Ұлы Даланың Ұлы жазушысы

r

Мұхтар Әуезов - қазақ әдебиетінің классигі, 20 ғасырдағы қазақ халқының ұлттық ой - санасының, сөз өнерінің, көркем прозасының асқар биігі. Ол теңдесі жоқ суреткер жазушы, драматург, ғұлама ғалым - әдебиет зерттеуші, ұлағатты ұстаз, ірі қоғам қайраткері. Ауыз әдебиеті мен классикалық әдебиеттің, батыс пен шығыс көркем сөз мұрасының озық дәстүрін жете меңгеріп, қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиетінің реалистік сапасын арттыруға, әдеби тілді байытуға ересен зор еңбек сіңірген ХХ ғасырдың ұлы жазушысы. Шығармашылық сапары өткен ғасырдың алғашқы жылдарындағы дауылды дүрбелеңімен, яғни қазан төңкерісімен тұстас келген суреткер 20-жылдардың бас кезінде жазылған «Қорғансыздың күнінен» «Абай жолы» роман-эпопеясына, «Еңлік-Кебек» трагедиясынан «Қарақыпшақ Қобыландыға», отызыншы жылдардағы әңгімесі – «Білекке білектен» - «Өскен өркен» романына, эпос, әдебиет тарихы туралы мақалаларынан КСРО халықтары әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдық, ұлттық және интернационалистік сипат мәселелеріне арналған терең теориялық зерттеулеріне дейін ұзақ та жемісті жол кешті. Оның бүкіл қазақ әдебиетінің асқақ тұрған күмбезіндей «Абай жолы» роман-эпопеясы әлемдік даңққа ие болды. М.Әуезовтің таңдаулы шығармалары осы заман әдебиетінің жер жүзілік көлемде танылған жаңашылдығын зор қуатпен дәлелдеді.

a

Қазақ драматургиясының тарланы

r

Драматургия - М. Әуезов мұрасының аса бай саласы, туған әдебиетіміздің асыл қазынасы. М. Әуезов қаламынан 20-дан аса драмалық шығарма туды. М. Әуезов драматургиясында жанрлық формалардың бәрін қамтыған. Онда трагедия да, комедия да, драма да бар. Оның ішінде, әсіресе Әуезовтің «Еңлік - Кебегі»(1917ж) 1922 жылы Орынборда басылды. Аса терең, мәнді шығарманың бірі - «Түнгі сарын». Бұл - қазақ драматургиясында реализмнің орныққанын көрсеткен туынды. 1934 жылы сахнаға шыққан «Хан Кене» трагедиясы - Әуезовтің азаттық идеясын терең бейнелеген, аса көркем тарихи пьесасы. «Дос - Бедел дос», «Қарагөз», «Бәйбіше-тоқал», «Айман-Шолпан», «Қарақыпшақ Қобыланды», «Бекет», «Тас түлек», «Тартыс», «Алма бағында», «Құм мен асқар», «Бес дос», «Алуа», « 50 жыл өткен соң», «Райхан» драмалары бар. Әуезовтің драмалық шығармалары - қазақ әдебиетінің алтын жамбыдай қымбат, асыл шығармалары - біздің ұлттық мақтанышымыз.

«М.Әуезов – әлем әдебиеті мойындаған тұлға»

r

Мұхтар Әуезов – қазақ халқының кемеңгер ойшылы, ұлы суреткері. Осы бабамыздың өмірі мен еңбегі еліміздің бүгінгі тәуелсіздігін аңсап өткен. Мұхаңды құрметтеу – елдің тәуелсіздігін құрметтеу, өз еліңді сүю, Отаныңды қорғау, қазақ елінің тәуелсіздігі үшін жан аямау»                                                   Н.Ә. Назарбаев Әуезов Қазақстан үшін екінші Абай, біз үшін Шығыстың Шолоховы еді.                                                        Н.Погодин Біз үшін Абай қандай болса, Мұхаң да – сондай даналық мектебі. Ол мектептен дәріс алу – әр қазақтың абыройлы борышы.                             Дінмұхамед Қонаев, мемлекет қайраткері Әлемді көз алдыңа келтіру үшін, басқалардың көзіне түсу үшін, адам рухының қадір-қасиетін асқақтата көтеріп, жар салу үшін өз биігің – Мұхтар Әуезов сияқты асқар шыңың болу керек.                                         Шыңғыс Айтматов, жазушы

a

Ұлылық үлгісі

r

«Абай жолы» – Мұхтар Әуезовтің әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті. Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы әлемдік деңгейде: «ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» (Луи Арагон) деген жоғары баға алды. Сондай-ақ бұл роман-эпопея қазақ халқын, қала берді бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де танылды.

Ағарту ісі

r

Мұхтар Әуезовтің халық ағарту туралы ойларының өмір жолының әр кезеңінде көрініс беріп отырады. Әуезов ғылыми-педагогикалық, мемлекеттік және қоғамдық қызметінде өмір бойы халық ағарту, оқу ісі, ұрпақ тәрбиесі мәселелеріне жете көңіл бөліп, бұл туралы көптеген мақалалары мен жұртшылық алдында сөйлеген сөздерінде айтқан.«Сарыарқа» газетінде 1917 жылы жарияланған «Оқудағы құрбыларыма!» атты алғашқы мақалаларының бірінде жас жазушы оқуда журген қурбы-құрдастарын уақытты бос өткізбей, халықты оқу-білімге бастап, үлгі көрсетуге шақырса «Қайсысын қолданамыз» деген мақаласында орысша және ескіше - мұсылманша оқыған азаматтардың оқу ісін жүргізуде бір ауызды болуы жайында орнықты шешімге келу қажеттігі туралы сөз қозғайды.Ж. Аймауытовпен бірге шығарысқан «Абай» журналының 1918 жылғы 11-санында жарияланған «Оқу ісі» атты мақаласында қараңғылықтың құшағында қалған туған халқын мәдениетке, елдікке жетелеудің үлкен бір жолы - оқу-ағарту ісін дұрыс жолға қоюды, бұл үшін бірінші мақсатта ана тіліндегі ұлт мектептерін ашуды көбейту қажеттігін тілге тиек етіп, мұғалім кадрларының тапшылығын, оқу құралдарының жеткіліксіздігін сөз қылады, бұл істерді дұрыс жолға қоюдың бірінші кезектегі міндеттеріне тоқталып, өз ұсыныстарын айтады.1919-21 жылы Семей губерниялық атқару комитеті төрағасының орынбасары және төрағасы болып тұрған кезінде Семейде шыққан «Қазақ тілі» газетіне ағартушылық жұмысын жолға қою мәселесін көтерген бірнеше мақалалар жариялайды.1922 жылы 27 тамызда «Қазақ тілі» газетіне жазушының (Орынборда қазақ АССР Орталық атқару комитетінің басшылығында істеп жүріп) Семей губерниясындағы қазақ қызметкерлеріне ашық хаты басылады. Хатта жер-жерде оқыған қазақ қызметкерлерінің халықты сауаттандыру жолында өнер-білімге жұмылдыру ісіндегі самарқаулығы сыналады.1930 жылы Қазақстан Оқу комиссариаты білім кеңесінің шешімімен Қызылордада басылып шыққан «Қазақ шаруа жастар мектебіне арналған программа және түсінік хаттар» деген халық ағарту саласы үшін маңызды жинақтың қазақ әдебиеті пәніне арналған «Суретті әдебиет туралы» атты бөлімін Әуезов Бейімбет Майлин, Әлкей Марғұланмен бірлесіп жазған. Бағдарламада қазақ шаруа жастарының үш жыл ішінде қазақ әдебиетінен нені оқып үйрену қажеттігін айтып, қазақ әдебиетіндегі дәуірлеу мәселесін ұсынады.1957 жылы қазақ тілі мен әдебиетін оқытуға арналған республикалық кеңес қарсаңында «Қазақстан мұғалімі» газетінде (28 наурыз) «Ана тіл әдебиетін сүйіңдер» деген күн тәртібіндегі осы мәселеге байланысты кезек күттірмес шаралар туралы ой қозғайды. Қазақ әдеби тілі мен көркем әдебиет тілі жөнінде шынайы жанашырлық сезіммен жазылған көлемді мақалалары қазақ тілінің өрісі, сөз қолдану сипаты, орыс тілінен аудару мәселелеріне көңіл аудартады.Туған тіл мен әдебиетті сүюге шақырып, бұрынғы одақтық «Учительская газетада» жарияланған «Орыс тілінің біздің халық үшін маңызы туралы» мақаласында (1956, 9 мамыр) бұл тілдің қазақ халқы ушін үлкен рөл атқарғандығын тілге тиек етеді. Әуезов мектептермен, жоғары және арнаулы орта оқу орындары ұжымдарымен тығыз байланыс жасап, олармен кездесулерінде, қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде оқыған дәрістерінде де халық ағарту, оқу-тәрбие ісі үшін пайдалы пікірлер мен ұсыныстар айтқан

Мұхтар Әуезовтің өз сөзі

r

Өз жайымнан мағлұмат (үзінді) Алғашқы жазуларым сырлы әдебиет бетінде болмай, жалпы газет, журнал мақалаларынан басталды. Ең алғашқы баспаға шыққан статьям «Сарыарқа» газетіндегі: «Адамдық негізі әйел» деген нәрсе еді. Бұл анығында менің жалғыз өзімдікі емес, Тұраш екеуміздікі болатын. Негізгі пікір сонікі еді, мен соның пікірімен жаздым. Мақаланы бергенімізде ешқайсымыздың қолымыз жоқ еді. Басқармадағы Сәбит Дөнентай баласы ма, болмаса Сәлімбеков пе біреуі мен әкеп берген соң, «семинарист Әуезов» деп аяғына қол қойып жіберіпті. Содан кейінгі баспа сөзіне толығырақ араласқаным 1918 жылы «Абай» журналының шығуымен байланысты. Ондағы сөздерде сырлы әдебиет емес, жалпы мақалалар, балалықтың, жастықтың әр сайға басын соққан сайдалысы, далбасалығы сияқты.Сырлы әдебиетке кірісуді пьеса жазудан бастадым10 1918 жылдың 1919 жылға қараған қысында сүзек болып ауырып, оқуды тастап қырға шығып тұрып едім. Сонда ең алғашқы пьесам «Ел ағасы» деген перделі драма жаздым. Шу дегеннен пьесадан, драмадан бастаудың өзі де белден шапқан сияқты орынсыз басталған құр кеуде болатын. Бұл да көп сандырақтың бірі — берекесіз кездер еді. Сол сорлы пьесам қайда екенін осы күнге шейін білмеймін. Өзімде қарасы да қалған жоқ. Қыс бойы елде болып, жаз тағы елде болдым. Ондағы жазғаным «Бәйбіше — тоқал». Жиырмасыншы жыл мардымсыз өтті. Келесі қыста 1920-шы жылдың аяғында «Қорғансыздың күні» деген әңгімені жаздым. Сол қыста ең алғашқы рет «Еңлік — Кебекті» жаздым. Бұл Семейде ойналып, құлап шықты. Ойнауға ауыр, сахнаға қолайсыз болды. Соны келесі жылы 1921 — 1922-ші жылдың январында Оралға аштықпен күресеміз деп барғанда, Теке қаласында тұрып түзеттім, Орынборға келіп баспаға бердім.1922—1923-ші жылдың қысында Ташкентте «Шолпан» журналын шығардық. Сонда біраз әңгімелер бастырдым. 1924-ші жыл(ы) қыс елде тұрып бір роман жазып едім, ол әлі баспада шыққан жоқ. Ташкенде тұрған уақытта бір пьеса жаздым. Ол да әлі шыққан жоқ.1925-ші жылы Семейде «Таң» журналын шығардық Сонда бірнеше әңгімелерім басылды. Сол қыста «Қаракөзді» жаздым.1926—1927-ші жылы «Сұғанақ сұр» деген повесть жазып едім, баспаға шықпады. 1927-ші жылдың күзінен бері «Қараш-Қараш оқиғасы» деген бір повесть жазып «Жаңа мектепке» жібердім. Аяғында жақында «Қилы заман» деген бір ұзақ әңгіме жазып, Госиздатқа жібердім. Ірі жазғандарым осы.

М.О.Әуезов туралы мерзімді басылымдағы жарияланымдар

r

Әуезов , Мұхтар. Абайды білмек парыз ойлы жасқа [Мәтін]: [Абайды білу] //Аңыз адам . - 2018. - №11.- Б. 5-8.Мұқашева Р. Біз білетін Мұхтар Әуезов [Мәтін]: [М.Әуезов туралы] // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде - Казахский язык и литература в русской школе. - 2011. - № 4.- Б. 41-44Мұқажанова Р. Әуезовтың ағартушылық көзқарасы [Мәтін]: [ Әуезовтың ағартушылық көзқарасы] // Семей таңы. - 2011. - 2 ақпан.- Б.10.Әбдезұлы, Қансейіт. Әуезовтың лекциялары - нағыз инновациялық білім болатын: [Мәтін]: [М.Әуезов ағартушылық көзқарасы] //Түркістан . - 2011. - 14-21 шілде.- Б.19.Мұхамадиев Д. Абай және Әуезов: рухани сабақтастық [Мәтін]: [ рухани сабақтастық] // Керуен. - 2011. - №2.- Б.145-149.Разаққызы , Гүлнар. Бекер ота жасатты деп өкінем...: [Жазушының қарындасы ағасы М. О.Әуезов туралы сыр шертеді] / Г. Разаққызы // Ертіс өңірі. - 2011. - 28 қыркүйек.- Б.10.Зұлхаров Ғ. Әуезов және Аягөз / Зұлхаров Ғ. // Егемен Қазақстан. - 2011. - 26 шілде (№ 317/324). – Б. 5Кеңесбай М. Ұлы Мұхтардың ұлы мұрасы / Кеңесбай М. // Түркістан . - 2011. - 29 қыркүйек (№ 39). – Б. 6.Зұлқаров Ғ. Әуезов Аягөзде болғанда... / Зұлқаров Ғ. // Түркістан . - 2011.- 3 ақпан (№ 5). – Б. 6,7Әбдезұлы Қ. Әуезовтың - лекциялары нағыз инновациялық білім болатын] [Мәтін]: [ Әуезовтың лекциялары] // Түркістан . - 2011.- 14-21 шілде (№ 28/29). – Б. 18Оразалин , Нұрлан. Азаттық рухының алтын адамы: М.Әуезовтың 100 жылдығына орай өткен Халықаралық симпозиумда оқылған баяндамадан [Мәтін]: [ Әуезовтың симпозиумдағы баяндамасы] // Қазақ әдебиеті. - 2011. - 30 желтоқсан.- Б. 5.Кемеңгер Қ. Мұхтар мен Қошке [Мәтін]: [ Мұхтар мен Көшке] // Абай. - 2012. - №1-4.- Б. 100-103Еспенбетов А. Мұхтар Әуезов көсемсөзі академик Р. Нұрғали зерттеуінде [Мәтін]: [ академик Р. Нұрғали зерттеуінде] // Абай. - 2012. - №1-4.- Б. 104-106Рыскелдіұлы Т. Ұлт тағдыры / Т. Рыскелдіұлы // Абай. - 2012. - №1-4.- Б. 107-109Амербекова А.Б. Жұлдызды сәт: "Абай мен Мұхтар" атты кеш / А. Б. Амербекова, З. Н. Қасымқанова // Тәрбие сағаты. - 2012. - №5.- Б.12-13.Шаханов Мұхтар Мені неге Мұхтар қойған?: өлең / Шаханов Мұхтар // Аңыз адам . - 2012. - № 12. - Б. 5 б.Тыныбаев Ғ. Әуезовтің үйінде болғанда / Тыныбаев Ғ. // Егемен Қазақстан. - 2012.- 24 қаңтар (№ 27/32). – Б. 6Сәрсенбаев Ә. Мұхтар аға шерткен сыр [Текст] / Сәрсенбаев Ә. // Жұлдыз . - 2012. - № 6. - Б. 192-196 бРаев С. Мұхтар және "Топайкөк" әнінің тағдыры / С. Раев // ШҚО педагогика жаршысы = Педагогический вестник ВКО. - 2013. - № 2(46).- Б. 46-49.Рахымжанов Қ.А. Мұхтар Әуезовтің педагогикалық / Қ. А. Рахымжанов // Білім. - 2013. - №1.- б.6-8Молдаханов Ә. "Абай жолындағы" тұрмыс-салт жырлары / Ә. Молдаханов // Абай. - 2013. - №2-3.- Б. 30-40Манабаева, Рымхан. Сағындырған сағым жылдар / Р. Манабаева // Семей таңы . - 2014. - 2 желтоқсан.- Б. 6.Зұлхаров Ғ. Әуезов Аягөзде болғанда / Ғ. Зұлхаров // Абай. - 2014. - №1.- Б. 84-92Кенемолдин М. Әуезов және "Таң" журналы / М. Кенемолдин // Абай. - 2016. - №1.- Б .21-29Әнес, Ғарифолла. Ұлт жазушысы - Мұхтар Әуезов / Ғ. Әнес // Мәдениет. - 2017. - №4.- Б. 56-57Пірәлі Гүлзия Әуезов - Ленинградта ! [Текст] / Пірәлі Гүлзия // Қазақ әдебиеті . - 2017.- 29 қыркүйек - 5 қазан (№ 40). – Б. 12Елеукенов Шериаздан Әуезов және Алаш / Елеукенов Шериаздан // Қазақ әдебиеті . - 2017.- 29 қыркүйек - 5 қазан (№ 40). – Б. 9 

Главная тема

Главная тема

Главная тема

Бала Мұхтардан дана Мұхтарға дейін

r

1897 - 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданындағы, Қасқабұлақ мекенінде дүниеге келген.1908 - Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан орыс мектебінің дайындық курсына ауысады.1915 – қалалық училищені бітіріп, Семейдегі мұғалімдер семинариясына оқуға түседі.1917 - маусымда М.Әуезовтің " Еңлік-Кебек" драмасы тұңғыш рет Ойқұдықта киіз үйде сахналанады.1918 – қазанда Омбыдағы Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның атқару комитетінің мүшесі болып сайланады.1919 - Семейдегі мұғалімдер семинариясын бітіріп, Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің қызметкері, кейіннен бөлім меңгерушісі қызметін атқарады.1921 – 12 тамызда Семей губерниялық атқару комитетінің төрағасы болып сайланады.1921 – қарашада Орынбордағы Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің президиум мүшесі қызметіне ауысады.1922 – күзде Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетіне еркін тыңдаушы болып түседі. «Шолпан» және «Сана» журналдарында еңбектері жарық көреді.1923 - Ленинград Мемлекеттік Университетіндегі қоғамдық ғылымдар факультетінің тіл-әдебиет бөліміне оқуға түседі.1924-1925 – Семейде мұғалімдер техникумында оқытушы қызметін атқара жүріп, «Таң» журналын шығарады. Ленинградқа қайтып барып, оқуын жалғастырады.1928 - Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасына қабылданды әрі Қазақ ағарту институтында сабақ берді.1930 - 16 қыркүйекте «ұлтшыл, буржуазияшыл» деген айыппен тергеуге алынып, тұтқындалады.1932 – түрмеден шартты түрде босатылады.1932-1937 – Алматыдағы Қазақ драма театрында әдеби бөлім меңгерушісі қызметін атқарады.1942 – «Абай жолы» жарық көріп, сынға ұшырайды.1943 – Қазақ мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасына профессор болып орналасып, өмірінің соңына дейін сонда дәріс оқыды.1945-1956 – екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталады.1946 - Қазақстан Ғылым академиясы құрылғанда, оның толық мүшесі (академик, №1 куәлік) болып сайланады, филология ғылымдарының докторы, профессор атағы берілді.1946-1947 - «Абай жолының» екінші кітабы жарық көреді.1949 - «Абай жолы» романы үшін бірінші дәрежелі Сталиндік сыйлық беріледі.1950 - роман-эпопеяның «Ақын аға» аталатын үшінші кітабы жарық көреді.1951—1954 - саяси-идеологиялық тұрғыдан тағы да қыспаққа алынып, қайтадан жаппай сынау науқаны басталады.1953 – қамауға алыну қаупі төнгендіктен сәуір айында Мәскеуге жасырын кетуге мәжбүр болады.1953-1954 - Мәскеу мемлекеттік университетінде профессор болып орналасып, «КСРО халықтары әдебиетінің тарихы» деген арнайы курс бойынша дәріс берді.1954 - Алматыға қайтып оралып, «Абай жолы» роман-эпопеясын аяқтайды.1955 – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына сайланады.1957 – тамызда Жапонияда өткен атом және сутегі бомбаларына тыйым салу жөніндегі бүкіләлемдік конференцияға қатысады.1957- 60 жылдық мерейтойы Алматы мен Мәскеуде салтанатты түрде аталып өтіп, Ленин орденімен марапатталады.1957-1961 – Тіл және әдебиет институтының халық ауыз әдебиеті бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады.1961 - 27 маусымда 64 жасында Мәскеуде операция үстінде көз жұмады.

Менің Әуезовым

r

Әдебиетімізді әлемдік деңгейге көтерген халқымыздың саңлақ суреткері, ғұлама ғалым М.Әуезовтің өмір жолы мен шығармашылық өнерін зерттеп, дәріптеуге сан жылғы ғалымдық ізденісі мен жазушылық еңбегін, күллі ұстаздық ғұмырын арнаған академик-жазушы Зейнолла Қабдоловтың «Менің Әуезовім» роман-эссесі қазақ әдебиетіне қосылған қомақты дүние. Ұзақ жылдар бойғы ізденістің қорытылған нәтижесі көрініс тапқан бұл еңбекте кемеңгер ұстаз, ақыл-ойдың кені, ғұлама ғалым, көркем сөздің хас шебері М.Әуезовтің әдеби бейнесі мен адамгершілік тұлғасын жан-жақты жарқырата таныту мақсатын биік деңгейде орындаған. Кейіпкері тарихи тұлға болғандықтан көркем шығарма жанрын өмірлік деректерге сүйеніп жазылатын роман-эссе деп анықтап алуы ірі тұлға болмысын әрі ғалымдық көзқарас, әрі жазушылық дүниетаным тұрғысынан сомдауға көп мүмкіндік берген. Содан болар мұнда көркем әдебиетте қалыптасқан белгілі соқпақтардан бөлек жаңаша әдіс, тың болжам, батыл ой түйіндеулер көбірек орын алған. Әуезов өмірінің жарқын шақтары мен бұралаң соқпақты кезеңдеріне жете қанық, әрі оның көркем дүниелерінің тылсымына терең бойлаған жазушы бұл шығармада баяндайтын оқиғаларды асқан сарабдал көңілмен сұрыптайды. Бала Мұхтардан дана Мұхтарға дейін қалыптасу кезеңдеріндегі ең маңызды мәселелерді қамтиды. Бітімі өзгеше бұл туындыда эссеист өзінің аңғарғанын, көргенбілгенін, сезген-түйгенін ешбір бүкпесіз қаз-қалпында баяндай отырып, өмір материалын өнер дүниесіне айналдырады. Дәл осы шеберлік оқырман көкейіне қонып, көңілін қозғап, таным көкжиегін кеңейте түседі.

Мұхтар Әуезов әлемі

Әдеби қызметі

r

1922 жылы күзде Ташкенттегі Орта Азия университетіне тыңдаушы болып оқуға түседі1923 жылы маусым айында Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің тіл-әдебиет бөліміне оқуға ауысады.1925 жылы Ленинградқа қайтып барып, оқуын жалғастырады. 1926 жылы жаз айында Семейге арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырады.1927 жылы жазда Жетісу өңіріне сапармен келіп, Ілияс Жансүгіровпен бірге болашақ шығармаларына материал жинайды.1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысады1953 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінде профессор болып орналасады.1955 жылы шет елге сапарға шығып, Герман демократиялық республикасы (ГДР) жазушыларының Берлинде өткен съезіне құрметті қонақ ретінде қатысты. Үндістанға 40 күндік сапармен барып қайтады.1956 жылы КСРО мәдениет қайраткерлері өкілдерінің қатарында Чехословакияда болды. Атом және сутек бомбасын сынауға қарсы халықаралық қозғалыстың Жапонияда өткен 3-конференциясына қатысады.1958 жылы Ташкентте өткен Азия және Африка елдері жазушыларының 1-конференциясын ұйымдастырушылардың бірі болды.1960 жылы АҚШ-қа барып қайтып, 1961 жылы Үндістанға екінші рет сапар шегеді.

Шежіре

Мұхтар Әуезовтің ататегі туралы еңбек

Өмірі мен шығармашылық қызметі туралы негізгі әдебиеттер

r

"Абай", энциклопедия. -А,. 1995Адамзаттың Манасы. Қазақтың ғалымдары "Манас" туралы.Ақматалиев Ә. Егіз елдің әуені. "Алматы" энциклопедия.Алпыспаев Қ. Мұхтар әуезов шығармашылығындағы өнер мен өнерпаз тұлғасы.Аударманың лексико-стилистикалық мәселелері.Ахметов З. "Абай жолы" эпопеясының жазылу тарихы және оның поэтикасы., "Даналық парасаты". М.Әуезовтың қазақ тілін дамытудағы рөлі. (Республикалық ғылыми-теориялық конференциясының материалдары),. "Мұхтар Әуезовтың роман-эпопеясы"Ахтанов Т "Мұхтар Әуезов", "Көкейкесті", "Керуен жинақ"Әбілев Д. "Ой толғауы"Әбішев Ә. "Бетпе - бет", "Әдебиеттер туыстығы"Әдібаев Х. "Уақыт және суреткер"Әкімов Т "Даналық мәйегі"., "М.Әуезовтың "Өскен өркен" романының творчестволық табысыӘуезов А "Бала Мұхтар"., "Жас Мұхтар"Әуезов М "Жинақ. Туғанына 70 жыл"Әуезов және архив.- А,. 1997Әуезов Мұхтар және қазіргі заманғы әдебиетіӘуезова Л.М "М.О.Әуезов творчествосындағы Қазақстан тарихының проблемалары" Әуезова М "Жас жүрек жайып саусағын" (өзі және әкесә туралы естелік)., "Тұңғышы едім әкемнің"Бадыров Қ "Өткендер мен өткелдер"Базарбаев М "Көрікті ойдан көркем сөз"Байтанаев Ә "Абай жолы" айшықтарыБайтанаев Б "Қазақ романының көркемдік құрылымындағы потикалық дәстүрлер"Бекхожин Қ "Өлең өткелдері" (Әдебиет хақындағы ойлар, толғаныстар мен естеліктер)Бердібаев Р "Идея және композиция туралы"., "Тарихи роман"., "Мұхтар шыңы"Бөжеев М "М.Әуезов" библиографиялық көрсеткішБукетов Е "Тоғызыншы шежіре"., "Біздің Мұхтар" Естелік.Ғабдуллин М "Уақыт сыры"Ғабитова Ф. "Алыптар тағдыры" (Күнделік дәптерден)Дәдебаев Ж "Қазіргі қазақ тарихи прозасының дамуындағы М.Әуезов дәстүрі"Досжан Д "Мұхтар жолы"., "Алыптың азабы"Дүйсенбаев Ы "Мұхтар Әуезов"., "Мақалалар, естеліктер"Ергөбеков Қ "Жақсыдан қалған сөз"Ерғалиев Қ "Өмір өрнегі"Жақып М "Ұлылыққа тағзым"Жандыбаев Ғ "Сөз мәйегі"Жанпейісов Е "М. Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясының тілі"Жолдасбеков М "Асыл арман"Жолтай Ж "Әуезовке қайта оралу" (суреткер мұрасындағы юмор және сатира)Жұбаншалиев А "Өнермен өзектес өмір" Естеліктер.Жұртбаев Т "Бейуақ"., "Талқы"., "Бесігіңді түзе" Ғұмырнама толғау., "Абай алдында"Жүнісов С "Мұхтар Әуезовтің абайтану туралы лекциясынан" Көмекші оқу құралыИсмайылов Е "Сын мен шығарма"., "Жаңа белеске"Исханов Б "М.Әуезов Абай тілі туралы"Кекілбаев Ә. "Заманмен сұхбат: Ой толғамдар"Кенжебаев Б "Жылдар жемісі" (Әдеби мақалалар мен естеліктер)Күмісбаев Ө "Мұхтар Әуезов және әдебиет әлемі"Қабдолов З "Әуезов"., "Арна"., "Көзқарас" толғаулар мен зерттеулер., "Менің Әуезовім" роман-эссеҚаратаев М. "Мұхтар Әуезов"Қонаев Д "Әлемнің Әуезові""Мұхтар мұрасы" - ғылыми мақалалар мен зерттеулер (Құрастырған Ш.Ыбыраев, С. Қорабаев)Мүсірепов Ғ "Суреткер парызы" Ниязбек Р "Тамұқ отына жанғандар"Нұрпейісов Ә "Толғау"Омаров Ә "Асыл арман"Оразалин К "Абай ауылына саяхат"Серғалиев М "Мұхтар Әуезов және көркем шығарма тілі"Сыздық Р "Сөз құдіреті"Тайжанов А "Мұхтар Әуезов үлкен ойшыл-ғалым, ұлағатты ұстаз"Талжанов С "Адам туралы толғау"., "Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері"Тәжібаев Ә "Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы"., "Жылдар мен ойлар"Тоғжанұлы Ғ "Әдебиет және сын мәселелері"Тоқпанов А "Бүгінгі күнге дейін: ойлар, мақалалар, пьесалар"Тұрбеков А "Реалистік роман және типтік характер", "Тіл және әдебиет мәселелері".Шаймерденов С "Әдеби толқындар: қазақ әдебиеті жайлы ойлар".Мұхтар Әуезов. Энциклопедия

Мұхтар Әуезов шығармаларының шет тілінде шыққан басылымдары

r

Абай жолы. Роман-эпопея, А., 1952, 1953, 1955, 1956, 1958, 1961, 1979, 1980 (орыс тілінде: Путь Абая. Роман-эпопея, М., А., 1952, 1955, 1957, 1958, 1960, 1965, 1971);Армян тілінде: Абай. Роман, Ереван, 1952;Әзірбайжан тілінде: Абай. Роман, Бакы, 1954;Башқұрт тілінде: Абай юлы. Роман-эпопея, Өфә, 1961;Қырғыз тілінде: Тарыхый роман, Фрунзе, 1—2 кітап, 1957;Абай жолу. Роман-эпопея, 1957 — 63;Латыш тілінде: Abajs. Roman, І — ІІ, Rіga, 1948 — 49;Abaja Cels, І — ІІ — ІІІ — ІV, Rіga, 1963;Koksereks. “Druva”, ғ15, 1960;Литва тілінде: Suvіs Kalnuose, Vіlnіus, 1963;Abajus. Romanas І — ІІ, Vіlnіus, 1950;Abajaus Kelіas, Vіlnіus, 1960;Jaunojі karta [Өскен өркен], Vіlnіus, 1969;Молдова тілінде: Абай, І — ІІ, Кишинэу, 1959 — 62;Вицэ тынэрэ [Өскен өркен], Кишинэу, 1969;Тәжік тілінде: Садои тирдар ағба [Қараш-Қараш оқиғасы], 1962;Нозанини мотам гирифта [Қаралы сұлу], 1967;Абай, Сталинабод, 1955 — 57;Татар тілінде: Абай. Тарихи роман, 1 — 2 т., Казан, 1957 — 60;Тыва тілінде: Көк кааррак, Кызыл, 1964;Чалыы салган, [Өскен өркен], Кызыл, 1969;Түрікмен тілінде: Абай. Роман, 1—2, Ашхабад, 1958;Абайың елы, Ашхабад, 1961;Өзбек тілінде: Бургутчи, Тош., 1960;“Уқимишли йигит”, Тош., 1960;Қараш — Қараш вақеаси, Тош., 1962;Кукел, Тош., 1964;Абай, І — ІІ к., Тош., 1951 — 52;Абай йули, Тош., 1957, 1959, 1960;Ұйғыр тілінде: Абай. Роман, 1 — 2 к., А., 1949, 1954;Абай йоли, А., 1955, 1957, 1962;Украин тілінде: Сірий лютий, Киів, 1955;Эстон тілінде: Abaі. Romaan, І — ІІ kn, Tallіn, 1950, 1951;Abaі tee. Romaan-epopoa, Tallіn, 1960;Cаха тілінде: Абай. Якутск, 1965;Ағылшын тілінде: Abaі. Book one, M., 1957;Abaі. Book two, M., 1957; Араб тілінде: Қорғансыздың күні, М., 1966;Қараш — Қараш оқиғасы, М., 1967; Бенгал тілінде: Қараш — Қараш оқиғасы, М., 1966;Болгар тілінде: Абай. Първа кн., София, 1950;Пътят на Абай, София, 1964;Мадьяр тілінде: Egy Kolto utja [Ақын жолы], Budapest, 1956;Моңғол тілінде: “Абай жолы”. Роман-эпопея, 1 т., 1972; 2 т., 1978;Вьетнам тілінде: Жас Абай, 1 — 2 т., Ханой, 1965;Неміс тілінде: Derqrіmіge Graue [Көксерек], Вerlіn, 1962 — 64 — 65;Der Schuss auf dem Gebіrqspass [Қараш — Қараш оқиғасы], Вerlіn, 1964;Abaі. Romaan, І — ІІ b., M., 1953;Парсы тілінде: Қараш — Қараш оқиғасы, М., 1966;Поляк тілінде: Okrutny szary [Көксерек], Warszawa, 1961;Syn Kazachctana (Abaj), Powіesc, 1, Warszawa, 1950;Syn Kazachctana (Abaj), Powіesc, 2, Warszawa, 1951;Droga Abaja, Warszawa, 1954;Румын тілінде: Abaj. Roman, Bucurestі, 1950;Abaj. Roman-epopea, Bucurestі, 1961;Cловак тілінде: Abaj, Bratіslava, 1951;Abajova cesta, Bratіslava, 1961;Француз тілінде: Abaі, Parіs, 1960;Le coup de feu, M., 1963;Хинди тілінде: Қараш — Қараш оқиғасы, М., 1967;Чех тілінде: Abaі. Roman, Praha, 1948;Әр жылдар ойлары, А., 1959;Мысли разных лет, А., 1961;Уақыт және әдебиет, А., 1962;Өскен өркен, А., 1962;Абай Құнанбаев, А., 1967;Абайтанудан жарияланбаған материалдар, А., 1988;Абайтану дәрістері, А., 1995;Ескермедім, қабылдамадым, А., 1998.Шығ. жин., 6 томдық, А., 1955 — 57;Шығ. жин., 12 томдық, А., 1967 — 69;Путь Абая, Библиотека Всемирной литературы, сер. 3, т. 7 (134) — 8 (135), М., 1971;Собр. соч. в 5 томах, 1 — 5-т., М., 1973 — 75;Шығ. жин., 20 томдық, А., 1979 — 85;

Әдеби мұрасы

a

Ұлыдан қалған тұяқ

r

Мұрат Мұхтарұлы Әуезов – 1943 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында Жамбыл облысы, Меркі кентінде дүниеге келген.Ол – мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Тарлан сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы, ҚР Журналистика академиясының академигі, заңғар жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің баласы. Ғалымның туған жері Меркі ауданы — Жамбыл облысының 10 ауданының бірі. Қазақстан Республикасының оңтүстік шығысында, Алатаудың бөктерінде орналасқан. Шығысында Қырғызстан Республикасының Шу облысының Жайыл ауданымен, солтүстік-шығысында облыстың Шу, солтүстігінде Мойынқұм, оңтүстік-батысында Рысқұлов (бұрынғы Луговой) аудандарымен шектеседі.Ғалым М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Шығыс тілдері институтын «Қытай филологиясы» мамандығы бойынша бітірді. КСРО Ғылым Академиясының Әлем әдебиеті институтында әдебиет теориясы бойынша филология ғылымдарының кандидаты дәрежесі үшінгі диссертацияны қорғады. Қазақстан Журналистика Академиясының 27.02.2007 жылғы жалпы жиналысы арқылы академияның толық мүшесі болып сайланды.5.Мұрат Әуезов «Қазақфильм» киностудиясында бас редакторы (1981-1987), Қазақстан Жазушылар одағының көркем аударма және әдеби өзара байланыстар жөніндегі Алқасын басшысы (1988-1990), Қазақстандағы «Мир» телерадиокомпаниясының көркемдік жетекшісі (1990), Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланып, Кеңес Президумының мүшесі, парламентаралық байланыстар жөніндегі Комитеттің төрағасы (1990), Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры (2003-2006) секілді жоғары қызметтерді атқарды.6. Мұхтар Әуезовтің қолтаңбасы, түскен барлық құжат, көркем мәтіндер, жазбалары қазақ үшін асыл құндылық екені белгілі. Сондықтан, кемеңгер жазушының сүйікті ұлына деген өлшеусіз махаббатын мәлім­дейтін бір-екі мәтінді ұсынуды жөн көрдік. Мұхтар Әуезов баласына жазған хатында: «…Мұратай! Айналайын жақсы балам. Тілі тәтті, өзі тәтті Мұратайым. Сен мені сағындың ба, мен сені көп ойлап, көп сағынам. Қашан тағы көрер екем деп ойлаймын. Енді көргенде Мұратайым маған тағы қандай әндер айтып берер екен деп ойлаймын. Сен әнді жақсы айтушы едің. Осы күнде тіпті көп өлең, ертегі білетін болған шығарсың.Үйрене бер. Ең болмаса харіптер үйрен. Тәтеңе айтып маған өзің де хат жаз. Жаздыгүні мен саған велосипед әперем, алдамаймын, айналайын жаным. Ал, бетіңнен, көзіңнен сүйдім. Хат жазған ағаң. 4.ІІ.48 ж», – десе, енді бір хатында: «…Айналайын, Мұратайым! Сенің тәтеңе ерік бермей, маған хат жазғызғаныңа мен соншалықты қуанамын. Сен ақылды болып келесің. Ағаңды ойлағаның сол ақылды болғандығыңнан. Енді бұдан былай аз аздап сабақ та оқи беру керек. Тәтең саған жеңіл, жеңіл кітаптар оқып беретін болсын…», – деген сөздерінің өзі даналықтың дәнегіндей, тағлым мен тәрбиенің төресіндей.Мұрат Әуезовтің жастарға айтқан ақылы: «Ұлтжандылық деген бұл – Ұлы сезім. Адамды ажарландырып, нұр­ландырып, жігерлендіріп жібереді. Қазақ халқының саны тым аз. Сондықтан біз ұлттың сапалы болуын ойлауымыз керек. Ол үшін нағыз білім болуы керек. Тек диплом алу үшін білім қуудың қажеті жоқ, білімнің ұшан-теңіз тереңіне бойлай білуіміз керек. Алаштың азаматтары «Сегіз қырлы, бір сырлы» болған. Сыры - осы ұлтжандылық. Олар нағыз қазақ бола білді. Біз қазақтығымызды жүрегімізбен сезінуге тиіспіз. Өйткені заман – қатал». Қаламгердің «Өнегелі өмір» сериясымен жарыққа шыққан кітабында өмірбаяндық мәліметтер, таңдаулы туындылар, замандастары мен әріптестерінің естеліктері, сонымен қатар мұрағаттық деректер мен әр жылдағы суреттер көрініс тапқан.Кітаптары: «Ділім», «Үлкен жол», «Гүл іспеттес жол», т.б. деректі фильмдердің, «Времен связующая нить», «Иппокрена. Хождение к колодцам времен». Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылық жолын кеңінен насихаттау үшін заманауи көзқарасқа сай жан-жақты зерттелген шығармаларға қажеттілік туындайды. Қазақ және түрік әдебиеттанушыларының бірігіп жүргізетін зерттеу жұмыстары бұл кемшіліктерді азайтып қана қоймай, Мұхтар Әуезов және оның әдеби шығармашылығының сапалы түрде аударылып, жариялануына септігі тиер еді. Осы тұрғыдан алғанда Мұрат Әуезовтің түрлі философиялық ой-пікірлері мен тұжырымдамалары бүгінгі таңда өзекті болып тұр. Асылдың сынығы ретінде ол кісінің әрбір сөзі мен ісі жас ұрпаққа үлгі болуы тиіс.

a