Мемлекет қаржысы. Мемлекет қаржысының кіріс шығыстары

Мемлекет қаржысының ұғымы және құрамы

Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржылық ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражаттарды мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін жасаумен, бөлумен және қайта бөлумен байланысты болатын ақшалай қатынастарды білдіреді.

Мемлекеттің қаржысы республикалық және жергілікті деңгейлерде іс-әрекет етеді.

Мемлекет кірістері

экономикалық қатынастардың жүйесі

мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы

Табыстар (кірістер) – бұл қаражаттар шығындарымен байланысты белгілі бір қызметтің нәтижесі

Орталықтандырылған қаржы кірістер:

салық түсімдері

сыртқы экономикалық қызметтен алынатын кірістер

халық төлемдері.

Орталықтандырылмаған кірістер:

кәсіпорындардың ақшалай табыстары

қорланымдары

Мемлекет қаржысы функциялары

Бөлу

Бақылау

Ұдайы өндірістік

Құрамы:

мемлекеттік бюджет,

Бюджеттен тыс қорлар

Мемлекеттік кредит

мемлекеттік және муниципалдық (коммуналдық) кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы

«Мемлекеттің кірістері» құрамы - мемлекеттік бюджеттің кірістерінен басқа мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың, бірлестіктердің таза табыстары, мемлекеттік мүліктен алынған табыс, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, салық түсімдері және т.б.,

Мемлекеттік бюджеттің кірістеріне тек қана мемлекеттің қолында шоғырландырылған бөлігі ғана кіреді.

Мемлекет кірістерді жұмылдырудың 3 әдісі бар

Мемлекеттік қарыздар;

Салықтар

эмиссия, оның үстіне тек қағаз-ақшалай эмиссия ғана емес, сонымен қатар кредиттік эмиссия