Бағалау үдерісі

Қалыптастырушы бағалау

– бұл оқу тапсырмаларын, аталған оқу мен таным үдерісінің кезеңін орындау үшін міндетті бағаланатын сыныптағы
күнделікті жұмыс барысын бағалау.

Білім мен дағдыны меңгерудегі күнделікті жұмыс.

Оқушының ағымдағы үлгерімінің көрсеткіші

Оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланыс

Қорытынды баға қойғанда есепке алынады

Бағалау туралы

Бағалау — оқыту нәтижесін анықтау үшін
қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор.

БАҒАЛАУ ТАРИХЫ

Бағалаудың алғашқы жүйесі Германияда
пайда болған.

Ресейде алғашқы рет 1737 жылдан бастап білімді бағалай бастаған. Бағалар ол кезде сөздік түрде, «жақсы-жаман» ұғымдары
шеңберінде болған.

Бағалаудың мақсаты

Оқытудағы қиындықтарды анықтау;

Болжау және сұрыптау;

Стандарттарды бақылау және анықтау.

Кері байланыс

бұл мақсатқа алып баратын
нақты әрекеттер, жағдайлар туралы пікірлерді (комментарийлерді) беру және алу үдерісі

ауызша;

жазбаша

Талаптары:

Нақты, түсінікті, дер кезінде және тақырып бойынша болуы тиіс.

Жетістіктер мен кемшіліктер туралыақпараттандыруы керек.

Бірін-бірі сыйлау жағдайында өтуі керек.

Оқушыға дұрыс жауап беруге, қателерді түзетуге немесе ойлау бағытын өзгертуге уақыт берілуі керек.

Критериалды бағалау

оқу бағдарламасындағы күтілетін нәтижелерге
жету мақсатында оқушылардың білім алудағы жеке даму жолына түзетулер енгізуге мүмкіндік беретін, оқушының оқу жетістігін алдын-ала нақты анықталған бағалау
критерийлерімен сәйкестігін бағалау болып табылады.

Кретериалды бағалау маңыздылығы

Мұғалім үшін

Әрбір оқушының ерекшелігін ескере отырып, жеке білім алу траекториясын құру.

Оқушы үшін

Берілген бағалау крийтерилерін бағалау түсіну, қолдана білу.

Ата-ана үшін

Баланың білім алуындағы өсу деңгейін бақылау

Жиынтық бағалау

бұл белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, триместр, оқу жылы) аяқтаған кезде, сондай-ақ, оқу бағдарламасына сәйкес бөлімді меңгерген соң өткізілетін бағалаудың жинақтаушы түрі.

Мақсаты

белгілі уақыт
ішінде оқушының білім, білік, дағдылары мен
құзыреттіліктері қалыптасу деңгейін және алынған нәтижелердің стандарт талаптарына
сәйкестігін анықтау

Жұмысты тексеру нәтижесінде алынған
баға сынып журналына қойылады.

Өткізіледі:

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау

Білім деңгейі бойынша жиынтық бағалау