Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру

Қашықтықтан оқыту – бұл оқу үдерісінің оқушы мен мұғалімдер арасында ақпараттық-коммуникативті технологияларды пайдалану арқылы оқу үдерісін жүргізу мен ұйымдастырудың заманауи тәсілі.

Қашықтықтан оқыту технологиясының Кейс, ТВ-технологиялар және желілік технология деген түрлерін ерекшелеп көрсетуге болады.

Кейс технологиясына электрондық пошта; Кең таралған документтер мен дыбыс, анимация, графикалық кірістірулер, слайд-шоу пайдаланылады.

Желілік технологияға- Интернет байланысы, телекоммуникациялық технологияға- цифрлық байланыс каналы (ISDN);

Желілік технология — білім алушы, оқытушылар, әкімшілік арасындағы интерактивті өзара әсері мен оның оқу-әдістемелік құралдармен жабдықталуын қамтамасыз етуде телекоммуникациялық желіні қолдануға негізделген.

Артықшылықтары

Білім беру жүйесіндегі қашықтықтан оқыту білім саласындағы жаңашылдық;

Мұғалімнің де, білім алушының да уақыты мен орнын тиімді таңдай білуі;

Білімнің тиянақтылығы;

Мұғалім мен білім алушының арасындағы қарым-қатынастың қажеттілігінше қол жетімді болуы;

Қашықтықтан оқытудың әдіс-тәсілдері – оқушыға жеке талап қоюмен қатар, мұғаліммен тікелей қарым-қатынаста болуын іске асырады.

Қашықтықтан оқу арқылы — ақпаратты өңдеп, ойлана алатын, алған білімін өмірде қолдана алатын, жан-жақты, бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптасады;

Ұлтымыздың құндылықтарын сақтай білетін, қазіргі заманға сай сапалы біліммен қаруланған отансүйгіш азамат тәрбиеленеді;

Қашықтықтан оқыту технологияларын жетік меңгерген, шығармашыл, жан-жақты (креативті) мұғалімдер саны арта түседі;

Жек тұлғаға және нәтижеге бағытталған оқыту жүйесі арқылы оқушылардың тұлғалық ерекшілектері ашылады;

Кемшіліктері

Ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне баса мән берілмеуі;

Электрондық оқулық және бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылымдарды қашықтықтан оқытудың спутниктік арнасы арқылы ендірудің жеткіліксіздігі;

Ата-аналар мен мұғалімдердің жеткілікті түрде интернетке шығу мүмкіндігінің шектеулілігі;

Қашықтықтан оқыту орта білім беру ұйымдарында мұғалімдердің тәжірибесінің болмауы, өткізу барысындағы түрлі кемшіліктерінің болуы;