类别 全部

作者:Құндыз Күздеубаева 22 天以前

145

Конструктивті оқыту әдістемесі

Проблемното обучение е метод за обучение, който цели да развие активното мислене, изследователските умения и способностите за решаване на проблеми у учениците. Основните елементи включват предлагането на хипотези, проверката им чрез изследвания, задаването на проблемни въпроси и създаването на проблемни ситуации.

Конструктивті оқыту әдістемесі

Конструктивті оқыту әдістемесі

Практикалық сабақ 5 Сыни ойлауды дамытуға бағытталған тапсырмалар

2. Тәрбиеленушілерді сыни ойлауға ынталандыратын сұрақтар қою тәжірибесі
Жаңашылдық пен инновациялар. Кәсіби құзыреттіліктің дамуы мұғалімдерге оқу үдерісінде жаңа технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізуге мүмкіндік береді. Мысалы ойын әдістері жобалық жұмыс сияқты әдістер балалардың қызығушылығын арттырып шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.

Тұрақты даму. Кәсіби құзыреттілік- бұл үздіксіз даму процесі. Мұғалімдер өз білімдерін үнемі жетілдіріп отыруы керек. Әсіресе жаңа білім беру стандарттары мен әдіс-тәсілдерін меңгеру маңызды. Әр жыл сайын өтетін кәсіби біліктілік арттыру курстары мен семинарлар осы бағытта үлкен рөл атқарады.

Қорытынды. Сыни ойлау- білім алушыларды анализ жасау, аргументті келтіру, шешім қабылдау қабілеттерін дамытатын маңызды дағды. Белсенді тапсырмалар мен ашық сұрақтар арқылы бұл дағдыны жетілдіруге болады.

Баланың оқу мотивациясын арттыру. Мұғалімнің кәсіби құзыреттіліг балалардың оқу мотивациясына тікелей әсер етеді. Мысалы мұғалімдер балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін түрлі ойындар, шығармашылық тапсырмалар мен жобаларды енгізіп, сабақтарды қызықты етеді. Бұл олардың білім алу процесіне деген құштарлығын арттырады.

1. Сыни тұрғыдан ойлауды жетілдіретін жаттығулар мен тапсырмалар әзірлеу
Сыни ойлау- ақпаратты талдау, бағалау, салыстыру және жаңа шешімдер ұсыну қабілеті. Бұл дағдыны дамыту үшін төмендегі жаттығулар мен тапсырмалар тиімді.

Төрт сурет- бір сөз әдісі. Оқушыларға төрт түрлі сурет беріледі, олар олардың арасындағы байланысты анықтап, ортақ сөзді табуы керек. Табиғат құбылыстары туралы суреттерді қарап, ортақ тақырыпты анықтау.

Кері аргумент әдісі. Берілген пікірге қарама-қарсы аргумент ұсыну. Ғаламтор пайдалы деген пікірге қарсы дәлелдер келтіру.

Бес неге? әдісі. Бір мәселенің түпкі себебін анықтау үшін оған бес рет Неге? сұрағын қою. Неге ауа ластанады? - әр жауапқа қайта Неге? сұрағын қою арқылы себептерін табу.

Жалған ақпаратты анықтау. Берілген ақпараттың қайсысы шын, қайсысы жалған екенін талдау. Оқулықтағы немесе интернеттегі ақпараттардың дұрыстығын тексеру.

Екі жақты пікірталас. Бір тақырып бойынша екі жақтың аргументтерін қарастыру. Жасанды интелект- адамзатқа қауіп пе мүмкіндік пе? деген тақырыпта пікірталас.

Практикалық сабақ 4 Конструктивті оқытудағы белсенді әдістер.

Add text
Брейн- ринг, Квест. Топтық жұмыс әдістері. Оқушылардың бірлесе жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.
Шешім қабылдау тапсырмалары. Ойын әдістері. Геймификация. Сабақта ойын элементтерін қолдану арқылы оқушылардың мотивациясын арттыру. -Дебат, викторина.
Ой талқы. Проблемалық оқыту. Оқушыларға нақты мәселе ұсынылып, олар оны шешу жолдарын іздейді. Кейс-стади ( жағдайды талдау)
1.Сабақ барысында қолданылатын белсенді, интерактивті әдістерді жіктеу. Тәрбиеленушілердің белсенді іс- әрекетін ұйымдастыру дағдыларын дамыту.
Қорытынды: Белсенді әдістерді қолдану- оқушылардың білімді терең меңгеруіне, шығармашылық ойлауына және өз бетінше әрекет етуіне мүмкіндік береді. Мұндай әдістерді жүйелі қолдану білім беру сапасын арттырудың тиімді жолы болып табылады.
Практикалық тапсырма: Топтарға бөлініп, бір белсенді оқыту әдісін таңдап, сабақ жоспарын құрыңыз.

Топтар өз жұмыстарын қорғап, өзара кері байланыс береді.

Таңдалған әдісті практика жүзінде өткізіп, оның тиімділігін талдаңыз.

Белсенді оқыту әдістері- оқушылардың оқу процесіне белсенді қатысуын қамтамасыз ететін әдістер.

Тәрбиеленушілердің белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру дағдыларын дамыту.

Кері байланыс ұйымдастыру- Оқушылар өз жұмысттары бойынша пікір білдіріп, рефлексия жасауға дағдылануы керек.

Өзіндік зерттеу жүргізуіне мүмкіндік беру- Ғылыми жобалар мен ізденіс жұмыстары бойынша белсенділікті арттыру.

АКТ құралдарын қолдану- Интерактивті тақта, онлайн платформалар арқылы оқыту.

Топтық жұмыс ұйымдастыру- Ынтымақтастықта жұмыс істеуге дағдыландыру.

Қызықты тапсырмалар беру- Оқушылардың шынайы өмірмен байланысты тапсырмаларды орындауына мүмкіндік жасау.

Белсенді іс-әрекетті ұйымдастыру үшін маңызды факторлар:

Практикалық сабақ 3. Тақырыбы: Тәрбиеленушілердің алдын- ала білім мен тәжірибесіне сүйену.

1. Алдын-ала білімнің жаңа ақпаратты меңгерудегі рөлін көрсету. Тәрбиеленушілердің тәжірибесін сабаққа енгізу әдістерін меңгеру.
Алдын-ала білімнің жаңа ақпаратты меңгерудегі рөлі. Алдын-ала білім дегеніміз не? Алдын-ала білім- бұл оқушының бұрыннан меңгерген ақпараттарды, дағдылары мен тәжірибесі, жаңа білімді түсіну және қабылдау үшін негіз болып табылады. Жаңа ақпаратты меңгерудегі рөлі: Жаңа материалдың мағынасын жылдам түсінуге көмектеседі. Оқушылардың қызығушылығын арттырады. Жаңа білім мен бұрынғы білім арасында байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Жаңаны түсінуді жеңілдетеді және есте сақтау қабілетін жақсартады. Белсені оқытуға ықпал етеді.

Кейс- стади. Нақты өмірден алынған жағдайларды талдау арқылы оқыту. Экономика сабағында Компонияның қаржылық дағдарыстан шығу жолдары кейсін талдау.

Рөлдік ойындар. Оқушылар белгілі бір жағдайларды бейнелеп, өмірден мысал келтіреді. Тариих сабағында Ұлы Жібек жолы керуеніндегі саудагерлер рөлінде ойнау.

Жоба және зерттеу жұмыстары. Оқушылар белгілі бір тақырып бойынша зерттеу жасап, өз тәжірибелерін қолдана отырып жұмыс істейді. Менің отбасымның ұлттық дәстүрлері- әдебиет сабағында.

Проблемалық жағдаяттар. Нақты өмірлік мысалдар арқылы жаңа білімді игерту. Су тапшылығы мәселесін шешудің қандай жолдарын ұсына аласыз? география сабағы.

Талқылау және пікір алмасу. Оқушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікірталас жүргізеді. Сіз өз өміріңізде математика заңдарын қай жерде қолдандыңыз? деп сұрау.

Миға шабуыл. Оқушыларға тақырып бойынша алдын ала білетіндерін айтуға мүмкіндік беру. Сабақ басталар алдында Экология тақырыбында Қоршаған ортаға әсер ететін факторлар қандай? деп сұрау.

Ассоциация әдісі. Жаңа тақырыпты түсіндірмес бұрын, оқушылардың бұрынғы білімдерімен байланыстыруды сұрау.

Математика сабағында қарапайым арифметикалық амалдарды білетін оқушы жаңа алгебралық теңдеулерді оңай меңгереді.

Мысал: Егер оқушы күнделікті өмірде өсімдіктерді суару тәжірибесіне ие болса, онда өсімдіктердің фотосинтезі туралы жаңа ақпаратты жеңіл түсінеді.

Практикалық сабақ 2 Тақырыбы: Конструктивті оқытудың философиялық негіздері

Философиялық тұрғыдан білімнің белсенді құрылуы қағидатын түсіну
Қателіктер мен түзетулер: Белсенді білім құрылуы кезінде қателіктер мен сәтсіздіктер маңызды рөл атқарады. Оқушының қателіктері оның түсінігін тереңдетуге және жаңа тәсілдермен білімді қайта құрылымдауға мүмкіндік береді.
Оқушының рөлі: Оқушы білім алуда тек тыңдаушы емес, білімнің құрылуына белсенді қатысушы. Ол жаңа ақпаратты өз түсінігіне сәйкес қайта құрады, өз пікірін қалыптастырады. Бұл тұрғыда оқушының ішкі мотивациясы, қызығушылығы мен ізденісі маңызды рөл атқарады.
Эмпиризм және прагматизм. Прагматизмнің негізін қалаушылар да білімді тек теориялық емес, тәжірибелік тұрғыдан қолдануды маңызды деп санайды. Олар білімді адамның тәжірибесі мен іс-әрекетінде көрінетін практикалық нәтиже деп түсіндіреді.
Диалектикалық материализм. Классикалық философияда білімнің құрылуы, әсіресе диалектикалық материализм тұрғысынан, өзгерістер мен дамудың үнемі қозғалысы ретінде қарастырылады. Карл Макс пен Фридрих Энгельс өздерінің диалектикалық материализмінде қоғам мен адамның санасы үздіксіз даму мен өзгеріске ұшырайтынын айтады.
Конструктивизм- бұл білімнің құрылуын адамның тәжірибесінде және қоршаған ортамен өзара әрекеттесуіне негізделген теория. Бұл бағыттың басты идеясы- білім адам санасында тек сыртқы дүниеден келген ақпараттың көшірмесі емес, ол белсенді түрде құрастырылады. Бұл тұрғыдан алғанда, білімнің құрылуы тек пассивті қабылдаудан емес, адамның белсенді іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады. Конструктивисттердің айтуынша, адам жаңа білімді өзінің бұрынғы түсініктерімен байланыстыра отырып, өзі құрастырылады.

Жан Пиаже: Пиаже білімнің құрылуын адамның танымдық дамуымен байланыстырылып, оның конгнитивтік дамуын баланың белсенді әрекеттеріне негізделген деп түсіндіреді. Ол білімнің құрылуын аккомадация мен ассимиляция процестері арқылы сипаттайды.

1. Конструктивті оқытудағы Ж.Пиаже, Л.Выготский идеяларын талдау
Выгодскийдің идеялары конструктивті оқытудың топтық жұмыс, жобалық әдістер мен диалогтік оқыту сияқты тәсілдерінде көрініс табады.
Әлеуметтік өзара әрекет- оқыту диалог, пікірталас, ынтымақтастық арқылы жүруі тиіс.
Жақын даму аймағы - оқушылардың өз бетінше емес, білікті адамның көмегімен орындай алатын тапсырмалар деңгейі.
Выгодский оқытудың әлеуметтік аспектілеріне ерекше мән берді және оны басты ұғымдары конструктивті оқыту әдістемесінде қолданды.
Осы процестер арқылы оқушылар өз білімдерін белсенді түрде құрастыра алады. Ал мұғалім олардың танымдық дамуын бағыттайды.
Аккомодация- жаңа білім алу барысында ескі түсініктерді өзгерту.
Ассимиляция- жаңа білімді бұрынғы түсініктермен сәйкестендіру.
Жан Пиаже теориясы. Пиаже білім алудың конструктивті сипатын түсіндіру үшін когнитивтік даму кезеңдерін ұсынды. Ол оқушылардың жаңа ақпаратты меңгеруін ассимиляция және бейімделу арқылы жүзеге асатынын атап өтті.
Конструктивті оқыту Жан Пиаже мен Лев Выгодскийдің теорияларына негізделген. Олардың идеялары оқыту процесінде оқушылардың белсенді рөл атқаруын және білімді өз тәжірибесі арқылы құрастыруын қолдайды.

Практикалық сабақ 1 Тақырыбы: Конструктивті оқыту әдістемесінің мазмұны

Конструктивистік оқыту әдістемесі оқушылардың білімді өз бетінше құрып, белсенді түрде жасауына баса назар аударады. Ол оқушылардың алдын-ала білімдеріне, тәжірибелеріне және жеке ерекшеліктеріне сүйене отырып, білімді меңгеру процесінде белсенді рөл атқаруына мүмкіндік береді. Конструктивистік оқытудың негізгі мазмұны келесі элементтерді қамтиды:
⦁ Дифференциация: Оқу материалы мен әдістері оқушылардың жеке ерекшеліктеріне, қабілеттеріне және оқу стиліне сай бейімделеді.
⦁ Рефлексия: Оқушылар өз оқу процестерін талдап, өз білімдері мен дағдыларын бағалайды. Бұл олардың өз оқуын жетілдіруге мүмкіндік береді.
⦁ Оқудың контексті: Білім нақты өмірлік жағдайлармен, проблемалармен байланыстырылады. Оқушылар білімді нақты өмірде қолдануды үйренеді.
⦁ Мұғалімнің рөлінің өзгеруі: Мұғалім ақпарат беруші емес, оқу процесін басқаратын, бағыттайтын және қолдайтын фасилитатор болып табылады. Ол оқушылардың білімді құруына көмектеседі, оларға сұрақтар қояды, талқылауларды ұйымдастырады және кері байланыс береді.
⦁ Әлеуметтік өзара әрекеттесу: Оқушылар бір-бірімен өзара әрекеттесіп, пікір алмасып, бірлесіп жұмыс жасайды. Бұл олардың білімді тереңірек меңгеруіне және бір-бірінен үйренуіне мүмкіндік береді.
⦁ Мағынаны құру: Оқушылар жаңа ақпаратты алдын-ала білімдерімен байланыстыра отырып, оның мағынасын өздері құрады. Олар ақпаратты тек жаттап қана қоймай, оны түсініп, өз ойларымен байланыстырады.
⦁ Оқушылардың белсенді қатысуы: Оқушылар тек пассивті түрде ақпаратты қабылдамай, білімді құру процесіне белсенді түрде қатысады. Бұл топтық жұмыс, пікірталас, зерттеу жұмыстары арқылы іске асырылады.

Конструктивистік оқытудың әдістері алуан түрлі болуы мүмкін, оларға: проблемалық оқыту, жобалық оқыту, ойын арқылы оқыту, топтық жұмыс, пікірталас, зерттеу жұмыстары жатады. Негізгі мақсат - оқушылардың білімді өз бетінше құрып, белсенді түрде меңгеруіне ықпал ету.

Практикалық сабақ 13. Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану тәжірибесі.

2. АКТ-ны қолданудың артықшылықтары
АКТ-ны қолдану көптеген артықшылықтар береді, оларды бірнеше санатқа бөлуге болады:

3. Қоғам үшін: ⦁ Экономикалық өсу: АКТ экономиканың барлық салаларында өсуді ынталандырады. ⦁ Әлеуметтік даму: Білім беру, медицина және басқа да әлеуметтік салалардың дамуына ықпал етеді. ⦁ Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру: Электронды үкімет және ашық деректер мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырады. ⦁ Қоғамдық өмірге қатысу: АКТ азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуына және пікір білдіруіне мүмкіндік береді. ⦁ Мәдениет пен өнердің дамуы: АКТ мәдениет пен өнердің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады.

2. Бизнес үшін: ⦁ Тиімділікті арттыру: АКТ бизнес-процестерді автоматтандыруға және тиімділікті арттыруға көмектеседі. ⦁ Шығындарды азайту: Қағаз жұмыстарын азайту, коммуникация шығындарын төмендету және басқа да шығындарды оңтайландыру. ⦁ Жаңа нарықтарға шығу: Интернет арқылы әлемдік нарықтарға шығуға және жаңа клиенттер тартуға болады. ⦁ Бәсекеге қабілеттілікті арттыру: АКТ компанияларға бәсекелестерінен озып кетуге және нарықтағы үлесін арттыруға көмектеседі. ⦁ Инновацияларды енгізу: АКТ жаңа өнімдер мен қызметтерді жасауға және инновацияларды енгізуге мүмкіндік береді.

1. Жеке тұлғалар үшін: ⦁ Ақпаратқа қол жетімділік: Интернет арқылы әлемдегі кез келген ақпаратты тез және оңай табуға болады. ⦁ Қарым-қатынас: Әлеуметтік желілер, мессенджерлер және бейнеконференциялар арқылы әлемнің кез келген нүктесіндегі адамдармен байланысуға болады. ⦁ Білім алу: Онлайн курстар, оқу платформалары және электронды кітапханалар білім алуға кең мүмкіндіктер береді. ⦁ Ойын-сауық: Фильмдер, музыка, ойындар және басқа да ойын-сауық түрлеріне қол жетімділік. ⦁ Электрондық сауда: Интернет арқылы тауарлар мен қызметтерді сатып алуға және сатуға болады. ⦁ Уақытты үнемдеу: Көптеген қызметтерді онлайн режимінде алуға болады, бұл уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

1. Қазіргі заманда АКТ-ның түрлі салаларда қолданылуы
Қазіргі заманда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) барлық салаларға терең еніп, оларды түбегейлі өзгертті. Төменде кейбір салалардағы АКТ қолданылуының мысалдары келтірілген:

1. Білім беру: ⦁ Онлайн курстар мен оқу платформалары: Coursera, edX, Khan Academy сияқты платформалар әлемдік деңгейдегі білім алуға мүмкіндік береді. ⦁ Виртуалды сыныптар мен бейнеконференциялар: Zoom, Google Meet, Microsoft Teams сияқты құралдар қашықтықтан оқытуды және ынтымақтастықты жеңілдетеді. ⦁ Интерактивті оқу материалдары мен ойындар: Білім беруді қызықты және тиімді ету үшін қолданылады. ⦁ Электронды оқулықтар мен кітапханалар: Қағазды үнемдеуге және ақпаратқа қолжетімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

2. Медицина: ⦁ Телемедицина: Дәрігерлермен онлайн кеңесу, диагностика және емдеу мүмкіндігі. ⦁ Медициналық жабдықтарды басқару және диагностика: АКТ заманауи медициналық жабдықтарды басқаруға және дәл диагностика жасауға көмектеседі. ⦁ Пациенттердің денсаулық көрсеткіштерін бақылау: Қолданбалар мен құрылғылар пациенттердің денсаулық көрсеткіштерін үнемі бақылауға мүмкіндік береді. ⦁ Медициналық зерттеулер: АКТ жаңа дәрі-дәрмектер мен емдеу әдістерін зерттеуді жеделдетеді.

3. Бизнес және экономика: ⦁ Электронды коммерция: Интернет арқылы тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алу. ⦁ CRM жүйелері: Клиенттермен қарым-қатынасты басқару және тиімді маркетинг жүргізу. ⦁ ERP жүйелері: Кәсіпорын ресурстарын басқару және бизнес-процестерді автоматтандыру. ⦁ Блокчейн технологиясы: Қаржылық операциялардың қауіпсіздігін және мөлдірлігін қамтамасыз ету.

4. Ауыл шаруашылығы: ⦁ Дәл егіншілік: GPS, сенсорлар және басқа технологиялар егіншілікті тиімді басқаруға көмектеседі. ⦁ Ауа райын болжау: Ауа райы туралы дәл ақпарат алу егіншілік жұмыстарын жоспарлауға мүмкіндік береді. ⦁ Машиналарды басқару: АКТ ауылшаруашылық машиналарын қашықтықтан басқаруға және олардың жұмысын бақылауға мүмкіндік береді.

5. Өнеркәсіп: ⦁ Автоматтандыру және робот техникасы: Өндіріс процестерін автоматтандыру және тиімділікті арттыру. ⦁ 3D басып шығару: Күрделі бөлшектер мен прототиптерді тез және арзан басып шығару. ⦁ Интернет заттар (IoT): Құрылғыларды өзара байланыстыру және деректерді жинау.

Бұл АКТ қолданылатын салалардың тек бір бөлігі. Технологиялардың дамуымен бірге АКТ қолданылу аясы кеңейе береді және біздің өмірімізді одан әрі өзгертеді.

6. Мемлекеттік басқару: ⦁ Электронды үкімет: Азаматтарға мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға мүмкіндік береді. ⦁ Ашық деректер: Мемлекеттік ақпаратқа қолжетімділікті арттыру және мөлдірлікті қамтамасыз ету. ⦁ Киберқауіпсіздік: Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді кибершабуылдардан қорғау.

Практикалық сабақ 12. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне бейімделген конструктивті оқыту

Конструктивистік оқытуды оқушылардың жас ерекшеліктеріне бейімдеу – оқу процесінің тиімділігін арттырудың маңызды факторы. Әр жас кезеңінде оқушылардың когнитивтік даму деңгейі, әлеуметтік-эмоционалдық ерекшеліктері және мотивациясы әртүрлі болады.
Жоғары сынып оқушылары (15-17 жас): ⦁ Ғылыми зерттеулер: Жоғары сынып оқушылары ғылыми зерттеулер жүргізуге дайын. Олар ғылыми әдістерді қолдана отырып, терең зерттеулер жүргізіп, ғылыми есептер жаза алады.

⦁ Дебаттар: Жоғары сынып оқушылары өз көзқарастарын дәлелдеп, басқалардың пікірлеріне сын көзбен қарауға үйренуі керек. Дебаттар олардың критикалық ойлауын дамытуға көмектеседі.

⦁ Жобаларды басқару: Жоғары сынып оқушылары күрделі жобаларды басқаруға, командада жұмыс істеуге үйренуі керек.

Қорытындылай келе, конструктивистік оқытуды оқушылардың жас ерекшеліктеріне бейімдеу олардың білімді тиімді меңгеруіне және жан-жақты дамуына көмектеседі. Мұғалім оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, оқыту әдістері мен тапсырмаларды таңдауы керек.

Орта буын оқушылары (11-14 жас): ⦁ Зерттеушілік жобалар: Орта буын оқушылары өз бетінше зерттеу жүргізуге дайын. Оларға зерттеу тақырыбын таңдауға, зерттеу әдістерін анықтауға, деректерді талдауға және қорытынды жасауға мүмкіндік беру керек.

⦁ Проблемалық тапсырмалар: Орта буын оқушыларының абстрактілі ойлау қабілеті дамып келе жатқандықтан, оларға проблемалық тапсырмалар ұсынуға болады.

⦁ Дискуссиялар: Орта буын оқушылары өз ойларын білдіріп, басқалардың пікірлеріне құлақ асуға үйренуі керек. Дискуссиялар олардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Бастауыш сынып оқушылары (7-10 жас): ⦁ Ойын элементтерін қолдану: Ойын бастауыш сынып оқушылары үшін де маңызды. Ойын түріндегі тапсырмалар, викториналар, конкурстар олардың мотивациясын арттырады.

⦁ Практикалық тапсырмалар: Бастауыш сынып оқушылары ақпаратты практикалық іс-әрекет арқылы жақсы меңгереді. Оларға заттармен жұмыс істеуге, модельдер жасауға, тәжірибелер жүргізуге мүмкіндік беру керек.

⦁ Топтық жұмыс: Бастауыш сынып оқушылары әлеуметтік дағдыларын дамытып жатқандықтан, топтық жұмыс олар үшін өте пайдалы.

Мектепке дейінгі жастағы балалар (3-6 жас): ⦁ Ойын арқылы оқыту: Ойын – мектепке дейінгі жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті. Ойын арқылы олар әлемді танып, жаңа білім мен дағдыларды меңгереді. Құрылыс ойындары, рөлдік ойындар, дидактикалық ойындар конструктивистік оқытудың тиімді құралдары бола алады.

⦁ Қарапайым зерттеулер: Балалардың қоршаған ортаны зерттеуге деген қызығушылығын қолдану маңызды. Оларға қарапайым тәжірибелер жасауға, бақылаулар жүргізуге, сұрақтар қоюға мүмкіндік беру керек.

⦁ Көрнекілік: Мектепке дейінгі жастағы балалар ақпаратты көбінесе көрнекі түрде қабылдайды. Суреттер, заттар, модельдер олардың түсінуіне көмектеседі.

Практикалық сабақ 11. Жобалық және зерттеу жұмыстары.

Жобалық жұмыстар: ⦁ Мақсаты: Белгілі бір проблеманы шешуге немесе нақты өнім жасауға бағытталған. ⦁ Нәтижесі: Көрнекі өнім (макет, модель, презентация, бағдарлама, видеоролик, т.б.) болып табылады. ⦁ Процесі: Жоспарлау, ақпарат жинау, талдау, өнім жасау, презентациялау кезеңдерін қамтиды. ⦁ Мысалдар: Қаланы көгалдандыру жобасы, робот құрастыру, тарихи оқиға туралы фильм түсіру, веб-сайт жасау.
Зерттеу жұмыстары: ⦁ Мақсаты: Ғылыми әдістерді қолдана отырып, белгілі бір тақырыпты терең зерттеу, жаңа білім алу. ⦁ Нәтижесі: Ғылыми есеп, мақала, баяндама түрінде ұсынылады. Зерттеу нәтижелері жаңалық болуы міндетті емес, бірақ оқушы үшін жаңа білім болуы керек. ⦁ Процесі: Проблеманы анықтау, гипотеза ұсыну, зерттеу әдістерін таңдау, деректер жинау, талдау, қорытынды жасау кезеңдерін қамтиды.

⦁ Мысалдар: Өсімдіктердің өсуіне әсер ететін факторларды зерттеу, аудандағы ауаның ластану деңгейін анықтау, белгілі бір тарихи оқиғаның себептерін талдау.

Жобалық және зерттеу жұмыстарының ұқсастықтары: ⦁ Оқушылардың белсенділігін арттырады. ⦁ Шығармашылық ойлауды дамытады. ⦁ Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады. ⦁ Бірлескен жұмыс жасауға үйретеді.

Екі әдіс те оқушылардың білім алуын тереңдетуге және ХХІ ғасырда қажетті дағдыларын дамытуға көмектеседі. Мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктерін, қызығушылықтарын және пәннің мақсаттарын ескере отырып, қай әдісті қолдану керектігін анықтайды.

Жобалық және зерттеу жұмыстары – оқушылардың белсенді оқуын, шығармашылық қабілеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған тиімді оқыту әдістері. Олардың арасында ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар.

Практикалық сабақ 9-10. Төңкерілген сынып элементтерін қолдану.

«Төңкерілген сынып» моделінің артықшылықтары: ⦁ Оқушылардың белсенділігі артады. ⦁ Оқушылар өз темпінде оқи алады. ⦁ Сыныптағы уақыт тиімді пайдаланылады. ⦁ Оқушылардың бірлескен жұмыс жасау дағдылары дамиды.
«Төңкерілген сынып» моделін қолданудағы қиындықтар: ⦁ Оқушылардың барлығында үйде интернетке қол жеткізу мүмкіндігі болмауы мүмкін. ⦁ Кейбір оқушыларға өз бетінше оқу қиын болуы мүмкін. ⦁ Мұғалімнен көп дайындық жұмысын талап етеді.

Дегенмен, мұқият жоспарлау және тиімді ресурстарды пайдалану арқылы «Төңкерілген сынып» моделі оқушылардың білім алуын жақсартуға және олардың ХХІ ғасырда қажетті дағдыларын дамытуға көмектеседі.

«Төңкерілген сынып» моделі дәстүрлі оқыту тәсілін өзгертеді, яғни оқушылар жаңа материалды үйде өз бетінше меңгеріп, ал сыныпта алған білімдерін бекітуге, талқылауға және практикалық тапсырмаларды орындауға уақыт бөледі. Бұл модельді тиімді қолдану үшін келесі элементтерді ескеру қажет:
1. Үй тапсырмасы ретінде жаңа материалды меңгеру: ⦁ Видеосабақтар: Мұғалім алдын ала дайындаған қысқа видеосабақтар оқушыларға жаңа тақырыпты түсінуге көмектеседі. Бұл видеоларды оқушылар өз қалауы бойынша бірнеше рет көре алады. ⦁ Интерактивті ресурстар: Оқулықтардың электронды нұсқалары, онлайн симуляциялар, виртуалды зертханалар, ойындар оқушылардың жаңа материалды өз бетінше меңгеруіне мүмкіндік береді. ⦁ Алдын ала оқу: Оқушыларға сабаққа дейін тиісті бөлімдерді оқып келу тапсырылады.

2. Сыныптағы уақытты тиімді пайдалану: ⦁ Талқылау және сұрақтарға жауап беру: Сыныптағы уақыт жаңа материалды талқылауға, оқушылардың сұрақтарына жауап беруге және түсінбеген тұстарын анықтауға арналады. ⦁ Практикалық тапсырмалар: Оқушылар алған білімдерін бекіту үшін практикалық тапсырмаларды орындайды. Бұл жеке, жұптық немесе топтық жұмыс түрінде болуы мүмкін. ⦁ Жобалар және зерттеу жұмыстары: Оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту үшін жобалар мен зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға болады. ⦁ Дифференциалды тәсіл: Мұғалім оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмалардың қиындық деңгейін өзгерте алады.

3. Кері байланыс: ⦁ Оқушылардың үй жұмысын тексеру және кері байланыс беру маңызды. Бұл олардың түсінбеген тұстарын анықтауға және оқу процесін жетілдіруге көмектеседі. ⦁ Оқушылар бір-біріне кері байланыс бере алады.

Практикалық сабақ 8. Конструктивті оқыту және АКТ

Қорытынды: АКТ конструктивистік оқытудың тиімділігін арттыратын құнды құрал болып табылады. Ол оқушылардың ақпаратқа қол жеткізуін жеңілдетіп, оқу процесін қызықты және интерактивті етеді, бірлескен жұмысты және жекешелендірілген оқытуды қолдайды. Алайда, АКТ тек құрал екенін есте ұстаған жөн. Оқытудың тиімділігі оны қалай қолданатынымызға байланысты.
Конструктивистік оқыту мен АКТ (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) бір-бірін өте жақсы толықтырады. АКТ конструктивистік оқытудың принциптерін жүзеге асыруға және оқушылардың білімді белсенді түрде меңгеруіне қолайлы орта жасауға мүмкіндік береді. АКТ-ны қолданудың бірнеше жолдары:
6. Ойын түрінде оқыту: Ойындар оқушылардың мотивациясын арттырып, оқу процесін қызықты етеді. Олар оқушылардың белсенділігін арттырып, білімді тиімді меңгеруге көмектеседі.

Мысалдар: ⦁ Blogger, WordPress: Оқушылар блог жазу арқылы өз ойларын білдіріп, зерттеулерімен бөлісе алады. ⦁ Google Docs, Microsoft Teams: Бірлескен жобалар жасауға, құжаттармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. ⦁ Kahoot!, Quizizz: Ойын түрінде тест тапсырмаларын орындау, білімдерін тексеруге мүмкіндік береді. ⦁ YouTube: Оқушыларға түрлі тақырыптар бойынша видеосабақтарды көруге мүмкіндік береді.

5. Жекешелендірілген оқыту: АКТ оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытуды жекешелендіруге мүмкіндік береді. Оқушылар өз темпінде оқи алады, қиын тақырыптарға көбірек көңіл бөле алады.
4. Оқушылардың жұмыстарын жариялау және бағалау: Оқушылар өз жұмыстарын (презентациялар, эссе, жобалар) онлайн платформаларда жариялап, басқалармен бөлісе алады. Мұғалімдер онлайн құралдарды пайдаланып, оқушылардың жұмыстарын бағалап, кері байланыс бере алады.
3. Виртуалды оқыту орталары: Бұл орталар оқушылар мен мұғалімдерге онлайн режимінде өзара әрекеттесуге, бірлесіп жұмыс істеуге, пікір алмасуға мүмкіндік береді. Форумдар, чаттар, видеоконференциялар оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытуға көмектеседі.
2. Мультимедиялық ресурстар: Видео, аудио, анимация, интерактивті симуляциялар оқу материалын қызықты және түсінікті етеді. Оқушылар ақпаратты әр түрлі форматта қабылдай алады.
1. Ақпаратқа қол жеткізу: Интернет, электронды кітапханалар, онлайн энциклопедиялар оқушыларға ақпараттың кең ауқымына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Олар қажетті ақпаратты өз бетінше іздеп, талдап, қорытынды жасай алады.

Практикалық сабақ 7. Проблемалық оқыту элементтері.

⦁ Шешім табу және негіздеу: Тексеру нәтижелеріне сүйене отырып, оқушылар проблемаға шешім табады және оны негіздейді. Олар өз шешімдерін басқаларға түсіндіріп, дәлелдеуі керек.
⦁ Рефлексия: Оқушылар өздерінің оқу процесін талдайды: қандай қиындықтарға тап болды, нені үйренді, қандай дағдыларды дамытты. Бұл кезең оқушылардың метакогнитивті дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Проблемалық оқытудың мақсаты - оқушыларды дайын біліммен қамтамасыз ету емес, олардың өз бетінше білім алуына, зерттеушілік дағдыларын және проблемаларды шешу қабілеттерін дамытуға көмектесу.

Проблемалық оқыту – оқушылардың белсенді ойлауын, зерттеушілік дағдыларын және проблемаларды шешу қабілеттерін дамытуға бағытталған оқыту әдістемесі. Оның негізгі элементтері:
⦁ Гипотезалар ұсыну: Оқушылар проблемалық сұраққа жауап іздеу барысында әр түрлі болжамдар (гипотезалар) ұсынады. Бұл олардың шығармашылық ойлауын және проблеманы шешудің әр түрлі жолдарын қарастыруын дамытады.

⦁ Гипотезаларды тексеру: Ұсынылған гипотезаларды тексеру үшін оқушылар зерттеу жүргізеді, ақпарат жинайды, тәжірибелер жасайды, деректерді талдайды.

⦁ Проблемалық сұрақ: Проблемалық жағдай негізінде қойылатын сұрақ. Ол нақты, түсінікті және оқушыларды ойлануға итермелейтіндей болуы керек. Жауабы бірден айқын болмауы керек. Мысалы, "неге?", "қалай?", "неліктен?" деген сұрақтар проблемалық сұрақтар бола алады.
⦁ Проблемалық жағдай: Бұл оқушылардың қызығушылығын оятатын, ойландыратын және шешім іздеуге итермелейтін жағдай. Ол оқушылардың алдыңғы білімдері мен дағдыларына сәйкес келуі керек, бірақ олардың білімдеріндегі белгілі бір «қайшылықты» тудыруы тиіс. Оқушыда проблеманы шешуге деген қажеттілік пайда болуы керек.

Практикалық сабақ 6 Диалогтық оқыту және бірлескен жұмыс.

2. Диалогтық оқыту қағидаттарын практикалық тұрғыда меңгеру. Топтық және жұптық жұмысты ұйымдастыру дағдыларын дамыту.
Диалогтық оқыту- бұл мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты белсенді ететін, оқушыларды өзара пікір алмасуға, ойларын ашық білдіруге ынталандыратын оқыту әдісі. Мұнда басты назар оқушылардың бір-бірімен және мұғаліммен диалог құруына, мәселелерді талқылауға, сұрақ қоюға және жауап беруге бағытталған. Диалогтық оқыту оқу үдерісінің негізінде оқушылардың түсініктерін кеңейту жаңа идеяларды қарастыру, танымдық қабілеттерін дамыту және жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.

Топтық және жұптық жұмысты ұйымдастыру дағдыларын дамыту. Топтық және жұптық жұмыс оқушылардың қарым-қатынас дағдыларын дамытып, олардың бірлесіп жұмыс істеу қабілеттерін дамытады. Бұл жұмыс түрі оқушыларға әртүрлі пікірлерді талұылауға, бір-бірімен ой бөлісуге, өзара жауапкершілік сезімін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

1. Жұптық жұмыс-екі оқушының бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуіне негізделген. Бұл әдіс оқушыларға тыңдаушылық пен сөйлесу дағдыларын дамытуға көмектеседі. Жұптық жұмыс түрлері: Ақпарат алмасу; Мәселені шешу; Диалог; Пікірталас;

2. Топтық жұмыс- оқушылардың бірнеше адамнан тұратын топтарда жұмыс істеуі. Бұл әдіс оқушылардың командалық жұмыс дағдыларын дамытады, сондай-ақ әртүрлі идеяларды біріктіруге мүмкіндік береді. Топтық жұмыс түрлері: Жобалық жұмыс; Миға шабуыл; Рөлдік ойындар; Топтық талқылау;

1. Топта жұмыс істеу тәсілдерін іс жүзінде қолданып үйрену.
Топта жұмыс істеу- оқушылардың әлеуметтік, коммуникативтік дағдыларын дамытатын, олардың ынтымақтастық пен жауапкершілікті сезінун қалыптастыратын маңызды тәсіл. Топтық жұмыс барысында оқушылар бір-бірімен ақпарат алмасып, идеяларды талқылап, ортақ мақсатқа жетуге бірге ұмтылады. Бұл әдіс оқушылардың сыни ойлау, мәселелерді шешу, өзара қарым-қатынас орнату дағдыларын дамытады.

1. Топтық жұмысқа дайындық. Топтық жұмысқа бастамас бұрын, оның тиімді болуы үшін дайындық жұмыстары өте маңызды. Оқушыларға нақты тапсырмалар мен мақсаттар қойылып, оларды қалай орындайтыны туралы нұсқаулар берілуі керек.

2. Топтық рөлдер мен міндеттерді бөлу. Топта жұмыс істеген кезде әр оқушының өз рөлі мен міндеті болуы керек. Бұл олардың ынтымақтастықта жұмыс істеуіне көмектеседі. Топтық рөлдер тапсырманы бөлісуді, жауапкершілікті арттыруды және топ ішіндегі теңдікті сақтауға мүмкіндік береді.

3.Топтық пікірталастар мен идеяларды бөлісу. Топтық пікірталас оқушыларды бір-бірімен ашық сөйлесуге және түрлі пікірлер мен идеяларды қабылдауға үйррету. Мұнда әрбір оқушы өзойын еркін білдіріп, басқалардың пікірін тыңдайды.

4. Сенімді қарым-қатынас орнату. Топта тиімді жұмыс істеу үшін сенімді қарым-қатынас өте маңызды. Оқушылар бір-бірін тыңдап, құрметтеп, сынға ашық болуы тиіс. Бұл дағды топтың жұмысын жеңілдетіп, мақсатқа тез жетуге көмектеседі.

5. Жұмыс нәтижесін жинақтау және талқылау. Топ жұмысын аяқтаған соң, топ мүшелері бірлесе отырып, барлық нәтижелерді жинақтап, талқылауы тиіс. Бұл кезеңдер әр топ өзінің нәтижелерін ұсынады және ортақ қорытынды жасалады.

6. Кері байланыс беру және рефлексия. Топтық жұмысты аяқтаған соң, оқушылар мен мұғалімдер кері байланыс беріп, рефлексия жасайды. Бұл кезеңде оқушылар өздерінің жұмыс барысын және жұмыс жасаудың нәтижесін талқылайды, сондай-ақ қандай қиындықтармен кездескендері туралы айтады.