Catégories : Tous

par Райхан Жеткизгенова Il y a 12 mois

229

Х.Досмухамедов

Халел Досмухамедов е изтъкнат учен и лекар, който през първата половина на 20-ти век се бори срещу епидемията от чума в южната част на Русия и западен Казахстан. Той допринася значително за спасяването на населението в районите Илбиши, Темир и Тайсойган.

Х.Досмухамедов

Халел Досмухамедов

I'm sorry

Әдебиетші, фольклоршы, этнограф

Халелдің фольклорлық тану саласындағы еңбектерінің ең шоқтығы биігі «Қазақ халқының әдебиеті» (1928) очеркі. Мұнда ол ауыз әдебиетінің түрлерін тамаша жіктеген. Ол – фольклорды этнографиялық мәліметтермен біртұтас қарауды түсінген алғашқы ғалым. Бұл шығарманың қазіргі ұлтымыздың салт-санасы қайта орала бастаған кездегі маңызы бұрынғыдан да құнды бола түсуде. Ғалымның «Сана» журналының (1924 ж. №2-3) сандарында жарияланған «Аруақтармен айтысу» атты ауыз әдебиетінің сирек кездесетін үлгісін жарияласа, кейін осы айтыстың ең ежелгі түрінің шығу тегі, гинезисі туралы өз болжамын білдіруі де ғылым үшін өнеге.
Ғалым тамаша зерттеушілік қабілетімен «Шернияз шешен» (1925), «Бұхарадағы Көгілташ медресесін салу туралы әнсана» (1927), «Самарқан қаласындағы «Тіллә-қари» мен «Ширдар» медресселерін салғызған Жалаңтөс батыр шежіресі» (1926) атты еңбектері фольклорлық аңыздар мен тарихи , этнографиялық деректерді шендестіре қарап, халқымыздың көне тарихын зерттеуге өзіндік жол салды.дтема

Тарихшы

Кенесары-Наурызбай» поэмасында кездесетін адамдардың, жердің аттарына, түсініксіз сөздерге шолу берілген. Абылай хан, Қасым хан, Кенесары туралы қысқаша тарихи баяндама берген. Ғалым бұл шолуды жасағанда, біріншіден, Шәкәрім тарихын, Ахмет төре Кенесарыұлының «Кенесары Сыдық төре туралы», Түркістан, Жетісу орыс тілінде жазылған көп кітаптарды пайдаланған. Екіншіден, Қоңырқожа Қожықұлының Мұхамметжан Тынышбайұлының, Жаңқараш немересі Сатарқұл Диқанбайұлының, Иманғали Аралбайұлының, Кенесары немересі Әзімхан Ахметұлының және т.б. азаматтардан алынған мағлұматтарды пайдаланған.
Ғалым XVIII-XIX ғасырдағы «қазақтың қозғалысының ең күштілері» - Сырым, Исатай-Махамбет, Кенесары Қасымов қозғалысын зерттеп, «Тайманұлы Исатайдың қозғалысы турасында қысқаша мағлұмат» деген тарихи еңбегін жазды. Ғалым «Исатай көтерілісінің соңы – 69-70 жылдағы ауа. Бір өшіп, бір сөніп, Исатайдың жаққан оты қырық жылдай тұтанды. Ақырында ауада жалпылдап тағы жалындады...: Көтерілгендерінде де бірлік болмады: Бүтін кіші жүзге бас боларлық бір адам шыға алмады. Алаша, Сейіл, Байбақты, Беркін, Табын, Алдаш, Дәуіт, шекті Есет, Адай Иса секілді көтеріліске бас болған адамдар өз руынан жоғары көтеріле алмады, қанатын кең жаюға бірінің де қолынан келмеді» - деп кіші жүздегі бір ғасырға жуық созылған бұқара халықтың көтеріліс тарихына және оның қорытындысына ғылыми дәйектеме береді.
Халел Досмұхамедұлы 1923 жылы Ташкентте Әбубәкір Диваев жинаған «Кенесары-Наурызбай» жырына түсінік жазып, жеке кітап етіп шығарады. Халел Досмұхамедов бұл кітапқа үлкен зерттеу деректер негізінде түсінік берген. Ондағы көздеген мақсатын төмендегіше баяндайды: «Кенесары-Наурызбай» дастанын шығарған ақын Нысанбайдың дастаны баспаға басылмағандықтан бұл дастан ел ішінде әртүрлі болып, өзгертіліп айтылып жүр.

Ғалым-дәрігер

Халел Досмұхамедұлы үстіміздегі ғасырдың оныншы-жиырмасыншы жылдар аралығында Россияның оңтүстігі мен Қазақстанның батыстан жайлаған оба ауруына қарсы жан аямай күрес жүргізді. Ол Ілбіші, Темір, Тайсойған аймағының халқын оба індетінен түгел қырылып қалу қаупінен аман алып қалуға зор үлес қосты. 1914 жылдан бастап «Қазақ» газетінің бетінде түрлі аурулардан сақтанудың шаралары, әр дерттің өзіне тән белгілері, емделу жолдары мен қолданылатын дәрі-дәрмектердің түрлері жөнінде егжей-тегжейлі мағлұматтар берген ондаған мақалалары жарық көрді.
Х.Досмұхамедұлына 1927 жылы доцент, 1929 жылы профессор атағы берілді. 1930 жылы қыркүйек айында Воронеж қаласына жазықсыз жер аударылған ғылым-дәрігер қаладағы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасында 1937 жылға дейін еңбек етеді.

Ана тіліміздің жанашыры

* «Тіл – жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген ел ел болмайды. ... Тілінен айрылған жұрт жойылған жұрт». * «Ана тілін білмей тұрып, жәй тілді еліктей беру зор қате. Бұл оқығандардың һәм оқушылардың есінен шықпауы керек». * «Бөтенше жақсы сөйлеймін деп мақтану керек емес, ойлаңқырау керек». * «Ана тілін жақсы біліп тұрып бөтенше жақсы сөйлесең бұл сүйініш, ана тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең бұл күйініш». * «Әдебиет тілінің қаруы – баспа мен мектеп, - деген ол – мектеп пен баспаның тілі дұрыс тіл болса, елдің тілін көркейтіп, байытып, гүлдендіреді; мектеп пен баспадан қолданған тіл шатасқан тіл болса, ол ел – сорлы ел, мұндай елдің тілі бұзылмай қоймайды». Ол өзінің еңбектерінде қазақтың шешендік өнерін, өлең құрылысын, «сөздердің туралығы мен дәлдігін, айқындығы мен әуезділігін» сөз етеді. «Нысанбай тілі нағыз үлгі боларлық, ал Мұраттың тілі әдебиетімізге негіз болған ел әдебиетінің тілі», - деп Нысанбай мен Мұрат ақындардың тіліне жоғары баға береді.

Журналист, аудармашы, баспагер

1913 жылдан бастап Халел қолына қалам алып, баспасөзге араласты. Ол осы кезде «Орал», «Пікір», «Қазақ» газеттеріне үзбей мақалалар жазып тұрды. Халел «Шолпан», «Ақжол», «Еңбекші қазақ», «Сәуле» сияқты газет-журналдардың беттерінде тіл, халық ағарту, тарих, дәрігерлік-емшілік мәселелері туралы ғылыми маңызы зор мақалалар жазды. Ол қырғыз-қазақ комиссиясы жанынан «Сана» журналын шығарып, оның редакторы болды. 1923 жылы Түркістан мемлекеттік ғылыми баспасының бөліміне жетекшілік етті. Халел профессор Поливановпен бірге «Сұлтан Кенесары тарихына қосымша материал» кітапшасына (1923 ж.) және «Қыз Жібек» (1923 ж.), «Кенесары-Наурызбай» (1923 ж.) жыр кітаптарын редакторлық етіп, баспаға дайындады.
Халел – терминологияның тұңғыш негізін қалаушы. Халел 1923 жылы «Қазақ-қырғыз білім комиссиясын» басқарды. Ол 1924 жылы Орынборда өткен қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде оқу пәндерінің атаулары, оларды қабылдау және бекіту жолдарын ұсынды. Ол: «Бүгін қазақ халқы үшін жалғыз білім кеңесі болу керек. Ол білім кеңесінің жанында пәннің мамандарынан сайланған комиссиялар болу керек. Пән сөздері әуелі пән комиссиясының сынына түсіп, оның қабылдап алған сөздері баспасөз жүзінде жарияланып көптің талқысына түсуге тиіс. Ол пән сөздері сонан соң ғана барып білім кеңесінің қарауына түсіп, бекітіліп шығуға тиіс», - деп ұйымдастыру жағынан бірден-бір дұрыс жол ұсынды. Кейін Халелдің бұл ұсынысы қабылданып, терминком құрылып, ол күні бүгінге дейін өз жұмысын жалғастырып келеді.
Халел тілімізге енетін кірме сөздер туралы құнды пікірлер айтқан: «Жат сөздерді қолданғанда өзгертпестен алып, бастапқы жат қалыбымен тілге сіңіреміз дегендік – шатасқандық. Бұл жолда жүрген адамдар тілімізге орасан зиян келтіреді. ... Зорлықпен кіргізген жат сөздер елдің түп қазығы болған тілді бұзады». Халел қазақ ақындарына былай деп кеңес береді «Ақындық – табиғаттың саннан таңдап бірен-саран адамдарға беретін артық өнері. ... Тілді бұзбай ұстарту, шеберлету, байыту ақындардың мойындарына артылған зор борыш».
1923 жылы «Қазақ-қырғыз комиссиясының» жанынан «Сана» журналын ашты және оның шығарушысы өзі болды. «Сана» халыққа білім беруде алдына елу екі бағытта жұмыс істеуді мақсат еткен және оның көпшілігін орындаған. Ол сонымен қатар ғылыми-танымдық өресін кеңейту мақсатында Ю.Вангерьдің «Рассказы о том, как устроено и работает наше тело» (Денелеріміздің түзелуі мен жұмыс қылуы, 1924), «Рассказы о том, как живут и устроены растения» (Өсімдіктердің тіршілігі мен түзелуі туралы әнгімелер, 1924) кітаптарын аударды. Өзі 1918, 1924 жылдары «Как бороться с чумой среди казахского населения» деген кітабын орыс тілінде жазды.

Ана тілінде тұңғыш жаратылыстану ғылымдарының оқулығын жазған ғалым

Осы алғашқы аса жауапты да, күрделі де, қиындығы да мол игілікті жұмысты қазақ тарихында тұңғыш рет Х.Досмұхамедов дүниеге келтіріп, қазақ оқырмандарына ана тілінде жаратылыстану ғылымының төл шығармаларын оқып меңгеруіне жағдай жасады. Оның «Жануарлар» атты кітабының бірінші басылымы 1922 жылы Ташкентте 35000 данамен жарық көрді. Кейін осы кітап 1927 жылы Қызылорда, Мәскеу қалаларында екінші рет басылды. Одан кейінгі кітаптары «Табиғат тану» (1922), «Оқушылардың саулығын сақтау» (Ташкент, 1925ж., 303 бет), «Адамның тән тіршілігі» (қазақша-орысша жаратылыстану сөздігі, бірінші басылымы 1927 жылы Қызылорда-Мәскеуде басылған), «Сүйектілер туралы» (1928 ж. 228 бет).
Ғұлама ғалым ана тіліндегі жаратылыстану ғылымының бастау кезіндегі алғашқы тырнақалды еңбектерді жазу үстінде алдына қойған мақсаттардың жауапкершілігі туралы былай дейді: «Қазақ тілінде бұған дейін Ахметтің «Тіл – құралынан» басқа ешбір ғылым жайында жазылған кітап болмады. Алдымызда үлгі болмаған соң, ғылым кітабын жазу деген өте қиын болды. Қазақ тілі ғылым жолына шалынбаған, сөздері ғылым ретіне қарай жөндікпеген тіл. Сондықтан қазақ тілін ғылыммен таныстырып, ғылым жолына салатын заман келді. Ғылымды өз тілімізге аударғанда, ең керегі ғылым тіліндегі атауларды (термин) дұрыстап, түсінікті қылып аудару. Ғылым тіліндегі қолданылған атауларды қазақ тіліне дұрыстап түсінікті қылып аудару өте қиын жұмыс. Ғылым атауларына келісті ат тағу деген алғашқы уақытта қиын болса да, өте мұқтаж нәрсе... Сондықтан алғашқы жазылған кітаптарда әсем қылып, сөздің жүйесін келтіріп жазудан гөрі, ғылым атауларына лайықты атақ тағу жағып қарастыру керек дейміз».