Креативті педагогика

Креативті педагогиканың әдіснамалық негіздері

Мақсаты

шығармашылық ойлау қабілеті бар және өнімді жүзеге асыруға қабілетті тұлғаны қалыптастыру

Пәні

оқу-тәрбие процесінде оның барлық деңгейлері мен кезеңдерінде жүзеге асырылатын тұлғаның шығармашылық дамуының заңдылықтары

Зерттеу обьектісі

шығармашыл тұлға, оның стандартты емес ойлауы және дамуы,тұлғаның шығармашылық әлеуеті

Триз технологиясы

Өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы.
Негізін салушы – Генрих Альтшуллер

Мақсаты

-Балаларды өнертапқыштыққа үйретіп, ойлау қабілетін дамыту;
-әр баланың шығармашылық әлеуетін, сөздік қорын,тіл байлығын дамыту;

Міндеттері

-Бала мүмкіндігін ескеріп, заман талабына сай білім беру;
-Триз элементтерін пайдаланып, шығармашылық қаблетінің ашылуына мүмкіндік туғызу;

Тризшылардың ұраны

"БАРЛЫҒЫН АЙТУҒА БОЛАДЫ!"

Әдіс-тәсілдері

Миға шабуыл

Топтастыру

Жүйелік жақындау

Сиқырлы обьектілер

Оқиғаларды бір-бірімен байланыстыру

Әріптерден сөйлем құрау

Әңгіме құрау

Технологиямен жұмыс жасау ережесі

1.Бәрін ойдан шығаруға және айтуға болады.

2.Жеке адамды тыңдау

3.Мұғалімге және бір-біріне қарсы пікір білдіру, бірақ дәлелдемемен

4.Әрбір әрекет бағасы тек жақсы жағынан болуы

Оқушылардың креативтілігін дамытуға арналған ашық түрдегі тапсырмалар жүйесі

Тапсырма

Ашық

Анық емес шартқа ие,одан қалай әрекет ету керек,шешуде нені қолдану жеткілікті түрде түсініксіз,бірақ қажетті нәтиже анық.Шешімдердің көптеген нұсқалары бар, бірақ дұрыс шешім туралы түсінік жоқ.

Жабық

Мәселенің жай-күйін анық және бірмәнді түсіндіруді қамтамасыз етеді,көбінесе оны шешудің жолы осыдан шығады.Нәтижесінде, мәселенің бір шешімі бар.

Ашық типтегі тапсырманы тұжырымдауға ҚОЙЫЛАТЫН ҮШ НЕГІЗГІ талап:

-Міндет жағдайында ішкі қарама-қайшылықтың болуы: оқу процесінің негізгі қозғаушы күші-Қайшылықтар

- Шарттың жеткіліктілігі: мәселенің шарты оны шешу үшін барлық қажетті деректерді қамтуы керек

-Сұрақ қоюдың дұрыстығы: оқушы мәселені тапсырмаға дұрыс түсіндіруде қиындықтарға тап болмауы керек

Бастауыш сынып оқушыларының креативтілігін дамытуға арналған жұмыстар

Мектепке келеген алғашқы күннен бастап халық ауыз әдебиетінің үлгілерін белсенді енгізу, яғни тақпақ, жұмбақ, мақал – мәтел, жаңылпаш жаттау. Бұндай тапсырмалар баланың еске сақтау қабілетін дамытып, өз тілін құрметтеуге баулиды.

Лингвистикалық әдіс. Бастауыш сынып оқушылары заттардың атын, сөздердің мағынасын түгел біле бермейді. Бұл арада құбылыстың, заттың суретін немесе түпнұсқасын көрсете отырып, атауын үйрету.

Оқушының сөйлемді байланыстыра сөйлеуін және өз ойын анық жеткізе білуге, сұраққа нақты жауап беруге дағдыландыру.

Бастауыш сынып оқушылары сурет салуды жақсы көреді. Алдымен белгілі бір тақырып бойынша сурет салғызып, артынан өзі салған суреті бойынша әңгіме, ертегі құрастыру болады

Жазбаша тілін дамыту кезінде әртүрлі тақырыптар бойынша шығарма, мазмұндама, эссе, әңгіме жаздыру.

Креативтілік ұғымына сипаттама

Креативтілік дегеніміз

жаңалық ашу, толғаныс, интеллектуальдық биіктік, ұшқыр ойлылық,жағдаяттардағы икемділік, тұлғалық ерекшелік,өзіндік шешім

Креативтіліктің негізгі 4 бағыты

1.Креативтілік - шығармашылық процесс

2.Креативтілік – жаңаны құрумен байланысты әрекет нәтижесі, шығармашылық өнім;

3.Креативтілік – интеллектуалдық немесе шығармашылық қабілет.

4.Креативлік – тұлғалық категория, мінез- құлық ерекшелігі.

Креативтілікті зерттеген шетелдік ғалымдар

Дж. Гилфорд

Е.Торренс

К.Тейлор

В.Смит

С.М.Бернштейн

Креативтіліктің белгілері

тәжірибеге ұмтылушылық - жаңа проблемаларға икемді, мәселені шешуге бейімділік

талкылауға икемділік - тапсырманың шегіне шыға алу

ой ұшқырлығы - тез арада, кенеттен шешім шығару тәсілдерін өзгерте алу қабілеттілігі

ойлау ерекшелігінің болуы - өзбеттілік, даралық ерекшелік, ерекше шешім шығару

Креативті ойлауды дамытуға арналған әдебиеттер:

Подай идею. Как влюбить других в то, что ты придумал

Рисовый штурм

Кради как художник

Взлом креатива

Как люди думают

Гибкий ум

Креативті педагогиканың ерекшелігі

Дәстүрлі педагогика

білім,ептілік,дағдыны меңгерту
-дайын білімді түсіндіру,бақылау,бағалау
-сұрақ-жауап,жаңа білімді баяндап беру,білімді бекіту
-бақылау,әңгімелесу,сұхбат,эксперимент әдістерін қолдану

Креативті педагогика

тұлғаның өзін-өзі көрсете білуі мен дамуы
-өзінің сөздері мен мінез-құлқына,істеріне жауап беру,өз бетінше шешім қабылдауға үйрету
-тәжірибе арқылы үйрену
-шешімдердің көп өлшемділігі,жаңа идея айтуға, қиялдауға үйрету