Kategorier: Alle

av Базарбаеева Айгерим 3 år siden

914

Білім берудегі Менеджмент

Управлението на педагогическия процес в училищата се основава на диагностиката на този процес и на анализа на качеството на образованието. Управленските решения се вземат на всички нива на основата на резултатите от образователния мониторинг.

Білім берудегі Менеджмент

Білім берудегі Менеджмент

Практикалық сабақ №6

Мектепті басқарудағы мектеп құжаттарының рөлі 1. «Жүйе» түсінігінің анықтамасы және оның негізгі қасиеттеріне сипаттама. 2. Мектептің басқару жүйесі.
Мектептегі әдістемелік жұмыс – педагогикалық мәдениетті көтерудің шарты. Мұғалімнің кәсіптік дайындығы оның педагогикалық жоғары оқу орнын бітірумен аяқталмайды, ол мұғалімнің кәсіптік қызметінің бүкіл кезеңін қамтиды. Сонымен бірге мұғалімнің кәсіптік білімін үздіксіз көтеріп отыруы оның шығармашылық қабілетін дамытуды жене дербес педагогикалық тәжірбиесін үнемі дамытудың шарты болып табылады. Егер мұғалім қоғамдық орында белсенді позиция ұстанып, оның дербес тәжірибесі әлеуметтік және педагогикалық тәжірибемен кірігіп, педагогикалық ұжымның қолданысына ие болып, кәсіптік шығармашылық ізденісі көтермеленіп отырса, мұғалімнің кәсіптік шеберлігі мен педагогикалық мәдениетінің артуы барынша жемісті болады. Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру жоспарына сәйкес олар бес жылда бір рет мұғалімдер біліктілігін көтеру институттарында немесе педагогикалық жоғары оқу орындарының арнаулы факультеттерінде арнайы дайындықтан өтуі тиіс. Біліктілік көтеру немесе педагогикалық ЖОО базасында мұғалімдердің алған арнайы білімдерін практикалық тұрғыдан саралап, мектепте сынақтан өткізуі қажет. Бұндай жағдайда мектепте арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыстардың жүйесі мұғалім үшін баға жеткісіз көмек бола алады. Әдістемелік жұмыстар дербес және жеке ерекшеліктер ескерілген жағдайда мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік дайындығын жетілдіруге деген сұранысына жауап бере алады. Мектептегі әдістемелік жұмысты басқару оның міндеттері, мазмұны және ұйымдық негіздерін директор, оның орынбасары ғана емес, мұғалімдер де анық әрі нақты ұғына алғанда барынша тиімді болады.

Практикалық сабақ №5

Жаңашылдық қызмет нәтижелері, олардың жетістіктері мен болжау шарттары 1. Мектептегі жаңалық және жаңашылдық үдерісі. 2. Қазіргі мектептегі жаңашылдық үдерісті басқарудың ерекшеліктері.
Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі олардың білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі әлемде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады. Инновациялық іс-әрекет – индивидтің дәстүрлі іс-әрекетінен ерекше айырмашылығы бар іс-әрекеттің негізгі түрі. Ол өзара шиеленіскен қарамақайшылықта жүзеге асады: дәстүрлі іс-әрекеттің қазіргі моделі тиімді болмай, оны одан әрі жетілдіру ешқандай нәтиже бермеген кезеңінде жаңаның өмірге келуі заңды құбылыс.

Инновациялық іс-әрекет үшін маңыздысы тек қана іс-әрекеттің мазмұны ғана өзгерту емес, сондай-ақ оның әдіс-тәсілдерін модернизациялау, яғни ісәрекеттің технологиясын да жетілдіру аса қажет. Осы тұрғыдан алғанда, жаңашылдықты – инновацияның нәтижесі ретінде қарастыруға болады, ал инновациялық процесс, ең аз дегенде 3 кезеңді қамтиды: идеялар генерациясы; қолданбалы бағытта идеяны жүйелеу; практикаға жаңалықты ендіруді жүзеге асыру. Жаңашылдық ғылыми идеялардың тууынан оның практикалық қолданысқа енуіне дейінгі барлық кезеңдерді қамтитын және әлеуметтікпедагогикалық ортадағы осыған сәйкес өзгерістерді жүзеге асыратын процесс. Білім беру саласындағы инновация деп арнайы жоспарланған немесе «кездейсоқ ашылған» педагогикалық инициативалар ретінде жаңалықтарды айтамыз. Бұл ретте «жаңашылдық» мазмұнына ғалым В.М.Полонский ғылымитеориялық білімнің нақты жаңалығын жатқызса, В.П.Беспалько және В.В.Сериков жаңа тиімді білім беру технологияларын жатқызады, ал Н.Л.Гузик тиімді инновациялық педагогикалық тәжірибенің технологиялық жобасын ұсынады. Инновация – бұл тек педагогикалық процесс немесе мектепті басқаруды ұйымдастырудағы қандайда бір жаңалықтардың жемісі ғана емес, ол мектептегі тәрбиелеу және оқыту жүйесінің бәрінде өзгеріс әкелген өзара әрекеттер жиынтығының нәтижесі. Осындай нәтижелі еңбекті ұйымдастырғанда мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке қажеттілігі арта түседі (3-кесте). Ғалым Я.С.Турбовскойдың пікірінше, жаңашылдық озат педагогикалық тәжірибені пайдалану барысында оқу-тәрбие процесінің сапалы жаңа өзгерісі болып табылады.

Практикалық сабақ №4

Білім беру жүйесін басқарудың мемлекеттік-қоғамдық сипаты 1. Басқару ұстанымдары басқару заңдылығының нақты көрінісі мен бейнесі ретінде. 2. Педагогикалық жүйелерді басқару ұстанымдары.
Қазіргі заман жағдайында жалпы білімдік немесе қалаған басқа да оқу-тəрбие мекемелерінің педагогикалық жүйесін əрқайсысы өз алдына күрделі жүйе бөлімшелері болып есептелетін төмендегідей жүйешелер (подсистемы) бірлігі ретінде қарастыру қабылданған: - дидактикалық. Бұл жүйеше өз ішіне сабақ жəне сабақтан тыс оқу-тəрбие жұмыстарын; міндетті жəне факультатив дəрістерді; оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақты (сабақтағы оқушы жəне мұғалімдердің жұмыс орындау əдістемелерін) -əрбірін өз алдына жүйе бірліктері ретінде қамтиды; - тəрбиелік – үлкен жүйе бола тұрып, келесідей сыныптан тыс жəне мектептен тыс тəрбие жұмыстары, отбасы тəрбиесі, қоғамдық мекемелердегі тəрбие жəне өзіндік тəрбие жүйешелерінен құралады; - оқушылардың қарым-қатынастары жəне олардың мектептегі өзіндік басқару жүйешесі (мұның құрамына енетіндер: сыныптағы өзіндік басқарым, əрқилы іс-əрекет бағыттары бойынша кіші жүйешелер); - мектептің əкімшілік жүйесі: оқу процесін басқару, тəрбие жұмыстарына жетекшілік, басқа да жұмыс түрлерін алып бару жүйешелерінен құралады. Əкімшілік жүйенің қажеттігі – дидактикалық, тəрбиелік, материалды-техникалық жүйешелер мен оқушылардың өзіндік басқару жүйешелерінің басын қосып, үлкен біртұтас жүйелікке келтіру мақсатынан. Оқушылардың жан-жақты тəрбиесі мен дамуына қатысты міндеттердің шешілуі , яғни жүйенің тиімді жұмыс атқарушы барша жүйелік бірліктердің іс-əрекеттері бір бағытта орындалып бару шартына байланысты. Тұлға бөлшектеніп қалыптаспайды. Бұл кешенді де (комплексті) əрі педагогикалық жүйелерді басқарудың өзіндік ерекшелігін танытады. Басқаруға тəн жəне бір сипат- бұл жұмысқа баршаның: əкімшілік, мұғалімдер, оқушылар – араласуы. Мұндай жағдай басқару қызметінің мазмұны мен нəтижесіне үлкен əсерін тигізеді, себебі бұл істің қалаған сатысында қай деңгейде болмасын, басқарушы адам өз əрекетінің кез-келген сəті мен жүйенің қалпы тек оның шешіміне тəуелді болмайтынын мойындауы тиіс.

Білім жүйесінде қалаған деңгейдегі басқару қатынастары тəрбиелік қызметті де атқарады. Тəрбиеленушілерді басқарушы болып есептелетін педагог - тəрбиешілер оларға жетекшілік етеді, ал тəрбиеленушілер осы жетекшілік қатынастарды пайдалы ұғымдар ретінде игереді, яғни тəрбиелік қызметтің орындалып жатқаны. Осыдан да басшының, тəрбиешінің, мұғалімнің моральдық, əдептілік кейпіне жоғары талаптар қойылады. Кəсіби іс-əрекетті əрқилы деңгейде бірдей тең басқару – бұл да педагогикалық жүйелерді басқарудың өз алдына ерекшелігі. Өз тұлғасын қалыптастыру барысындағы оқушы іс-əрекетін тəрбиешінің бір өзі басқармайды, бұған бірнеше пəн мұғалімдері, сынып жетекшісі жəне басқа да күнделікті ықпал жасаушы мектептің барша қызметкерлері араласады. Сондай-ақ, мұғалімдердің, сынып басшыларының қызметтеріне мектеп директоры мен директордың оқу, тəрбие жəне сыныптан тыс жұмыстар бойынша орынбасарлары əкімшілік басқару жүргізеді. Мұғалімдер бір уақытта бірнеше қызмет атқарады. Ол – сынып басшысы, пəн мұғалімі, əдістемелік бірлестік мүшесі. Мектеп көп тарапты байланысқа ие. Оның жұмысы ата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен қатынастар негізінде атқарылып барады.

Мектеп - мемлекеттік (немесе онымен тығыз байланысқан) құрылым. Отбасы, қоғам, мемлекет араларындағы бірлікті іс-əрекеттердің ұштаса орындалуынан тəрбиенің жалпы мақсаттары іске асып барады. Мұндайда өзара байланыстар міндетті түрде жүйелі басқарымда болуы шарт. Бұл да педагогикалық жүйелерді басқарудың өз ерекшелігі. Білім берудегі мектеп жағдайы «мұғалім-оқушы» қарым-қатынасына тəуелді екенін ескеретін болсақ, білім жүйесін басқарудың келесі ерекшеліктерін де біліп қойған жөн: əртүрлі жас деңгейіндегі балалар бірлестіктеріне басшылық; материалдық ынтадан гөрі моральдық ынтаның басым болуы; басқарушының өз басқарымындағылармен жеке таныс болу қажеттігі, білім саласын басқаратын тұлғаның жоғары дəрежеде білікті, білімді болуы.

Практикалық сабақ №3

Білім беру сапасы ғылыми басқарудың мақсаты мен нәтижесі ретінде педагогикалық менеджмент сапасының талаптары 1. Оқу-тәрбие жұмысын басқару жүйесі қызметі тиімділігінің басқарудың субъектісі мен объектісі арасындағы құрылымдық-қызметтік байланыстар деңгейіне тәуелділігі.
Қазіргі кезеңде елдер арасында және олардың білім беру жүйесіндегі білім сапасы ме интеллектуалдық қуаты бойынша бәсекелестік кең етек алуда, сонымен қатар, сапаны басқару жүйесінде эволюция да байқалады. Сондықтан да біздің республикадағы басты басымдылық – білім беру сапасын қамтамасыз ету, ол Қазақстан Республикасы білімінің құқықтық-нормативтік базасында және мемлекетіміздің даму стратегиясында көрініс тапқан. Білім сапасы – қоғам, мемлекет және жеке тұлғаның мақсаттық басымдылығы мен қажеттілігін есепке алып, қатар әрекет ететін, алдын ала болжанған процесс пен нәтиже. Білім сапасын басқару мақсатты бағытталған, ресурстың қамтамасыз етілген басқарылушы және басқарушының өзара әрекет ету процесінің қоғам мен жеке тұлғаның болжанған сапаға жету нәтижесі болып табылады. Қазақстанда менеджменттің теориялық және қолданбалы аспектілері зерттелініп жатыр және әрі қарай зерттеуді талап етеді. Менеджмент тарихын білу менеджердің кәсіби білімі мен басқару ойының дағдыларын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.

Педагогикалық әдебиеттерде «білім сапасы» термині әртүрл түсіндіріледі: 1)Түлектер білімінің сапасы – білім беру мекемесінің түлектері оқу мен тәрбиенің жоспарланған мақсаттарына сәйкес қол жеткізген білім мен ептілік, ақыл-ой және адамгершілік қабілеттерінің дамуының белгілі деңгейі. 2) Білім сапасы – заманауи экономика талаптарына сәйкес маманның кәсіби қызметін үздік жүргізу қажеттілігін анықтайтын кәсіби сапа сипаттамасының кешені. 3) Білім сапасы – мақсат пен нәтиженің ара-қатынасы, мақсаттар (нәтижелер) тек операциялық түрде берілгеніне және оқушының әлеуетті даму аймағында болжанғанына қарай мақсаттарға жету шарасы.Тұтастық Құрылымдық Табыстылық Жекешелік Даралық Маңыздылық Құндылық 4) Білім сапасы – қоғамда білім үдерісінің жағдайын және нәтижелілігін, оның қоғам қажеттіліктері мен үміттеріне (тұлғаның азаматтық, тұрмыстық және кәсіби сапаларын) сәйкес келуін анықтайтын әлеуметтік санат.

Практикалық сабақ №2

Педагогикалық менеджменттің жүйелі сипаты 1. Педагогикалық менеджмент субъектері қызметінің мақсаты. Мақсат нәтиже үлгісі. 2. Педагогикалық менеджменттің міндеттері.
Басқарудың негізгі қызметтері Басқару іс-әрекеттері процесінде төмендегідей қызметтер орындалады: - мақсаттарды айқындау (бүкіл жүйенің, сонымен бірге әр кезеңнің соңғы нәтижесін болжап, ой-санада нақтылау); - жоспарлау (мектеп жұмыстарының барша бағыттары бойынша алыс болашақ пен әр жылға жоспар түзу); - ұйымдастыру (қызметтік міндеттерді сауатты бөлістіру, бағыну мен жауапкершілік жүйесін қалыптастыру); - реттеу (қабылданған шешімдерді іске асыру мақсатында әрқилы бағыттағы түрлі қызмет жүйелерінің іс-әрекеттерін үйлестіру); - ынталандыру (шығармашылық істерге, ғылыми-зерттеу жұмыстарына,инновациялық жобаларға қатыстыру үшін жағдайлар жасау; мұғалімдердің рухани бірлік сезімін қалыптастыру, олардың әлеуметтік белсенділігіне дем беру; жетістіктеріне орай бағалау және мадақтау); - бағалау (талдау және жаңа міндеттерді белгілеу үшін көзделген жоспарлардың орындалуы жөнінде уақтылы ақпараттар алып тұру); - педагогикалық талдау (оқу процесін, тәрбие жұмыстарын, білім мекемесінің материалдық қорын, қаржы-экономикалық жағдайын педагогикалық мамандар мен тәрбиеленушілер құрамын жетілдіруге байланысты зерттеулер және талдаулар, нақты қорытындылар жасап, ұсыныстар беру.

Практикалық сабақ №1

Білім берудегі менеджмент. Педагогикалық менеджмент мақсаттары, міндеттері, қызметі.1. Білім беру жүйесі түсінігі. Білім беру жүйесінің объектісі мен субъектісі. 2. Білім беру жүйесінің жалпы принциптері. Білім үдерісіндегі мониторинг.
«Менеджер» түсінігі, ең алдымен жаңа үлгідегі басшымен астастырылады, оның басты белгісі базалық кәсіби басқару білімінің болатындығы. Білім беру мекемелерін басқару дегеніміз – бұл әрбір адамжинақтай алатын тәжірибе ғана емес, бұл ғылыми білім саласы, оны игеру үшін табиғи бейімділік, талант және көшбасшылық қасиет керек. Қазіргі білім беру мекемесінің басшысы – бұл тек қызмет қана емес, сонымен қатар мамандық,32 өйткені бұл қызмет мамандықтың қажетті барлық белгілеріне ие: арнайы білімді, біліктілікті және бейімділікті, арнайы тұлғалық және кәсіби қасиеттерді қажет етеді. Әрбір білім беру мекемесі мен білім беру жүйесі қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігі, бүтіндей алғанда басқаруға байланысты болады, білімді дамыту туралы қабылдаған міндеттерді орындауға тұрақты түрде әсер ету. Сонымен, басқару қызметі отандық және шет елдік ғалымдардың еңбектерінде төмендегідей анықталады: «Басқару дегеніміз – бұл алдын-ала нәтижені көре алу, ұйымдастыра білу, бұйрық беру, үйлестіру және бақылау». Қазіргі кезеңде білім беру нарықының мүмкіндігі мен ауқымы сан қырлы. Жаһандану жағдайында, жақын болашақта білім беру нарықында жоғары сападағы кәсібі мамандарға сұраныс күшейеді. Бұлар – білім беру саласының менеджерлері. Білім беру процесінің менеджері дегеніміз – адамның біліммен сусындауына мүмкіндік жасайтын адам. Білім – тұңғиық әлем, орасан зор күш. Сонымен қатар, ол менеджер үшін бизнес те болып табылады: жекеше мектеп және коммерциялық жоғарғы оқу орындары, министрлік қызмет және халықаралық әріптестерімен бірлесу, кәсіби деңгейін көтеру, жетілдіру және т.б

Практикалық сабақ №15

Қазіргі мектепті модернизациялау жағдайында білімді сапалы басқару 1.Басқару жүйесін дамыту мен әрекеттестіру шарты мен қағидалары. 2. Басқару жүйесінің мақсаты мен негізгі міндеттері.
Қазіргі заман жағдайында жалпы білімдік немесе қалаған басқа да оқутәрбие мекемелерінің педагогикалық жүйесін әрқайсысы өз алдына күрделі жүйе бөлімшелері болып есептелетін төмендегідей жүйешелер бірлігі ретінде қарастыру қабылданған: 1) дидактикалық – бұл жүйе сабақ және сабақтан тыс оқу-тәрбие жұмыстарын; міндетті және факультатив дәрістерді; оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақтың (сабақтағы оқушы және мұғалімдердің жұмыс орындау әдістемелерін) әрбірін өз алдына жүйе бірліктері ретінде қамтиды; 2) тәрбиелік – үлкен жүйе бола тұрып, келесідей сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстары, отбасы тәрбиесі, қоғамдық мекемелердегі тәрбие және өзіндік тәрбие жүйешелерінен құралады; оқушылардың қарымқатынастары және олардың мектептегі өзіндік басқару жүйешесі (мұның құрамына енетіндер: сыныптағы өзін-өзі басқару, әрқилы іс-әрекет бағыттары бойынша кіші жүйешелер); 3) мектептің әкімшілік жүйесі – оқу процесін басқару, тәрбие жұмыстарына жетекшілік, басқа да жұмыс түрлерін алып бару жүйешелерінен құралады.Басқаруға тән басты сипат – жұмысқа барлығының бірдей араласуы: әкімшілік, мұғалімдер, оқушылар және т.б. Мұндай жағдай басқару қызметінің мазмұны мен нәтижесіне үлкен әсерін тигізеді, себебі бұл істің қалаған сатысында қай деңгейде болмасын, басқарушы адам өз әрекетінің кез келген сәті мен жүйенің қалпы тек оның шешіміне тәуелді болмайтынын мойындауы тиіс. Білім жүйесінде қалаған деңгейдегі басқару қатынастары тәрбиелік қызметті де атқарады. Тәрбиеленушілерді басқарушы болып есептелетін педагог-тәрбиешілер оларға жетекшілік етеді, ал тәрбиеленушілер осы жетекшілік қатынастарды пайдалы ұғымдар ретінде игереді. Осыдан да басшының, тәрбиешінің, мұғалімнің моральдық, әдептілік кейпіне жоғары талаптар қойылады. Кәсіби іс-әрекетті әрқилы деңгейде бірдей тең басқару – бұл да педагогикалық жүйелерді басқарудың өз алдына ерекшелігі. Өз тұлғасын қалыптастыру барысындағы оқушы іс-әрекетін тәрбиешінің бір өзі басқармайды, бұған бірнеше пән мұғалімдері, сынып жетекшісі және басқа да күнделікті ықпал жасаушы мектептің барша қызметкерлері араласады. Сондайақ, мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің қызметтеріне мектеп директоры мен директордың оқу, тәрбие және сыныптан тыс жұмыстар бойынша орынбасарлары әкімшілік басқару жүргізеді. Мұғалімдер бір уақытта бірнеше қызмет атқарады. Ол – сынып жетекшісі, пән мұғалімі, әдістемелік бірлестік мүшесі.

Педагогикалық қарым-қатынасты тиімді ұйымдастыруға қойылатын талаптар: - бақылаудың әділдігі; - ең аз жетістікті қамтамасыз ету; - қарым-қатынастағы талаптарды біріктіру; - бақылауды сенімділік сезіміне негіздеу; - еріксіз, күшпен оқытудан бас тарту; - жеке тұлғаның қызығушылықтарын ояту; - тұлғааралық қатынастың нормаларын сақтау; - жеке тұлғаның жеке басын сыйлау, жеке тұлғаның құқықтарын қорғау; - жеке тұлғаның келешегіне сену, оның жеке басын құрметтеу; - жеке тұлғаның дара, дербес қасиеттерін ашу; - жеке тұлғаның шығармашылығын қалыптастыру.

Практикалық сабақ №14

Қазіргі мектепті модернизациялау жағдайында білімді сапалы басқару 1. Мектепішілік басқару жүйесі- ұйымдық құрылымы мен қызмет ретінде. 2. Басқару жүйесін дамыту мен әрекеттестіру шарты мен қағидалары.
Педагогикалық процесті басқару – қойылған мақсатқа сәйкес шешім қабылдау, ұйымдастыру, бақылау, басқару объектісін зерттеу, алынған ақпараттарды талдау және қорытындылау ісәрекеті болып табылады. Басқару объектісі биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер бола алады. Білім беру әлеуметтік жүйеге жатады және елдің, өлкенің, облыстың, қаланың және ауданның аумағында қызмет етеді. Сондықтан басқару субъектілері министрлік, облыстық, қалалық, аудандық білім беру басқармалары болып бөлінеді. Жалпы орта білім беретін мектептер күрделі динамикалық жүйе ретінде мектепішілік басқару объектісі болып табылады. Мектепішілік басқару – тиімді нәтижелерге қол жеткізу мақсатында тұтас педагогикалық процестің объективтік заңдылықтарын тануға негізделген; оған қатысушылардың мақсатты, саналы өзара әсерлесуі. Тұтас педагогикалық процесс қатысушыларының оны басқарудағы өзара әсерлесуі өзара байланысты: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу мен түзету тәрізді әрекеттер мен функциялардан тұрады. Қазіргі білім беру жүйесінің дамуындағы бір ерекшелік – білім беру мемлекеттік-қоғамдық басқару болып табылады. Білім беру жүйесін мемлекеттік басқару сипаты төмендегідей қағидалар (принциптер) жиынтығымен анықталады: - білім берудің ізгілік сипатта болуы; - білім беру жүйесінің ұлттық мәдениеттерді және салт-дәстүрлерді мемлекеттік тараптардан қорғауы; - білім берудің жалпыға бірдейлігі; - білім берудің зиялылығы; - білім берудегі еркіндік пен плюрализм; - білім берудің демократиялық сипатта болуы. Өзін-өзі тану Өзін-өзі анықтау Өзін-өзі ұйымдастыру Өзін-өзі белсендіру Өзін-өзі сендіре алу Өз бетінше ісәрекет жасай алу Өзін-өзі бақылау Өзін-өзі бағалау Өзін-өзі жетілдіру Мектеп іс-әрекетін ұжымдық басқару органы – мектеп кеңесі басқарады. Оның атқаратын функциялары мен жұмыс мазмұны жалпы білім беру мекемесінің типтік ережелерінде көрсетіледі.

Мектеп педагогикалық жүйеге жатады, себебі ол бірқатар жүйе құраушы факторлармен, қызмет көрсету жағдайларымен, құрылымдық және функционалдық компоненттер жиынтығымен сипатталады. Жүйе құраушы факторлар рөлін мақсаттар мен нәтижелер атқарады; қызмет көрсету жағдайлары – әлеуметтік-педагогикалық және уақытша байқалатын жағдайлармен; құрылымдық компоненттер – басқарушы (педагогикалық ұжым) және басқарылушы (оқушылар ұжымы) жүйелермен, педагогикалық іс-әрекет мазмұнымен, құралдармен, нысандармен және әдістермен; функционалдық компоненттер – педагогикалық талдаумен, мақсат қою және жоспарлаумен, ұйымдастырумен, бақылаумен, реттеу және түзетумен анықталады. Мектепті педагогикалық жүйе және басқару объектісі ретінде қарастыру оны басқарушылардың басқару іс-әрекеті бір мезгілде мақсаттар анықтау мен олардың нәтижелеріне қол жеткізуге, педагогикалық және оқушылар ұжымдарын қалыптастыру жағдайларын жасауға, оқу-тәрбие жұмысы мазмұнын таңдап алу мен құралдарын, нысандарын, әрекетін қолдануға мүмкіндік береді. Мұндай амал педагогикалық жүйе мақсаттылығын сақтай отырып, оны құрайтын компоненттерді жаңартуға тиімді әсер етеді. Педагогикалық жүйенің бастысы болып табылатын, маңызды жүйе құраушы фактор – баланың тұлғалық күштерін үйлесімді дамытуға, оның өзінөзі анықтауына және өзін-өзі дамытуына жағдайлар жасауға бағытталған мұғалімдер мен оқушылардың біріккен іс-әрекет мақсаты болып табылады. Мектептің мақсаты – тұлғаның интеллектуалдық, құлықтық, эстетикалық, еңбектік, экологиялық, құқықтық және басқа да мәдениетін қамтитын базалық мәдениет негіздерін қалыптастыру болып табылады.

Практикалық сабақ №7

Тұтас педагогикалық үдерісті басқару және педагогикалық талдау 1. "Диагностика" ұғымының мәні, түсінігі.
Педагогикалық диагностика соңғы уақытта іс-әрекет нысаны жән мұғалімді басқару принципiн қарастырып келеді. «Педагогикалық диагностика» ұғымын 1968 жылы бір ғылыми жоба аясында медициналық және психологиялық диагностикамен ұқсата отырып К.Ингенкамп ұсынды. Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде құрылым, функция, міндеттер және педагогикалық диагностика бағыттары анықталады (Б.С.Кобзарь, Л.И.Катаева, Е.А.Берулова, Б.П.Макарова, Б.П.Битинас, В.П.Симонов және т.б.).96 Б.П.Битинас педагогикалық процесс жағдайының оңтайлы жинақталған көрсеткіштерін айқындайтын ғылыми бағыттағы педагогикалық диагностиканың негізгі міндеттерін анықтады. Педагогикалық диагностика – сипаттама үшін аса қажет білім мен ісәрекеттің жиынтығы және педагогикалық процесс жағдайы себеп-салдарын анықтау, мақсаттар арасындағы қарама-қайшылықты және «педагог-оқушы»жүйесі мүмкіндіктерін анықтау (В.К. Омарова). Білім беру қызметі – білім беру субъектілерінің мақсатты, педагогтік негізделген, дәйекті өзара іс-қимылы барысында жеке адамды оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері шешілетін процесс. Дәстүрлі білім мен қабілеттілікті тексеруге қарағанда, диагностикаға кең әрі терең мағына енеді. Тексеру нәтижелерді тек атап кетеді, оның қайдан пайда болғанын түсіндірмейді. Диагностикалау қорытындының қай жолмен, қандай нұсқалармен байланысты екенін қарап, оқыту құрылымының серпімділігін, процестердің басын ашады. Диагностикалаудың ішіне бақылау, тексеріс, бағалау, статистикалық мағлұматтардың жиынтығы, оның талдауы, серпімділігі, жағдайдың әрі қарай дамуын болжау кіреді. Осылай, педагогикалық диагностиканың үндеуі біріншіден, жеке оқыту процесін оңтайландыру; екіншіден, қоғам мүдделерін сақтай отыра оқытудың нәтижелерін дұрыс анықтау, үшіншіден, осы критерийлерді қолдана отырып, тәрбиеленушілердіәртүрлі курстарға жіберу. Педагогикалық диагностика – педагогикалық ғылымның бір саласы, сонымен қатар, практикалық педагогиканың негізгі формасы болып табылады.

Практикалық сабақ №8

Мектептің тұтас педагогикалық үдерісінің диагностикасы.
Қазіргі педагогикада мұғалімнің іс-әрекет нысаны педагогикалық процесс деп мойындалған. Соған орай мұғалімнің жұмыс тиімділігі оның ісәрекет нысаны ретіндегі біртұтас педагогикалық процесс теориясын қаншама білуіне және диагностикалау дағдысын меңгеруіне тікелей байланысты ТПП-тің жұмыс істеу әртүрлі кезеңдеріндегі жай-күйі туралы ақпарат – диагностиканың негізі. ТПП-тің түрлі кезеңдеріндегі жай-күйі туралы ақпарат түрлері: бастапқы, тактикалық, оперативтік. Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттықкоммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек. Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін. Бұл ақпараттың пассивті түрде пайдаланатын бөлігінің артуына байланысты болып отыр. Интернеттің кең таралуына орай ақпарат 1 • Бақылау 2 • Әңгімесу 3 • Сұхбат 4 • Сауалнама жүргізу 5 • Тест 6 • Құжаттарды зерттеу 7 • Ғылыми жоба 8 • Педагогикалық портфолио таратудың бақылауға көнбейтін кері процесінің күннен күнге артып бара жатқаны байқалады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі. Ақпараттар сипаттамасы көбейген сайын педагогикалық процестің жағдайы нақтылана түседі. Сондықтан ақпаратты сұрыптауға іс-әрекеттердің барлық түрлері мен оның көрсеткіштерін талдау негізге алынады. Сонымен, педагогикалық ақпарат дегеніміз – үйретілетін нысан туралы барлық мәліметтер емес, керісінше оның мәнді әрі керекті педагогикалық процесті көрсететін негізгі сипаттамалары. Педагогикалық процесс жағдайының дәстүрлі талдауы және оның қорытындыларының объективтік бағалауы қандай да бір дәрежеде білім беру мекемесінде педагогикалық менеджменттің сапасын да анықтауға мүмкіндік береді. Бірақ білім беру процесі сапасының және басқару процестері сапасының өзара негізделуі біркелкі сипатта болмайды, өйткені мектеп қызметінің табыстылығы көптеген факторларға байланысты. Іс жүзінде білім беру мекемесінің басшысы кәсіби біліктілігінің жетіспеушілігін педагогикалық ұжымның кәсіби құзыреттіліктерінің жоғары сипаттамалары, қалыптасқан танымдық түрткілерге және білімін жалғастыруға деген ұстанымдарына ие оқушылардың дамыған зияткерлік қабілеттерімен орны толатынын байқауға болады.

Практикалық сабақ №9

Тұтас педагогикалық үдерісті басқару және педагогикалық талдау Мектептің тұтас педагогикалық үдерісінің диагностикасы.
Білім беру сапасын басқару білім беру мониторингінің нәтижелері негізінде барлық деңгейлерде басқарушылық шешімдерді қабылдау арқылы жүзеге асырылады. Білім беру мониторингі білім сапасын сырттай және ішкі бағалау әдістері арқылы өткізіледі. Білім беру сапасын сырттай бағалау білім беру ұйымдарын лицензиялаудың, мемлекеттік аттестаттаудың, білім беру ұйымдарын аккредиттеудің рәсімдерін, ұлттық бірыңғай тестілеудің, мемлекеттік аралық бақылаудың, сондай-ақ барлық үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдарын саралау мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдарда білім алушыларға біліктілік берудің рәсімдерін қамтиды. Білім беру сапасын ішкі бағалау сапа менеджменті жүйесін, білім беру ұйымдары қызметінің барлық түрлерінің өзін-өзі бағалауының әртүрлі120 рәсімдерін, үлгерімді ағымдағы бақылауды, білім алушылардың білім алужетістіктерін бағалауды қамтиды. Педагогикалық мониторингісін білім беру ортасының жағдайы туралы деректерді дәлелдеу процесі ретінде қарастыра отырып, А.С.Белкин мониторингтік зерттеулер барысында жүзеге асырылатын негізгі функцияларды анықтады: 1) тұспалдаушы; 2) конструктивтік; 3) ұйымдастырушы-әрекеттік; 4) түзету; 5) бағалау-болжамдық.

Мониторинг білім беру мекемелер жүйесінде, бірінші кезекте, ақпаратты жинақтау, өңдеу, сақтау мен талдауды реттеу және стандарттау арқылы ақпараттық ағыстарды ұйымдастыруға ерекше көзқарастарды көздейді. Осының салдарынан мониторинг межелерінің тізімі білім берудің қадағаланатын сапасына қатысты валидтік талаптарына жауап беруге тиіс; ақпаратты ұсыну түрі уақыттың белгілі кезеңі бойында жеткілікте түрде нақты және тұрақты болуға тиіс. Бірақ бұл мониторингтік зерттеулерді өткізуде қаталдықты білдірмейді, өйткені бірқатар жағдайда таңдалған межелердің және оларға барабар ақпаратты сараптау-синтетикалық әдістерді түзету қажетті болу мүмкін. Сонымен, мониторинг барысында алынған ақпарат келесі сапалық сипаттамаларға ие, тиісті педагогикалық шарттар сақталыну керек: 1) шынайлылық – алынған нәтижелер істердің нақты жағдайын көрсетуге, ал тұлғалық фактор төмендетілуі тиіс; 2) дәлділік – өлшемдердің дәлелсіздіктері жарамды нақтылықпен дәл көрсеткіштердің мәндеріне кепілдік беретіндей болуға тиіс; 3) толықтылық – ақпарат дереккөздері нәтижелерді алудың ықтимал өрісін жабуға тиіс немесе түзетіп қайта тұсауын кесу керек; 4) жеткіліктілік – ақпарат көлемі басшының қажеттіліктеріне сәйкес келуге және қандай да болсын шешімді қабылдау үшін жеткілікті болуға тиіс; 5) жүйелілік (құрылымдылық) – бір объектіге қатысты әртүрлі дереккөздерден алынған басқарушы ақпарат көздерінің сапасын және басшылардың ақпараттық сұраныстарын есепке алумен құрылымдалуға және жүйеленуге тиіс; 6) жалпылау оңтайлығы – ақпарат басқару органы шешетін міндеттер деңгейіне сәйкес келуге тиіс; 7) жеделдік (уақыттылығы) – ақпараттың сапасы ретінде. Ақпарат көп мөлшерде тарихи құндылық емес, басқарушы құндылыққа ие болуға тиіс, яғни даму қарқындарына сәйкес келу керек; 8) қолжетімділік – осы көрсеткішті екі мағынада түсінуге болады. Бір жақтан, ақпаратты алу мүмкіндігі және нақтылығының мазмұнындағы қолжетімдік (басшы қандай да болсын бір ақпарат бар екендігін біле тұра әртүрлі себептердің арқасында оларды ала алмайтын нұсқа болу мүмкін).Қолжетімділіктің екінші түсінігі басшыға басқару шешімдерін жылдам және тиімді қабылдауға мүмкін болатын ақпарат ұсынудың осындай түрімен байланысты

Практикалық сабақ №10

Педагогикалық ұжымның сипаттамасы Жоспарлау - мектепті басқарудың функциясы ретінде.
Жоспарлау – мектепті басқарудың функциясы ретінде. Педагогикалық процестің жағдайы туралы ақпаратты мектеп жұмысының барлық түрлерін жоспарлау үшін пайдалану. Жоспарлау барлық басқару қызметінің ішіндегі ең негізгісі болып саналады. Жоспарлау дегеніміз – алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен амалдары. Жоспар туындаған жағдайларға байланысты өзгертуге ыңғайлы болу керек.Жоспарлау қызметі төмендегідей үш сұраққа жауап береді: 1) Қазір біз қандай жағдайда тұрмыз? 2) Қандай бағытта дамығымыз келеді? 3) Мұны қалай іске асыруға болады? Жоспарлау қызметінің мерзіміне байланысты жіктелуі: 1) Стратегиялық жоспарлау. 2) Орта мерзімді жоспарлау. 3) Тактикалық жоспарлау – барлық басқару функциясының ішінде жоспарлау ең елеулісі болып саналады. өйткені мұың өзі кез-келген балама әрекеттерді таңдап, алуға байланысты. 4) Индикативті жоспарлау – ұзақ мерзімге құрылған жоспарға өзгерістер немесе жаңалықтар енгізу. 5) Бизнес-жоспар – жоспарлау жүесіндегі қоғам мақұлдаған әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіпкерлік құрылымдар пайдаланатын жүйе, жол. Бизнес-жоспар субъект ұйымдастырып отырған өндірістің қызмет көрсету, т.б. мақсаттары мен оған жету жолдарын баяндау. Жоспарлау қызметі шаруашылық мазмұнына байланысты ажыратылады: қаржылық; өндірістік; өткізу-сату; нарық сиымдылығын жоспарлау. Жоспарлау білім беру мекемесінің іс-әрекеттерінің мақсаттарын, оларға жетудің басты бағыттары мен құралдарын анықтайды

ХХІ ғасырда білім беру мекемелеріндегі стратегияларды әзірлеу қажеттігі бірнеше объективті алғышарттармен анықталады: 1) «артық өндіру» – білім беру қызметтері туралы ұсыныстармен нарықты қанықтыру; 2) «талап қоюшылық» – білім беру мекемелерін таңдау еркіндігінен және табыстың өсуі салдарынан азаматтардың білім беру сапасына талап деңгейінің өсуі; 3) инновациялық – білім беру қызметін ұсынудың техникалық, әдістемелік және ұйымдастырушылық мүмкіндіктерінің айтарлықтай жақсарғаны (мультимедиа, Интернет, қашықтық білім алу); 4) динамикалық – тауардың өмірлік циклының қысқаруымен байланысты жаңа білім беру қызметтерін ендіру мерзімін қысқартуға бағдарлану; 5) диверсификация – білім беру қызметінің деңгейі мен түрлеріне сұраныстың артуы, білім берудегі ілеспелі және қызмет ететін іс-әрекет сферасының дамуы (көлік мектебі, жатақхана, тұрмыстық қызмет көрсету, өндіріс және т.б.); 6) дифференциация – нарықты ырықтандыру жағдайында халықтың әр түрлі қажеттіліктерінің үдемеленуінен білім беру қызметінің неғұрлым арту шарты; 7) бәсекесестік – білім беру мекемелерінің нарықтағы өз сегменттері ұшін күрес, оқушылардың понтенциалды контингенті, бәсекелестіктің белсендірілуіне байланысты жарнамалық шығынның өсуі және қызмет көлемінің өсуі; 8) сұраныстың ауытқуы – білім беру мекемелерінің тұрақты жағдайына қауіп төндіретін білім беру қызметі нарығында сұраныстың өзгерісі (мысалы, кейбір мамандыққа деген сұраныстың күрт төмендеуі); 9) сұраныстың азаюы – оқушы санының азаюынан білім беру қызметін жасаушылыр үшін елеулі түрде ұсыныстардың азаюы; 10) люмпенизация – халық жұмыссыздығының толық және ішінара өсуі, табысы төмен деңгейдегі контингенттің өсуі және ақылы түрде білім алуға деген сұраныс;129 11) интервенция – шет елде білім алуға деген шектеудің алынып тасталуымен байланысты ірі шет елдік университетерің халықаралық бәсекелестігі және дәулетті адамдар үшін ақылы сапалы қызметтің жаңа нарығының ашылуы.

Практикалық сабақ №11

Педагогикалық ұжымның сипаттамасы Педагогикалық үдерістің жағдайы туралы ақпаратты мектеп жұмысында барлық түрлерін жоспарлау үшін пайдалану.
Педагогикалық ұжым – дамудың нақты заңдылығымен әрекет ететін феномен. Педагогикалық ұжым – білім беру сапасын басқарудың объектісі ретінде. Нарықтық экономика жағдайларында кәсіпорындар мен ұйымдардың үздік қызметі тұтынушыларына ұсынатын өнім мен қызметтерінің сапасына негізделеді. Сапа проблемаларын теориялық негіздеудің қажеттілігі Ресейде 1992 жылдың басында ғылыми зерттеудің жаңа саласы – квалиметрияның пайда болуына әкелді, оның басында Н.А.Селезнева, А.И.Субетто, Ю.Г.Татур сияқты ғалымдар тұрды. Заманауи педагогикалық әдебиетте «білім сапасы» термині әртүрлі түсіндіріледі Оқу-тәрбие процесіндегі сапаны басқару. Мектеп басшысының міндеті: мақсат бірлігін қамтамасыз ету бойынша аталған саясат пен жауапкершіліктердің барлығын жүзеге асыруды, басқару дәстүрін сабақтастыруды, барлық қызмет түрлерін процестік көзқараспен қамтамасыз етуші сапа менеджменті жүйесін тұрақты түрде жақсарту мен қолдауды және нақты мәліметтер талдауының дәлдігіне негізделген шешімдерді қабылдау. Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі құрылды. Ол тәуелсіз сыртқы бағалаудың барлық элементтерін (лицензиялау, аттестаттау, аккредиттеу, рейтинг, бірыңғай ұлттық тестілеу (ҰБТ), мемлекеттік аралық бақылау (МАБ), түлектерді кешенді тестілеу және басқалары) қамтиды. Барлық облыстарда білім беру сапасын бағалаудың облыстық жүйесі енгізілуде. Білім берудің барлық деңгейлерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылуда. Педагогтің педагогикалық процесті басқару бойынша қызметін жүргізуге дайындығы тек білімнің болуында және ұсынылған ептіліктердің қалыптасуында ғана емес, сонымен қатар, педагогтің осы қызметі оқушыны педагогтың әсер ету объектісінің ұстанымынан өзінің оқыту субъектісінің ұстанымына ауыстыруына бағыттауына болатыны көрсетілген ( 26-кесте). В.П.Панасюк, білім беру қызметтері тұтынушыларының әртүрлі топтарын қарастыра отырып, оқушылар – білім беру қызметінің белсенді қатысушылары (мұғалімдермен қатар) екенін көрсетті. Білім алушының белсенділігі тәжірибеден тәуелсіз оқу-тәрбие процесінде жүргізілетін басқарудың маңызды құрауышы екені оқу қызметін және оны құрайтын оқу әрекеттерін талдау арқылы ашылады. Белгілі психолог П.Я.Гальперин әрекет құрылымын аша отырып, оны атқаратын функциялары бойынша шамалы, атқарушы және бақылау деген үш бөлікке бөледі.

Практикалық сабақ №12

Ұжымды дамыту заңдылықтары. Мектептегі әдістемелік қызметті ұйымдастыру формалары мен қағидалары.
Педагогикалық менеджмент негізінде басқарылған ұжым төмендегідей параметрлерді жетілдіреді: - басқаруды орталықтандыру мен орталықсыздандыруды тиімді үйлестіру; - ұжымның барлық мүшесін педагогикалық процесті басқаруға қатыстыру; - ұжымдағы психологиялық ахуалды жақсарту; - басқару шешімін қабылдау тиімділігін арттыру; - ұжымдағы жанжалды дұрыс шешуге бағыттылық; - ұжымның интеллектуалдық және әлеуметтік әлеуетін көтеру. Ең соңында жоғарыда көрсетілген параметрлер оқу-тәрбие процесінің тиімділігін анықтайды. ХХ ғасырда атақты экономист Н.А.Витке: «Басшы – үкімін жүргізуші емес, ол психологиялық қарым-қатынасының координаторы, әлеуметтік құрылысшы, адамдардың күш-жігерін жинақтаушы» – деп, атап көрсетті.

Менеджмент негізінде басқару алдына төмендегідей міндеттер қояды: - біріккен іс-әрекетке адамдарды жұмылдыру; - адамдардың күш-жігерін бір мақсатқа жұмылдыру, тиімділігін арттыру және әлсіз жақтарын табу; - ұжымның әрбір мүшесінің ұсынысын қанағаттандыру және оған қолайлы жағдай тудыру; - ұжымның әрбір мүшесінің кәсіби өсуіне толық жағдай жасау; - ұжымның әрбір мүшесі өз іс-әрекетін өзі бақылай алатындай өзіндік жауапкершілікті қалыптастыра отырып, ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыру; - ұжымдық іс-әрекетті олар шығаратын өкіммен өлшеу; - алдағы істелінетін жұмыстың мақсатын айқындау, соңғы күтілетін нәтижені білу; - ұжымның әрбір мүшесінің міндеттерін бөліп көрсету, бұл міндеттерді орындаудың операцияларын жете білу; - мақсатқа жету үшін қажеттінің бәрін дайындау; - істелінетін жұмыстың нәтижесін өлшейтін сапалық көрсеткіштерді анықтау; - жұмысқа қатыстырылатын адамдардың әрқайсысының міндеттері мен жауапкершіліктерін анықтау; - жұмысты орындаушыларды жұмысты бастар алдында, жұмыс барысында «Не?», «Немен?», «Қалай?», «Қайда?», «Қашан?», «Кіммен?» деген сұрақтарға жауаптар беретіндей нұсқаулармен қаруландыру. Ұжымда шығармашылықпен жұмыс жасайтындай жағдай жасау қажет. Адамдарды басқару ғылыми іс-тәжірибесі көрсеткендей, адами орталықтандырудың басты құралы – адамдарды құрметтеу және адамдарға деген сенім, жеке тұлғаны сыйлау.

Практикалық сабақ №13

Ұжымды дамыту заңдылықтары. Мектептегі әдістемелік қызметті ұйымдастыру формалары мен қағидалары. 1. Мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастырудағы өзіндік білімнің маңыздылығы
«Көшбасшылық» түсінігінің туындауы және анықтамасы.Үкіметтің, көшбасшылықтың және менеджменттің өзара байланысы. Көшбасшылық мәселесі педагогикалық менеджменттің маңызды мәселелерінің бірі ретінде. Белгілі ғалым Ю.А.Конаржевский: «Менеджмент – бұл басқарушыға ғана емес, кез-келген маманға қажет білімдердің жиынтығы. Егер сіз белгілі бір салада – медицинада, білім беру жүйесінде, ғылымда, бизнесте кәсіпқой маман болсаңыз құрылымға біте қайнасып, араласып кету үшін менеджменттің негізгі қағидаларын білмейінш оңай болмайды» –деп көрсеткеніндей, менеджментте адам құрал емес, мақсат. Оның құндылығы да осында. Көшбасшы (ағылшынның LEAD (лидер) – артынан ерту, іліктіру) – болашақты меңзей алатын, ұжымды артынан ілестіре алатын, жеке басының идеясы бар жаңашыл адам. Қазіргі кезеңде мекеме басшысы көшбасшылықты бірге алып жүргенде ғана ұзақ уақыт мекеме басқара алады. Ресейлік ғалым О.А.Никитинаның зерттеуіне сүйенсек, уақыт ағымына қарай көшбасшылықтың сипаттамалық мінездемесі де өзгеріп отырады Америкалық профессор Уильям Абернети жапондықтардың машина жасаудағы табыстарының себептерін анықтау оны қалай таң қалдырғандығын айтады. Ол: «Мен үшін үлкен жаңалық, табысқа жетудің сыры автоматтандыруда емес екендігін ашу болып табылады. Олар автомобиль жасауға «адамдық» көзқарас қалыптастырған. Олардың ненің не екендігін білетін, жұмыс істегісі келетін және автомобиль жасауға психологиялық дайын жұмыс күші бар» – дейді. Ақылды жапондықтар автомобильден адамды, автомобиль жасаушыны жоғары қойып отыр. Табыстың сыры осында. Менеджментке тән белгі – оның өзегі «адамға» бағытталғандығы, оның «адам үстемдігі» негіз болып табылатындығы. Менеджменттің табысы адамдардың ынтымақтастығында болып табылады.

Главная тема