Арнайы педагогикалық-психологиялық қолдау
Арнайыпедагогикалық (логопед, олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог) және психологиялық көмек
Мамандардың жүргізетін сабақ жиілігін анықтау оқу қиындықтарыныңа йқындылығына байланысты
Ұзақ жекелік-дамыту жұмысы барысында психофизикалық бұзылуларын толық жеңу мүмкін емес оқушылар категориясы (ақыл-ойдың, естуменсөйлеудіңбұзылуы) бар екенін атап өткен жөн.Мамандар бірінші кезекте танымдық іс-әрекеттің (ойлау, естесақтаужәнет.б.) бұзылуынтолықтүзетумақсатындаемес, баланыңбілімберуүдерісінеөз(типтік, қысқартылғаннемесежеке) бағдарламасы шеңберінде табысты қосу мақсатында қызметтерін көрсетеді.
Ата-аналарға кеңес беру немесе мұғалімдерге бірреттілік немесе жиі (аптасына, айына, тоқсанғабіррет) көмек көрсетілуі мүмкін.
Мектептің қолдау қызметі логопедиялық сабақтарға 3 деңгейдегі жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларды, оның ішінде фонетика-фонематикалық бұзылыстары, жазбаша жазуындағы бұзылыстары (дисграфия, дислексия) барбалаларды жібереді.Ауызша немесе жазбаша сөйлеудің кемшіліктері табысты оқуға кедергі келтіріп, оқу бағдарламасын меңгерудегі қиындықтардың туындауына себепкер болады
Әлеуметтік – педагогикалық көмек
Әлеуметтік педагог көмегінің қажеттілігін ӘПКК анықтайды.Әлеуметтік педагог лауазымдық міндеттерімен жұмыс жоспарына сәйкес әлеуметтік қатері бар отбасыларының балаларына көмек көрсетеді.
Педагог-ассистентің көмегі
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар кейбір балаларға табысты оқуы үшін жеке көмекшінің көмегі қажет болады.Жеке көмекшінің қызметі
балаларға физикалық көмек көрсету мақсатында қолдау көрсетуші тұлғаның функциясы
сыныптағы оқу жұмысына көмек көрсету мақсатында педагог-ассистентің функциясы.
Мұндай оқушының мектептегі (асхана, коридоржәнет.б.) қауіпсіз қозғалуы ашық түсті киімдері арқылы (сары немесе жасыл көкірекше) жүзеге асырылады.Мұндай баланы кездестірген кезде кезкелген мұғалім немесе оқушы сақтықтанытып, көмек болған жағдайда қол ұшын береді.
Психикалық және дене дамуымен мінез-құлқы бұзылған балаларға педагог-ассистент қызметін ұсыну ПМПК ұсыныстары негізінде жүзегеа сырылады.
Оқушыға жеке қолдау көрсетуде ассистенттің қатысуын азайту төмендегідей ретпен жүргізіледі:
- толық қолдау көрсету – ассистенттің оқушымен бір партада отыруы
біртіндеп алшақтату – оқушы партада, алассистент оқушыға бағыттаушы және ұйымдастырушы көмек көрсетіп артында отырады
сыныпта өздігімен жұмыс жасайды– оқушы ассистенсіз парта да өзі отырады.