Педагогикалық менеджмент
МЕНЕДЖМЕНТ
бұл қазіргі кезде тек қана басқарушыға ғана емес, кез келген маманға қажет білім жиынтығы;
басқарудың старатегиялары, философиялары,
принциптері, әдістері, түрлері мен құралдарының
жиынтығы;
басшының басқа адамдардың еңбегін,
интеллектісін пайдаланып, қызығушылығын
тудыра отырып көздеген мақсатына жете білуі;
әлеуметтік процестер мен адамдарды басқару
өнері мен ғылымының ұштасуы.
Білім беру және тәрбиелеу
процесін
тиімді басқару теориясы,әдістемесі,
технологиясы
Басқару жүйесінің элементтері
Басқару мақсаты
Басқару функциясы
Басқару құрылымы
Басқару әдістері
Басқару процесі
Педагогикалық менеджмент мақсаты-басқару ұстанымдары, əдістері мен функцияларына негізделген тиімді (рационалды) басқаруды қамтамасыз ету, ортақ мақсатқа ұжымды жұмылдыру, адами ресурстарды дамыту, еңбек өнімділігін арттыру, педагог қызметкерлердің ынталандыру белсенділігін туғызу, олардың ішкі, сыртқы мүмкіндіктерін еңбек əрекетінде өнімді қолдану,басқарудағы қарама-қайшылықтарды жеңу жолдарын табу, іздеу.
Педагогикалық менеджменттің негізгі міндеттері:
адамдарды ортақ мақсатқа жұмылдыру; педагогикалық ұжымдағы əрбір қызметкердің қажеттіліктерін дамыту жəне оны мүмкіндігінше қанағаттандыру;
адамдардың дамуын жетілдіру; педагог қызметкерлердің коммуникациялық дағдыларын, жеке жауапкершіліктерін дамыту;
үрдісті жоспарлау, ресурстармен қамтамасыз ету; педагог қызметкерлердің жоғары ынталандыруын туғызу; үрдісті бақылау жəне түзету; оқыту үрдісін жетілдіру, оның тиімділігін арттыру; нəтижеге қол жеткізу, тиімді басқару.
Педагогикалық менеджменттің негізгі құрылымдары:
білім беру компоненті, оқу-тəрбие үрдісін ұйымдастыру, оның оқыту үрдісін басқарудың əдістері, тəсілдері, формалары, құралдары, ұстанымдарымен байланысын ұсынады; мотивациялық компонент, біріккен еңбек үрдісіне жекелеме қатысушыларға мақсат қоюды ұсынады; когнитивті компонент,
№1 Практикалық сабақ
№2 Практикалық сабақ
Тақырыбы: Педагогикалық менеджменттің жүйелі сипаты
Педагогикалық менеджмент субъектері қызметінің мақсаты. Мақсат нәтиже үлгісі.
Педагогикалық менеджмент – бұл қағидалардың, әдістердің,
ұйымдастырылған формалардың, технологиялық әдіс жинақтарының қызметін
көтеруге және дамытуға бағытталған педагогикалық жүйелерді басқару.
Педагогикалық менеджмент тұрғысынан алғанда кез келген оқытушы
оқу-танымдық процесінің менеджері болады (оларды басқару субъектісі
ретінде), ал орта білім беру мекемелерінің жетекшісі – жалпы алғанда оқутәрби процесінің менеджері (осы процесті басқаратын субъект ретінде).
Менеджмент субъектісі ретінде оқытушының жете білушілігі
оның кәсіби функцияларын орындауға даярлығы, әлеуметтік құрылымдармен
үйлесімді бірлікте болуымен және оның психологиялық-педагогикалық дайындығымен сипатталады.
Педагогикалық менеджменттің міндеттері.
Педагогикалық менеджмент міндеттері басқару мазмұнымен анықталады. Басқару мазмұны функцияланының мына төмендегі компоненттердің өзара үйлесімділігі:
Жоспарлау
Ұйымдастыру
Реттеу
Бақылау
Педагогикалық менеджменттің негізгі міндеттеріне мыналарды жатқызуға болады:
Басқару шешімдерін дайындау және қабылдау, кадрларды іріктеу және оның кәсіби біліктілігі мен психологиялық ерекшеліктеріне қарай өзара міндеттерін бөлісу, кеңестер беру, т.б..
Қарамағындағы қызметкерлердің жұмысын жоспарлау, яғни іс-қимыл стратегиясын әзірлеу;
Жиналыстар, педагогикалық кеңестер, семинарлар өткізу туралы нұсқаулар беру;
Басқару шешімдерін рәсімдеу, оқыту мазмұнына сәйкес бағдарламалар мен жоспарлар дайындау, оның орындалу мерзімі мен жауапты қызметкерлерін көрсету;
№3 Практикалық сабақ
Тақырыбы: Білім беру сапасы ғылыми басқарудың мақсаты мен нәтижесі ретінде педагогикалық менеджмент сапасының талаптары
Білім беру үдерісінің сапасын арттыруға бағытталған
сапа менеджмент жүйесі
Педагогика ғылымының тұрақты дамуына аймақтық,
ұлттық және әлемдік мәдени-экономикалық кеңістікте еркін бағытталатын, жиынтық ресурстарды қолдану тиімділігін арттыра білетін және оны қолдану мен арттырудың жаңа, тиімді әдістерін таба білетін білікті еңбек ресурстарының қолда болуын талап етеді.
Бүгінгі таңда жоғары білікті еңбек
ресурстарын даярлауға жаңа мағына бере отырып – ұйымның
және қоғамның бәсекеге қабілетті дамуын қамтамасыз ету қажет.
Оқытушылар мен студенттерді ғылыми-зерттеу қызметіне тартуды қамтамасыз
етуші себепті механизмдерді құру есебінен іргелі және қолданбалы зерттеулердің
көлемін кеңейту.
Институт мәртебесін көтеру есебінен оқытушылар мен қызметкерлердің
материалдық тұрақты жағдайының өсуін қамтамасыз ету, сапалы білім беру
қызметтерін көрсету және еңбек төлемі жүйесін жетілдіру.
Білім беру қызметтері жағдайын зерттеуге бағытталған маркетинг жүйесін құру
және нарық талаптарының өзгерісіне икемділікпен қарау.
№ 4 Практикалық сабақ
Тақырыбы: Білім беру жүйесін басқарудың мемлекеттік-қоғамдық сипаты
Білім беру жүйесін басқару ұғымы
Кәсіби педагогикалық іс-әрекет педагогикалық жүйелерді басқару мәнін, принциптерін, мазмүнын толык білуді кажет етеді. Педагогикалық үдерісті басқару — қойылған мақсатка сәйкес шешім кабылдау, ұйымдастыру, бақылау, баскару объектісін реттеу, алынған ақпараттарды талдау және қорытындылау іс-әрекеті болып табылады. Басқару объектісі биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер бола алады. Білім беру әлеуметтік жүйеге жатады және елдің, өлкенің, облыстың, қаланың және ауданның аумағында қызмет етеді. Сондықтан басқару субъектілері министрлік, облыстық, қалалық, аудандық білім беру басқармалары болып бөлінеді.
Қазіргі білім беру жүйесінің дамуындағы бір ерекшелік — білім беруді мемлекеттік-қоғамдық басқару болып табылады. Білім беру жүйесін мемлекеттік баскару сипаты мынадай қағидалар принциптер жиынтығымен анықталады:
• білім берудің ізгілік сипатта болуы;
• білім беру жүйесінің ұлттық мәдениеттерді және салт-дәстүрлерді мемлекеттік тараптан қорғауы;
• білім берудің жалпыға бірдейлігі;
• білім берудің зиялылығы;
• білім берудегі еркіндік пен плюрализм;
• білім берудің демократиялық сипатта болуы
Басқару іс-әрекеттері процесінде төмендегідей қызметтер орындалады:
мақсаттар айқындау
жоспарлау
ұйымдастыру
реттеу
ынталандыру
Тақырыбы: Білім берудегі менеджмент. Педагогикалық менеджмент мақсаттары, міндеттері, қызметі
№5 Практикалық сабақ
Тақырыбы : Жаңашылдық қызмет нәтижелері, олардың жетістіктері мен болжау шарттары
Жаңашылдық болып мыналар табылуы мүмкін: бұйым түрі, техника мен технология, ұйымдастырушылық нысан, тәжірибелік құрал, идея, қызмет түрі, материалды объект, өнертабыс, және т.б.
Инновациялық процестерді басқаруда нәтижеге бақылау жасау үлкен маңызға ие.Бақылаудағы міндеттер:
Жеткен нәтижелерді бағамдық талдауға салу,білімділік әс- әрекет процестерін реттеуге байланысты жұмыстар жүргізу үшін қажетті тұжырымдар жасау. Ұжым кейпі мен іс – әрекеттеріне түзетулер енгізу мақсатында инновациялық процестің барлық қатысушыларының қызметтері мен жұмыс нәтижелеріне баға беру;
Инновациялық процесс қатысушыларын ақпараттандыру мен ынталандыру үшін тәра және кері байланыс өзектерін қалыптастыру
қорытынды шығару Кешенді мақсатты бағдарламаға сәйкес инновацияларды басқару нәтижелерін бағалау және басқару ықпалдарын ретке келтіруге оңай ұсыныстар беру.
№6 Практикалық сабақ
Тақырыбы: Мектепті басқарудағы мектеп құжаттарының рөлі
Жүйе
Жүйе (лат. systēma, гр. σύστημα– бөліктерден құралған тұтастық, қосылыс) – бір-бірімен қарым-қатынаста және байланыста болатын, сөйтіп белгілі бір тұтастық, бірлестік құратын көптеген құрамдас бөліктер жиынтығы; агрегаттар мен машиналардың территориялық принциппен емес, жұмыс істегенде атқаратын міндетіне негізделіп біріктірілген құрылымдар жиынтығы.
Мектеп – педагогикалық жүйе және басқару нысаны
Басқару қағидаларына анықталған, тұрақтандырылған басқару
заңдылықтары жатады. Менеджмент және мектепішілік басқарудың негізгі заңдылықтары, ол оқу-тәрбие жұмыстарын басқару, реттеу, сапасын қадағалау. Мектепішілік менеджменттің
заңдылықтарына талдау, мақсатқа жету, басқарудағы еркіндік және мұғалімдердің түрлі басқару жұмыстарына дайын болуы жатады.
Философия тарихында жүйе ұғымы кейде онтологиялық мағынада, кейде гносеологиялық мағынада, ал кей уақыттарда осы екі мағынада да түсініліп келген. Француз философы П. А. Гольбах (1723 – 1789) әлем бөліктерінің ішкі өзара байланысын атап өте отырып, бұл ұғымды біртұтас әлемге қатысты қолданған. Классикалық неміс философиясының негізін қалаушы И.Кант жүйе ұғымына “бір идеямен біріктірілген, сан алуан білімдер бірлігі” деген анықтама беріп, оны гносеологиялық мағынада түсінген. Солай бола тұра ол Жүйені іштей тұтастыққа бірікпеген білімдер жиынтығына – агрегатқа қарама-қарсы қойды. Гегель болмыс пен ойлаудың тепе-теңдігі принципіне сүйеніп, жүйе ұғымын онтологиялық мағынада да, гносеологиялық мағынада да қолданады. Ол категориялар жүйесі түріндегі диалектика ілімін негіздеді.
№ 7 Практикалық сабақ
Тақырыбы: Тұтас педагогикалық үдерісті басқару және педагогикалық талдау
"Диагностика" ұғымының мәні, түсінігі.
Диагностика - оқушының даму үрдісі мен нәтижесін талдау
Психологиялық-педагогикалық диагностика – бұл оқу-тәрбие жұмысын оңтайландыру мақсатында оқушының жеке-психологиялық ерекшелігін және балалар ұжымының әлеуметтік-психологиялық мінездемесін зерттеуге бағытталған бағалау тәжірибесі. Адамды барлық жағынан тәрбиелеу үшін, оны барлық жағынан білу керек.
Диагностиканың негізгі әдістемелік міндеті
Тұлға мен ұжым дамуының мүмкін жолдарын болжау, тәрбие үрдісінің болашақта мүмкін күйі мен оның нәтижесін (балалар тәрбиелілігі тенденцияларын, ұжымның даму динамика сын) көре білу.
Мектептегі, сыныптағы тәрбие үрдісінің нақ осы кездегі даму ерекшеліктерін анықтау. Оқушы тұлғасының дамуына бәрінен аз әсер ететін тәрбие үрдісін ұйымдастырудың неғұрлым тиімді педагогикалық құралын, форматы мен ямалдарын анықтау.
Жаңашылдық (новация) – бұл шығармашылық ғылыми – зерттеу немесе өндірістік қызметтің өнімі, кез – келген құбылыс, оны пайдалану адам өмірінің нақты өмір сүру сферасында белгілі бір нәтижеге қол жеткізеді. Жаңашылдық – бұл ерекше сипаты болып қоғамға бұрынырақта белгісіз болған өнімдерді тұрақты іздеу мен жасап шығару болып табылатын, шығармашылық қасиеті бар тұлғалар қызметінің қорытындысы.
Диагностикалық әдістемелермен жұмыс істеу ережесі:
1. Диагностикалық әдістеменің мазмұны күтілетін нәтижеге бағытталуы керек.
. 2. Диагностиканың мазмұндық сипоты болуы шарт және зерттеушілік қызметке кең жол ашуы керек.
3. Диагностикалық зерттеудің нәтижесі сынып ісіне қатысы жоқ адамдардың талқысына салынбауы керек.
4. Кез келген нәтиже сынып оқушыларының игілігі үшін қызмет етуі керек. 5. Педагогикалық диагностиканың қажеттігі оқушыларға түсіндіріліп айтылуы керек.
Практикалық сабақ 8. Тақырыбы: Мектептің тұтас педагогикалық үдерісінің диагностикасы.
Диагностика –бұл диалектикалық процестің нәтижесін анықтау. «Диагностика» түсінігінің мәні «білім, ептілік және дағдыларды тексеру» түсінігімен салыстырғанда анағұрлым тереңдеу әрі кең. «Тексеру» нәтиженің тек көрсеткіштерін ғана білдіреді, не себепті болғаны жөнінде дерек бермейді. Ал диагностикалауда нәтиже өзіне қол жеткізген әдіс-тәсілдермен бірге қарастырылады, дидактикалық процестің бағыт-бағдарын, ілгерілі не кері қозғалысы анықталады.
Тақырыптық қадағалау-тақырып, бөлім материалдары өтіліп болған соң өткізіледі.
Қорытынды қадағалау- оқу процесінің соңғы нәтижелерін жинақтау үшін қолданылып, пән бойынша барлық білім, ептіліктер мен дағдылар жүйесін қамтиды.
Диагностика өз ішінде бақылау мен тексеруді, бағалау мен бағаны, жинақталған статистикалық деректер талдауын, дидактикалық процестің жүрісін, бағытын және жобалануын қамтиды. Диагностикалаудың маңызды бөлігі-бұл қадағалау. Қадағалау - білім, ептілік және дағдылардың игерілу поцесіне бақылау қоюды білдіреді.
Педагогикалық іс-әрекет нәтижесіне сәйкес қойылған мақсат мұғалімнің педагогикалық процесс жағдайы жайындағы ақпараттарды игеру дәрежесіне тікелей тәуелді болады. Міне, осыдан келіп педагогикалық процестің өту барысы мен кезеңдер нәтижелері әрі қорытынды көрсеткіштері туралы ақпарат алу мақсатында мұғалімде мектептің педагогикалық процесін диагностикалау білімі мен дағдысы болуы қажеттігі туындайды. Диагностиканың көмегімен белгіленген мақсат, міндеттердің табысты орындалуы анықталып барады.
Алдын-ала қадағалау – диагностикалық міндеттерге орай жүргізіледі. Ондағы мақсат-оқушылардың оқуды бастауға дейін игерген білім, ептілік дағдыларының деңгей, дәрежесін анықтау.
Ағымдағы қадағалау- оқу барысында ұйымдастырылып, білім, ептілік және дағдылардың қалыптасу дәрежесін, сонымен бірге игерілген материалдың қаншалықты терең және берік бекігенін анықтау үшін қолданылады.
Мерзімді қадағалау- белгілі уақыт аралығындағы жұмыстардың қорытындысын алуға пайдаланылып, тоқсан немесе жарты жылдықта жүргізіледі.
Педагогикалық тәжірибеде қадағалаудың бірнеше түрі бар, олар: алдан-ала, ағымдық, мерзімдік, тақырыптық, қорытынды және өтілген материал ізімен.
Практикалық сабақ 9. Тақырыбы: Тұтас педагогикалық үдерісті басқару және педагогикалық талдау
Педагогикалық үдерісті басқару — қойылған мақсатка сәйкес шешім кабылдау, ұйымдастыру, бақылау, баскару объектісін реттеу, алынған ақпараттарды талдау және қорытындылау іс-әрекеті болып табылады.
Оқытудың жаңа технологиясы іс-әрекеттің жоспарланған нәтижесіне жетудің шартты тәсілі ретінде қарастырылатын жаңа әдістердің жиынтығынан тұрады. Оның дәстүрлі оқыту технологиясынан ерекшелігі мынада:
- білім алушы тұлғаның интеллектуалды дамуы аз уақыт ішінде қабылдау дәрежесінің жоғары мөлшеріне жетуіне бағытталғандығы;
- білім алушы мен мұғалімнің белсенділігінің сәйкес болуы;
- мұғалім мен білім алушының өзара қарым - қатынасында жауапкершіліктің міндеттілігі.
Басқарудың мұндай жалпы қағидаларына жататындар:
педагогикалык жүйелерді басқаруды демократизациялау мен ізгілендіру;
басқарудағы жүйелілік пен тұтастық;
орталықтандыру мен таратуды (децентрализация) ұштастыру;
бірыңғай және алқалық баскару бірлігі;
педагогикалық жүйелерді басқарудағы ақпараттар объективтілігі мен толықтығы.
Практикалық сабақ 10. Тақырыбы: Педагогикалық ұжымның сипаттамасы
Жоспарлау - мектепті басқарудың функциясы ретінде.
Мектеп жұмысын жоспарлау білім беру жүйесіндегі мемлекеттік құжаттарды, білім стандарттарын және тұжырымдарды озық іс– тәжірибелерді басшылыққа алу, мектеп жұмысын басқаруда демократиялық пен ізгілікке негіздеп құрудың үлгісі қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
Жоспарлау – уақыт бойынша үрдістерді реттеу, үрдістердің арасындағы ұтымды байланыстар мен олардың ортасын ұйымдастыру.
Мектеп жұмысын жоспарлау - мектеп басшысының қабылдаған іс – әрекеттер мен шешімдер жиынтығы.
Жоспарлау барлық басқару қызметтерінің табиғи байланысын қамтамасыз етеді. Жоспарлау (іс-әрекет жоспарын дайындау) өзінің барлық іс-әрекеттерінің тиімділігін көтеруге бағытталған әрекеттер мен іс-шаралардың негізгі түрлері ретінде анықталады.
ұжымның педагогикалық кадрлармен жұмысы бойынша іс-әрекеті мұғалімдер мен тәрбиешілердің әдістемелік деңгейін көтеруге бағытталған жұмыстар жүйесі қарастырылады. Педагогикалық ұжым мүшелерінің кәсіби біліктілігі мен дағдысын диагностикалау жоспарланады, ол озат педагогикалық тәжірибені, сондай-ақ тәрбие мен оқыту әдістемесі саласындағы сұраныстар мен тапсырыстарды анықтауға мүмкіндік береді. Жоспарда оқушылардың, сонымен бірге циклдік әдістемелік бірлестіктер, әдістемелік кеңес, әдістемелік кабинет іс-әрекеттері, мектеп мұғалімдерінің психологиялық-педагогикалық мәселелерін зерттеу, мұғалімдер мен тәрбиешілер үшін педагогикалық оқулар, конференциялар, семинарлар, арнайы курстар өткізу мәселелерікөрсетіледі.
Жоспарда тәжірибесі аз мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету, педагогтардың өздігінен білім алуы және олардың педагогикалық шығармашылығын ынталандыру, озат педагогикалық тәжірибені талдап қорытындылау және тарату (ашық сабақтар, әдістемелік көрмелер өткізу, шығармашылық есеп беру, шығармашылық педагогика клубтарын ұйымдастыру, озат тәжірибе мектебін құру және т.б.) көрініс табады. Әдістемелік кеңес пен әдістемелік бірлестіктер жұмысының жоспары осы тараудың құрамды бөлігі болып табылады.
Практикалық сабақ 11. Тақырыбы: Педагогикалық ұжымның сипаттамасы
Педагогикалық үдерістің жағдайы туралы ақпаратты мектеп жұмысында барлық түрлерін жоспарлау үшін пайдалану.
Педагогикалық ұжым - педагогикалық көзқарастарының, сенімдері мен іс әрекеттерінің бірлігімен ұйымдасқан оқу-тәрбие мекемесі (мұғалімдер, тәрбиешілер, директор, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп дөрігері) қызметкерлерін біріктіреді.
Педагогикалық ұжымның ұйымдық құрылымы. Ұжым психологиясы жөніндегі зерттеулер /А. И. Донцов, А. Н. Лутошкин, А. В. Петровский, А. Л. Свентицкий және т.б./ ұжымның құрылымы туралы тиянақты мағлүмат береді. Соның ішінде ұжымға әлеуметтік-психологиялық талдау жасағанда, оның ұйымдық құрылымы ресми және бейресми болып бөлшетгіндігін аңғарамыз. Бұл жағдайда құрылым ретінде ұжым мүшелерінің салыстырмалы түрде біршама тұрақты өзара қатынасын атауға болады.
Педагогикалық ұжымның топтасуы және дамуы идеясы В. А. Сухомлинскийдің педагогикалық жүйесінде практикалық көрініс тапты. Ол әрбір педагогикалық ұжымның езіңдік ерекшелігі болатындығын атап көрсетті. Тәжірибе алмасу сол мектептің жұмысын көшіріп алу емес, қайта оның қызметінің идеялары мен концепцияларын бағалау болмақ деген.
Педагогикалық ұжым адамдардың әлеуметтік жөне кәсіптік бірлестігі ретінде ұжымға тән барлық белгілерді біріктіреді. Ерекше адамдар тобы ретінде мектеп педагогикалық ұжымына жинақылық, басшының болуы, топтасу, салыстырмалы түрде тұрақты және ұзақ мерзімде әрекет ету сияқты қоғамдық жене кәсіптік сипаттар тән. Педагогикалық ұжым сондай-ақ, оқушылар ұжымы да, оның құрамдас бөлігі болып ссептеледі.. Кез келген ұжым сияқты мектептің педагогикалық ұжымының өзіндік ерекшеліктері болады.
Педагогикалық ұжымның ең басты ерекшелігі оның кәсіптік қызметіне байланысты, нақтылай айтқанда жас ұрпақты оқыту мен тэрбиелеуде. Педагогикалық ұжымның көсіптік қызметінің тиімділігі оның мүшелерінің педагогикалық мөдениетінің деңгейімен, тұлғаларының қатынас сипатымен, ұжымдық жөне дербес жауапкершілікті сезінуімен, ұйымшылдық, ынтымақтастық деңгейімен анықталады.
Практикалық сабақ 12. Тақырыбы:
Ұжымды дамыту заңдылықтары. Мектептегі әдістемелік қызметті ұйымдастыру формалары мен қағидалары.
• Ұжымның даму кезеңдері
• Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму
кезеңдерін айқындаған А.С.Макаренко балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс-әрекетінің мазмұнына,тәртібіне,балалардың ара-қатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратады
Бірінші кезең – оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Бұл
кезеңдегі мұғалімнің негізгі қызметі – оқушылардың ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, оларды әртүрлі іс- әрекеттерге қатыстыру, ұжымды балаға ықпал жасайтын құралға айналдыру.
Екінші кезеңде – ұжым өзін-өзі басқаруға көшеді. Бұл кезеңде белсенді топпен
жұмыс істеудің маңызы зор. Мұғалімнің қызметі - коммуникативті, яғни балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді орындауға барлық оқушылардың күш-қуатын нығайту. Ұжымның осы даму кезеңінде параллельді ықпал жасау принципті
қолданылады, яғни тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші кезеңде –қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда ұжымдық пікір пайдаланылады. Бұл ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым қоғамдық
пікірмен сипатталады. Қоғамдық пікір - бұл ұжым мүшелерінің талаптарды,пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Ұжымдық талқылау, бағалау, әрекеттілік –қоғамдық пікірдің негізгі ерекшеліктері.
Әдістемелік жұмыс дегенді мұғалімдер педагогикалық-психологиялық ғылымның жетістігі мен әр педагогтың кәсіби шеберлігінің жан-жақты артуына бағытталған әрекет пен іс шараларға негізделген, жалпы мектеп ұжымының шығармашылық потенциалын байыту мен дамытудың тұтас жүйесі деп түсінеді.
Білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру ережесі Қазақстан Республикасының „Білім туралы” Заңының 5-бабы 25-ші тармақшасына сәйкес және білім беру ұйымдары мен тиісті инфрақұрылымдарда оқу-әдістемелік жұмысқа басшылық жасауды және үйлестіруді жүзеге асыру үшін әзірленген. Бұл Ереже білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын, орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу-әдістемелік жұмыстарды реттейді. Ережеде оқу-әдістемелік жұмыс, оқу-әдістемелік басқарма, әдіскер, оқу-әдістемелік бірлестік деген негізгі ұғымдар пайдаланылады.
Практикалық сабақ 13. Тақырыбы: Ұжымды дамыту заңдылықтары. Мектептегі әдістемелік қызметті ұйымдастыру формалары мен қағидалары.
1. Мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастырудағы өзіндік білімнің маңыздылығы.
Қазіргі мұғалімнің құзыреттілігі:
Оқыту мен тəрбиелеу нəтижелерін жүзеге асырудағы кəсіби
біліктілігі;
ұстаздық шеберлікті шығармашылықпен меңгеруі ;
ғылыми əлеуеті мен бəсекеге қабілеттілігін дамытуға деген
ұмтылысының болуы ;
• объективтілік, дербес əрекетшілдік жəне мақсаттылық, өзара
сынды қабылдай алуы;
• өзін интеллектуалды жəне жасампаз маман ретінде
көрсете білуі.
Қазіргі заман мұғалімі –
рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген,
педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты деген.
Мұғалімнің кəсіби
құзіреттілігі –нəтижелі
білім берудің негізі, оның
жан-жақты білімімен,
ұстаздық шеберлігімен,
оқытудың жаңа əдістерін
меңгеруімен өлшенеді.
Педагог қаншалықты
білімді, шығармашыл
болса, оның құзыреттілік
аясы да соғұрлым кең
болмақ.
Мұғалімнің кəсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі
оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі жəне өзіндік жеке педагогтік тəжірибесінің дамуының алғышарты болып табылады.
Мұғалімнің кəсіби шеберлігінің негізі:
Біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы,
оның идеялық нанымы.
Екіншіден, пəнді жетік білуі, ойын
оқушыларға жеткізу үшін жан жақты, терең
дайындықпен баруы, оқушылар бойына əдеп,
əдет, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіруі,
моральдық нормаларды білуі.
Үшіншіден, оқыту мен тəрбиелеудің əдістəсілдерін табысты қолдана білуі.