Білім беру менеджменті

Менеджмент ұғымы

басқару ғылыми жетістіктерін пайдаланып өндірісті және қызметкерлерді басқарудың қағидалары, формалары, әдістері, тәсілдері мен құралдарының жиынтығы.

•Өндірістің жоғары өнімділігін, кәсіпорынның ресурстық мүмкіндіктерін игі пайдалану.

Ғылымда менеджмент

қызмет (іс-әрекет) түрі;

•үдеріс;

• басқару органы (аппараты);

•адамдар категориясы;

•ғылым және өнер...

Менеджмент ұғымы

Ағылшынша “management” - өндірісті басқару;

•лат. “manus’ – қол деген ұғымды білдіреді, яғни қол арқылы басқару деп түсіндіріледі.

• Шетелдік теорияда менеджмент басқалардың қолымен басқару, жұмыс істеу теориясы ретінде сипатталады.

•Менеджер – кәсіби басқарушылық базалық білімі бар жаңа типтегі басшы.

Менеджменттің міндеттері

а) Адамдарды кәсіпорынның ортақ мақсаттары аясында топтастыру;

ә) Әр бір қызметшіде кәсіборынның нәтижелерінен мүделілігін дамыту және оны мүмкіндігінше қамтамасыздандыру;

б) Адамдарды дамытуды бір мезгілде тоқтатпау;

в) Қызметшілердің арасындағы байланыстарды күшейту, олардың жауапкершілігін арттыру

Менеджмент

Бүгінгі таңда менеджмент басқарудың тұжырымдамалық негізі болып табылады.

Менеджмент – бұл дамытушы басқару, яғни мектеп әкімшілігін, педагогтардың, жалпы ұйымның дамуы үшін толыққанды жағдайлар жасалынады.

Педагогикалық менеджмент әдістері

психо-педагогикалық әсер ету әдісі; - әкімшілік басқару әдісі; - экономикалық әдістер; - қоғамдық пікір арқылы әсер ету әдісі.

Педагогикалық менеджмент

Педагогикалық менеджмент оқу-тәрбие,оқу-таным үрдісінің және білім берудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған, оларды басқарудың принциптері,әдістері, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық тәсілдерінің кешені. Педагогикалық менеджмент – бұл білім беру процесін басқарудың кешенді принципі мен технологиялық тәсілдер, ол тек білім мекемелеріне тиімді басшылықтың шығармашылық потенциалын көрстеіп қана қоймай, педагогтар, студенттер мен тыңдаушыларға да өзіне тән міндеттер ауқымын жүктейді.

Білім беру үдерісіндегі менеджер

еңбегінің пәні - басқарылатын нысанның (субъекттің) іс-әрекеті, еңбек өнімі-ақпарат, еңбек құралы - тіл, сөз, сөйлеу, еңбек нәтижесі - білім алушылардың білім, тәрбие, даму деңгейлері.

Педагогикалық менеджменттін
Негізгі міндеттері

қарамағындағы қызметкерлердің жұмысын жоспарлау, яғни іс-қимыл стратегиясын әзірлеу; - басқару шешімдерін рәсімдеу, оқыту мазмұнына сай бағдарламалар мен жоспарлау әзірлеу, олардың орындалу мерзімі мен жауапты қызметкерлерді нақты белгілеу; -жиналыстар, педагогикалық кеңестер, семинарлар өткізу туралы нұсқаулар беру;

Педагогикалық менеджмент принципі

Педагогикалық менеджмент принципі дегеніміз – білім беру менеджерінің қызметіне тән маңызды талаптар мен ережелердің жиынтығы, басқарудың объективті заңдылықтарының көрінісі және жеке тұлғалар арасындағы психологиялық қарым-қатынасқа негізделген біртұтас педагогикалық процесс.

- менеджменттің педагогикалық бағыттау приципі; - менеджердің диагностикалық қызметінің нақтылығы мен мақсаттылық принципі; - қызметтік мақсатқа лайықтылық принципі; - басқару процесінің пәрменділік принципі; - басқару қызметін өзара бөлісу принципі;