Үйде оқытылатын балалармен жұмыс

1 «Үйде оқыту» түсінігінің мәні

Әр түрлі елде әр заманда өмір сүрген Я. А. Коменский, Дж. Локк, И. Г. Песталоцци секілді педагогика ғылымының классиктері объективті педагогикалық теорияны құру үшін тәрбиелеу мен оқыту процестерінің табиғилыққа сәйкестігіне жетекші рөлді белгілейді

Зерттеушілердің пікірі бойынша, үйде оқыту отбасылық тәрбиенің көп ғасырлық тәжірибесінен айқындалған және кезеңдеп даму процесінде қалыптасқан білім беру процесінің маңызды саласы ретінде қарастырылады. Ресейлік ғалым Л. Р. Аркатованың зерттеулерінде үйде оқытудың келесі даму кезеңдері белгіленген:

− VI– IX ғ.ғ., тәлімгерлік әрекет элементтерінің туындауы;

− Х–ХV ғ.ғ., сарайдағы қалталы адамдардың балаларын үй жағдайында оқыту және «сауаттылық шеберлерімен» отбасылық оқу

− XVI– XVII ғ.ғ., болашақ тақ мұрагерлеріне сарайда білім беру

− XVIII ғ.ғ., гувернерствоның дамуы, жергілікті ақсүйектер арасында отбасы жағдайында жалпы білім беру

− XVIII ғ. соңы мен XIX ғ. басы, үйде оқыту мен шіркеулік білім берудің және мемлекеттік білім беру мекемелерінде оқытудың қатар дамуы; гувернанткалар мен үй тәлімгерлерінен ұлттық кадрлар даярлау

− XIX ғ. 30 ж. – ХХ ғ. басы, үйде білім беруді оқу мекемелері мен гимназия жанындағы мәртебелі пансиондардағы білімге теңестірілген азаматтық оқытудың бір түрі ретінде ресми мойындау; педагогикалық әдебиеттер мен басылымдарда үйде оқытудың болашағы мен мәселелерін белсенді талқылау;

− 1917 жылдан 1962 жылға дейін балаларды үйде оқыту тәжірибесін
тоқтату;

− 1962 жылдан бастап үйде білім беруді науқас балалар мен мүгедек балаларды мемлекеттік оқытудың бір түрі ретінде ресми мойындау

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы бойынша жеке адамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктері ескеріле отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына, білім берудің әрбір деңгейін алуға қол жеткізу жағдайларының жасалуына қарай оқыту күндізгі, кешкі, сырттай оқу, экстернат және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар (балалар) үшін қашықтықтан оқыту нысанында жүзеге асырылады.

2.Үйде оқыту процесінің нормативті-құқықтық негіздері

Бірінші кезең мүмкіндігі шектеулі балаларды тексеру және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация беруді қарастырады. Тексеру бала тұрып жатқан жергілікті психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялармен (аудандық, қалалық, облыстық, қажет болған жағдайда республикалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, бұдан әрі - ПМПК) жүргізіледі.

Екінші кезең балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау. Стандартқа сәйкес үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін ата-ананың (немесе заңды өкілдерінің) өтініші, үйде оқыту бойынша ұсынымдармен коса дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы, мүгедек балаларға ұсынылатын білім беру оқу бағдарламасы туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы талап етіледі. Құжаттарды қабылдау аяқталған соң білім беру ұйымы ата-анаға (немесе заңды өкілдеріне) үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдағандығы туралы қолхат береді.

3.2 Оқу уақытын есепке алу және нормасы. Үйдегі оқытылатын білім алушылардың оқу нәтижелерін қадағалау

Сабақ кестесі балалардың жеке ерекшеліктерін, психофизикалық мүмкіндіктері мен қызуғышылықтарын есепке ала отырып, мектептің оқу жоспарына сай, 40 минуттан аспайтын сабақтың ұзақтығы, кемінде 10 минут болатын үзіліс ұзақтығын ескере отырып жасалады.

Бір сабақтың ұзақтығы - 40 минут, арасында 15 минуттық үзілісі бар.

Үйде оқыту сырқатқа байланысты қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді болады. Оқудың ұзақтығы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысында (немесе медициналық анықтама) көрсетіледі және анықтамада көрсетілген мерзімге байланысты сабақ кестесі жасалады. Үйде оқытылатын баланың сабақ кестесі сынып жетекшімен құрылады және ата-анамен (немесе заңды өкілмен) келісіліп, мектеп директорымен бекітіледі

3.1 Үйде оқытылатын оқушыларға білім беру мазмұны

Білім беру мазмұны - жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі

Үлгілік оқу жоспарының вариативті бөлімінің пәндері (оның ішінде түзету пәндері) бойынша үлгілік оқу бағдарламасы болмаған жағдайда, сондай-ақ білім алушылардың психофизикалық даму ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып үлгілік оқу бағдарламаларын бейімдеу кезінде үйде білім алушы үшін «жеке оқу жұмыс бағдарламасын» әзірлеу ұсынылады.

3 Үйде оқытуды ұйымдастыру бойынша жалпы сұрақтар

Білім салалары және оқу пәндері, апталық оқу жүктемесі немесе сыныптар бойынша аптадағы сағат саны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген білім беру деңгейлері бойынша Үлгілік оқу жоспарымен (бұдан әрі - ҮОЖ) белгіленеді.
Үлгілік қағидалардың 20-тармағына сәйкес жалпы білім беру ұйымдары әрекеттегі ҮОЖ негізінде үйде білім алушы үшін жеке «оқу жұмыс жоспарларын» әзірлейді.