Қайырымдылық қорлары -
мемлекеттік көмек
"Сәби" қайырымдылық қоры
Негізін қалаушылар
Кенес Хамитович Ракишев
Әсел Иманғалиқызы Тасмағамбетовна
Бағдарламары
Экологиялық бағдарлама - "Сәби" қайырымдылық Қоры Орталық Азия экологиялық зерттеу институтымен бірге
2019 жылы Ақтау қаласында Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығын ашты.
"Мүгедектерге - лайықты өмір" - Мүмкіндігі шектеулі адамдарға өзін-өзі жүзеге асыру деңгейін арттыру, олар үшін лайықты өмірлік жағдайлар жасау, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына кедергісіз қол жетімдіктерін ұйымдастыру, мүгедектерді қоғамға ықпалдастыру және оңалту үшін жағдай жасау.
"Білім беру" бағдарламасы - Алматы қаласында және Қазақстан Республикасының басқа да аумақтарында әлеуметтік мекемелердегі тәрбиеленушілерге және балалар үйінің түлектеріне кейіннен қоғамда бейімделіп кетуіне жағдай жасау.
Миссиясы
«Сәби» қорының миссиясы жұртшылықтың қайырымыдылық саласын түсінуіне ықпал етуге, филантропияны қайырымдылық көмегін алушылар үшін тиімді етуге және демеушілер үшін тартымды етуге негізделген.
"ДАРА" қоры
Миссиясы
«Дара» қорының миссиясы – жетім, мүмкіндіктері шектеулі және науқас балалардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға және оларды дамыту мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жобаларды жүзеге асыру.
Жобалары
ТҮЗЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ – кез келген ерекше бала және оның отбасы үшін дефектолог, психолог, логопед, физиотерапевт, массажист, тифлопедагог сияқты мамандардан сапалы көмек алуға мүмкіндігі болатын арнайы мекемелер.
"Футбол командасы" - Алматылық №5 есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының жанында Футбол секциясы жұмыс істейді.
"Күлкі сыйла" - 2009 жылдан бастап Қор «Дарус» медициналық орталығымен серіктесіп №9 мектеп интернатының көмекті қажет ететін балаларына қайырымдылық операцияларды жасап келеді.
Көмек жолдары
онлайн-қайырымдылық
корпоративтік-серіктестік
қайырымдылық бокстары
«Бауыржан» қайырымдылық қоры
Қызметі
Тұрақты дамып келе жатқан қоғамдық ұйым. Қор Қазақстанда филантропияны дамыту үшін қолайлы жағдай жасайды, ҮЕҰ және оларды қолдайтындарға – меценаттар мен қайырымдылық көрсетушілерге көмек көрсетеді.
Жобалары
"Алтын жүрек"
"Твой день, донор!"
Пинг-Понг ханшайымы
"АЯЛА" қайырымдылық қоры
Еріктілер (волонтер)
Айнұр Бабаева
Данияр Бексұлтан
Мінуар Айдарова
Іске асырылған жобалары
"Coding Lab" - студенттерге және жоғары сынып оқушыларына бағдарлама жазу бойынша тегін қосымшалар беру;
"Менің де өмір сүргім келеді" - ақаулары бар балаларға көмек;
"Тыныс ал, балақай" - перзентханаларды медициналық жабдықтармен қамтамасыз етті
2008 жылы құрылды
«ШҰҒЫЛА» қоғамдық қоры
Жобалары
ЦЕРЕБРАЛДЫ САЛ АУРУЫНА ШАЛДЫҚҚАН БАЛАЛАРДЫ САУЫҚТЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ - Жағдайы төмен отбасындағы, церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға түрлі жәрдем көрсету жобасы. Олар ұдайы сауықтыру шараларына мұқтаж. Аналары балаларының қасында қалып, жұмысқа да шыға алмайды. Сондықтан жағдайы төмен отбасылар үшін ауру перзенттерін сауықтыру қиынға соғады. Мұндай отбасылар көмектің кез келген түріне зәру.
"Мектепке Жол" - Қор бұл жоба аясында жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға тамыз айларында мектепке қажетті құралдарды таратады.
"Береке" - Мұқтаж отбасыларға азық-түлік себетін тарату қайырымдылық жобасы. Бұл жоба аясында азық-түлік себеті отбасылардың үйлеріне жеткізіледі. Себет - ұн, макарон, күнбағыс майы, күріш, қант, шай, варенье және басқа да заттардан құралады.
Қызметі
Қор мұқтаж отбасыларына материалдық және әлеуметтік көмек көрсетумен айналысады. Сондай-ақ ауыл тұрғындарына ерте кезеңде ауруларды анықтау және олардың дамуын болдырмау үшін көшпелі медициналық тексерулер жүргізеді. Білім алуға мүмкіндігі жоқ адамдарға қолдау көрсетеді.