Білім берудегі бағалаудың өлшемдік технологиялары

Еліміздегі білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау

Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға
міндетті бастауыш білім беру стандартының «Білім
алушылардың оқу жетістіктерін бағалау» бөлімінде
оқушының оқу жетістігін бағалау жүйесіне ішкі және
сыртқы бағалау енген.Сыртқы бағалау 4-сыныпты
аяқтағаннан кейін (аралық мемлекеттік бағалау)
өткізіледі.

Ішкі бағалауға оқу нәтижесін бағалау мен
бақылаудың мынадай түрі енеді:
1) ағымдық бағалау;
2) аралық;
3) қорытынды.

Білім ордасы оқушыларға тек қана білім беріп қана
қоймай, сонымен бірге оқушылардың білімін бағалау,
оқушыларды алға ұмтылуға ынталандыру орталығы
болып табылады. Ал, оқушының дұрыс
қалыптасуындағы шешуші рөлді бағалау атқарады.
Бағалау ̶ одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау
мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде
жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін
қолданылатын термин.

Қазіргі бағалау
түрлі нысанда
болуы керек
-жиынтық
-формативті

Жиынтық бағалаудың немесе оқытуды
бағалаудың мақсаты оқушы қазіргі уақытта не
оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оны
мұғалім тест, емтихан т.б. түрде өткізіп, өзі
бағалайды.
Формативті бағалау әр сабақта және күнде жүргізіліп
тұрады. Оқыту үшін бағалау бұл білім алушылар
өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын,қандай
бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету
керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың
мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру
үдерісі.

Критериалды бағалауды Блум таксономиясының категорияларына сәйкес ұйымдастыру

Критериалдық бағалау – оқушылардың оқу-танымдық
құзыретін қалыптастыруға жағдай жасайтын, білім беру
мақсаты мен мазмұнына сәйкес білім беру процесіне
қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, атааналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған
өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін
салыстыруға негізделген процесс.

Бенджамин Блум – америкалық оқыту
әдістемесінің психологы, Блум
таксономиясының авторы.
Блум таксономиясы сын тұрғысынан
ойлауды қарастыруға болатын ойлау
дағдыларының кеңінен қолданылатын
иерархиялық моделі болып табылады. Блум
таксономиясының мақсаты – оқытудың
неғұрлым тұтас нысанын құру.

Білімді игеруге бағытталған 6 қадам
6.Бағалау
5.Жинақтау
4.Талдау
3.Қолдану
2.Түсіну
1.Білу

-Білу. Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi: тест тапсырмалары, жатқа айту, анықтамалар мен атауларды қайталау, оларды қолдану тәртібін айту.
-Түсіну. Мәліметтерді басқа таныс жүйеге ауыстыру, оларды түрлендіру; есте сақталған мағлұматтарды басқаларға жеткізу жолдарын айқындау. Ұқсастықытарды анықтау, айырмашылық жасау мен салыстыру, нәтижені суреттеу.

-Қолдану. Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.
-Талдау. (анализ) Зерттеу нысанының құрылымын анықтау мақсатымен оны құрамдас бөліктерге жіктеу. Студент әртүрлі бөліктердің қалайша жұмыс істейтіндігін және нәтижеге қалай жеткізетіндігін анықтайды, түсіндіреді.

-Жинақтау /синтез/ Жаңа мазмұн тудыру мақсатымен элементтерді шығармашылықпен біріктіру. Болжау, шарттылық, мүмкіндік ұғымдарын қолданып, өз тәжірибесі негізінде жаңа модель (құрылым) құрастыру.
Жұмыс және нәтиже түрлері:
1. Шығармашылық жанрлар;
2. Жоспар құрастыру немесе тәжірибе қою, өткізу;
Абстрактылы ұғымдармен негізделетін нәтижелер.
-Бағалау. Даулы және пікірталас тудыратын мәселелер бойынша шешім қабылдап, оны дәлелдеу.
Студенттер өз ойларын, идеяларын, пайымдауларын мазмұндап, оларды негіздеуі қажет. Бұл деңгейде олар өз позицияларын нақтылық, логикалық, жүйелілік, дәйектілікке негіздеуі қажет.

Критериалды бағалауды Блум таксономиясының категорияларына сәйкес ұйымдастыру әдістемесі

«Балалардың бойында ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар» деп Т.Фуляр айтқандай бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу – бүгінгі заманның талабы. Бүгінде барлық салалар жоғары қарқынмен даму үстінде. Адам құндылығын дамыту арқылы әлем елдері ғылым мен білімге аса көңіл бөлуде.
Оқушыларды шығармашылыққа баулуға, өз еңбегінің нәтижесін көруге, оны бағалауға бағыттау – өте күрделі үрдіс. Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігі оның жеке тұлға ретінде қалыптасу үрдісінде пайда болады.

Алдыменен мұғалім түрлі стратегияларды қолдануға қабілетті болуы керек. Оқушының дамуын жақсарту үшін мұғалім оқыту үдерісінде жаңа әдіс-тәсілдерді өз тәжірибесіне енгізе білуі тиіс. Мұғалім оқушының сын тұрғысынан ойлауын туғызу арқылы өзі де дамиды және танымдық қабілеттерін арттыру арқылы шығармашылық деңгейге жеткізеді.
Мақсаты: Оқыту үрдісінде және бағалауда Блум таксономиясын қолдану арқылы сыни тұрғыдан ойлау, ой жүгірту, тұжырым жасау, проблеманы шешу, танымдық қабілеттерін дамыту.

Блум таксономиясының құрылымы танымдық үрдістің бір деңгейінен екінші деңгейіне, яғни қарапайымнан күрделіге біртіндеп өтеді деп саналады. Топта осындай сұрақтар қою арқылы оқушылар үйреніп қана қоймайды, сондай орта қалыптастырады, шығармашылық деңгейге қөтеріледі. Блум таксономиясы – жеке тұлғаға бағытталған шығармашылығын дамытушы және білімді толық меңгертудің әдісі болып табылады. Блум таксономиясының 6 деңгейі:

Білім;
Түсіну;
Қолдану;
Талдау;
Жинақтау;
Бағалау

Қолдану – қандай да бір мәселені шешу үшін мәліметті іс жүзінде қолдану, жүзеге асыру. Бұл деңгейде оқушылар мұғалімнің көмегінсіз таныс емес проблеманы өздігінше шешу керек. Мұнда қорытынды нәтиже (проблеманың шешімі) маңызды мәселе болып қалмай, сонымен бірге шешім іздену процесінің өзі де маңызы болып танылады: оқушылардың мәселені шешу жолы шешімнің өзінен де маңызды болуы мүмкін.
Қолдануда оқушы тарапынан келесі әрекеттер атқарылады:

Проблемамен танысады.
Проблеманың шешімін анықтайды.
Шешім қабылдайды. «Қалай жасаймын?», «Не істеу керек?» деген сұрақтарға жауап береді.
Шешімді жүзеге асырады, қолданысқа түсіреді.
Бұл шешім анықтама, ереже, формула, теңдеу түрінде келтірілуі мүмкін.

Мысалы, оқушылар қандай да бір мәліметті жатқа біледі («Білім»), оның басқалардан айырмашылығы мен ұқсастығын айқындайды («Түсіну»).

Енді осы мәліметті нақты бір қолданыста көрсетеді: ереже, формула, анықтаманы қолданып есеп шығарады, жаттығу орындайды, проблема шешеді.

«Қолдану» деңгейінде оқушылар нақты ситуацияларды ойнап береді, өз қолымен жасайды, тәжірибе мен эксперимент қояды, аспаптар мен құралдарды қолданады, өздерін басқалардың орнына қояды, есеп шығарады, мәтін құрастырады, т.б. әрекеттер жасайды.

Қолдану: Су бір күйден екінші күйге қалай ауысады?

Талдау. Егер «Қолдану» деңгейі шешім қабылдау үшін құрамдас бөліктерді біріктіруді меңзесе, «Талдау» деңгейі керісінше, бүтін, тұтас нәрсені оның қалайша құрылғандығын түсіну мақсатында құрамдас бөліктерге бөлуді нұсқайды. Бұл деңгейде зерттеу нысанының әртүрлі бөлшектері белгілі бір нәтижеге жету үшін қалайша бірге жұмыс істейтінін көрсетуі қажет. Оқушылар жауап беру үшін ой қозғап, өз жауаптарының логикалық тұрғыдан мінсіз болғандығын қадағалау керек.

Талдаудың бұл түріне келесі тапсырмалар жатады:

Процестің қай кезеңдері нәтиже тұрғысынан маңызды болғандығын көрсетіп, дәлелдеңіздер.
Өз әрекеттеріңізді тағы саралап, қай жерлерде ұтымды болғандығын анықтаңыздар.
Өз қателіктеріңізді анықтап, оларды түзетіңіздер.
Құрамдас бөліктердің өзара қатынасын сипаттап, олардың алатын орны мен маңызын анықтаңыздар.
Құрамдас бөліктерді сипаттап, олардың қалайша бүтін құрастырып, қорытынды нәтиже сомдайтындығын дәлелдеңіздер.

Талдау: Оқушыларды топтарға бөліп тапсырмалар беру. Әр топтың оқушылары тақырыпты талқылап, өз тұжырымдарын ортаға салады.
Мұз неге суға батпайды?

Қыста неге қар жауады?

Тау шыңдарындағы мұз неге ерімейді?

Критериалды бағалауды Блум таксономиясының категорияларына сәйкес ұйымдастыру әдістемесі

Синтез – жаңа мазмұн мен бүтін ұғым тудыру мақсатында жеке бөліктерді шығармашылықпен біріктіру. «Синтез» - жинақтау деген ұғым, ол болжау, шарттылық, мүмкіндік ұғымдарын қолданып, құрамдас бөліктердің қалайша бірігіп, жаңа мазмұн, құрылым, модель құрайтындығын көрсетеді. Бұл деңгейдегі тапсырмаларды орындау жазбаша түрде жүзеге асырылады.

Синтездің мынадай түрлері болады:

Шығармашылық жанрлар – эссе, өлең, жоба, баяндама, шығарма, шешендік сөз, сценарий т.б.жазу.
Жоспар құрастыру, әрекеттің тәртібін келтіру немесе тәжірибе жасау.
Абстрактылы қатынастармен көрсетілетін нәтижелер. Мәселен, әртүрлі құбылыстарды бақылау нәтижелерінің негізінде жаңа моделдер құрастыру. Бұл қандай да ғылыми болжам келтіретін гипотеза болуы мүмкін.

Блум таксономиясы бойынша оқу тапсырмалары жаратылыстану 2сынып «Судың түрлі күйі»

Жинақтау: Өзен, көлдерді ем үшін қолдануға бола ма? Өзен, көлдердің жағасынан демалыс орындарын ашудың қандай маңыздылығы бар?

Бағалау – даулы, күмәнді және пікірталас тудыратын мәселелер бойынша шешім қабылдап, оны нанымды дәлелдер арқылы айғақтау.Бұл деңгейде оқушылар өз жауаптарына дәлдік, нақтылық, логикалық жүйе, дәйектілік секілді талаптарды қолданады. Сөйтіп олар таңдау жасап, шешім қабылдай алатындығын көрсетеді. Бағалау «Сіздің ойыңызша бұл дұрыс па, бұрыс па? Маңызды ма, маңызды емес пе? Жақтайсыз ба, қарсысыз ба?» деген пікірталас пен дау-дамай туғызатын сұрақтар арқылы жүзеге асырылады.

Бағалау деңгейінде сұрақ қойып немесе тапсырма берсек, бұл сұраққа жауап беру немесе тапсырманы орындау үшін оқушының білуі, түсінуі, қолдануы, талдауы, жаңа мағына құрастыра білуі қажет.

Блум таксономиясы бойынша оқу тапсырмалары жаратылыстану 2сынып «Судың түрлі күйі»

Бағалау: «Су – тіршілік үшін маңызды, дегенмен кейде қауіп төндіруі мүмкін». Сендер бұл тұжырыммен келісесіңдер ме, әлде бұл қате тұжырым ба? Су қай кезде қауіп төндіруі мүмкін? Судан келетін қауіптің алдын қалай алуға болады?

Бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар әзірлеу

Жиынтық бағалау — бұл курстың оқу бөлімінің соңында жүргізілетін бағалау.

Жиынтық бағалаудың мақсаты - оқу бөлімшесінің соңында оқушылардың оқуын қандай да бір стандартпен немесе эталонмен салыстыру арқылы бағалау.

Жиынтық бағалаудың мысалдарына аралық бақылау, қорытынды емтихан немесе қорытынды жоба жатады. Сабақ соңында оқушыларға жиынтық баға қойылады.

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау оқу бағдарламасына, оқу жоспарына сәйкес бөлім немесе ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде өткізіледі. Аталған жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады.

Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың қай сабақта және қандай формада (бақылау жұмысы, тәжірибелік немесе шығармашылық жұмыс, жоба, ауызша сауал, эссе және т.б.) өткізілетінін мұғалім өз бетінше анықтайды.

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыруды мұғалім оқу бағдарламасындағы өтілген материалдың күрделілік деңгейі мен мазмұнын есепке ала отырып, жүзеге асырады. Тапсырмалар оқу мақсаттары, бағалау критерийлері мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес болуы тиіс. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау өткізудің тапсырмалар үлгілері, ұсыныс түрінде берілген ата-аналарды ақпараттандыратын рубрика ұсынылған.

Сапалы бағалаудан бөлек жақсы құралдардың болуы бағалау рәсімдерінде дұрыс белгіленген және өткізілген нұсқаулыққа да қатысты екенін есте сақтаған жөн. Білім алушылар оқу мақсаттарын жақсы түсінуі және олардан не, қандай мерзім талап етілетінін білуі тиіс. Аталған кезеңде мұғалім білім алушылар «жақсы жұмыс» қандай болатынын және бөлім\ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау қалай өткізілетінін түсінуі үшін бағаланған жұмыстар үлгілерін қолдануына да болады.

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау бекітілген бағалау критерийлері ережесіне сәйкес өткізіледі. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер саны жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста берілген:

жаратылыстану-ғылыми пәндер – бөлімдер бойынша;
әлеуметтік-гуманитарлық пәндер – ортақ тақырыптар бойынша;
тілдік пәндер – сөйлеу әрекетінің түрлері: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым бойынша анықталады.

Бағалауға арналған тапсырмалар әзірлеу

Бағалауға арналған тапсырмалар: жабық тапсырмалар және ашық тапсырмалар болады.

Жабық тапсырмалар

· Тұжырымның шындық/жалған екенін анықтау тапсырмасы.

· Шындық/жалған тапсырмасы - бұл тұжырым түрінде берілетін жабық тапсырма, оқушылар берілген тұжырымның ақиқат немесе жалған екенін анықтау қажет. Басқаша айтқанда, әр сұрақтың тек екі мүмкін жауабы болады, оқушы сол екеуінің біреуін таңдайды. Мұндай тапсырманы білу және түсіну дағдысын тексеру үшін өолайлы болып табылады. Оқушылар тапсырманы тез түсініп, тез жауап бере алады, мұндай тапсырманың көмегімен үлкен мазмұнды қысқа уақыт ішінде қамтуға болады.

Жабық формадағы тапсырмалар үш түрге бөлінеді:

Бір ғана ақиқат жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар.

Бірнеше ақиқат жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар.

Ең дұрыс бір ғана жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар.

Бір ғана ақиқат жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар бірнеше түрге бөлінеді: екі жауапты, үш жауапты, төрт жауапты, бес жауапты т.б.

Бағалауға арналған тапсырмалар әзірлеу

Жабық тапсырманың түрлері:

- Көп таңдауы бар тапсырмалар

- Сәйкестендіру

- Дұрыс реттілікті анықтау

- «Шындық/Жалған» тапсырмалары

Жабық тапсырмаларпедагогика мен психологияда кең тараған. Мұндай тапсырманы құрастыру оңай және олар оқушылардың түсінуіне де жеңіл.Тапсырманың дидактикалық мазмұны сақталған жағдайда жабық тапсырмалардың ішкі құрылымы әр алуан болуы мүмкін. Бұр бір дидактикалық материал негізінде сандық және сапалық сипаттамалары
әртүрлі бірнеше тапсырма дайындауға мүмкіндік береді

«Шындық/Жалған» тапсырмасы – бұл тұжырым түрінде берілетін жабық тапсырма, оқушылар берілген тұжырымның ақиқат немесе жалған екенін анықтауы қажет.

«Шындық/Жалған» тапсырмаларының ерекшеліктері:

ü Жан-жақтылық. Мұндай түрдегі тапсырманы түрлі оқу нәтижелерін өлшеу үшін бейімдеуге болады.

ü Жылдам балл қою. Балл қоюға көп уақыт кетпейді, балды есептеудің нақтылығы жоғары. Қолданбалы бағдарламалардың көмегімен дұрыс жауаптарды автоматты түрде есептеуге болады.

ü Сенімділік. Дұрыс құрылған сұрақтар оқушының оқу жетістігінің сенімді нәтижелерін беруі мүмкін.

ü Сұрақты талдау мүмкіндігі. Шындықты анықтау сұрақтарын талдау арқылы жетілдіруге болады.

ü Тиімділік. Қолда бар материалдардан аз уақыт ішінде көптеген әртүрлі тапсырмалар құрастыруға болады.

ü Түсінгенін тексеру. Шындықты анықтау сұрақтары зерделеген материалды түсінуін бағалауға пайдалы.

ü Қысқаша мазмұндалуы. Шындықты анықтау сұрақтары тез оқуға болатын бірнеше сөзден тұратын қысқа болуы мүмкін

Бағалауға арналған тапсырмалар әзірлеу

Ашық тапсырмалар жоғарғы деңгейдегі танымдық дағдыларды тексеруге, дәлеледер келтіре алуға, жеке көзқарасын білдіруге, сыни ойлау алуға арналған. Ашық тапсырмалардың жауабы ұзақтығына, көлеміне қарай ерекшеленуі, бір немесе бірнеше сөздерден, қысқа жауаптардан, толық дәлеледі пайымдауларға дейін болуы мүмкін.

Ашық тапсырмалар қысқа жауапты және толық жауапты болып екіге бөлінеді.

· Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларды оқушылар бірнеше сөзді, бір сөйлемді, қарапайым сызбаны қолдана отырып, сұрақтарға қысқа және нақты жауап беруі қажет.

· Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларды бірнеше кезеңдерден тұратын түрлі сөйлемдерді, түсініктемелерді, сызбаларды немесе дәлелдерді қолдана отырып орындауы қажет.

· Толық жауапты қажет ететін тапсырмалардың бірі эссе болып табылады. Эссенің көмегімен тек жазылым дағдысы тексеріліп қана қоймайды, сондай-ақ берілген сұрақты немесе мәселені әртүрлі көзқараста қарастыру, берілген тақырыптың түрлі аспектілерін ашып көрсету, өз көзқарасын дәлел ретінде келтіру болып табылады.

Салыстыру және сәйкестендіру тапсырмасы

· Сәйкестендіруге қатысты сұрақтар оқиға, мерзім, атаулар мен оқиға болған жерлерді білу мағызды болып саналатын жағдайда білім тексерудің барынша тиімді тәсілі болып табылады.

· Сәйкестендіру тапсырмалары шығарма кейіпкерлері, олардың сипаттамалары, оқиғалардың болған олрындары қарастырылатын тіл мен әдебиет сабақтарында қолдану үшін ыңғайлы.

Бағалауға арналған тапсырма әзірлеудің жалпы ерекшеліктері

Бағалауға арналған тапсырманың мазмұны төмендегідей талаптар қояды:
· Тапсырманы орындауға берілген уақытты дұрыс белгілеу
· Тиімді жұмыс көлемін ұтымды анықтау
· Оқуға және жазуға берілген уақытты анықтау
· Мәтін мазмұнының күрделігін анықтау
Бағалауға арналған тапсырмалар: жабық тапсырмалар және ашық тапсырмалар болады.

Дескриптор дегеніміз – жабық тапсырманың дұрыс жауабына ұқсайтын, бірақ оның кілті болып табылмайтын нұсқасы деп аталады.

· Тапсырманың мәтіні барынша қысқа болуы және сұрақтың мазмұнын анық көрсетуі тиіс. Тапсырманың сауатты құрастылуы өте маңызды. Тапсырма мәтіннің күрделі түрде беріліуі тапсырманы түсінуді қиындатады. Тапсырма орфографиялық және грамматикалық ережелерді сақтай отырып құрастырылыуы тиіс.

Тапсырманың кілті мен дистракторлароды құрастыру кезінде нені ескеру қажет?

1. Тапсырманың кілтінде тікелей оқулықтан алынған үзінділерді қолданбаған жөн, әсіресе егер оған дистрактордың тікелей қатысы болмаса.

2. Алдыңғы тапсырмада кездескен сұрақтарды дұрыс жауап ретінде қолданудың қажеті жоқ.

3. Тапсырманың кілті дистракторлардан ерекшеленіп берілмегені дұрыс.

ҰПАЙ КЕСТЕЛЕРІ - спорттық көрсеткіштерді бағалау үшін қолданылатын сандық есептеу жүйесі. Т.б. уақыттың, ұзындықтың, дәлдіктің (ату кезінде) және т.б. көрсеткіштері болып табылатын өлшенбейтін шамаларға шартты түрде тең сандық өрнек беруге мүмкіндік береді. Бұл көрсеткіштерді ұпайларға аудару, ең алдымен, жетістіктері көпсайыстарды құрайтын жекелеген түрлерде көрсетілген нәтижелердің қосындысымен анықталатын әртүрлі көпсайыстар үшін қажет.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар әзірлеу

Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан аяғында өткізіліп, балл және баға
қою арқылы оқушының білімі, дағдысы, түсінуі туралы дәлелдемелерін
көрсетеді.
Тоқсандық жиынтық бағалау түрлі бақылау және тексеру жұмыстарын
ұйымдастыру арқылы өткізіледі. Тоқсандық жиынтық жұмысты құрастыруда
оның білу мен түсінуді, қолдану дағдыларымен ғана шектелмей, оқушының
жоғарғы деңгейдегі ойлау қабілетін: анализ, синтез және баға беруін
анықтауға мүмкіндік беретін тапсырмаларды қамтуы маңызды екендігін
ескерген жөн.
Тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар үлгілері
әдістемелік нұсқаулықтарда беріледі. Дегенмен әр мектеп жиынтық бағалау
тапсырмаларын өз еркімен дайындай алады. Мұғалімге көмек ретінде
жиынтық бағалаудың тапсырмалары жинақталған базасы да қолданылуы
мүмкін.
Оқу жылының басында мектептегі әдістемелік бірлестікте оқу жылына
арналып жасалған бағалау жоспары әзірленеді. (Қараңыз: 4-бөлім. Бөлім/ортақ
тақырып бойынша бағалау үдерісі).

Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау

Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау кезінде мұғалімге оқу
бағдарламасында берілген оқу мақсаттарына шолу жасап шығу ұсынылады.
Бағалау оқу жоспарында анықталған оқу мақсаттарының меңгерілу деңгейін
анықтайды.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу кестесі мектеп директорының
бұйрығымен бекітіліп, оқушылар мен ата-аналарын оқу жылының басында
хабардар етеді.
Тоқсандық жиынтық бағалау бір қатардағы барлық сыныптар үшін
бірдей жағдайда ұйымдастырылады. Жиынтық бағалауды қайта орындау
(көшіріп жазу) рұқсат етілмейді.
Егер оқушы тоқсандық жиынтық бағалауға белгілі бір себептермен
қатыса алмаған жағдайда (ауырып қалуы, жақын туысқанының қайтыс болуы,
конференцияға, олимпиадаға және басқа да ғылыми жарыстарға қатысқан
жағдайда), пән бойынша орындай алмаған тоқсандық жиынтық жұмысын
мектепке келгеннен кейінгі екі апта ішінде орындауы тиіс; бұл жағдайда
тоқсандық ішкі жиынтық бағалау жұмысының қосымша нұсқасқолданылады.

Тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды
құрастыру

Тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар бірнеше
сыныптардың бір параллеліне арналған тест спецификациясына және балл
қою кестесіне сәйкес құрастырылады. Жиынтық бағалау жұмысының түрлері
бірнешеу болады: тест тапсырмалары, сынақтар, бақылау жұмыстары,
диктант түрлері, мазмұндама, эссе және т.б. Тест спецификациясы жиынтық
бағалаудың негізгі мазмұнын көрсетеді және тапсырма құрастырудың негізі
болып табылады.
Әр пән және сынып бойынша тест спецификациясы келесі
ақпараттардан тұрады:
 тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты;
 бағалау критерийлеріне шолу;
 тоқсанның жиынтық бағалауына шолу:
- тапсырмаларды орындаудың ұзақтығы;
- тапсырманың құрылымы;
- әр жұмысқа қойылатын балл саны;
- балды сұрақтардың түрлеріне қарай бөлу.
 тапсырмалар үлгілері;
 балл қою кестелерінің үлгілері;
 тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу ережелері.