by Zhanerke Mirambekqyzy 2 years ago
532
More like this
әкімшілік, мұғалімдер, оқушылар және т.б. Мұндай жағдай басқару қызметінің мазмұны мен нәтижесіне үлкен әсерін тигізеді, себебі бұл істің қалаған сатысында қай деңгейде болмасын, басқарушы адам өз әрекетінің кез келген сәті мен жүйенің қалпы тек оның шешіміне тәуелді болмайтынын мойындауы тиіс. Білім жүйесінде қалаған деңгейдегі басқару қатынастары тәрбиелік қызметті де атқарады.
Тәрбиеленушілерді басқарушы болып есептелетін педагог-тәрбиешілер оларға жетекшілік етеді, ал тәрбиеленушілер осы жетекшілік қатынастарды пайдалы ұғымдар ретінде игереді. Осыдан да басшының, тәрбиешінің, мұғалімнің моральдық, әдептілік кейпіне жоғары талаптар қойылады. Кәсіби іс-әрекетті әрқилы деңгейде бірдей тең басқару – бұл да педагогикалық жүйелерді басқарудың өз алдына ерекшелігі.
Өз тұлғасын қалыптастыру барысындағы оқушы іс-әрекетін тәрбиешінің бір өзі басқармайды, бұған бірнеше пән мұғалімдері, сынып жетекшісі және басқа да күнделікті ықпал жасаушы мектептің барша қызметкерлері араласады. Сондайақ, мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің қызметтеріне мектеп директоры мен директордың оқу, тәрбие және сыныптан тыс жұмыстар бойынша орынбасарлары әкімшілік басқару жүргізеді. Мұғалімдер бір уақытта бірнеше қызмет атқарады. Ол – сынып жетекшісі, пән мұғалімі, әдістемелік бірлестік мүшесі.
3) мектептің әкімшілік жүйесі – оқу процесін басқару, тәрбие жұмыстарына жетекшілік, басқа да жұмыс түрлерін алып бару жүйешелерінен құралады.Басқаруға тән басты сипат – жұмысқа барлығының бірдей араласуы:
2) тәрбиелік – үлкен жүйе бола тұрып, келесідей сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстары, отбасы тәрбиесі, қоғамдық мекемелердегі тәрбие және өзіндік тәрбие жүйешелерінен құралады; оқушылардың қарымқатынастары және олардың мектептегі өзіндік басқару жүйешесі (мұның құрамына енетіндер: сыныптағы өзін-өзі басқару, әрқилы іс-әрекет бағыттары бойынша кіші жүйешелер);
1) дидактикалық – бұл жүйе сабақ және сабақтан тыс оқу-тәрбие жұмыстарын; міндетті және факультатив дәрістерді; оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақтың (сабақтағы оқушы және мұғалімдердің жұмыс орындау әдістемелерін) әрбірін өз алдына жүйе бірліктері ретінде қамтиды;
Америкалық профессор Уильям Абернети жапондықтардың машина жасаудағы табыстарының себептерін анықтау оны қалай таң қалдырғандығын айтады. Ол: «Мен үшін үлкен жаңалық, табысқа жетудің сыры автоматтандыруда емес екендігін ашу болып табылады. Олар автомобиль жасауға «адамдық» көзқарас қалыптастырған. Олардың ненің не екендігін білетін, жұмыс істегісі келетін және автомобиль жасауға психологиялық дайын жұмыс күші бар» – дейді.
Ақылды жапондықтар автомобильден адамды, автомобиль жасаушыны жоғары қойып отыр. Табыстың сыры осында. Менеджментке тән белгі – оның өзегі «адамға» бағытталғандығы, оның «адам үстемдігі» негіз болып табылатындығы. Менеджменттің табысы адамдардың ынтымақтастығында болып табылады.
Ресейлік ғалым О.А.Никитинаның зерттеуіне сүйенсек, уақыт ағымына қарай көшбасшылықтың сипаттамалық мінездемесі де өзгеріп отырады
Белгілі ғалым Ю.А.Конаржевский: «Менеджмент – бұл басқарушыға ғана емес, кез-келген маманға қажет білімдердің жиынтығы. Егер сіз белгілі бір салада – медицинада, білім беру жүйесінде, ғылымда, бизнесте кәсіпқой маман болсаңыз құрылымға біте қайнасып, араласып кету үшін менеджменттің негізгі қағидаларын білмейінш оңай болмайды» –деп көрсеткеніндей, менеджментте адам құрал емес, мақсат.
Оның құндылығы да осында. Көшбасшы (ағылшынның LEAD (лидер) – артынан ерту, іліктіру) – болашақты меңзей алатын, ұжымды артынан ілестіре алатын, жеке басының идеясы бар жаңашыл адам. Қазіргі кезеңде мекеме басшысы көшбасшылықты бірге алып жүргенде ғана ұзақ уақыт мекеме басқара алады.
Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі құрылды. Ол тәуелсіз сыртқы бағалаудың барлық элементтерін (лицензиялау, аттестаттау, аккредиттеу, рейтинг, бірыңғай ұлттық тестілеу (ҰБТ), мемлекеттік аралық бақылау (МАБ), түлектерді кешенді тестілеу және басқалары) қамтиды.
Барлық облыстарда білім беру сапасын бағалаудың облыстық жүйесі енгізілуде. Білім берудің барлық деңгейлерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылуда. Педагогтің педагогикалық процесті басқару бойынша қызметін жүргізуге дайындығы тек білімнің болуында және ұсынылған ептіліктердің қалыптасуында ғана емес, сонымен қатар, педагогтің осы қызметі оқушыны педагогтың әсер ету объектісінің ұстанымынан өзінің оқыту субъектісінің ұстанымына ауыстыруына бағыттауына болатыны көрсетілген
Мектеп басшысының міндеті:
мақсат бірлігін қамтамасыз ету бойынша аталған саясат пен жауапкершіліктердің барлығын жүзеге асыруды, басқару дәстүрін сабақтастыруды, барлық қызмет түрлерін процестік көзқараспен қамтамасыз етуші сапа менеджменті жүйесін тұрақты түрде жақсарту мен қолдауды және нақты мәліметтер талдауының дәлдігіне негізделген шешімдерді қабылдау.
Сапа проблемаларын теориялық негіздеудің қажеттілігі Ресейде 1992 жылдың басында ғылыми зерттеудің жаңа саласы – квалиметрияның пайда болуына әкелді, оның басында Н.А.Селезнева, А.И.Субетто, Ю.Г.Татур сияқты ғалымдар тұрды. Заманауи педагогикалық әдебиетте «білім сапасы» термині әртүрлі түсіндіріледі Оқу-тәрбие процесіндегі сапаны басқару.
Бірақ бұл мониторингтік зерттеулерді өткізуде қаталдықты білдірмейді, өйткені бірқатар жағдайда таңдалған межелердің және оларға барабар ақпаратты сараптау-синтетикалық әдістерді түзету қажетті болу мүмкін. Сонымен, мониторинг барысында алынған ақпарат келесі сапалық сипаттамаларға ие, тиісті педагогикалық шарттар сақталыну керек:
8) қолжетімділік – осы көрсеткішті екі мағынада түсінуге болады. Бір жақтан, ақпаратты алу мүмкіндігі және нақтылығының мазмұнындағы қолжетімдік (басшы қандай да болсын бір ақпарат бар екендігін біле тұра әртүрлі себептердің арқасында оларды ала алмайтын нұсқа болу мүмкін).Қолжетімділіктің екінші түсінігі басшыға басқару шешімдерін жылдам және тиімді қабылдауға мүмкін болатын ақпарат ұсынудың осындай түрімен байланысты
7) жеделдік (уақыттылығы) – ақпараттың сапасы ретінде. Ақпарат көп мөлшерде тарихи құндылық емес, басқарушы құндылыққа ие болуға тиіс, яғни даму қарқындарына сәйкес келу керек;
6) жалпылау оңтайлығы – ақпарат басқару органы шешетін міндеттер деңгейіне сәйкес келуге тиіс;
5) жүйелілік (құрылымдылық) – бір объектіге қатысты әртүрлі дереккөздерден алынған басқарушы ақпарат көздерінің сапасын және басшылардың ақпараттық сұраныстарын есепке алумен құрылымдалуға және жүйеленуге тиіс;
4) жеткіліктілік – ақпарат көлемі басшының қажеттіліктеріне сәйкес келуге және қандай да болсын шешімді қабылдау үшін жеткілікті болуға тиіс;
3) толықтылық – ақпарат дереккөздері нәтижелерді алудың ықтимал өрісін жабуға тиіс немесе түзетіп қайта тұсауын кесу керек;
2) дәлділік – өлшемдердің дәлелсіздіктері жарамды нақтылықпен дәл көрсеткіштердің мәндеріне кепілдік беретіндей болуға тиіс;
1) шынайлылық – алынған нәтижелер істердің нақты жағдайын көрсетуге, ал тұлғалық фактор төмендетілуі тиіс;
Диагностиканың әртүрлі ғылым саласында пайда болуын тарихи хронологиялық аспектіде қарастыратын болсақ, алғаш рет « диагностика » термині антикалық дүниеде кездеседы. Диагностика жасау үрдісі, оны кезеңдерге бөлу ғалымдардың еңбектерінде әртүрлі көрініс тапқан.
Педагогикалық диагностика педагогикалық үдерістегі өзгерістерді оқушы бойындағы өзгерістермен байланыстыраболжайды.«Педагогикалық диагностика» ұғымын дұрыс түсіну үшін философия мен психологиядағы диагностиканың жалпы теориясын қарастыруымыз қажет. Өйткені педагогикалық диагностика философия мен психологиядағы диагностикагың заңды жалғасы болып табылады.
Білім сапасы – қоғам, мемлекет және жеке тұлғаның мақсаттық басымдылығы мен қажеттілігін есепке алып, қатар әрекет ететін, алдын ала болжанған процесс пен нәтиже. Білім сапасын басқару мақсатты бағытталған, ресурстың қамтамасыз етілген басқарылушы және басқарушының өзара әрекет ету процесінің қоғам мен жеке тұлғаның болжанған сапаға жету нәтижесі болып табылады. Қазақстанда менеджменттің теориялық және қолданбалы аспектілері зерттелініп жатыр және әрі қарай зерттеуді талап етеді. Менеджмент тарихын білу менеджердің кәсіби білімі мен басқару ойының дағдыларын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.
Менеджмент бойынша бірнеше кітаптардың авторы, кеңесші Т. А. Гибсон: «Менеджмент - шектеулі ресурстар жағдайында мақсаттарға қол жеткізудің өнері» десе, ХХ ғ. менеджмент теоретиктерінің ішіндегі танымалы, американдық ғалым П. Друкер Өзінің «Энциклопедия менеджмента» (2001) еңбегінде: менеджмент - тиімділік нəтижесі қол жеткізілген нəтижелермен өлшенетін қолданбалы пəн, қазіргі менеджмент - басқару қызметінің арнайы түрі, ол адамдарға бағытталады жəне негізгі мақсаты адамдарды ортақ мақсатқа бірігіп əрекет етуге бағыттау, осы жолда олардың тиімді қызмет жасауына жағдай жасау, əлсіздіктерінің «тігісін жатқызу», сонда ғана адам қабілетінің қоғамға қосар үлесі, берері көп болатынын, бұның барлығы тиімді басқаруға байланысты екендігін айтады.
Білім беру жүйесін мемлекеттік басқару сипаты төмендегідей қағидалар (принциптер) жиынтығымен анықталады: - білім берудің ізгілік сипатта болуы;
Өзін-өзі белсендіру Өзін-өзі сендіре алу Өз бетінше ісәрекет жасай алу Өзін-өзі бақылау Өзін-өзі бағалау Өзін-өзі жетілдіру
білім берудегі еркіндік пен плюрализм; - білім берудің демократиялық сипатта болуы. Өзін-өзі тану Өзін-өзі анықтау Өзін-өзі ұйымдастыру
Мектеп іс-әрекетін ұжымдық басқару органы – мектеп кеңесі басқарады. Оның атқаратын функциялары мен жұмыс мазмұны жалпы білім беру мекемесінің типтік ережелерінде көрсетіледі.
білім берудің ізгілік сипатта болуы; - білім беру жүйесінің ұлттық мәдениеттерді және салт-дәстүрлерді мемлекеттік тараптардан қорғауы; - білім берудің жалпыға бірдейлігі; - білім берудің зиялылығы;
Мектепішілік басқару – тиімді нәтижелерге қол жеткізу мақсатында тұтас педагогикалық процестің объективтік заңдылықтарын тануға негізделген; оған қатысушылардың мақсатты, саналы өзара әсерлесуі. Тұтас педагогикалық процесс қатысушыларының оны басқарудағы өзара әсерлесуі өзара байланысты: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу мен түзету тәрізді әрекеттер мен функциялардан тұрады. Қазіргі білім беру жүйесінің дамуындағы бір ерекшелік – білім беру мемлекеттік-қоғамдық басқару болып табылады.
істелінетін жұмыстың нәтижесін өлшейтін сапалық көрсеткіштерді анықтау; - жұмысқа қатыстырылатын адамдардың әрқайсысының міндеттері мен жауапкершіліктерін анықтау; - жұмысты орындаушыларды жұмысты бастар алдында, жұмыс барысында «Не?», «Немен?», «Қалай?», «Қайда?», «Қашан?», «Кіммен?» деген сұрақтарға жауаптар беретіндей нұсқаулармен қаруландыру.
алдағы істелінетін жұмыстың мақсатын айқындау, соңғы күтілетін нәтижені білу; - ұжымның әрбір мүшесінің міндеттерін бөліп көрсету, бұл міндеттерді орындаудың операцияларын жете білу; - мақсатқа жету үшін қажеттінің бәрін дайындау;
Ұжымда шығармашылықпен жұмыс жасайтындай жағдай жасау қажет. Адамдарды басқару ғылыми іс-тәжірибесі көрсеткендей, адами орталықтандырудың басты құралы – адамдарды құрметтеу және адамдарға деген сенім, жеке тұлғаны сыйлау.
ұжымның әрбір мүшесінің кәсіби өсуіне толық жағдай жасау; - ұжымның әрбір мүшесі өз іс-әрекетін өзі бақылай алатындай өзіндік жауапкершілікті қалыптастыра отырып, ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыру; - ұжымдық іс-әрекетті олар шығаратын өкіммен өлшеу;
біріккен іс-әрекетке адамдарды жұмылдыру; - адамдардың күш-жігерін бір мақсатқа жұмылдыру, тиімділігін арттыру және әлсіз жақтарын табу; - ұжымның әрбір мүшесінің ұсынысын қанағаттандыру және оған қолайлы жағдай тудыру;
8) сұраныстың ауытқуы – білім беру мекемелерінің тұрақты жағдайына қауіп төндіретін білім беру қызметі нарығында сұраныстың өзгерісі (мысалы, кейбір мамандыққа деген сұраныстың күрт төмендеуі);
7) бәсекесестік – білім беру мекемелерінің нарықтағы өз сегменттері ұшін күрес, оқушылардың понтенциалды контингенті, бәсекелестіктің белсендірілуіне байланысты жарнамалық шығынның өсуі және қызмет көлемінің өсуі;
6) дифференциация – нарықты ырықтандыру жағдайында халықтың әр түрлі қажеттіліктерінің үдемеленуінен білім беру қызметінің неғұрлым арту шарты;
5) диверсификация – білім беру қызметінің деңгейі мен түрлеріне сұраныстың артуы, білім берудегі ілеспелі және қызмет ететін іс-әрекет сферасының дамуы (көлік мектебі, жатақхана, тұрмыстық қызмет көрсету, өндіріс және т.б.);
11) интервенция – шет елде білім алуға деген шектеудің алынып тасталуымен байланысты ірі шет елдік университетерің халықаралық бәсекелестігі және дәулетті адамдар үшін ақылы сапалы қызметтің жаңа нарығының ашылуы.
10) люмпенизация – халық жұмыссыздығының толық және ішінара өсуі, табысы төмен деңгейдегі контингенттің өсуі және ақылы түрде білім алуға деген сұраныс;129
9) сұраныстың азаюы – оқушы санының азаюынан білім беру қызметін жасаушылыр үшін елеулі түрде ұсыныстардың азаюы;
4) динамикалық – тауардың өмірлік циклының қысқаруымен байланысты жаңа білім беру қызметтерін ендіру мерзімін қысқартуға бағдарлану;
3) инновациялық – білім беру қызметін ұсынудың техникалық, әдістемелік және ұйымдастырушылық мүмкіндіктерінің айтарлықтай жақсарғаны (мультимедиа, Интернет, қашықтық білім алу);
2) «талап қоюшылық» – білім беру мекемелерін таңдау еркіндігінен және табыстың өсуі салдарынан азаматтардың білім беру сапасына талап деңгейінің өсуі;
1) «артық өндіру» – білім беру қызметтері туралы ұсыныстармен нарықты қанықтыру;
Интернеттің кең таралуына орай ақпарат
Педагогикалық портфолио таратудың бақылауға көнбейтін кері процесінің күннен күнге артып бара жатқаны байқалады.
Ғылыми жоба
Тест
Құжаттарды зерттеу
Сауалнама жүргізу
Сұхбат
Әңгімесу
Бақылау
Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек. Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін. Бұл ақпараттың пассивті түрде пайдаланатын бөлігінің артуына байланысты болып отыр.
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттықкоммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.
Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру жоспарына сәйкес олар бес жылда бір рет мұғалімдер біліктілігін көтеру институттарында немесе педагогикалық жоғары оқу орындарының арнаулы факультеттерінде арнайы дайындықтан өтуі тиіс. Біліктілік көтеру немесе педагогикалық ЖОО базасында мұғалімдердің алған арнайы білімдерін практикалық тұрғыдан саралап, мектепте сынақтан өткізуі қажет.
Мұғалімдер бір уақытта бірнеше қызмет атқарады. Ол – сынып басшысы, пəн мұғалімі, əдістемелік бірлестік мүшесі. Мектеп көп тарапты байланысқа ие. Оның жұмысы ата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен қатынастар негізінде атқарылып барады.
Бұл да педагогикалық жүйелерді басқарудың өз ерекшелігі. Білім берудегі мектеп жағдайы «мұғалім-оқушы» қарым-қатынасына тəуелді екенін ескеретін болсақ, білім жүйесін басқарудың келесі ерекшеліктерін де біліп қойған жөн: əртүрлі жас деңгейіндегі балалар бірлестіктеріне басшылық; материалдық ынтадан гөрі моральдық ынтаның басым болуы; басқарушының өз басқарымындағылармен жеке таныс болу қажеттігі, білім саласын басқаратын тұлғаның жоғары дəрежеде білікті, білімді болуы.
Мектеп - мемлекеттік (немесе онымен тығыз байланысқан) құрылым. Отбасы, қоғам, мемлекет араларындағы бірлікті іс-əрекеттердің ұштаса орындалуынан тəрбиенің жалпы мақсаттары іске асып барады. Мұндайда өзара байланыстар міндетті түрде жүйелі басқарымда болуы шарт
педагогикалық талдау (оқу процесін, тәрбие жұмыстарын, білім мекемесінің материалдық қорын, қаржы-экономикалық жағдайын педагогикалық мамандар мен тәрбиеленушілер құрамын жетілдіруге байланысты зерттеулер және талдаулар, нақты қорытындылар жасап, ұсыныстар беру.
бағалау (талдау және жаңа міндеттерді белгілеу үшін көзделген жоспарлардың орындалуы жөнінде уақтылы ақпараттар алып тұру);
ынталандыру (шығармашылық істерге, ғылыми-зерттеу жұмыстарына,инновациялық жобаларға қатыстыру үшін жағдайлар жасау; мұғалімдердің рухани бірлік сезімін қалыптастыру, олардың әлеуметтік белсенділігіне дем беру; жетістіктеріне орай бағалау және мадақтау);
реттеу (қабылданған шешімдерді іске асыру мақсатында әрқилы бағыттағы түрлі қызмет жүйелерінің іс-әрекеттерін үйлестіру);
ұйымдастыру (қызметтік міндеттерді сауатты бөлістіру, бағыну мен жауапкершілік жүйесін қалыптастыру);
жоспарлау (мектеп жұмыстарының барша бағыттары бойынша алыс болашақ пен әр жылға жоспар түзу);
мақсаттарды айқындау (бүкіл жүйенің, сонымен бірге әр кезеңнің соңғы нәтижесін болжап, ой-санада нақтылау);