тіл және жазу

Тіл — адамзат баласына ғана тән, жаратылысымен бірге берілген қасиет. Ал осы туа бітті қасиетті белгілі бір заңдылық аясында дамыта жетілдіріп, түрлі топтарға бөліп, түрлендіруші адамдардың өзі

ауызша тіл (дыбыстық тіл)

адамзат баласымен бірге жасасып келе жатқан ауызша тілдің, соның негізінде өмірге келген әр халықтың өзінің ауызша тарихының дерегі де маңызды екенін естен шығармаған жөн. Бұл, әсіресе, өздерінің байырғы ататілін ардақтап сақтай білген, айтылғанды жадында түтып, естігенін үрпағына қаймағын бұзбай, бар мән-мазмұнымен дәл жеткізуді дәстүрге айналдырған, жазу-сызуы кеш дамыған немесе болмаған (болса да кейін түрлі тарихи-әлеуметтік жағдайларға байланысты ұмыт болган, жоғалган) халықтар тарихын танып-білу үшін ерекше мәнге ие.

Мұнда ауызша деректің белгілі бір дәрежеде азды-көпті ауыс-түйіс жаңсақтығы болатынын ескерудің сыртында санада қалыптасқан жазуды кие тұтқан ежелгі түсініктің ықпалы да аз емес. Өйткені ежелгі заман адамдары жазуға тәңірілік сипат беріп, оны «құдайдың ісі» деп ерекше қасиет тұтқан.

ежелгі египеттіктер өздерінің жазуын msw-nir — «құдайдың тілі» деп атап, жазуды ойлап табушыны мәдениет атаулының бәрін өмірге келтіруші құдай — Тоту деп білген.

вавилондықтар өз жазуларының авторын адам тағдырының құдайы — Мардук баласы Набу деп түсінген.

еврейлер жазуды жарық дүниеге әкелген Мойсей дейді

грек мифі бұл игі істі Гермес құдайға телиді

Ежелгі қытайлықтар мен үнділерде де және басқа халықтарда да осындай түсінік болған.

жазбаша тіл (жазу тілі)

пиктографиялық жазу

Пиктографиялық жазу. Мұны кейде сурет жазуы деп те атайды. Латын тілінде «pictus» — боялған, сурет, grapho — жазамын» деген мағынаны білдіреді. Адамзат баласының тарихындағы ең алғашқы жазудың түрі. Шамамен пайда болу уақыты — неолит дәуірі. Ең алғаш полисинкретикалық тілдер (Америка үндістері, прокездер, ацтектер т.б.) қолданған. Бұл жазудың негізгі таңбалары пиктограммалар деп аталды. Пиктограмма — ол көбінесе нысанның, заттың немесе құбылыстың аса танымал белгілерін сызба түрінде көрсететін белгі.

Пиктографиялық жазудың артықшылығы

қазіргі жазудың негізгі қайнар көзі болды; әртүрлі тілде сөйлейтін адамдар қабылдай алды.

кемшілігі

1) жазудың ең алғашқы әрі жабайы түрі болғандықтан алғашқы ойды барлық адам бірдей түсіне алмады (ағаштың суреті ағаш па, жоқ əлде мен орманға кеттім бе т.с.с. түсініксіз болды);

Идеографиялық жазудың артықшылықтары: бір сөзбен бір ұғымды берді, нақты бір мағынаны беруді көздеді; сонымен қатар морфемаларды да таңбалауға тырысты.

2) ойды бөлшектеп бере алмады (жанды дегенді адамның не жануардың, затты садақтың немесе қайықтың суретімен беру);

3) дыбысқа негізделмеді (сурет болғаннан кейін);

4) сурет өнерінен ажыратылмады (əуел баста әрі сурет, әрі жазу қызметін атқарды).

идеографиялық жазу

2. Идеографиялық жазу. Грек тілінде «idea — ой, бейне, grapho — жазу» деген мағынаны білдіреді. Негізгі таңбалары — идеограммалар. Кейде мұны логографиялық жазу (лат. logos — сөз, gramma — жазу таңбасы, сурет, әріп) деп те атайды, таңбалары — логограммалар. Бұл жазу пиктографиялық жазудың жетілген түрі болды..

Кемшілігі: сөздерді дыбыстарға бөліп ажыратып бере алмады; оқуда, түсінуде қиындықтар тудырды.

фонетикалық жазу

фонетикалық жазу. Мұны кейде «буындық жазу» және «әріптік-дыбыстық жазу» деп екіге бөледі. Мұның соңғысын көбіне «алфавиттік жазу» деп те атайды. Біздің бүгінгі қолданып жүрген жазуымыз да жазудың осы түріне жатады.

Буын жазуы. Аты айтып тұрғандай, буын жазуында таңба әрбір буынды белгілейді. Бұл жазуды кейде силлабикалық (грек тілінен аударғанда «буын» дегенді білдіреді) жазу деп те атайды. Буын жазуында дауысты жəне дауыссыз дыбыстар тіркесіп келеді. Бұған ертедегі шумер, ассирия-вавилон, жапон, корей, үнді, араб жазулары жатады.

Буын таңбалары əуелде бір буынды сөздерді белгілеген идеограммалардан жасалған.

әріп жазуы

Әріп жазуы. Адамзат баласының тарихындағы ең қолайлы жазу əрíп жазуы болды. Себебі əрбíр сөз дыбыстық жағын дəл бере алатын əрíптерден құралды жəне грамматикалық формаларды дəл беруде өте икемді болды. Мысалы, «қазақ» (qazaq) дейтін болсақ, қ+а+з+а+қ. Бұл əрíптер бір немесе бірнеше фонеманы білдірді. Тілде олардың көбінің саны небəрí 20–45-тен аспайды. Бұл адамзат мəдениетíндегí жазудың ең жетілген түрі болып есептеледі.

Қорытынды

Жазу — адамзат мәдениетінің басты көрсеткіші. Әр заманда түрліше сипатта болған жазу бүгінгі уақытта дамып жетілді. Қанша жерден технология дамыса да, жазуды жоя да, алмастыра да алмайды, керісінше, жазу технологияға бейімделді. Сондықтан ол адамзат тілдік қарым-қатынасының басты құралы болып қала бермек. Жазу адам ойының туындысы болғаннан кейін тілдің одан әрі дамуына, оның құрылымдық жүйесінің дамуына, күрделі, құрмалас сөйлемдердің, тұтас мәтіннің пайда болуына əсер етті, тілдік норманың жүйеленуі мен тұрақталуына, əдеби тілдің дамуы мен стильдік тармақтарының саралануына мүмкіндік туғызды.

Жазудың қоғамдық мəнí, тілдің дамуына əсерí жайлы ғалым Қ.Күдеринова былай дейді: «Жазу — тілді жаңғыртудың, бекітудің құралы. Жүйесі мен құрылымы бар тілдік таңба жазуға түсіп, тұрпатқа ие болғаннан кейін мәңгілік құндылыққа айналды. Өйткені жазу ауызша сөзді таңбалап қана қоймайды, адамның тіл туралы түсінігін кеңейтеді, тереңдетеді.»