类别 全部

作者:Дастан Шуканов 5 年以前

839

Қайырымдылық қорлары - мемлекеттік көмек

Қайырымдылық қорларының мақсаттары мен қызметтері қоғамға маңызды көмек көрсетеді. 2008 жылы құрылған 'АЯЛА' қоры студенттерге бағдарлама жазу бойынша тегін қосымшалар береді және медициналық жабдықтармен қамтамасыз етеді.

Қайырымдылық қорлары -
       мемлекеттік көмек

Қайырымдылық қорлары - мемлекеттік көмек

«ШҰҒЫЛА» қоғамдық қоры

Қор мұқтаж отбасыларына материалдық және әлеуметтік көмек көрсетумен айналысады. Сондай-ақ ауыл тұрғындарына ерте кезеңде ауруларды анықтау және олардың дамуын болдырмау үшін көшпелі медициналық тексерулер жүргізеді. Білім алуға мүмкіндігі жоқ адамдарға қолдау көрсетеді.
ЦЕРЕБРАЛДЫ САЛ АУРУЫНА ШАЛДЫҚҚАН БАЛАЛАРДЫ САУЫҚТЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ - Жағдайы төмен отбасындағы, церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға түрлі жәрдем көрсету жобасы. Олар ұдайы сауықтыру шараларына мұқтаж. Аналары балаларының қасында қалып, жұмысқа да шыға алмайды. Сондықтан жағдайы төмен отбасылар үшін ауру перзенттерін сауықтыру қиынға соғады. Мұндай отбасылар көмектің кез келген түріне зәру.

"Мектепке Жол" - Қор бұл жоба аясында жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға тамыз айларында мектепке қажетті құралдарды таратады.

"Береке" - Мұқтаж отбасыларға азық-түлік себетін тарату қайырымдылық жобасы. Бұл жоба аясында азық-түлік себеті отбасылардың үйлеріне жеткізіледі. Себет - ұн, макарон, күнбағыс майы, күріш, қант, шай, варенье және басқа да заттардан құралады.

"АЯЛА" қайырымдылық қоры

2008 жылы құрылды
Іске асырылған жобалары
"Тыныс ал, балақай" - перзентханаларды медициналық жабдықтармен қамтамасыз етті
"Менің де өмір сүргім келеді" - ақаулары бар балаларға көмек;
"Coding Lab" - студенттерге және жоғары сынып оқушыларына бағдарлама жазу бойынша тегін қосымшалар беру;
Еріктілер (волонтер)
Мінуар Айдарова
Данияр Бексұлтан
Айнұр Бабаева

«Бауыржан» қайырымдылық қоры

Пинг-Понг ханшайымы
"Твой день, донор!"
"Алтын жүрек"
Қызметі
Тұрақты дамып келе жатқан қоғамдық ұйым. Қор Қазақстанда филантропияны дамыту үшін қолайлы жағдай жасайды, ҮЕҰ және оларды қолдайтындарға – меценаттар мен қайырымдылық көрсетушілерге көмек көрсетеді.

"ДАРА" қоры

Көмек жолдары
қайырымдылық бокстары
корпоративтік-серіктестік
онлайн-қайырымдылық
Жобалары
"Күлкі сыйла" - 2009 жылдан бастап Қор «Дарус» медициналық орталығымен серіктесіп №9 мектеп интернатының көмекті қажет ететін балаларына қайырымдылық операцияларды жасап келеді.
"Футбол командасы" - Алматылық №5 есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының жанында Футбол секциясы жұмыс істейді.
ТҮЗЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ – кез келген ерекше бала және оның отбасы үшін дефектолог, психолог, логопед, физиотерапевт, массажист, тифлопедагог сияқты мамандардан сапалы көмек алуға мүмкіндігі болатын арнайы мекемелер.
«Дара» қорының миссиясы – жетім, мүмкіндіктері шектеулі және науқас балалардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға және оларды дамыту мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жобаларды жүзеге асыру.

"Сәби" қайырымдылық қоры

Миссиясы
«Сәби» қорының миссиясы жұртшылықтың қайырымыдылық саласын түсінуіне ықпал етуге, филантропияны қайырымдылық көмегін алушылар үшін тиімді етуге және демеушілер үшін тартымды етуге негізделген.
Бағдарламары
"Білім беру" бағдарламасы - Алматы қаласында және Қазақстан Республикасының басқа да аумақтарында әлеуметтік мекемелердегі тәрбиеленушілерге және балалар үйінің түлектеріне кейіннен қоғамда бейімделіп кетуіне жағдай жасау.
"Мүгедектерге - лайықты өмір" - Мүмкіндігі шектеулі адамдарға өзін-өзі жүзеге асыру деңгейін арттыру, олар үшін лайықты өмірлік жағдайлар жасау, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына кедергісіз қол жетімдіктерін ұйымдастыру, мүгедектерді қоғамға ықпалдастыру және оңалту үшін жағдай жасау.
Экологиялық бағдарлама - "Сәби" қайырымдылық Қоры Орталық Азия экологиялық зерттеу институтымен бірге 2019 жылы Ақтау қаласында Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығын ашты.
Негізін қалаушылар
Әсел Иманғалиқызы Тасмағамбетовна
Кенес Хамитович Ракишев