Білім берудегі бағалаудың өлшемдік технологиялары

Практикалық сабақ - 1-2

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағаау мәселесі бойынша көптеген зерттеушілер айналысып, кейбіреулерінің теориялары критериалды бағалау жүйесінің түйінді идеяларына айналып отыр. Мысалы; «Оқытудың әлеуметтік-конструктивистік білім беру теориясы» (Ж.Пиаже, Л.Выготский, Дж.Брунер) бойынша білім алушылар бағалаудың пассивті нысаны болуды қояды, осы үдерістің жасаушысы, құрастырушысы болады, не?, қалай?, неге? бағаланатынын түсінетін болады. «Қалыптастырушы бағалау теориясы» (П.Блэк, Д.Уильям, Л.Шепард, И.Кларк ) бойынша бағалаудың негізін оқушы білім алудың қай сатысында?, осыған қол жеткізуге көмектесу үшін не істеу қажет? деген сұрақтардан құралады. «Жақын арадағы даму амағы» (Л.Выготский) бойынша мұғалімнің жетекшілігімен құрдастар арасындағы ынтымақтастық дамуы үшін білім алушыларда жағымды орта қалыптасады. «Сөйлеу әрекеттерінің теориясы» (Л.Выготский, А.Леонтьев, И.Зимняя) бойынша тілдік пәндерден тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым бойынша бағаланады. «Педагогикалық мақсаттар токсонимиясы» (Б.Блум, Д.Кратволь) бойынша оқу мақсаттары ойлау дағдыларының алты деңгейін көрсетеді.

ДӘСТҮРЛІ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ Дәстүрлі бес баллды бағалау жүйесі: • толық біледі (өте жақсы);• жеткілікті біледі (жақсы);• жеткіліксіз біледі (қанағаттанарлық);• білмейді (қанағаттанғысыз). * «5» «4» «3» «2» мазмұнды терең, толық білетін, теория мен фактіні ажырата алатын, жауабын өз бетімен жүйелі етіп құрастыратын, анықтама, ұғымдарды түсінетін, тілдік нормаларды сақтап жауап беретін қосымша материалдар қолдана алатын, ойы оралымды стедентке қойылады. ұғым, ереже, анықтамаларды дұрыс түсініп, дәлелдей алатын, бірақ кейбір жерлерін нақты айтпайтын, жекелеген қате жіберетін студентке қойылады. оқу материалындағы негізгі ережелерді, материалды үстүрт түсінген, ой-пікірлерді талдай алмайтын, жауабы жүйесіз, оқытушы көмегімен жауап беретін студентке қойылады. білімі жүйесіз, негізгі мен көмекшіні, теория мен фактіні ажырата алмайтын, жаттанды сөйлейтін, бағдарламаны игеруге мүмкіншілігі жоқ, бағдарламаның материалын түсінбейтін студентке қойылады

«Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 14 маусымдағы № 272 бұйрығы;

«2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат;

жаңартылған білім беру мазмұны аясында орта мектептерге арналған критериалды бағалауды құжаттандыру және рәсімдеу бойынша нұсқаулық;

негізгі және орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша басшылық: оқу-әдістемелік құрал;

сыныптар, пәндер мен тілдер бөлінісінде формативті бағалауға арналған тапсырмалар жинағы;

сыныптар, пәндер мен тілдер бөлінісінде жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар жинағы;

сыныптар, пәндер мен тілдер бөлінісінде жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсынымдама.

Практикалык сабак -5-6

Білу. Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi: тест тапсырмалары, жатқа айту, анықтамалар мен атауларды қайталау, оларды қолдану тәртібін айту.

Түсіну. Мәліметтерді басқа таныс жүйеге ауыстыру, оларды түрлендіру; есте сақталған мағлұматтарды басқаларға жеткізу жолдарын айқындау. Ұқсастықытарды анықтау, айырмашылық жасау мен салыстыру, нәтижені суреттеу.

«Түсіну» ұғымын төрт топқа бөлуге болады:

1.Түсіндірме (интерпретация) – негізгі идеяларды және олардың өзара байланыстарын анықтау: «Қалай? Неліктен?» сұрақтарына жауап іздену, «Салыстырыңыздар», «Айырмашылығын көрсетіңіздер»тапсырмаларын орындау.

2.Аударма (трансформация) – мағынаны сақтай отырып, идеяларды таныс жүйеге, формаға ауыстыру; форманы сөзбен айтып беру, графикті оқып беру, суретті түсіндіру, мәліметті өз сөзімен мазмұндау.

3.Мысалдар – мәліметті, ойды дұрыс түсінгендікті көрсетеді.

Анықтамалар – атау немесе түсініктің мағынасын өз сөзімен жеткізу, таныс және түсінікті сөздермен анықтамаларды тұжырымдау (анықтамалар жаттанды немесе қайталамауы керек).

Қолдану. Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.

Талдау. (анализ) Зерттеу нысанының құрылымын анықтау мақсатымен оны құрамдас бөліктерге жіктеу. Студент әртүрлі бөліктердің қалайша жұмыс істейтіндігін және нәтижеге қалай жеткізетіндігін анықтайды, түсіндіреді.

Түсінуден талдау мәліметті терең өңдеумен, игерумен ерекшеленеді.

Талдаудың түрлері:

1. Негізін талдау;

2. Астарлы мағынаны ажырату;

3. Қозғаушы күшті (мотивацияны) анықтау;

1. Негізін тану – құрамдас бөліктерге жіктеу (мәліметтің негізі түсініктері арасындағы қатынастарды көрсету үшін студенттер оның шеңберінен шығуы керек), айтылған ойды дамыту.

2. Астарлы мағынаны ажырату (Подтекст) – екі тұжырымның қатынасын көрсетуді талап етеді (тура көрсетілмеген шешімдер, ассоциациялар, себеп-салдар келтірілуі мүмкін).

Мотивация — себептерді айқындау. Оқушы тура және жасырын (астарлы) мағына мен әрекеттерді танып, өз ойларын дәлелдер арқылы қорғауы керек.

Жинақтау /синтез/ Жаңа мазмұн тудыру мақсатымен элементтерді шығармашылықпен біріктіру. Болжау, шарттылық, мүмкіндік ұғымдарын қолданып, өз тәжірибесі негізінде жаңа модель (құрылым) құрастыру.

Жұмыс және нәтиже түрлері:

1. Шығармашылық жанрлар;

2. Жоспар құрастыру немесе тәжірибе қою, өткізу;

Абстрактылы ұғымдармен негізделетін нәтижелер.

Бағалау. Даулы және пікірталас тудыратын мәселелер бойынша шешім қабылдап, оны дәлелдеу.

Практикалык сабак 9-10

Жабық формадағы тапсырмалар үш түрге бөлінеді:

1.Бір ғана ақиқат жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар

2.Бірнеше ақиқат жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар

3.Ең дұрыс бір ғана жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар

· Тұжырымның шындық/жалған екенін анықтау тапсырмасы.

· Шындық/жалған тапсырмасы - бұл тұжырым түрінде берілетін жабық тапсырма, оқушылар берілген тұжырымның ақиқат немесе жалған екенін анықтау қажет. Басқаша айтқанда, әр сұрақтың тек екі мүмкін жауабы болады, оқушы сол екеуінің біреуін таңдайды. Мұндай тапсырманы білу және түсіну дағдысын тексеру үшін өолайлы болып табылады. Оқушылар тапсырманы тез түсініп, тез жауап бере алады, мұндай тапсырманың көмегімен үлкен мазмұнды қысқа уақыт ішінде қамтуға болады.

Ашық тапсырмалар

· Ашық тапсырмалар жоғарғы деңгейдегі танымдық дағдыларды тексеруге, дәлеледер келтіре алуға, жеке көзқарасын білдіруге, сыни ойлау алуға арналған. Ашық тапсырмалардың жауабы ұзақтығына, көлеміне қарай ерекшеленуі, бір немесе бірнеше сөздерден, қысқа жауаптардан, толық дәлеледі пайымдауларға дейін болуы мүмкін.

Ашық тапсырмалар қысқа жауапты және толық жауапты болып екіге бөлінеді.

· Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларды оқушылар бірнеше сөзді, бір сөйлемді, қарапайым сызбаны қолдана отырып, сұрақтарға қысқа және нақты жауап беруі қажет.

· Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларды бірнеше кезеңдерден тұратын түрлі сөйлемдерді, түсініктемелерді, сызбаларды немесе дәлелдерді қолдана отырып орындауы қажет.

· Толық жауапты қажет ететін тапсырмалардың бірі эссе болып табылады. Эссенің көмегімен тек жазылым дағдысы тексеріліп қана қоймайды, сондай-ақ берілген сұрақты немесе мәселені әртүрлі көзқараста қарастыру, берілген тақырыптың түрлі аспектілерін ашып көрсету, өз көзқарасын дәлел ретінде келтіру болып табылады.

Салыстыру және сәйкестендіру тапсырмасы

· Сәйкестендіруге қатысты сұрақтар оқиға, мерзім, атаулар мен оқиға болған жерлерді білу мағызды болып саналатын жағдайда білім тексерудің барынша тиімді тәсілі болып табылады.

· Сәйкестендіру тапсырмалары шығарма кейіпкерлері, олардың сипаттамалары, оқиғалардың болған олрындары қарастырылатын тіл мен әдебиет сабақтарында қолдану үшін ыңғайлы.

Сәйкестендіру түрлеріне мысалдар:

· Кейіпкерлердің аттары мен шығарма атауларын сәйкестендәру;

· Кейіпкерлердің аттары мен олардың айтқандарын сәйкестендіру;

· Шығармалардың атаулары мен авторларын сәйкестендіру;

· Сөздердің мағынасы мен анықтамалық сөздіктің түрін сәйкестендіру;

Практикалык сабак 13-14

Ашық тапсырмалар жоғары деңгейлі танымдық дағдыларды тексеруге, дәлелдер келтіруге, қойылған проблемаға қатысты өзінің жеке көзқарасын білдіруге, сыни ойлауға арналған. Ашық тапсырмалардың жауабы ұзындығына немесе көлеміне қарай ерекшеленеді. Ол бір немесе бірнеше сөздерден тұратын қысқа жауаптан бастап толық дәлелді пайымдау түріндегі толық жауапқа дейін болуы мүмкін.

2.Жарық шоғының смоладағы түсу бұрышы 300 болғанда, сыну бұрышы 240-қа

тең. Жарықтың смола ішіндегі абсолютті сыну көрсеткішін табыңыз(sin 240

=0.4067, sin 300=0.5)

[2]

3.Нәрсе фокус аралығы 10см жинағыш линзадан 20см қашықтықта

орналасқан.Нәрсенің кескіні линзадан қандай қашықтықта орналасқан.

Cуретте жинағыш линза, нәрсе және оның кескіні бейнеленген.

2Ғ Ғ Ғ 2Ғ

Ашық тапсырмалар жоғары деңгейдегі танымдық дағдыларды тексеруге, аргумент келтіре алуға, жеке көзқарасын білдіруге, сыни ойлай алуға және т.б. арналған. Ашық тапсырмалардың жауабы ұзақтығына (көлеміне) қарай ерекшеленуі, бір немесе бірнеше сөздерден (қысқа жауап) толық аргументативті пайымдауларға (толық жауап) дейін өзгеруі мүмкін.

Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда оқушылар бірнеше сөздерді, бір сөйлемді, қарапайым сызбаны немесе формуланы қолдана отырып, сұрақтарға қысқа нақты жауап беруі қажет.

Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларда бірнеше кезеңдерден тұратын түрлі сөйлемдерді, түсініктемелерді, сызбаларды немесе дәлелдерді қолдана отырып орындауы қажет.

Құрастырылған тапсырманың нақтылығы субъективтілікті (жеке көзқарасты) шектейтін негізгі фактор болып табылады. Ол бағалаудың негізгі қағидаттарын (негізділік, валидтілік, объективтілік, сенімділік) ұстануға көмектеседі.

Ашық сұрақтар мен ашық тапсырма құрастыруға қатысты мұғалімге арналған ұсыныстар

- Нұсқау қарапайым, дәл және ықшам болуы тиіс. Оларды көрінетін жерге жазыңыз.

- Тапсырма тек бағалау құралы ғана болып табылады. Сұрақтардың жауабы нақты ақпарат беруі тиіс.

- Тапсырма маңызды және қажетті ақпаратты қамтуы тиіс. Оқу бағдарламасы мен оқу мақсаттарына қатысы жоқ қиын сұрақтарды қосуға болмайды.

- Жауабын анықтауға арналған мәтін оқушыға таныс болуы керек және тақырыптан ауытқу болмауы керек.

- Оқушылардың жас ерекшелігін, тілдік мүмкіндіктерін ескеріңіз, қарапайым тілді қолданыңыз.

- Құрылған сұрақтар жынысына, қандай да бір қызығушылығына тәуелсіз барлық оқушыларға бірдей түсінікті болуы керек, мысалы, берілген мәтін тек қыздарға арналған (косметика туралы) немесе ұлдарға қатысты (автокоөліктердің қозғалтқыштарының соңғы үлгілері туралы) болмауы керек.

- Жұмыстарды тәуелсіз сарапшылар кемінде екі рет тексеруі керек.

- Дайын бағалауға арналған тапсырмаларды бақылау үшін бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сүйену керек.

Практикалық сабақ - 3-4

Блум таксономиясы және бағалау критерийлері

Қысқаша мазмұны. Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан.

1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделін ұсынды.

Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан: адами мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу.

Таксономия — белгілі бір критериялар мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді айтады.

Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру студенттердің дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн. Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні- стууденттерді кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталады

Практикалык сабак7-8

Бағалау
Таным мен ойлау деңгейі-
жоғарғы деңгей
Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы
өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру, таңдау жасап,
шешім қабылдау. Мұнда оқушы пайымдаулары
нақты дәлелдерге негізделуі керек:
- ішкі – құрылымдық, логикалық тұрғыдан;
- сыртқы – алдына қойылған мақсаттарға сәйкестігі
Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижеле-
ріне қол жеткізуді меңзейді.

Оқушы әрекеті:
оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша
түрде бағалайды
;
жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген
фактілерге сәйкестігін анықтайды
ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп,
оқу материалының маңыздылығын айқындатады

5.Жинақтау (синтез)

• 1.Көмірсулар мен липидтердің әртүрлі топтарын критерий бойынша

• 2.Адам қан топтарының тұқым қуалауына байланысты ата-ана,

өздеріңіздің, жора-жолдастарыңыздың қан топтарын анықтап, есеп-

жаттығулар құрыңыз (пеннет торын пайдалану)”

• 3 Зерттеу нәтижелерiн ескере отырып, себептерiне болжам жасаңыз.

• 4 Тамақтан улануды тудыратын ағзалардың ағзаға түсу жолдарына

6 Бағалау

• 1.Салауатты өмір салтын ұстанып,жүрек және қан тамырлар ауруларының

алдын алуды бағалаңдар және пікір талас өткізіңдер

• 2 Қаңқа бұлшық ет құрамына кіретін әрбір құрылым және жасуша

ішіндегі микроскопиялық құрылым рөлін бағалаңдар

• 3 Генетика – биологияның ең маңызды саласы, бүгінгі таңда генетиканың

маңызы бар ма? Осы тақырыптардың өзіңізге әсері жайлы ойларыңызды

• 4 «Асқорытуға байланысты проблеманың алдын алуға адамның өзі

адамның өзі жауапты» деген тақырыпқа дебат ұйымдастырыңдар

Практикалык сабак 11-12

Жабық формадағы тапсырмалар үш түрге бөлінеді:

1.Бір ғана ақиқат жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар

2.Бірнеше ақиқат жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар

3.Ең дұрыс бір ғана жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар

1сағ= мин



2

Үлкен шаманы таңда: 6км, 60м, 60см



3

25кг+25кг+25кг+25кг= кг



4

2жыл5ай =...ай



5

2ц15кг*214кг



6

1дм 2см-8см=



7

Өрнекте: 1апта 2 тәул = тәул



8

Салыстыр: 55см*5дм5см



9

Есепте: 2дм6см+3дм9см= дм см



10

Қоймада 1ц сәбіз болды.Оның 55 кг-ы жұмсалды.

Неше кг сәбіз қалды?

Практикалык сабак 15-16

Дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі әрекетті көрсететін сипаттама. Дескрипторлар қалыптастырушы бағалау мен бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізу кезінде қолданылады. Тапсырмаларды тексеру үдерісінде бөлім бойыншажиынтық бағалауда қолданылатын әр дескриптор 1 балмен бағаланады.

Дескрипторлар әрқашан тапсырмалармен қатар құрастырылады және тапсырманы орындаукезіндегіәрқадамныңсипатынболжайды.Бұлтапсырманыңмазмұныбойынша сенімдіжәнежарамдыболуын,сондай-ақбасқамұғалімдердіңтарапынандаобъективті, дұрыс бағалануын қамтамасызетеді.

Дескрипторларды тиянақтау кезінде «біледі», «түсінеді», «жасайды» және т.б. сияқты сөздерді қолданбаған дұрыс. Мұндай мазмұндағы сөздер бағалауда қиындық туғызады және тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты әрекеттерді сипаттамайды.

Дескриптор оқушының қиындықтарын анықтауға және кері байланыс ұсынуға мүмкіндік беруге көмектесуі қажет. Мысалы, «дұрыс жауапты көрсетеді» емес,«стандартты түрде жазылған сандардың ретін салыстыру негізінде артық сандарды көрсетеді» деп берілуі тиіс.

Баллқоюкестесітоқсандықжиынтықбағалаутапсырмаларыүшінқұрастырылады және жиынтық жұмыстарды тексеру үдерісіндеқолданылады.

Балл қою кестесі – тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын кесте

Балл қоюкестесі

Бағалау критерийлері Тапсырма № Дескриптор Балл Білім алушы

Жазық айнада

дененің кескінін

бейнелейді және оны

сипаттайды 1 Жазық айна арқылы алынатын кескінді дұрыс сипаттайды 1

Жарықтың сыну заңын

пайдаланып, есептейді 2 Жарықтың сыну заңын қолданады 2

Жұқа линза

формуласын есептер

шығару үшін

қолданады 3 Жұқа линзаның формуласын қолданады 2

Жинағыш линзада

сәуленің жолын

салады және кескінді

сипаттайды 4 a) жинағыш линзадағы сәуленің жолын сызады 2 b) Кескінді сипаттайды. Кескін линзадан қандай қашықтықта 1

Кескінніңсипаттамасы Кескін линзадан қандай қашықтықта орналасқан

А Кескін болмайды f=∞

В Жалған,тура,үлкейтілген f<0

С Шын,төңкерілген,кішірейтілген 2F>f<F

D Шын, төңкерілген, үлкейтілген f>2F

орналасқанын анықтайды.

Жалпы балл 8