Білім берудегі бағалаудың өлшемдік технологиялары. Арысова Жансая Асқарқызы ПМНО-23-1у.

Практикалық жұмыс 1-2 . Еліміздегі білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау. 1)Дәстүрлі бағалау түрлері және олардың оқушылардың оқу жетістіктерін анықтаудағы рөлі. 2) ҚР орта білім беру жүйесіне критериалды бағалауды енгізу. 3) ҚР орта білім беру жүйесіне критериалды бағалауды қамтамасыз ететін нормативтік құжаттар.

Дәстүрлі бағалау-оқу жетістіктері оқушылардың басым көпшілігі жете алатын, орташа статистикалық нормамен салыстырылатын бағалау түрі. Дәстүрлі бағалау 1-ден 5-ке дейінгі рангта жүзеге асты.Бұл бағалау түрінде оқушыларға өмірде теориялық білім қажет деп санап, мұғалім оқу материалын түсінікті етіп жеткізуді ғана қажет деп есептеліп және олардың пәндік білімдерін, машықтарын, дағдыларын ғана қалыптастыра аламыз. Оқушылардың білімін жіберілген қателерінің санымен бағаланады.

Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері : -Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау; -Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің оқушылардың өздерінің талдауы; -Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау; -Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру; -Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау; -Оқу үрдісін үйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету.

Аталмаш құжаттар аясында бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау керек. Соған орай оқытудың технологиялық тәсіліне төмендегідей талаптар қойылады:

!)Мақсаттар қою және оны мүмкіндігінще нақтылау, оқу мақсаттарын оның нәтижеге жетуі бағдарланатындай етіп анықтау;

2)Оқу материалдарын дайындау мен барлық оқытудың барысын оқу мақсаттарына сай ұйымдастыру;

3)Қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған күнделікті нәтижені бағамдау, оқытуды түзету;

4)Нәтижені қорытынды бағамдау.

Практикалық жұмыс №3-4 Критериалды бағалауды Блум таксономиясының категорияларына сәйкес ұйымдастыру. 1)Блум таксономиясын бағалау процесінде пайдалану. 2)Блум таксономиясының негізіндегі төменгі ойлау дағдыларына арналған тапсырмалар құрастыру әдістемесі.

Блум таксономия әдісінің мақсаты: -Студенттерді өздігінен жұмыс істеуге үйрету; -Бір-бірінің білімін бағалауға дағдыландыру; -Өздерінің нәтижесін көре білуге, оны бағалай бідуге дағдыландыру; -Тез, әрі нақты ойлап, дұрыс шешім қабылдай алу және тапқырлық, тиянақтылық дағдыларын дамыту; -Алған білімдерін пайдалана отырып, жаңа қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыру; - Жұпта, топта жұмыс жасай білуге үйрету;

Практикалық жұмыс №5-6 Критериалды бағалауды Блум таксономиясының категорияларына сәйкес ұйымдастыру әдістемесі. 1)Блум таксономиясының орта ойлау деңгейігің (қолдану,талдау деңгейлері) ерекшеліктері. 2) Блум таксономиясы негізіндегі орта ойлау дағдылырына арналған тапсырмалар құрастыру.

подтема

подтема

2) Блум таксономиясы негізіндегі орта ойлау дағдыларына арналған тарсырмалар құрастыру.  ТАПСЫРМАЛАР ҮЛГІСІН бергім келеді.

2) Блум таксономиясы негізіндегі орта ойлау дағдыларына арналған тарсырмалар құрастыру. ТАПСЫРМАЛАР ҮЛГІСІН бергім келеді.

Практикалық жұмыс №7-8 Критериалды бағалауды Блум таксономиясының категорияларына сәйкес ұйымдастыру әдістемесі. 1)Блум таксономиясының жоғары ойлау деңгейінің (жинақтау, бағалау деңгейлері) ерекшеліктері. 2)Блум таксономиясы негізіндегі жоғары ойлау дағдыларына арналған тапсырмалар құрастыру.

подтема

подтема

подтема

подтема

подтема

подтема

Практикалық жұмыс № 9-10 Бағалауға арналған тапсырмалар әзірлеу. 1)Тапсырма әзірлеу барысында неге назар аудару керек? 2)Жабық тапсырмалар және олардың түрлері.

Практикалық жұмыс №11-12 Бағалауға арналған тапсырмалар әзірлеу. 1) Жабық тапсырмалар және олардың түрлері. 2) 7-9 сыныптар бойынша жабық тапсырмалар әзірлеу.

подтема

подтема

Практикалық жұмыс № 13-14 Бағалауға арналған тапсырмалар әзірлеу 1) Ашық тапсырмалар және олардың ерекшелігі. 2)Ашық тапсырмалардың түрлері.

Практикалық жұмыс № 15-16 Бағалауға арналаған тапсырма әзірлеудің жалпы ерекшеліктері 1) Бағалауға арналған тапсырма әзірлеу кезінде ескеретін ұсыныстар 2) Дескрипторларды құрастыру кезінде нені ескеру керек?

подтема

Практикалық жұмыс №17-18. Бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар әзірлеу
1. БЖБ-дың ерекшелігі
2. БЖБ-ды құрастыру әдістемесі

Практикалық жұмыс №19-20. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар әзірлеу 1. ТЖБ-дың ерекшелігі. Спецификация
2. ТЖБ-ды құрастыру

Тоқсанбойынша жиынтық бағалаудың ерекшелігі–тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың құрылымы мен мазмұнына және оны өткізуге қойылатын талаптар.

ТЖБ процесі: Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлағанда алдымен тест спецификациясын, оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына шолу жасау керек. Оқу пәндерінің күрделілік деңгейін есепке ала отырып, бір күнде үштен артық тоқсандық жиынтық бағалау өткізуге болмайды.
Сондай-ақ бағалау жұмысы тоқсан аяқталатын соңғы күні өткізілмейді. Бір пәннен бөлім және тоқсан бойынша бағалау жұмыстары бір күнде өткізілмейді.

Пән бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы ТЖБ спецификациясы – бұл құжат. 1) Тоқсанды аяқтау бойынша бағалау рәсімдерінің мазмұны мен құрылымына қойылатын талаптарды анықтайды.
2) Бір параллельдегі барлық сыныптар үшін бірыңғай талаптар белгіленеді.
3) Тапсырманың мақсатын, күтілетін нәтижесін, деңгейін, орындау уақытын, құрылымын, сипаттамасын анықтайды.
4) Тапсырмалар мен балл қою кестесінің үлгілері ұсынылған.

Практикалық жұмыс №21-22 Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу. 1. ТЖБ-дың ерекшелігі. Спецификация
2. ТЖБ-ды құрастыру

Пән бойынша тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясының мазмұны: - тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты;
- пән бойынша күтілетін нәтижелер;
- пән бойынша ойлау дағдылары деңгейлерінің сипаты;
- ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды әр - тоқсан бойынша бөлу;
- тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу ережесі;
- тоқсандық жиынтық бағалауға шолу;
- тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы;
- тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының үлгілері;
- тапсырмалардың балл қою кестелері.

ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫН ҚҰРАСТЫРУ АЛГОРИТМІ - Оқу бағдарламасындағы ұзақ мерзімді жоспарға шолу жасау; - Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясына шолу жасау;
- Ағымдағы тоқсанның жиынтық бағалауларына және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасына шолу жасау және өзгерістер енгізу; - - - Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын
(нұсқалары) құрастыру; - Тапсырмаларға балл қою кестесін әзірлеу.



Практикалық жұмыс №23-24. Пән бойынша оқушы білімін критериалдық бағалау. 1 Дүниетану пәні бойынша критериалдық бағалау жүргізу әдістемесі (3-сынып) Практикалық жұмыс №27-28. Пән бойынша оқушы білімін критериалдық бағалау.
Жаратылыстану пәні бойынша критериалдық бағалау жүргізу әдістемесі (3-сынып)

Критериалды бағалау— оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін білм беру үдерісіне қатысушылардың барлығына алдын ала таныс , ұжым талқысынан өткен , нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушының оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс. Критериалды бағалауқалыптастырушыжәнежиынтықбағалау арқылы жүзеге асырылады.

Критериалды бағалау :

Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты- бағалау критерийлерінің негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну.

Мұғалім үшін бағалаудың негізгі мақсаты:

Критериалды бағалаудың мұғалім үшін маңыздылығы: сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге, өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға, білім беру сапасын арттыруға, оқудың сапасын жақсартуға, әр білім алушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескеруге, бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға, оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.

1.Оқудағы қиындықтарды анықтау: мектепте мысалы сауаттылық және арифметика саласын дағы проблемаларды анықтау үшін тестілер өткізілуі мүмкін; одан кейін өзіндік түзету және тестілеу жұмыстарын қайта өткізуге болады.

2. Білім алушының жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс (оқушылар, мұғалімдер мен ата – аналар);

3. Уәж. Кері байланыс уәж түрінде көрінеді. Ынталандыру ретінде тестінің немесе емтихан ның өткізілуі кейбір білім алушылар мен мұғалімдерді ойларын жинақтап, әрекет етуге итермелейді. Мұндай сыртқы ынталандыру оқуға шабыттанып кірісуге түрткі болуы мүмкін;

4. Болжау және сұрыптау. Білім алушының білімі және дағдыларын бағалау арқылы мұғалімдер олардың болашақтағы мінез- құлқы мен дамуын болжайды. Мемлекеттік емтихан нәтижелері көбінесе сұрыптау мақсатында жоғарғы оқу орнында оқу немесе жұмысқа орнала су туралы шешім қабылдау үшін қолданылады;

5. Стандарттарды бақылау және орындау.

Кpитериалды бағалаудың басты ерекшелігі: алдын – ала ұсынылған бағалау шкаласы,анық, айқындылығы, бағаның әділдігі, өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі; Критериалды бағалаудың тиімділігі: жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады, оқушы жұмысы алдын – ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады. Критерийлер- оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, білім алушылар жұмыс барысында орындайтын іс –әркеттер тізбесі.

Критеpиалды бағалaудың артықшылығы: оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады, білім алушының жұмысын бағалау алдын – ала ұсынылған критерийлерге негізделеді, бағалау алгоритмі білім алушыларға алдын- ала белгілі, білім алушы не мақсатта жұмыс істеп отырғанын біледі, білім алушының білімділік деңгейі анық көрініп тұрады, критерий арқылы бағалау мұғалімнің анық біліп отыруына мүмкіндік береді, білім берудің сапасы артады;

Қалыптастырушы бағалау— оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді. Үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар күнделікті сабақта орындатуға арналған. Әр тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім белгілі бір оқиға немесе әрекетке жауап беру, үн қату, пікір білдіру үшін әр оқушыға кері байланыс жасайды. Қалыптастырушы бағалауда түрлі әдістерді қолдануға болады. «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бағалау ағашы», «Бағдаршам», «Смайликтер». Бұл әдістерді тапсырманы орындау және оқу әрекеттерін ұйымдастырудың әр кезеңінде қолдануға болады. Қалыптастырушы бағалау оқушы бойындағы үрейленуді басады, өз ісіне баға беруге жетелейді. Сабақта қалыптастыру шы бағалауды жүйелі өткізу – жиынтық бағалаудың нәтижелі, сапалы болуы.

Бағалау

Қалыптастырушы бағалау : оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған болса, жиынтық бағалау мақсатты баға қою және сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару үшін қажет.

Дүниетану пәні бойынша критериалдық бағалау жүргізу әдістемесі Дүниетану пәнін оқыту барысында бағалау сабақ кезеңіндегі үрдісте қолданылатын тәсілдермен тікелей байланысты. Оқу материалын меңгеруде мұғалімнің қолдау көрсетуімен алға жылжып, нақты мақсатқа жетуге орай жұмыстар жүргізілетін болады. Басты мақсат оқушыларға кез келген жағдайда критерийлер қойып, сол арқылы өзін-өзі бағалауға жаттығады. “Мен қойылған критерийлерге сәйкес жұмыс жасай алдым ба? Тапсырманы қай деңгейде орындадым?” деген сауалдарға жауап іздеп жақсы жетістікке қол жеткізеді, алға қарай ілгерілеуге ұмтылады. Дүниетану пәнін оқытуда критериалды бағалау оқушының идеясы, ойын нақты жеткізе алуы, сөз мәнері т.б. қарастыра отырып, бірін-бірі бағалаған сәтте өз сыныптастарының айтқан жауаптарының қаншалықты дұрыс-бұрыстығына, ұсынылған бағалау критерийлерге сүйене отырып бағалаған жағдайда оқушы өзіне түскен жауапкершілікті сезінумен қатар, жетіспейтін қырын да аңғарып түзетуге тырысады. Өз ісіне талдау жасауды, өз білімінің қай деңгейде екенін анықтай отырып, салыстыра алады. Білім алу барысында шешім қабылдауға үйреніп дағдыланады.

Дүниетану пәні бойынша критериалды бағалау

Дүниетану пәні бойынша критериалды бағалау оқушының танымдық оқуына ықпал етеді, өйткені оқушының ақпаратты жадында ұзақ уақыт есте сақтауы туралы ойлауы танымдық оқуды айқындайды. Мұғалім критерийлер бойынша нұсқау берген кезде, оқушы қажетті ақпаратты іздестіре отырып, соған орай жұмыс жасауға тырысады. Мысалы: Қазақстан Республикасының рәміздерін өзге елдердің рәміздерінен ажырату.

Бағалау критерийі

-көршілес елдердің рәміздерін атайды;

-өз елінің елтаңбасының нышанына анықтайды;

Тапсырма. Көршілес елдердің елтаңбаларына мұқият назар аудар.

“Елтаңба” сөзі арқылы пікірінді білдіріп, өз еліңнің елтаңбасын өзге елдерден ажырат, әр нышанына дәлдеме жаса.

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Қытай, Түркіменстан. Дескриптор-көршілес елдердің рәміздерін табады;
-өз елінің елтаңбасының нышанына пікірін айтып, дәлелдеме жасайды;


Бүгінгі заман талабы – жан-жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Оқушы тұлға болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға , өзіндік тұжырым жасай білуге , өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдеуге, жалпы алғанда жеке адамның құзыреттіліктері қалыптасуы қажет. Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты – жаңа үрдістегі оқытудың сапасын арттырады. Білім алушылардың білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру болып отыр. Бүгінгі білі алушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолдануымыздан көз жеткізуге болады.

Жиынтық бағалау— оқу бағдарламасындағы бөлімдер (ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі. Білім алушының қабілетін есепке ала отырып, дифференциациялық оқытуды ұйымдастыру үшін қолданылатын күрделілігі түрлі деңгейдегі тапсырмалар орындалады. Бағалау барлық пән бойынша өткізіледі. Бағалау жолдары мазмұны мен түрлеріне сай әртүрлі болады. Оқу мақсатына жету дәрежелерін анықтау үшін Б.Блумның оқу мақсаттары таксономиясына сәйкес бағалау критерийлері реттеліп қарастырылады. Бағалау критерийлері оқу мақсатында не көрсетілсе, тек соны бағалайды. Мұғалім оқушылардың жеке ерекшеліктерін, оқу мазмұнын ескеріп, тапсырма және оның дескрипторын белгілейді. Бір ерекшелігі күнделікті оқушыларға баға қойылмайды. Бағалау критерийіне сүйеніп, білім алушының оқу жетістіктерін бағалайды. Бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою кестесіне сүйенеді.

Практикалық жұмыс №25-26. Пән бойынша оқушы білімін критериалдық бағалау. Әдебиеттік оқу пәні бойынша критериалдық бағалау жүргізу әдістемесі (2-сынып)

Әдебиеттік оқу пәнінің мақсаты-бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.

Әдебиеттік оқу пәнін оқытуда қолданылатын оқыту стратегиялары мен әдістері:
1)мұғалім мен оқушының “субьект-субьектілік” дидактикалық қатынаста білім іздеу үдерісіне бірдей енуі;
2) оқу проблемаларын шешу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтасқан шығармашылық ізденіс әдістерін қолдану; оқу проблемаларын шешудің әдіс-тәсілдерін оқушыларға дамыта оқыту ұстанымына сай жолмен құру және көрсету;
3) оқушының жеке пікірін тыңдау, олардың бұрын меңгерген білімдері мен қалыптасқан түсініктерін әрі қарай дамыту;
4) ойын әдісі;
5) “оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау” арқылы қолдау жасау;
6) сын тұрғысынан ойлау дағлыларын дамыту;
7) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану арқылы оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру;
8) тәжірибелік, шығармашылық оқу әрекеттеріне ( түрлі шығармашылық жұмыстар жасау ) ынталандыру;
9) оқушылардың білімін жүйелі түрде мониторингілеу;
10) оқушылардың оқу әрекетін жеке, жұптық, топтық және ұжымдық формада ұйымдастыру ( оқушылар бірін-бірі өзара оқытуға, бірін-бірі бағалауға, пікір алмасуға үйренеді);
11) оқыту барысында “не білемін? не білгім келеді? нені үйрендім?” түріндегі кері байланысты жүзеге асыру.

Әдебиеттік оқу пәнін меңгеру оқушының:
1)қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерін талдай отырып, ұлттық және жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды бойына сіңіруіне;
2) көркем шығармадағы тілдік қолданыс ерекшеліктеріне бақылау және талдау жасай отырып, тілдік құралдарды саналы түрде дұрыс таңдауына және өмірлік тәжірибесінде қолдануына;
3) алған білімі мен дағдыларын өмірлік жағдаяттарда және басқа адамдармен қарым-қатынас барысында пайдалануына көмектеседі.

Практикалық жұмыс №29-30 Пән бойынша оқушы білімін критериалдық бағалау.
Әдебиеттік оқу пәні бойынша критериалдық бағалау жүргізу әдістемесі (3-сынып)

Әдебиеттік оқу пәнінен тыңдалым мен айтылым сөйлеу әрекеттерін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
1)тыңдауға, мазмұнын түсінуге әр түрлі жанрдағы мәтіндерді ұсыну;
2) шығарманы қайталап тыңдау, негізгі ойды анықтау;
3) тыңдалған шығарма бойынша сұрақтар қою;
4) шығарма бойынша жоспар құру;
5) тыңдаған шығарманың белгілі бір бөлігін өз сөзімен айтып беру;
6) шығарманың мазмұны бойынша қарама-қарсы пікір айту, дәлелдеу;
7) шығарманы өз қиялымен өзгертіп аяқтау;
8) мәтіндегі оқиғаларды, іс-әрекеттерді салыстыра талдау;
9) ұсынылған тақырып бойынша сұхбат алу немесе сұхбат беру және нәтижесі бойынша ауызша есеп беру;
10) жоспарланған тақырыптар бойынша пікірталас ұйымдастыру; жұпта ым-ишараны пайдаланып, оқиғаны жазуға дайындалу
(мысалы, “ Бағытталған оқу” және “ Бағытталған жаз”);
11) ауызша айтылғанды түсіну және сұрақтарға жауап бере білу;
12) берілген тақырып бойынша диалог құрастыру;

Әдебиеттік оқу пәнінен жазылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
1)тыңдалған және оқылған мәтіннің қысқаша мазмұнын, фильм мен кітаптан алған әсерлерін жазу;
2) оқушыларға таныс ертегі, әңгіме, өлеңдердің қысқаша мазмұнын жазу;
3) әдеби шығармадан алынған көркем, бейнелі сөздерді жазу;
4) әдеби шығармадағы жаңа сөздерден сөздік құрастыру;
5) газет-журналдарға шағын хабарлама/мақала жазу;
6) белгілі оқиғаны өз ойынша өзгертіп аяқтау;
7) әдеби шығарма мәтініндегі оқиғаны өз көзқарасымен өзгертіп аяқтау;
8) ақпаратты суреттер мен сызбалар, белгілер, пиктограммалар арқылы беру;
9) сұхбатқа сұрақтар дайындау.