Цифрлық Қазақстан
Begin by typing in the name of your organisation.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЙТИНГТЕР
29 орын
2020 жылы электрондық үкіметтің даму индексі бойынша БҰҰ-ның халықаралық рейтингі
56 орын
2020 жылы желілік дайындық индексі бойынша
55 орын
2019 жылы Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингінде
52 орын
2017 жылы АКТ-ны дамыту индексі рейтингінде
АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ЦИФРЛАНДЫРУ
Нақты егін шаруашылығы»
«Нақты егін шаруашылығы» менеджменті жүйесі фермерлерге нақты уақыт режимінде егістік, ылғалдылық, құнарлы элемент, зиянкестер, жауын-шашын ықтималдылығы және т.б. көрсеткіштерін бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығындағы бақыланушылық
Төмендегілер енгізіледі:
Мал шаруашылығындағы асыл тұқымдыларды есепке алу жүйесі.
Орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалануды қадағалау жүйесі.
«Фермадан сөреге дейін» жүйесі.
E-Agrotrade
АӨК өнімдерін сатуға арналған бірыңғай электрондық сауда алаңы.
Additional info
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДАНЫ, ҚАРЖЫЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЖӘНЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ТӨЛЕМДЕРДІ ДАМЫТУ
Type in the name of an industry or sector in which your organisation competes.
This mind map will help you to analyse your position in that industry.
Fulfillment-орталығы
Fulfillment-орталығы интернет-дүкендерге тауарды сақтауға, тапсырыстарды құрастыру мен орауға, клиенттерге жіберуге және қайтарылғандарды қабылдауға мүмкіндік береді. Fulfillment-орталықтарының желісі тауарларды сатып алушыларға дейін жеткізудің уақыты мен құнын қысқартуға мүмкіндік береді
E-Сommerce-орталығы
E-commerce орталығы – бұл онлайн және офлайн бизнестің өкілдеріне арналған коммуникациялық алаң, электрондық саудада КОБ құзыреттерін қолдау және арттыру орталығы, сондай-ақ тауарлады жеткізу бойынша кешенді қызметтер көрсету орталығы.
Open API
Open API технологиясы әзірлеушілерге өздерінің қосымшаларын құруға арналған дайын блоктарды қолдануды мүмкін етеді. Open API eGov «Ашық деректер» порталында сәтті қолданылып келеді.
Тұлғаны қашықтан сәйкестендіру
Мемлекеттік және коммерциялық компаниялардың деректер қорын қолданып, соның ішінде әртүрлі биометриялық көрсеткіштерге сүйене отырып тұлғаны қашықтан сәйкестендіру моделі. Ол қаржылық институттар, клиенттер, мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл жасау және коммуникацияларға арналған әмбебап цифрлық ортаны құруды мүмкін етеді.
КӨЛІКТІ ЖӘНЕ ЛОГИСТИКАНЫ ЦИФРЛАНДЫРУ
Интеллектуалды көлік жүйесі
Төмендегілер енгізілетін болады:
Қозғалыста өлшеу жүйесі.
Жол учаскелерінде төлемді өндіру жүйесі.
Көшпелі жол зертханалары.
Бейнемониторинг және ЖҚЕ бұзушылықтарын анықтау.
Тасымалдау үшін климаттық жағдайларды талдау және болжамдау.
Автожолдарда жасанды интеллект енгізу.
Мультимодальды тасымалдау
Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау процестерін автоматтандыру енгізілетін болады:
Автотасымалдау
ТЖ тасымалы
Теңіз, өзен тасымалдары
Авиатасымалдау
ӨНЕРКӘСІПТІ ЦИФРЛАНДЫРУ
Цифрлық кеніш
Цифрлық кеніш «ақылды» датчиктер көмегімен өндірудің көлемі мен жылдамдығын, жабдықтарды ұтымды пайдалануды бақылауды, сондай-ақ осы деректерді бірыңғай ақпараттық жүйеге біріктіруді мүмкін етеді.
Цифрлық кен орны
Цифрлық кен орны мұнай-газ бұрғылау, сондай-ақ стандартты коммуникациялық технологиялармен бірлесіп іздеу және цифрлық басқарудың бірнеше технологиясын біріктіреді.
Үлгілік цифрлық фабрика
Ақылды фабрика технологиялар көмегімен өндірістің шикізатты өңдеуден бастап тауарларды жеткізуге дейінгі барлық кезеңдерін автоматтандыруды, сондай-ақ осының барлығын бір цифрлық жүйеге біріктіруді бақылауды мүмкін етеді.