Catégories : Tout

par Базарабай Коркем Il y a 2 années

323

Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі Алматы, 2007ж

Орфографските правила на казахския език се фокусират върху употребата на гласни и съгласни букви в различни позиции в думите. Гласните букви се използват за обозначаване на както самостоятелни гласни, така и съставни звуци, особено при заемки от други езици.

Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі Алматы, 2007ж

Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі Алматы, 2007ж

Қазақ тілінің орфорнафиялық сөздігі




.

ТҮБІР СӨЗДЕРДІҢ ЖАЗЫЛУЫ

Ал орыс тілінен енген бірқатар кірме сөздер, әсіресе тұрмыс-салтқа қатысты зат, бұйым атаулары ерте кездерден дыбысталуы қазақша қалыптасқан түрінде жазылады. Мысалы: жәшік, бәтеңке, сіріңке, божы, бөкебай, бөшке, қалаш, шөген, кір (гиря), келі (кило), сот, болыс, облыс, зауыт, тауар (бұл түркі тілдерінің өз сөзі). Соңғы дауысты дыбысын түсіріп қалыптасқан газет, минут, гранат, цифр, координат сияқты он шақты сөзден басқа кірме сөздерде соңғы а дыбысы түсірілмей қолданылады және солай жазылады: оптика, кантата, капсула, тирада
19. Араб, парсы тілдерінен енген сөздер, негізінен, қазақша дыбысталуы бойынша жазылады. Мысалы: әділ, амал, пейіл, ақпар, әлем, мектеп, пән, кітап, бұқара. Кірме араб сөздерінің ішінде екі-үш түрлі мағынаны білдіру үшін түлғасын сәл өзгертіп қалыптастырылғандары сол екі-үш вариантта жазылады. Мысалы: үкімет және өкімет, хабар - ақпар, әрекет - қарекет, пейіл - пиғыл, ақирет - ақырет (кебін), мәлімет - мағлұмат, қазына - қазине (қазинелі қара нар), қазір - әзір, қақы - ақы - құқы, хақ - ақ, ғашық - асық, ғылым - ілім. Араб, парсы тілдерінен енген бірқатар кісі аттары әркімнің әртүрлі ат қоюына байланысты сол қалыптасқан күйінде жазылады. Мысалы: Хасан, Хасен; Зәуре, Зура, Зухра; Бәтима, Фәтима, Пәтима; Қали, Ғали, Әли, Әлі; Жүсіп, Түсіп, Нүсіп; Омар, Ғұмар
. Сөз тіркесіндегі жеке сөздер естілуінше (айтылуынша) жазылмай, негізгі тұлғалары сақталып жазылады. Мысалы: ала am (алат емес), бара алмаймын (баралмаймын емес), көк орамал (көг орамал емес), ақ лақ (ақ лақ емес) барса игі еді (барсигеді емес) келсе игі еді (келсигеді, келсегеді емес), барып па екен (барыппекен емес) § 18. Орыс тілінен енген атау сөздердің тұлғасы, негізінен, орыс орфографиясы бойынша өзгертілмей жазылады. Мысалы: вагон, паровоз, гидрология, биология, комитет, агроном, агротехника, педагог, медицина, спорт, хирург, конституция, клуб, кино, радио, адвокат, планета, молекула, бюджет, банк, транш
Ерекшіліктер:

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ НЕГІЗГІ ЕМЛЕ ЕРЕЖЕЛЕРІ I. ӘРІПТЕРДІҢ ЕМЛЕСІ

Дауыссыз дыбыс әріптерінің қолданылуы
§ 9. б, в, г, д әріптері, негізінде, сөздің басында, ортасында және орыс тілінен енген сөздердің соңында да жазылады. Мысалы: байқа, хабар, гүл, әдет, вагон, авиация, клуб, штаб, актив, пассив (қаржы терминдері), резерв, анклав, педагог, округ, наряд. § 10. ж, з, к, қ, л, м, н, п, р, с, т, ф, х, ш әріптері сөздің басында да, ортасында да, соңында да жазылады. Мысалы: жаз, жақсы, қажет, құж, лаж, заң, сазан, саз, қол, көңіл, қоғи, шағи, намыс, нан, самал, лақ, фабрика, шкаф, альманах, хат, химия, цех, алхоры, рас, ру, рет, лас, лау, лек, көп, жаздым, келдім. § 11. ң әрпі сөздің ортасында және соңында ғана, ал ғ әрпі сөздің басында және ортасында ғана жазылады. Мысалы: жаңа, аң, таң, ғалым, аға, ағартушы.

ж, з, к, қ, л, м, н, п, р, с, т, ф, х, ш әріптері сөздің басында да, ортасында да, соңында да жазылады. Мысалы: жаз, жақсы, қажет, құж, лаж, заң, сазан, саз, қол, көңіл, қоғи, шағи, намыс, нан, самал, лақ, фабрика, шкаф, альманах, хат, химия, цех, алхоры, рас, ру, рет, лас, лау, лек, көп, жаздым, келдім. § 11. ң әрпі сөздің ортасында және соңында ғана, ал ғ әрпі сөздің басында және ортасында ғана жазылады. Мысалы: жаңа, аң, таң, ғалым, аға, ағартушы. § 12. ф, ц, ч, щ әріптері орыс тілінен енген сөздерде жазылады. Мысалы: физика, кафе, кофе, щи, борщ, лифт, цифр, фонетика, очерк, центнер.

Дауысты дыбыс әріптерінің қолданылуы
а, е, ы, і әріптері сөздің барлық буындарында жазылады. Мысалы; ал, қала, шағала, ер, ересек, ыс, бақытты, айыр, қатысты, қорыту, құмырсқа, жапырақ, іс, білімді, көкірек, үкімет, әсіресе, мәжіліс 3. ә, о, ө, ү, ү әріптері жалаң сөздердің бірінші буындарында жазылады. Мысалы: ән, әнші, сән, дәлел, дәрігер, орын, жолаушы, өлең, көлем, көбелек, төртеу, ұлы, құлын, үндеу, үтік. Бұл әріптер біріккен сөздер мен қос сөздердің екінші сыңарларының басқы буындарында да жазылады. Мысалы: Есенәлі, дәрі-дәрмек, тәлім- тәрбие; Қызылорда, Талдықорған, жөн-жосық, өте-мөте; басқұр, қаламұш, жазғытұрым, кешқұрым, тарс-түрс; бүрсігүні, еңбеккүн, сайгүлік.
а, ә, е, о, ө, ү, ү, ы, і, э әріптері жалаң дауыстылардың, ал ё (йо), и, у, ю, я әріптері йо, ый, ій, үу, үу, йұу, йүу, йа деген қосынды дауыстылардың да (мысалы: актёр, жи, ки, жиын, жиі, су, шумақ, күлу, келу, аю, кею, ядро, саясат), кірме сөздерде жалаң дауыстылардың да таңбасы ретінде (мысалы: слёт, кино, бюджет, отряд) жұмсалады.

ҚОСЫМШАДАҒЫ БАС ӘРІП ЕМЛЕСІНІҢ ҚЫСҚАША ТҮСІНІКТЕМЕСІ

4. Күрделі-құрама жалқы атаудың құрамындағы тұрақты эпитеттер жалқы есімнің алдынан келсе, бас әріппен, соңынан келсе, кіші әріппен бөлек жазылады (Ақсақ Темір, Қайңы сопы). Жеке тұрып кісі есімі бола алмайтын сөздерге тіркескен ата, ана, бике, бала, баба, шал, қожа, батыр т.б. сыңарлары бірге жазылады (Майлықожа, Хауана т.б.). 5. Титулды білдіретін сөздер жалқы атаудың алдынан келсе, бас әріппен, соңынан келсе, кіші әріппен жазылады (Әмір Темір, Ағатай хазірет).
6. Араб, түрік, парсы тіліндегі адам аттарында қалыптасқан, кісінің әлеуметтік тегін, туыстық қатынасын, тұрған жерін білдіретін- құрама сөздер мен көмекші сөздер (ас, бей, тегін, зада, аң, паша, am, әл) кіші әріппен дефис арқылы ажыратылып жазылады (Ұлық-зада, Рашид-ад- дин, әл-Фараби, Мұхаммед ан-Насави, Жалел-ат-Дин, Қази-заде-ар-Руми т.б.). Кейбір көмекші сөздермен (ибн, әбу) келген шығыстық кісі есімдері күрделі-құрама атаулардың кұрамында келіп және сөз басында орналасса, құрамындағы көмекші сөздер бас әріппен дефиссіз беріледі (Әбу Райхан әл-Бируни, Әбу Насыр әл-Фараби, Ибн Сина атындағы..., Ибн Рушдтың «гарыштық парасат» атты теориясы т.б.).

Рудың аты жалқы есімнің алдынан келетін тұрақты эпитеттің орнында жұмсалса, бас әріппен жазылады (мыс.: Қызылқұрт Теке би, Қаракерей Қабанбай). 8. Найман, керей, албан, арғын, адай, қыпшақ, үйсін т.б. рулардың ішкі жіктерін көрсететін атаулар, мысалы, Сары үйсін, Даулеталы жары, Ұзынқыпшақ, Көлденең қыпшақ т.б. жалқылық сипаты басым болғандықтан, бірінші сөзі бас әріппен жазылады. 9. Орта жүз, Кіші жүз, Ұлы жүз атаулары рулардың тегін емес, ұлыстық ұғымды білдіріп тұрғандықтан бас әріппен беріледі (сонымен бірге: Орта жүз арғын, Кіші жүз әлім т.б.)

1. Ертегі, миф, аңыз, әпсана кейіпкерлерінің есімдері бас әріппен жазылады (мұның ішіне мал, құс, ит т.б. аттары кіреді). 2. Мифологиялық, қиял-ғажайып бейнелердің тегін, затын білдіретін атаулар кіші әріппен жазылады: пері, ібіліс, періште, шайтан, дию т.б. 3. Әрбір бөлігі жеке-дара атау ретінде қолданыла алатын кешенді атаулардың (көбіне бір сыңары жалқы есім боп келеді), жігі айқын көрініп тұрған жағдайда екі бөлігі де бас әріппен беріледі (Жерден шыққан Желім батыр; Бозатты Боран батыр).

БӨЛЕК ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР

Күрделі сан есімдердің, күрделі сын есімдердің әрбір сөзі бөлек жазылады. Мысалы: он бір, он сегіз, жиырма бір, жиырма сегіз, жүз он жеті, екі жүз жетпіс төрт, бір мың тоғыз жүз елу үш, төрт жарым, отыз екі жарым; қара ала, көк ала, қара көк, ақ сұр, құла қасқа, құла жирен, торы төбел, ақ шабдар. § 23. Күрделі етістіктердің әрбір сөзі бөлек жазылады: Мысалы: жаза бер, жазып отыра бер, жүгіре жөнелді, жүгіріп ала жөнелді, бара алмады, бара алмай қалып еді, жығылып қала жаздап барып қалды. § 24. Есім, еліктеуіш сөздер мен етістіктерден құралған күрделі сөздердің әрбір сөзі бөлек жазылады. Мысалы: қызмет ету, жұмыс қылу, жәрдем ету, шап ету, лап қою, man беру, қол шапалақтау, ду ете түсу, баж ету. § 25. Идиомалық, фразалық тіркестердегі әрбір сөз бөлек жазылады. Мысалы: таяқ жеді, бас тартты, бас бұрды, қол жалғады, қол ұшын берді.
Күрделі атаулардың (мемлекет, республика, облыс, мекеме, ұйым аттарының) әрбір сөзі бөлек жазылады. Мысалы: Қазақстан Республикасы, Мәдениет министрлігі, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы. § 21. Екі зат есім қатар айтылып, бір ғана затты, құбылысты, ұғымды атап, алдыңғысы соңғысының тегін (неден жасалғанын), неге, кімге арналғанын, немен жұмыс істейтінін және өзге заттардан ажырататын белгілерін білдірсе, олар бөлек жазылады, мұндай күрделі тіркестердің алдыңғы сөзі анықтаушы, соңғысы анықталушы болып келеді. Мысалы: ағаш күрек, сұрпы ет, ұл бала, қыз бала, мысық мұрт (жігіт), ала бұлт.

БІРГЕ ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР

Еш, әр, кей, бір, қай, әлде сөздерімен біріккен есімдік, үстеу сөздер түбір тұлғалары өзгертілмей, бірге жазылады. Мысалы: әркім, әрбір, әрдайым, әрқашан, ешкім, ешбір, ешқандай, ештеңе, кейбір, қайбір, қайсыбір, бірдеңе, бірнеше, бірталай, біраз, бірсыпыра, біржолата, бірыңғай, біркелкі, бірқыдыру, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқандай, әлдеқашан, әртүрлі.
Тұлғасы өзгертіліп барып біріккен сөздер қосылып жазылады. Мысалы: бүгін, биыл, қыстыгүні, күздігүні, жаздыгүні, алаңғасар, ашудас, белбеу, апар, әпер, түрегелді, ерғашты, жарғанат, алтатар, көгөніс, қыргүйек, шегара, көгала (мылжың), көгала (қойдай сабау).

мазмұны, тұлғасы өзара жақын, бірақ білдіретін ұғымдарында азды- көпті айырма бар мағыналарды бөлек-бөлек атауды керексінуден: көріктендіру – абаттандыру (благоустройство), залалсыздандыру (обезвреживание)- зарарсыздандыру (стерилизация), иелену (приобретение) – иемдену (присвоение), жайылыңқы (диффузный) – жиылыңқы (компактный); құзыреттілік (компетентность) — біліктілік (квалификация); көрсетілім, тұсаукесер (презентация);

Add your text

Сөздіктің кейбір ерекшеліктері

Мәселен:
қоғамдық, әлеуметтік өмірдегі жаңа зат. құбылыс, уақиғаны атау қажеттілігінен: құзырхат, ашықхат, айдарбелгі, затбелгі, ғаламтор, флеш-жад, айқұлақ, төлие, хатқалта, ықпалшара, экоорталық, әуесерік, көзқаман, дәрумен;
Тілдегі жаңалықтар бірден жай пайда болмайды. Мәселен: