Categorias: Todos - білім

por Гүлсезім Жасұлан 2 anos atrás

409

Инклюзивті білім беру

Инклюзивното образование се фокусира върху интеграцията на всички деца в общия образователен процес, независимо от техния пол, произход, религия или социален статус. Основната цел е да се премахнат бариерите, които пречат на децата да участват пълноценно в учебния процес и социалната адаптация, осигурявайки подходящи условия за техните образователни нужди.

Инклюзивті білім беру

Title

Add your text

Дәріс 2. Инклюзивті білім берудің нормативтік құқықтық базасы.

2.Әлемдегі инклюзивті білім берудің даму перспективалары
1. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың білім алуын қамтамасыз ететін құжаттар.
Инклюзивті білім берудің маңызы зор.

Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы — барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвенциясында 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілген болатын.

Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы ресми дерек Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілді.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген.

Қазақстан Республикасының 11.07.2002 жылғы «Кемтар балаларға әлеуметтік-медициналық-педагогикалық-психологиялық түзеу арқылы қолдау туралы» № 343 заңы бойынша ТДО сыныптары үйден оқыту, үйден әлеуметтік көмек көрсету, көмекші бағдарлама, арнайы (ПДТ) бағдарлама бойынша куәлік беру ережелерін және мүмкіндігі шектеулі балаларды қорғау, қамқорлау, диагнозын анықтау, емдеу, оңалту, тәрбиелеу, оқыту, қатарға қосу мәселелері бойынша жаңадан шыққан заң, қаулы, ереже тәртіптерінде қаралған.

Инклюзивті білім беру системасының өзі инклюзивтік қоғамның дамуының тиімді механизмі болып табылады. Инклюзивті білім беру системасын дамыта отырып,біз инклюзивтік қоғам,яғни әрбір адам үшін қоғамды дамытуға жол ашамыз.

Дәріс 1.Инклюзивті білім берудің жалпы теориялық негіздері.

«Инклюзив» сөзі латын тілінен аударғанда – «өзімді қосқанда», ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді.
Инклюзивті білім беруді қалай түсінеміз?

Инклюзивті оқыту- барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, балалардың білімділік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.

Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері: 1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады. 2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. 3. Әрбір адам қарым - қатынасқа құқылы. 4. Барлық адам бір - біріне қажет. 5. Білім шынайы қарым - қатынас шеңберінде жүзеге асады. 6. Барлық адамдар құрбы - құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. 7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру. 8. Жан - жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

Инклюзивті білім берудің мақсаты: ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру.

Инклюзивті білім беру –ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытып-үйретудің бір формасы.

Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу ұйымдарында, ұйым өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.