Стереометрия аксиомаларының жүйесі^

2 аксиома

Түзу бойындағы үш нүктенің тек біреуі ғана қалған екеуінің арасында жатады.

3 аксиома

а) Әрбір кесіндінің нөлден үлкен ұзындығы бар.

ә) Кесіндінің ұзындығы оның әрбір нүктесі мен бөліктерінің қосындысына тең.

5 аксиома

а) Әрбір бұрыштың нөлден үлкен градустық өлшемі болады

ә) Бұрыштың градустық өлшемі осы бұрыштың қабырғаларының арасы арқылы өтетін кез келген сәулемен бөлінетін бөліктерінің қосындысына тең.

7 аксиома

Кез келген сәуле бойынан берілген жарты жазықтықта градустық өлшемі берілген бұрышты өлшеп салуға болады және ол жалғыз болады.

Негізгі фигуралар^

нүкте

түзу

жазықтық

1 Аксиома

а) Қандай түзу болмасын, ол түзуде жататын нүктелер де, жатпайтын
нүктелер де бар болады

ә) Кез келген екі нүкте арқылы тек бір түзу ғана жүргізуге болады.

4 аксиома

Түзу жазықтықты екі жарты жазықтыққа бөледі.

6 аксиома

Кез келген сәуле бойынан оның бастапқы нүктесінен бастап, ұзындығы берілген кесіндіні өлшеп салуға болады және ол жалғыз болады.