Қосымша оқыту технологиялары

«Ерекше балаларға» ақпарат беру қондырғылары:

Қозғалыстың ауыр бұзылулары

Сенсорлық (накладки) қосымшалар

Қосуға сезімтал (touch-sensitive)

Психикалық дамудың тежелуі мен қозғалыстағы орташа

Шағын пернетақта

Шаршап қалмауы үшін пернетақта кнопкалары шағын және жақын болуы керек

Қозғалыстың ауыр бұзылулары

Дауыс беру командасын қолдану

Қолданушының дауысы танылады және компьютермен командаға түрленеді.

Интеллектінің жеңіл бұзылуы мен қозғалыстың ауыр бұзылулары.

Үлкен пернетақта

Пернетақта кнопкалар санының азайтылуы және өлшемінің ұлғайтылуы

Қозғалыстағы бұзылулары бар балалардың манипуляциясын жеңілдетуге арналған қондырғы

TRACKBALL манипулятор

Тышқандағы шарды қозғау арқылы экрандағы курсорды қозғалысқа алып келу. «Трэкболмен» жұмыс істеу үшін тек қана саусақтың күрделі қозғалысы ғана емес алақанмен де жұдырықпен де қозғай беруге болады.

Touch paol сенсорлық манипулятор

Ноудбукте ғана қолданатын сезімтал орта

Джойстик Joystick

Рычагтың қозғалысы экрандағы курсорды басқаруға мүмкіндік береді.

Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар үшін қажетті арнайы құрал-жабдықтар

өзіне-өзі қызмет көрсетуін жеңілдететін құралдар (ыдыс-аяқтар мен асханалық аспаптар, киіну және шешіну, есікті ашу және жабу, өз бетінше оқулары, телефонды пайдалану үшін құрал-жабдықтар; электр құралдарын қосатын ерекше, тұрмыстық аспаптарды қашықтықтан басқару құралдары);

жүріп-тұру құралдары: мүгедектер арбасының әр түрлі нұсқалары (бөлмелік, серуендік, функционалдық, спорттық), қайта отырғызу үшін көтергіштер, шағын автобус, басушылар мен ағашақтар (бөлмелік және серуендік), балдақ, шаяндар, таяқтар, велосипедтер; арнайы тұтқалар, пандустар, тротуарларға шығатын жерлер және т. б. Көптеген көп функционалды кресло-арбаларды балалар көп уақытын өткізе алады. Оларда тамақ ішуге және сабақ оқуға арналған үстел, алмалы-салмалы кеме, кітаптар үшін бөлімшесі, тағаммен термосты сақтауға арналған арнайы орын бар;

баланың қажеттілігіне сай жиһаз;

балаларды жатқызып оқытуға арналған сыналы тіреуіштері бар медициналық кушеткалар;

балаларды тұрғызып оқытуға арналған көлбеу үстелдер

Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балаларды оқытудың интербелсенді техникалық құралдары:

СТКБ бар балалар үшін қажетті көру және есту көрнекіліктерінің мүмкіндіктерін пайдаланатын полисенсорлық негізде құрылған дидактикалық құралдар;

балада қалыптастырып жатқан дағды мен білікті жаттықтыру үшін, сондай-ақ СТКБ бар балаларға қажетті материалды әртүрлі нұсқада көп рет қайталату үшін оқытушы компьютерлік ойындар;

СТКБ бар балалардағы бастапқы білік пен дағдыларды қалыптастыруға арналған арнаулы оқу-жаттықтыру құрылғылары.

Көруінде бұзылуы бар «ерекше балаларға» арналған қосымша дидактикалық материалдар.

Брайль шрифтісімен жазылған оқулықтар мен оқу құралдары

Цифрлік аудиожазба: mp3 және басқа

Көрнекі құралдардың рельефті бейнелері;

Ақпаратқа визуалды емес қолжетімділік бағдарламалары;

Нашар көретін «ерекше балалар» үшін

Қажетті арнайы құрал-жабдықтар

Нашар көретін балалардың оқу-танымдық әрекетін жеңілдететін арнайы тифлотехникалық және оптикалық (оптикалық түзетудің жеке құралдары, электронды үлкейткіш әйнек, қашықтықты үлкейткіш әйнек, қалталы әртүрлі еселік үлкейткіштер және басқа) құралдар қолданылуы керек

Қосымша дидактикалық материалдар

Сабақта табиғи заттарды қолдану үшін оларды таңдауда белгілі бір ережелерді сақтау керек: көру және сипап сезу арқылы зерттеу үшін заттар ыңғайлы болу керек; заттардың пішіні дәстүрлі тез танылатын және негізгі бөліктері айқын білінетін болуы керек; заттар ашық түсті, негізгі бөліктері түспен белгіленуі керек.

Үлестірмелі иллюстративті материалды әзірлеуде әрбір баланың көру қабілетінің бұзылыстарын және оған ұсынылған көру жүктемесін ескерген жөн.

Балаларға слайд, кино мен бейнематериалдарды таңдауда да оқушылардың көріп қабылдауына ыңғайлы, зат пен құбылыс туралы дұрыс түсінік алуға мүмкіндік беру тұрғысынан қарау керек.

Графикалық көрнекіліктерде қолданылатын шартты суреттер бейнеленген заттардың негізгі мазмұнын, сипаты мен қасиеттерін көрсететіндей өте қарапайым, әрі нақты болып, яғни тез танылуы керек.

«Ерекше балаларды» оқу дағдысына үйретуге арналған қосымша технологиялар

Дыбысты шығару

Сөйтейтін кітаптар

Тактильді әсер Брайль шрифтісін қолданатын принтер (пернетақта)

Брайль шрифтісімен және рельефтен әріптер көмегімен ақпаратты бере алу, майда қозғалғыш инелерді қолданып тактильді түйсінуге әсер ету.(optacon)

Монитор: Визуалды ақпаратты қайта кодтау (декодирование)

Мәтінді және графикалық бейнені ұлғайту бағдарламасы, экранды үлкейту (экранды лупа) түстер политрасын іріктеуге арналған арнайы бағдарлама.

Шығару: визуалды ақпаратты қайта кодтау

Электронды көмекші құралдар; (оқуға, мәтінді ұлғайтуға бейненің түр-түсін өзгертуге арналған) (кабельді теледидарды пайдалану)

Психикалық дамуы тежелген балалар үшін

Қажетті арнайы құрал-жабдықтар

психикалық дамуы тежелген балаларда бастапқы біліктер мен дағдыларды қалыптастыруға арналған мамандандырылған оқу-жаттығу құрылғылары. Оқытуда тренажерларды пайдалану меңгерілетін әрекетті модельдеу процесінің негізінде құрастырылатын, арнайы әзірленген бағдарламаларды қолдануға негізделген, бұл психикалық дамуы тежелген балаларда сол немесе өзге әрекеттің динамикалық стереотипін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

психикалық дамуы тежелген балалар үшін көзбен және есту арқылы көруге болатын көрнекіліктерге сүйенетін қажетті, сондай-ақ баланың танымдық қызығушылығын оятатын құралдарды пайдалану;

Қосымша дидактикалық материалдар

ПДТ бар балалардың ерекше білім беру қажеттіліктері барлық мазмұнды салалар бойынша оқыту процесін тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін дидактикалық материалды арнайы іріктеу қажет екенін көрсетеді.

Айналадағы адамдармен қарым-қатынас жасау практикасын меңгеру көрнекі-дидактикалық, иллюстрациялық материалды, басқа тәсілдермен (түсіндіру, нұсқау, сұрақтар) үйлестіріп сөздік жаттығуларды; белгі-символдарды модельдеуді (модельдер құру және оларды объектілердің құрылымы, осы объектілер элементтерінің арасындағы қарым-қатынастар мен байланыстар туралы түсінік қалыптастыру мақсатында пайдалану); вербальды коммуникация құралдарын пайдалануды болжайды.