Kategorien: Alle - білім

von Рауан Уралбеков Vor 3 Jahren

880

1. Балаларды үйде оқытуды ұйымдастыру

Тақырып үйде оқытудың ұйымдастырылуы мен оның заңнамалық негіздерін қамтиды. 2013 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген білім беру ұйымдарының қызмет көрсету үлгілік қағидаларына сәйкес, білім беру процесі оқу жоспарының негізінде құрылады және жылдық күнтізбелік жұмыс кестесімен реттеледі.

1.	Балаларды үйде оқытуды ұйымдастыру

Текущая тема

1. Балаларды үйде оқытуды ұйымдастыру

Үйде оқытылатын оқушыларға білім беру мазмұны

Үлгілік қағидалардың 19-тармағына сәйкес инклюзивтік сыныптарда оқитын ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар, оның ішінде үйде оқытылатын балалар жалпы білім берудің оқу бағдарламасы немесе жеке бағдарлама бойынша білім алуы мүмкін. Ал 20-тармақта оқу және тәрбие процесі оқу жұмыс бағдарламаларына және оқу жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырылатыны атап көрсетілген
Әрбір білім беру деңгейінің мазмұны білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде әзірленетін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламалардың кешені (немесе жиынтығы) болып табылатын жалпы білім беретін бағдарламалармен айқындалады.
Білім беру мазмұны - жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі (кешені)

Үйде оқытуды ұйымдастыру бойынша жалпы сұрақтар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларында» (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру оқу жоспарының негізінде құрылады, жылдық күнтізбелік жұмыс оқу кестесімен және сабақтар кестесімен регламенттелетіні айтылған. Сондай-ақ білім алушылардың, тәрбиеленушілердің оқу жүктемесі, сабақтар режимі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтер, оқу жоспарлары мен денсаулық сақтау және білім беру органдарының ұсынымдары негізінде дайындалған білім беру ұйымдары бекітетін ережелермен айқындалады

Үйде оқыту процесінің нормативті-құқықтық негіздері

Үйде оқыту» түсінігінің заманауи ұлттық білім беру жүйелерінің талаптарына сәйкес келетін және инклюзивті білім беру қағидаларына қарсы келмейтін кеңірек ашатын анықтамасы 2002 жылғы ТМД қатысушы-елдердің Парламентаралық Ассамблеясында қабылданған «Денсаулық мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға білім беру (арнайы білім беру) туралы» Үлгілік заңында берілген. Үлгілік заңға сәйкес «... үйде оқыту – денсаулық жағдайына байланысты уақытша немесе тұрақты түрде білім беру мекемесіне бара алмайтын жағдайда сәйкес білім беру ұйымының педагогикалық қызметкерлері, оның ішінде қашықтан оқыту құралдарын қолдану арқылы үйде оқыту іске асырылатын тұлғаның жалпы білім беретін және кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгеруі».

Әр түрлі елде әр заманда өмір сүрген Я. А. Коменский, Дж. Локк, И. Г. Песталоцци секілді педагогика ғылымының классиктері объективті педагогикалық теорияны құру үшін тәрбиелеу мен оқыту процестерінің табиғилыққа сәйкестігіне жетекші рөлді белгілейдіи

Зерттеушілердің пікірі бойынша, үйде оқыту отбасылық тәрбиенің көп ғасырлық тәжірибесінен айқындалған және кезеңдеп даму процесінде қалыптасқан білім беру процесінің маңызды саласы ретінде қарастырылады. Ресейлік ғалым Л. Р. Аркатованың зерттеулерінде үйде оқытудың келесі даму кезеңдері белгіленген:

Оқытуды ұйымдастыру мұғалім мен оқушының өзара әрекеттестігі, оқытудың орны мен уақытының ерекшеліктері, оқушылар саны, оқытудың мақсаттары, құралдары, мазмұны, әдістері мен нәтижелері жағынан тұтас жүйелі сипаттаманы көрсетеді. Қалауына қарамастан денсаулық жағдайына байланысты қалыпты жалпы білім беретін мектепке бара алмайтын балалар болған жағдайда, бұл балаларды жалпы білім беру процесіне қосудың басқа жолдары қарастырылады. Осындай жағдайлардың көбісінде дене жағынан ауыртпашылықсыз және психологиялық жағынан жайлы оқыту ортасы мен әрбір баланы оқыту үшін жеке ыңғай жасау қажет. Осы орайда, балаларды білім беру процесіне қосудың бір жолы ретіндегі «үйде оқыту» зерттеушілердің үнемі назарын аудартатын объект болған.