Categories: All - педагогика

by Мерей Абсадықова 3 years ago

600

Практикалық сабақ.

Педагогическата диагностика представлява същественият елемент от педагогическата наука и практиката, насочен към разбиране и оценка на състоянието и поведението на обекти с психика, каквито са учениците.

Практикалық сабақ.

Практикалық сабақ.

Практикалық сабақ -7

Практикалық сабақ 7. Тақырыбы: Тұтас педагогикалық үдерісті басқару және педагогикалық талдау 1. "Диагностика" ұғымының мәні, түсінігі. 2. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісінің диагностикасы.
Педагогикалық диагностика - педагогикалық ғылымның бір саласы және сонымен қатар практикалық педагогиканың негізгі формасы болып табылады. Қазіргі жалпы ғылыми көзқарасқа сүйенсек, «диагностика» дегеніміз- белгілі бір обьектінің ахуалын танып білу немесе оның тәртібінің болжауы мен сол тәртібіне әсер етуінің мүмкіншіліктері туралы шешім қабылдау мақсатында сол обьектінің негізгі параметрлерін тез тіркеу жолымен содан кейін оны белгілі бір диагностикалық категорияға жатқызу жүйелерін тану болып табылады. Сондықтан, педагогикалық диагностика деген кезде, біз диагностикалық танымның белгілі бір обьектілер, яғни психикасы бар нақты адамдар туралы айтамыз, Педагогикалық диагностиканың зерттеу объектісі – педагогикалық үдеріс болып табылады. Педагогикалық диагностика педагогикалық үдерістегі өзгерістерді оқушы бойындағы өзгерістермен байланыстыраболжайды.«Педагогикалық диагностика» ұғымын дұрыс түсіну үшін философия мен психологиядағы диагностиканың жалпы теориясын қарастыруымыз қажет. Өйткені педагогикалық диагностика философия мен психологиядағы диагностикагың заңды жалғасы болып табылады. Диагностиканың әртүрлі ғылым саласында пайда болуын тарихи хронологиялық аспектіде қарастыратын болсақ, алғаш рет « диагностика » термині антикалық дүниеде кездеседы. Диагностика жасау үрдісі, оны кезеңдерге бөлу ғалымдардың еңбектерінде әртүрлі көрініс тапқан.

Практикалық сабақ -6

Практикалық сабақ 6. Тақырыбы: Мектепті басқарудағы мектеп құжаттарының рөлі 1. «Жүйе» түсінігінің анықтамасы және оның негізгі қасиеттеріне сипаттама. 2. Мектептің басқару жүйесі.
Мектептегі әдістемелік жұмыс – педагогикалық мәдениетті көтерудің шарты. Мұғалімнің кәсіптік дайындығы оның педагогикалық жоғары оқу орнын бітірумен аяқталмайды, ол мұғалімнің кәсіптік қызметінің бүкіл кезеңін қамтиды. Сонымен бірге мұғалімнің кәсіптік білімін үздіксіз көтеріп отыруы оның шығармашылық қабілетін дамытуды жене дербес педагогикалық тәжірбиесін үнемі дамытудың шарты болып табылады. Егер мұғалім қоғамдық орында белсенді позиция ұстанып, оның дербес тәжірибесі әлеуметтік және педагогикалық тәжірибемен кірігіп, педагогикалық ұжымның қолданысына ие болып, кәсіптік шығармашылық ізденісі көтермеленіп отырса, мұғалімнің кәсіптік шеберлігі мен педагогикалық мәдениетінің артуы барынша жемісті болады. Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру жоспарына сәйкес олар бес жылда бір рет мұғалімдер біліктілігін көтеру институттарында немесе педагогикалық жоғары оқу орындарының арнаулы факультеттерінде арнайы дайындықтан өтуі тиіс. Біліктілік көтеру немесе педагогикалық ЖОО базасында мұғалімдердің алған арнайы білімдерін практикалық тұрғыдан саралап, мектепте сынақтан өткізуі қажет. Бұндай жағдайда мектепте арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыстардың жүйесі мұғалім үшін баға жеткісіз көмек бола алады. Әдістемелік жұмыстар дербес және жеке ерекшеліктер ескерілген жағдайда мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік дайындығын жетілдіруге деген сұранысына жауап бере алады. Мектептегі әдістемелік жұмысты басқару оның міндеттері, мазмұны және ұйымдық негіздерін директор, оның орынбасары ғана емес, мұғалімдер де анық әрі нақты ұғына алғанда барынша тиімді болады.

Практикалық сабақ -5

Практикалық сабақ 5. Тақырыбы : Жаңашылдық қызмет нәтижелері, олардың жетістіктері мен болжау шарттары 1. Мектептегі жаңалық және жаңашылдық үдерісі. 2. Қазіргі мектептегі жаңашылдық үдерісті басқарудың ерекшеліктері.
Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі олардың білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі әлемде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады. Инновациялық іс-әрекет – индивидтің дәстүрлі іс-әрекетінен ерекше айырмашылығы бар іс-әрекеттің негізгі түрі. Ол өзара шиеленіскен қарамақайшылықта жүзеге асады: дәстүрлі іс-әрекеттің қазіргі моделі тиімді болмай, оны одан әрі жетілдіру ешқандай нәтиже бермеген кезеңінде жаңаның өмірге келуі заңды құбылыс.

Практикалық сабақ -4

Практикалық сабақ 4. Тақырыбы: Білім беру жүйесін басқарудың мемлекеттік-қоғамдық сипаты 1. Басқару ұстанымдары басқару заңдылығының нақты көрінісі мен бейнесі ретінде. 2. Педагогикалық жүйелерді басқару ұстанымдары.
Білім жүйесінде қалаған деңгейдегі басқару қатынастары тəрбиелік қызметті де атқарады. Тəрбиеленушілерді басқарушы болып есептелетін педагог - тəрбиешілер оларға жетекшілік етеді, ал тəрбиеленушілер осы жетекшілік қатынастарды пайдалы ұғымдар ретінде игереді, яғни тəрбиелік қызметтің орындалып жатқаны. Осыдан да басшының, тəрбиешінің, мұғалімнің моральдық, əдептілік кейпіне жоғары талаптар қойылады. Кəсіби іс-əрекетті əрқилы деңгейде бірдей тең басқару – бұл да педагогикалық жүйелерді басқарудың өз алдына ерекшелігі. Өз тұлғасын қалыптастыру барысындағы оқушы іс-əрекетін тəрбиешінің бір өзі басқармайды, бұған бірнеше пəн мұғалімдері, сынып жетекшісі жəне басқа да күнделікті ықпал жасаушы мектептің барша қызметкерлері араласады. Сондай-ақ, мұғалімдердің, сынып басшыларының қызметтеріне мектеп директоры мен директордың оқу, тəрбие жəне сыныптан тыс жұмыстар бойынша орынбасарлары əкімшілік басқару жүргізеді. Мұғалімдер бір уақытта бірнеше қызмет атқарады. Ол – сынып басшысы, пəн мұғалімі, əдістемелік бірлестік мүшесі. Мектеп көп тарапты байланысқа ие. Оның жұмысы ата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен қатынастар негізінде атқарылып барады. Мектеп - мемлекеттік (немесе онымен тығыз байланысқан) құрылым. Отбасы, қоғам, мемлекет араларындағы бірлікті іс-əрекеттердің ұштаса орындалуынан тəрбиенің жалпы мақсаттары іске асып барады. Мұндайда өзара байланыстар міндетті түрде жүйелі басқарымда болуы шарт. Бұл да педагогикалық жүйелерді басқарудың өз ерекшелігі. Білім берудегі мектеп жағдайы «мұғалім-оқушы» қарым-қатынасына тəуелді екенін ескеретін болсақ, білім жүйесін басқарудың келесі ерекшеліктерін де біліп қойған жөн: əртүрлі жас деңгейіндегі балалар бірлестіктеріне басшылық; материалдық ынтадан гөрі моральдық ынтаның басым болуы; басқарушының өз басқарымындағылармен жеке таныс болу қажеттігі, білім саласын басқаратын тұлғаның жоғары дəрежеде білікті, білімді болуы.

Практикалық сабақ -3

Практикалық сабақ 3. Тақырыбы: Білім беру сапасы ғылыми басқарудың мақсаты мен нәтижесі ретінде педагогикалық менеджмент сапасының талаптары 1. Оқу-тәрбие жұмысын басқару жүйесі қызметі тиімділігінің басқарудың субъектісі мен объектісі арасындағы құрылымдық-қызметтік байланыстар деңгейіне тәуелділігі.
Қазіргі кезеңде елдер арасында және олардың білім беру жүйесіндегі білім сапасы ме интеллектуалдық қуаты бойынша бәсекелестік кең етек алуда, сонымен қатар, сапаны басқару жүйесінде эволюция да байқалады. Сондықтан да біздің республикадағы басты басымдылық – білім беру сапасын қамтамасыз ету, ол Қазақстан Республикасы білімінің құқықтық-нормативтік базасында және мемлекетіміздің даму стратегиясында көрініс тапқан. Білім сапасы – қоғам, мемлекет және жеке тұлғаның мақсаттық басымдылығы мен қажеттілігін есепке алып, қатар әрекет ететін, алдын ала болжанған процесс пен нәтиже. Білім сапасын басқару мақсатты бағытталған, ресурстың қамтамасыз етілген басқарылушы және басқарушының өзара әрекет ету процесінің қоғам мен жеке тұлғаның болжанған сапаға жету нәтижесі болып табылады. Қазақстанда менеджменттің теориялық және қолданбалы аспектілері зерттелініп жатыр және әрі қарай зерттеуді талап етеді. Менеджмент тарихын білу менеджердің кәсіби білімі мен басқару ойының дағдыларын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.

Практикалық сабақ -2

Практикалық сабақ 2. Тақырыбы : Педагогикалық менеджменттің жүйелі сипаты 1. Педагогикалық менеджмент субъектері қызметінің мақсаты. Мақсат нәтиже үлгісі. 2. Педагогикалық менеджменттің міндеттері.
Басқарудың негізгі қызметтері Басқару іс-әрекеттері процесінде төмендегідей қызметтер орындалады: - мақсаттарды айқындау (бүкіл жүйенің, сонымен бірге әр кезеңнің соңғы нәтижесін болжап, ой-санада нақтылау); - жоспарлау (мектеп жұмыстарының барша бағыттары бойынша алыс болашақ пен әр жылға жоспар түзу); - ұйымдастыру (қызметтік міндеттерді сауатты бөлістіру, бағыну мен жауапкершілік жүйесін қалыптастыру); - реттеу (қабылданған шешімдерді іске асыру мақсатында әрқилы бағыттағы түрлі қызмет жүйелерінің іс-әрекеттерін үйлестіру); - ынталандыру (шығармашылық істерге, ғылыми-зерттеу жұмыстарына,инновациялық жобаларға қатыстыру үшін жағдайлар жасау; мұғалімдердің рухани бірлік сезімін қалыптастыру, олардың әлеуметтік белсенділігіне дем беру; жетістіктеріне орай бағалау және мадақтау); - бағалау (талдау және жаңа міндеттерді белгілеу үшін көзделген жоспарлардың орындалуы жөнінде уақтылы ақпараттар алып тұру); - педагогикалық талдау (оқу процесін, тәрбие жұмыстарын, білім мекемесінің материалдық қорын, қаржы-экономикалық жағдайын педагогикалық мамандар мен тәрбиеленушілер құрамын жетілдіруге байланысты зерттеулер және талдаулар, нақты қорытындылар жасап, ұсыныстар беру.

Практикалық сабақ -1

Практикалық сабақ 1. Тақырыбы: Білім берудегі менеджмент. Педагогикалық менеджмент мақсаттары, міндеттері, қызметі 1. Білім беру жүйесі түсінігі. Білім беру жүйесінің объектісі мен субъектісі. 2. Білім беру жүйесінің жалпы принциптері. Білім үдерісіндегі мониторинг.
Педагогикалық менеджмент - мектеп жұмысын басқарудың мазмұны əдістері, оқу-тəрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру туралы педагогика ғылымының бір бағыты ретінде, білім берудің жаңа парадигмасы мен басқару теориясының дамуына байланысты қайта жаңғыртылуда. Білім беру жүйесін жетілдіру, ең алдымен оның сапасын арттыру – мемлекеттің таяу онжылдықтағы басты басымдықтарының бірі болып табылады. менеджерлер болатын.Менеджмент туралы түсінік. Менеджмент ұғымы ғылымда «іс əрекет түрі» жəне «білім саласы» ретінде қарастырылып, қоғамдағы басқару салаларында қолданылады. Ф.Тейлор менеджмент жəне менеджер терминін алғаш рет қолданды, ол өзінің визит карточкасында бірінші болып «менеджмент мəселелері бойынша кеңесші» деп көрсеткен болатын. Менеджмент бойынша бірнеше кітаптардың авторы, кеңесші Т. А. Гибсон: «Менеджмент - шектеулі ресурстар жағдайында мақсаттарға қол жеткізудің өнері» десе, ХХ ғ. менеджмент теоретиктерінің ішіндегі танымалы, американдық ғалым П. Друкер Өзінің «Энциклопедия менеджмента» (2001) еңбегінде: менеджмент - тиімділік нəтижесі қол жеткізілген нəтижелермен өлшенетін қолданбалы пəн, қазіргі менеджмент - басқару қызметінің арнайы түрі, ол адамдарға бағытталады жəне негізгі мақсаты адамдарды ортақ мақсатқа бірігіп əрекет етуге бағыттау, осы жолда олардың тиімді қызмет жасауына жағдай жасау, əлсіздіктерінің «тігісін жатқызу», сонда ғана адам қабілетінің қоғамға қосар үлесі, берері көп болатынын, бұның барлығы тиімді басқаруға байланысты екендігін айтады.

Практикалық сабақ -8

Практикалық сабақ -9

Практикалық сабақ -10

Практикалық сабақ -11

подтема

Практикалық сабақ -12

Практикалық сабақ -13

Практикалық сабақ -14

Практикалық сабақ -15