

Plant

- тапсырманың берілуінде түсінік беретіндей тұстары жоқ па (тура,
ауыспалы)?

-жауап нұсқаларының ішінде дұрыс жауабы бар ма?

Тапсырмаға сараптама жасауға қойылатын талаптар

тапсырманың күрделілік деңгейіне балл саны сәйкес келеді

Plant

Plant

жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы ұсынылған;

балл қою схемасының құрылымында барлық маңызды компоненттер
сақталған (тапсырма нөмірі, тапсырманы орындау кезеңдері көрсетілген
жауаптар, әр кезеңнің баллы, балл қою бойынша ұсыныстар келтірілген
қосымша ақпарат);

тапсырмалар мазмұны ойлау дағдылары деңгейіне сәйкес;

тапсырмаларды орындау уақыты рационалды түрде белгіленген;

-тапсырмалар спецификациямен сәйкес (оқу мақсаты, балл саны,
орындау уақыты);

тапсырмалар мазмұны оқу мақсаттарына сәйкес;

Балл қою кестесі

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын кесте. Балл қо

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын кесте. Балл қою кестесі қашан, қалай балл берілетіндігін білдіретін, дұрыс (болжамды) жауаптар мен ұсыныстардың үлгілері туралы анық жəне нақты ақпарат ұсынатын құрал болып табылады.

Дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі əрекетті көрсететін сипаттама.Дескрипторларды құрастыру кезінде нені ескеру керек?

Ашық тапсырмалар үшін дескрипторларды құрастыру таңдалған орындау тəсілдерін (егер талап етілсе) сипаттаудан басталады, мысалы, «дискриминант формуласын қолданады». Бұдан əрі алынған жауап пен аралық əрекеттер сипатталады, мысалы, «дискриминанттың мəнін есептейді», «теңдеу түбірінің санын анықтайды», «теңдеудің түбірін табады». Мұғалім өз тəжірибесіне жəне кəсіби пайымдауына сүйене отырып, тапсырмаларды орындау кезінде қандай аралық қадамдарды бағалауы керектігін анықтайды.

Дескрипторларды тиянақтау кезінде «біледі», «түсінеді», «жасайды» жəне т.б. сияқты фразаларды қолданбаған дұрыс. Мұндай мазмұндағы сөздер бағалауға қиындық туғызады жəне тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты əрекеттерді сипаттамайды. Дескриптор оқушының қиындықтарын анықтауға жəне кері байланыс ұсынуға мүмкіндік беруге көмектесуі қажет. Мысалы, «дұрыс жауапты көрсетеді» емес, «стандартты түрде жазылған сандардың ретін салыстыру негізінде артық сандарды көрсетеді» деп берілуі тиіс.

Критериалды бағалауды Блум таксономиясының категорияларына сәйкес ұйымдастыру әдістемесі

Блум таксономиясының жоғары ойлау деңгейінің (жинақтау,бағалау деңгейлері) ерекшеліктері

Блум таксономиясы бойынша сұрақтар

Блум таксономиясын қолдану

Бағалау:жорамалдау, бағалау, таңдау, баға қою, анықтау, санау, өлшеу, айыптау

Жинақтау:тұжырымдау, оқыту, әзірлеу, дамыту, қайта анықтау, ұсыну, жасау

Мақсат пен бағалау арасындағы байланыс

Бағалау: Оқыған материалдың құндылығын бағалау
1.Материалдың қажеттілігін айқындай білу
2.Жасалған қорытынды жарамдылығын бағалай білу

Жинақтау: Алған біліміне сүйене отырып, ойды жинақтап, түйін түю

1.Болжам жасау
2.Эксперимент жоспарын құру
3.Проблеманы шешу жобасын (проект) жасау

Жинақтау.Егер бұл іске асатын болса, осыдан кейін не болады? Теорияның болжамы іске аса ма? Алынған ақпарат негізінде қандай қорытынды жасадым? Бұл онымен қалай байланысты?

Movie

Бағалау.Бұл жақсы ма және неліктен? Бұл қисынды ма және не себепті?

Б.Блум таксономиясы бойынша тапсырма сипаттары

Білімді бағалау:Қосынды ойды бағалаңыз. Жетістіктерін атаңыз. Өлшемдерін көрсетіңіз. Сәйкестігі қандай? Қаншалықты дұрыс? Өз ойыңыз?

Топтау:Өз шешеміңізді көрсетіңіз. Алгоритм ұсыныңыз. Баламасын табыңыз. Бөліктерден құраңыз. Жүйелеңіз. Зерттеңіз.

Жинақтау (синтез)
1.Эксперимент нәтижелерiн ескере отырып, себептерiне болжам жасаңыз.
2.Болған оқиға туралы мәлiметтердi фельетон түрiнде жазыңыз.
3.Мектеп ауласын көгалдандырудың әр түрлi жолдарын көрсетiңiз.

Салыстырмалы бағалау
1.Поэманың екi басты кейiпкерiн салыстырыңыз.
2.Қазiргi заманда оқушыларға ауызша есептеу дағдылары керек пе?
3.Әдiлетсiздiктi түзеу үшiн күш қолдану қажет пе? Пiкiрiңiздi дәлелдеңiз.
4.Зерттелгендердiң iшiнен қай орта сiз үшiн өмiр сүруге қолайлы? Нелiктен?

Блум таксономиясы негізіндегі жоғары ойлау дағдыларына арналған тапсырмалар құрастыру

Бағалау деңгейі бойынша тапсырма

Бағалау деңгейі бойынша тапсырма

Жинақтау деңгейі бойынша тапсырма

Жинақтау деңгейі бойынша тапсырма