Академиялық коммуникация және сыни жазылым

Академиялық мәтін

Академиялық мәтін – белгілі бір тақырыпқа қатысты ақпаратты ғылыми негізде, дәлелдер мен талдау арқылы жеткізетін сөйлемдер мен абзацтардың (параграфтардың) жиынтығы.

Мәтін түрлері

Бастапқы дереккөз мәтіндер(хаттар,заңдар,ресми құжаттар)

Екінші реттік дереккөз мәтіндері(бастапқы ақпаратқа талдау жасалған зерттеу мақалалар мен баяндамалар)

Академиялық жазылым түрлері

Оқулықтар: жеңіл тіл,жүйелі құрылым ,терминднр анықтамасы.

Монографиялар: толық,терең зерттеу.күрделі терминдер мен ойлар.

Зерттеу мақалалары:

Эссе,баяндама,реферат,курстық жұмыс,дипломдық жоба.

Рәсімделу талаптары

Жұмыстың көлемі,өткізілу мерзімі,әдебиеттер тізімі кафедра талаптарына сәйкес рәсімделеді.

Академиялық эссе

Мақсаты

Студенттің оқу пәніндегі білімін ғана емес, оны қалай жеткізе алатынын (талдау, дәлелдеу, сыни ойлау) тексеру. оны жеткізе білудегі қабілеттерін тексеру.

Құрылымы

Кіріспе:
Тақырыптың өзектілігі, бұрынғы пікірлер және эсседе қарастырылатын нақты бағыт анықталады.

Негізгі бөлім:
Тақырыпқа қатысты негізгі ойлар мен дәлелдер, абзацтарға бөлініп, талдау жүргізіледі.

Қорытынды:
Негізгі пікірлер жинақталып, автордың нақты тұжырымдары беріледі.

Қолданылған әдебиеттер:
Жазу барысында пайдаланылған дереккөздер көрсетіледі.

Эссені сәтті жазу үшін

Тақырыптың өзектілігі: Тақырыпты нақты анықтап, неге маңызды екенін көрсету.

Логикалық құрылым: Кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімдері айқын болуы тиіс.

Нақты дәлелдер мен сыни талдау: Автор өз пікірін нақты дәлелдермен және сыни тұрғыдан негіздейді.

Тілдік сауаттылық: Грамматикалық қателер мен стилистикалық мәселелер болмауы керек.

Эссе жазудың тиімділігі

Студент дәріс пен практикалық сабақта үйренген ақпараттан басқа жаңа мәлімет іздеп, өз ойын дәлелдейді.
Бұл өз бетімен зерттеу жүргізуге, есте сақтау және жүйелі ой құруға мүмкіндік береді.

Академиялық оқылым

Ғылыми мәтіндерді мұқият оқып, олардың құрылымын, негізгі идеяларын және дәлелдерін түсініп, сыни тұрғыда бағалау үдерісі.

Материалдарды іздестіру және қолдану

Академиялық материалдардың сапасы – жазба жұмысының негізі.
Құрылыс материалына ұқсас: жақсы «кірпіштер» болса, үй (жазба) сапалы шығады.
Материалдарды дұрыс іріктеу және орынды пайдалану – негізгі талап.

Академиялық оқылым әрекеті

Тақырыпты толық түсіну үшін оқу үдерісін бірнеше сатыға бөледі.
Қарапайым сатылар: материалдың тақырыпқа сай келетінін анықтау, мәтінді оқып-түсіну, автор ойын бағамдау.

Оқылым стратегиясы

Уақытты үнемдеу және тиімділікті арттыру үшін қажет.
Негізгі амалдар: оқу жылдамдығы, кілт сөздерге шолу, параграфтарға шолу.

Оқылым әдістері

Зерттеу: тақырып, кіріспе, қорытынды, сызба-кесте сияқты элементтерге алдымен назар аудару.

Сұрақ қою: «Мен бұл тақырып туралы не білемін?», «Дәрісте не айтылды?»

Оқу: негізгі ойларды іздеп, қиын тұстарға мән беру.

Жалпы мағынаны анықтау: әр параграфтың алғашқы/соңғы сөйлемдерін оқу.

Ізденімдік оқылым: керекті ақпаратты тез табу үшін тірек сөздермен іздеу.

Зерделік оқылым: барлық ақпаратты толық талдау.

Қайталау: қысқаша қорытынды жазып, негізгі мәліметтерді еске түсіру.

Сыни ойлау және сыни жазылым

Add your text

Add your text

Add your text

Академиялық материялдар

Ақпараттың сенімділігіне көз жеткізу маңызы

Оқыған материалдарының сенімділігіне студент өзі көз жеткізуі тиіс.
Материалдардан күмән келтірмеу үшін дереккөздің кімге тиесілі екенін білу маңызды.
Дереккөздің сапасы:
Автор анық, тақырыпты терең білетін маман болуы қажет.
Белгісіз авторлардың жазғаны – негізсіз және жалған деректер болуы ықтимал.

Сенімді академиялық материалдарды қолдану

Жарыққа шықпай тұрып тексерілген әдебиеттер:
Тәжірибелі мамандар тексерген кітаптар мен мақалалар.
Ғылыми журналдарға жарияланатын мақалалар арнайы редакциядан өтеді.
Онлайн нұсқалар:
Электронды кітаптар мен журналдар да сенімді деп есептеледі, егер олардың баспа нұсқалары тексерілген болса.

Сенімсіз немесе күмәнді материалдар

Газеттер:
Ақпарат тез беріледі, бірақ терең талдау мен дәлелділік аз болуы мүмкін.

Публицистикалық журналдар:
Мысалы, «Жалын», «Парасат» – көбіне біржақты пікірлер беріледі.

Компаниялардың және қоғамдық мекемелердің сайттары:
Жарнамалық немесе біржақты ақпараттың болуы ықтимал.

Студенттердің эсселері мен жазбаша жұмыстары:
Ресми емес, жеке пікірі негізінде жазылған.

Уикипедия:
Ашық редакцияланатын ақпарат, авторы белгісіз болуы мүмкін.