Categories: All

by Гүлназ Орынбай 1 year ago

639

Сөздік құрам мен сөздік қор

Қазақ тілінің сөздік құрамы көптүрлі және бай. Ол ғасырлар бойы сақталып келе жатқан байырғы сөздерді, кірме сөздерді, неологизмдер мен терминдерді қамтиды. Сонымен қатар, әдеби және қарапайым сөздер, диалектілер мен кәсіби сөздер де бұл құрамға кіреді.

Сөздік құрам мен сөздік қор

Сөздік құрам мен сөздік қор

Ондағы сөздерге стильдік қабаттасулар тән емес, яғни жалпыхалықтық болған соң, лексиканың ең негізгі саласы, жалпы қолданыстағы сөздер.

Жалпыхалықтық сипат. Сөздік қордағы сөздер қазақ тілінде сөйлейтін адамдардың барлығына түсінікті, мұнда қызметі, кәсібі, жасы дегендерге шек қойылмайды.

Сөз тудыруға ұйытқы. Негізгі сөздік қор болмаса сөздік құрам молайып байымас еді. Күн – күндіз, күнгей, күнім, күндік, күндес, күнелту, күнделік, күнара, т.б.

Тұрақтылық. Оған бірнеше ғасырлар бойы өмір сүріп, барша ұрпақ үнемі қолданып келе жатқан сөздер кіреді: Ат, ер, сіз, өзім, теріс, күн. Бұлар ескерткіш тілдерінде де кездеседі.

Сонымен қатар ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан қазақтың байырғы төл сөздері:

Сапалық сындық атаулары: жақсы, жаман, т.б.
Жұмыс құралдары: күрек, балға, балта, т.б.
Киіз үй атаулары: шаңырақ, кереге, т.б.
Ағаш атаулары: тобылғы, емен, т.б.
Жануар атаулары: түйе, жылқы, сиыр, т.б.
Туыстық атаулар: аға, іні, құда, жиен, немере, т.б.

Негізгі сөздік қорға түркі тілдеріне ортақ сөздер: тау, тас, көл, түн, ай, жыл, жүр, көк, төрт, мен, сен, ол, т.б. сөздер кіреді.

Қазақ тіліндегі барлық сөздердің жиынтығы сөздік құрам болса, негізгі сөздік қор оның негізгі ұйымдастырушысы, қайнар бұлағы, шығу арналарының ең маңызды бөлігі болып табылады.

Тілдегі сөздің жұмсалу аясы мен көркемдік мәніне қарай:

экспрессивті сөздер
бейтарап сөздер

Сөздің халыққа таныс және онша таныс еместігіне байланысты:

арнаулы лексика
жалпыхалықтық

Сөздің әдеби және әдеби еместігіне байланысты:

диалектілік лексика
әдеби лексика

Сөздік құрам өз ішінен бірнеше топқа бөлінеді:

сөздік құрам сөздердің қолданылу жиілігіне қарай:
пассив сөздер
актив сөздер

Қазақ тілінің сөздік құрамына ғасырлар бойы сақталып келе жатқан байырғы сөздер де, кірме сөздер де, кейін пайда болған неологизмдер мен терминдер де, әдеби сөздер мен ауызекі сөйлеу тіліне тән қарапайым сөздер де, диалектілер де, кәсіби сөздер де, қысқасы, тіліміздегі барлық сөз қабаттары енеді.

Сөздік құрам белгілі бір халықтың тұрмыс жағдайын, күнкөріс тіршілігін, кәсібін түгел қамтып көрсетеді.

Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам не лексика деп аталады.