Финляндия білім беру жүйесі

Теңдік

Мектептердің барлығы дерлік мемлекеттік. Ата-анасының қоғамдық статусына мән берілмейді. Мүмкіндігі шектеулі балалар да жалпыға ортақ мектептерде оқи береді. Қабілеттілігіне тәуелсіз, оқушылар «жақсы», «жаман» болып бөлінбейді. Барлық пәндер бірдей дәрежеде оқытылады. Бір пәнді тереңдетіп оқып, екінші пәнге үстіртін қарауға болмайды.

Тегін

Жалпы білім алумен қатар, оқулықтар, көлік тасымалы, тамақ, сыныптан тыс іс-шаралар, оқу құралдары, ноутбук, планшетке дейін мемлекет есебінен.

Жеке тұлға

Әрбір оқушыға қабілеттерін ескере отыра жеке оқу жоспары жасалады. Бір сыныпта әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар орындалады.

Тәжірибе

Бұл мектептерде ешқандай емтихан жоқ. Тек жалпы орта мектеп бітірер уақытта тапсырылатын тест бар. Бірақ, ол тесттің нәтижесі оқушыға да, мұғалімге де, мектепке де әсер етпейді. Оқушыларды оған алдын ала дайындамайды, қалай бар солай тапсырады. Оқушыларға болашақ өмірде қажет болатын нәрселерді ғана үйретеді. Мысалы, пештің құрылысы қажет болмаса, үйретпейді. Оның орнына, фин оқушылары сайт жасау, салықтарын есептеу, шарт жасасу, кірісін есептеу секілді дүниелерді біліп шығады.

Сенім

Біріншіден, ұстаздар қауымын тексеріспен шаршатпайды. Мемлекет бағыт-бағдар ғана береді, әр мұғалім өз әдіс-тәсілімен оқытуға мүмкіншілігі бар. Екіншіден, оқушыға сенім. Егер оқушыға сабақ үстінде презентация ұнамаса, оның кітап оқуына, жазуына, яғни басқа нәрсемен шұғылдануына құқысы бар.

Еркіндік

Шынайы оқығысы келген оқушы оқиды. Егер оқушының ол сабаққа қызығушылығы жоқ болса «екілікпен» қорқытпайды. Керісінше, оған қызық саланы табуға тырысады. Нақты үлгермеген болса, келесі сыныпқа көшірілмейді. Фин мектептерінде сыныпқа көшпей қалу ешқандай да ұят емес. Себебі, болашаққа жауапты түрде дайындалу керек деп есептейді.

Дербестік

Мектепте оқушыға өзі ойланып, жеке шешім шығаруға үйретеді. Оқушылар арасындағы кикілжіңге де етене араласпайды. Себебі, үлкен өмірдегі келеңсіздіктерді шешуге дайындық ретінде.

Ерекшеліктері

подтема