类别 全部 - образование

作者:Гулнур Абсадык 3 年以前

476

Білім беру мененджменті

Управлението на педагогическия процес включва организационно-методическо ръководство, повишаване на квалификацията и атестация на учителите в рамките на училището. Методическата работа е насочена към повишаване на професионалното, научно-теоретичното и културното ниво на учителите и е неразделна част от непрекъснатото образование.

Білім беру мененджменті

Білім беру мененджменті

6. Мектепті басқарудағы мектеп құжаттарының рөлі

Мектепте жоспардан басқа құжаттар да жүргізіледі, оларды үш топқа бөлуге болады: оқу-педагогикалық құжаттар, мектепішілік ақпараттар және қаржы-шаруашылық құжаттар. Оқу-педагогикалық құжаттарға жатады: - журналдар: сынып журналы, факультативтік сабақтар журналы, ұзақ күн топтары журналы, өткізілмеген және өткізілген сабақтар журналы; - кітаптар: оқушылардың алфавитті жазылу кітабы; берілетін бланктерді тіркеу кітабы (орта білім туралы аттестаттар үшін жеке, негізгі басқышты аятағаны туралы куәліктер үшін жеке), «Алтын белгі»-ні тіркеу кітабы, мақтау грамоталары мен мақтау қағаздарын тіркеу кітабы, мектептің педагогикалық қызметкерлерінің жеке құрамын тіркеу кітабы, кіріс және шығыс қатынас қағаздарын тіркеу кітабы және адамдардың ескерту және ұсыныстар кітабы; - оқушылардың жеке іс-қағазы; - оқушыларға белгілі бір мандықты меңгеруі туралы куәліктер беру ведомосі (бастауыш кәсіптік білім беруді оқыту ұйымдастырылған мектептерде); - жоғары тұрған органдардан келген бұйрықтар, жарлықтар мен бақа да бақаратын-ақпараттық құжаттар; - мектептің аттестация бойынша материалдары, мектептің білім беру іс-әрекетіне лицензия; - мектепті тексеру нәтижелері туралы актілер, анықтамалар көшірмесі, мектептің статистикалық есептерінің көшірмесі; - білім беруді және басқа да ұйымдарды басқарудың жоғары тұрған органдарымен хат алысу.
Мектепішілік ақпарат ауызша және жазбаша болса да маңызды орын алады. Бұл ақпарат уақыт аралығы бойынша оперативті (күнделікті, апталық, ай сайынғы), тоқсандық және жылдық болып ажыратылады. 1) Күнделікті оперативті ақпарат пән мұғалімдерімен, сынып жетекшілерімен, оқушылар және олардың ата-аналарымен әңгімелесу, бақылау, сонымен бірге сынып журналын және мектепішілік басқа да құжаттардың түрлерін зерттеу нәтижесінде қалыптасады. Ол оқушылардың оқу үлгерімі мен сабаққа қатысуы, олардың пәндері, мектептің санитарлық жағдайы, оқу бөлмелері, оқу шеберханалары және т.б. туралы мәліметтерден тұрады. Күнделікті ақпарат басқару шешімдерін оперативті қабылдауға пайдаланылады. 2) Апталық оперативті ақпарат директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарымен дайындалады. Ол апта бойы мұғалімдерден, сынып жетеекшілерінен және т.б., оперативті жиналыстардағы пікір алмасу нәтижесінен түскен мәліметтерді ескереді. Апталық ақпарат ерекше бақылауда болған, жеке оқушылар мен жеке сынып оқушыларының оқу үлгерімі мен сабаққа қатысуы, сонымен бірге сыныптан және мектептен тыс шаралар, сынып журналын, оқушылар дәстері мен күнделіктерінің жүргізілу жағдайы бойынша туралы мәліметтерден тұрады. 3) Ай сайынғы оперативті ақпарат апталық ақпараттарды қорытындылалап, оларды толықтырады. Ол оқу бағдарламасының орындалуы, пән мүғалімдері жұмысының сапасы, жеке сыныптар бойынша оқу үлгерімі, сабаққа қатысуы, пәндері, арнайы тексеру және бақылау жұмыстары, оқушылардың қоғамдық ұйымдары туралы мәліметтерден тұрады. 4) Тоқсандық ақпаратты сынып және оқу пәндері бойынша оқу үлгерімі жөнінде мұғалімдер мен сынып жетекшілері жазбаша дайындайды. Оны жұмыстағы айқындалған кемшіліктерді жою жолдарын анықтау мақсатында мектеп дирекциясы талдайды, педагогикалық және әдістемелік кеңесте (пән бірлестіктері) талқыланады. 5) Жылдық ақпарат тоқсандық ақпараттар мәліметтері, бітіруші және көшу емтихандарының нәтижесі негізінде қалыптасады, оқушылардың тәрбиелілік және білімділік деңгейінде динамиканы айқындауға мүмкіндік береді. Осы ақпараттар жалпы мектептің жылдық жұмыс жоспарының аналитикалық бөлігін құрастыруға пайдаланылады.

4. Білім беру жүйесін басқарудың мемлекеттік-қоғамдық сипаты

Қазіргі заман жағдайында жалпы білімдік немесе қалаған басқа да оқу-тəрбие мекемелерінің педагогикалық жүйесін əрқайсысы өз алдына күрделі жүйе бөлімшелері болып есептелетін төмендегідей жүйешелер (подсистемы) бірлігі ретінде қарастыру қабылданған: - дидактикалық. Бұл жүйеше өз ішіне сабақ жəне сабақтан тыс оқу-тəрбие жұмыстарын; міндетті жəне факультатив дəрістерді; оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақты (сабақтағы оқушы жəне мұғалімдердің жұмыс орындау əдістемелерін) -əрбірін өз алдына жүйе бірліктері ретінде қамтиды; - тəрбиелік – үлкен жүйе бола тұрып, келесідей сыныптан тыс жəне мектептен тыс тəрбие жұмыстары, отбасы тəрбиесі, қоғамдық мекемелердегі тəрбие жəне өзіндік тəрбие жүйешелерінен құралады; - оқушылардың қарым-қатынастары жəне олардың мектептегі өзіндік басқару жүйешесі (мұның құрамына енетіндер: сыныптағы өзіндік басқарым, əрқилы іс-əрекет бағыттары бойынша кіші жүйешелер); - мектептің əкімшілік жүйесі: оқу процесін басқару, тəрбие жұмыстарына жетекшілік, басқа да жұмыс түрлерін алып бару жүйешелерінен құралады. Əкімшілік жүйенің қажеттігі – дидактикалық, тəрбиелік, материалды-техникалық жүйешелер мен оқушылардың өзіндік басқару жүйешелерінің басын қосып, үлкен біртұтас жүйелікке келтіру мақсатынан. Оқушылардың жан-жақты тəрбиесі мен дамуына қатысты міндеттердің шешілуі , яғни жүйенің тиімді жұмыс атқарушы барша жүйелік бірліктердің іс-əрекеттері бір бағытта орындалып бару шартына байланысты. Тұлға бөлшектеніп қалыптаспайды. Бұл кешенді де (комплексті) əрі педагогикалық жүйелерді басқарудың өзіндік ерекшелігін танытады. Басқаруға тəн жəне бір сипат- бұл жұмысқа баршаның: əкімшілік, мұғалімдер, оқушылар – араласуы. Мұндай жағдай басқару қызметінің мазмұны мен нəтижесіне үлкен əсерін тигізеді, себебі бұл істің қалаған сатысында қай деңгейде болмасын, басқарушы адам өз əрекетінің кез-келген сəті мен жүйенің қалпы тек оның шешіміне тəуелді болмайтынын мойындауы тиіс.
Білім жүйесінде қалаған деңгейдегі басқару қатынастары тəрбиелік қызметті де атқарады. Тəрбиеленушілерді басқарушы болып есептелетін педагог - тəрбиешілер оларға жетекшілік етеді, ал тəрбиеленушілер осы жетекшілік қатынастарды пайдалы ұғымдар ретінде игереді, яғни тəрбиелік қызметтің орындалып жатқаны. Осыдан да басшының, тəрбиешінің, мұғалімнің моральдық, əдептілік кейпіне жоғары талаптар қойылады. Кəсіби іс-əрекетті əрқилы деңгейде бірдей тең басқару – бұл да педагогикалық жүйелерді басқарудың өз алдына ерекшелігі. Өз тұлғасын қалыптастыру барысындағы оқушы іс-əрекетін тəрбиешінің бір өзі басқармайды, бұған бірнеше пəн мұғалімдері, сынып жетекшісі жəне басқа да күнделікті ықпал жасаушы мектептің барша қызметкерлері араласады. Сондай-ақ, мұғалімдердің, сынып басшыларының қызметтеріне мектеп директоры мен директордың оқу, тəрбие жəне сыныптан тыс жұмыстар бойынша орынбасарлары əкімшілік басқару жүргізеді. Мұғалімдер бір уақытта бірнеше қызмет атқарады. Ол – сынып басшысы, пəн мұғалімі, əдістемелік бірлестік мүшесі. Мектеп көп тарапты байланысқа ие. Оның жұмысы ата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен қатынастар негізінде атқарылып барады.

1. Педагогикалық менеджмент педагогикалық жүйелерді басқару теориясы мен технологиялары ретінде

“Менеджер” ұғымы ең алдымен, кәсіби басқарушылық базалық білімі сипатындағы жаңа типтегі басшы ретінде түсіндіріледі. Білім беру мекемелерін басқару – кез келгені жинақтай алатын тәжірибе ғана емес, ол терең меңгеруді қажет ететін ғылыми білімдер жүйесі, және туа біткен қабілетті, ерекше дарындылықты, лидерлік қасиеттерді талап ететін өнер. Заманауи білім беру мекемесінің басшысы – ол тек қызмет қана емес, кәсіп те, өйткені бұл қызмет кәсіптің барлық белгілеріне ие: жетекші іс-әрекет, арнайы білімді, білік пен дағдыны, арнайы тұлғалық әрі кәсіби сапаларды міндеттейді. ХХ-ХХI ғасырлар тоғысындағы басқару кезеңі бiлiмiнiң қарқынды өсуi мен өзгеру уақыты. Бұл эволюцияның бастапқысы ретiнде басқарудың классикалық мектебiнiң негiзiн салушы А. Файольдiң еңбектерiн атауға болады, ол 1916 жылы басқарудың жалпы принциптерiн ұсынған. Дәл осы принциптер ғылыми басқару теорияларының негiзiне айналған.“Басқарудың классикалық теориясы” 1930-жылдарға дейiн ең басты орында болған. ХХ ғасырдың 30-жылдарында басқарушылық ғылым дамуында “басқарушылық қатынастар теориялары” атты жаңа бағыт қалыптасты. Классикалық теория бiрлескен іс-әрекет нәтижелiлiгiнiң негiзгi шарттары не, қашан, қайда және қалай iстеу керектiгiн анықтайтын басқарудың нақты ресми құрылымы, жемiстi жұмысты (ең бастысы, материалдық жағынан) қамтамасыз ету деп санаған.
Педагогикалық менеджмент – білім беру жүйесіндегі оқу-тәрбиелік, оқу-танымдық және өздігінен білім алу процессін тиімді басқарудың теориясы, әдістемесі мен технологиясы. Хоруженко К.М., Куперина А.В. Педагогикалық менеджмент оқу-тәрбие,оқу-таным үрдісінің және білім берудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған, оларды басқарудың принциптері, әдістері, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық тәсілдерінің кешені Садвакасова З.М. анықтамасы Педагогикалық менеджмент – Бұл басқарудың ғылыми негізі экономикалық жағдайда адами ресурстардың аз шығындалып көп пайда табуын ұйымдастыру.

7. Тұтас педагогикалық үдерісті басқару және педагогикалық талдау

Тұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару, мектеп шеңберінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды аттестациялау. Әдістемелік жұмыс – мұғалімнің кәсіби, ғылыми-теориялық, мәдени деңгейін көтеруге бағытталған кешенді үрдіс. Әдістемелік жұмыс үздіксіз білім берудің құрамдас бөлігі. Әдістемелік жұмыс бұл өзін-өзі жетілдіру үшін ұйымдастырылған топтық, жеке және ұжымдық кешенді үрдіс. Ол оқу-тәрбие үрдісін басқарудың, мұғалімдердің жоғары әдістемелік мәдениетін, еңбек сапасының нәтижесінде тәрбиелеудің маңызды әдіс-тәсілі болып табылады. Әдістемелік жұмыстың талаптары көптеген ғылыми еңбектерде қаралады. Ю.К.Бабанскийдің «Методическая работа в школе: организация и управление. Рекомендации для руководителей школ. М., 1988» еңбегінде зерттеліп келтірілген. Олар: әдістемелік жұмыстың ғылымилығы, жүйелілігі, кешенділігі, шығармашылығы, теория мен практиканың бірыңғайлығы. Әдістемелік жұмыс оқу жылына жоспарланып, екі айда бір отырыс жүргізіледі. Онда озат мұғалімдердің іс-тәжірибелері, ашық сабақтар талқыланады, сабақтың түрлері, дөңгелек стол, іс ойындар, сынып аралық сабақтастық т.б. қаралады. Ғылыми конференциялар, педагогикалық оқулар дайындап өткізу, жаңа келген жас мұғалімдермен жұмыс жүргізіледі. Әдістемелік жұмыс педагогикалық үрдістің құралы ретінде қарауымызға байланысты оның ғылыми еңбектерде критерийлері (белгілері) анықталған. Бірінші критерийі (белгісі)– нәтижелілігі. Бұл арада әрбір оқушының жеке басының ерекшелігі ескеріледі және оқу мүмкіндігіне қарай оқушының «жақын даму зонасын» анықтауға бағытталады. Екінші критерий (белгісі) – уақытты тиімді пайдалан білуі, экономия жасау, оқу-тәрбие үрдісінде мектепте мұғалімнің шеберлігінің өсуі уақыттың тиімді пайдалануынан шығады. Үшінші критерий (белгісі) – мұғалімнің өз еңбегіне қанағаттану. Егерде мектепте моральдық –психологиялық жағдай қалыпты болса, жауапкершілік, міндет, қызығушылық мотивтері үнемі мұғалімнің жұмысында қалыптасатын болса, онда мұғалімнің табысты жетістікке жетуге әбден болатыны анық. Мектепте әдістемелік бірлестіктердің түрлері: пән мұғалімдерінің бірлестіктері, бастауыш сынып мұғалімдерінің бірлестіктері, сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестіктері. Әдістемелік жұмыстың мазмұны келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: мұғалімнің мәдени дайындығы; кәсіби-білім деңгейі; мәдениеттілігі; диагностикалық қабілеті; ұйымдастырушылық, басқарушылық қызметі.
Мектептегі әдістемелік жұмыстар көптеген факторларға байланысты өзгеріп отырады. Олар: білім беру саласындағы заң актілері мен құжаттары; мұғалімдердің педагогикалық мәдениетінің деңгейінің өсуі, диагностикалық жұмыстар, мектептегі моральдық-психологиялық жағдайлар, т.б. Педагогикалық ұжымға ықпал жасау бұл шығармашылық белсенділік ортаны жасауға, оларда жайлы психологиялық райлы қалыптастыру мақсатында педагогикалық ұжымға ықпал жасау тәсілдері. Осы мақсатта көптеген көңіл мынадай мәселелерге бөленеді, ұжым мүшелерінің арасында қоғамдық және педогогикалық жұмыс көлемін қалай қолайлы дұрыс бөлу, сабақ кестесін жасау, олардың уақытында ұқыпты қарау еңбекті ғылыми ұйымдастыруды Е.Ғ.У. ендіру, қайсылары жоғарыда көрсетілгендей табысты шешуге мүмкіндік жасайды. Осы міндеттерді табысты шешуге бағытталған педагогикалық ұжымның жұмыс тәжірибесінде осы қосымша арнайы әдістер анықталған. Оларға жататындар мыналар: келешегі мол саланы ұсыну, мұғалімдердің ынтымақтастығын ұйымдастыру, бірыңғай талап, дәстүрлер, қайсылары белсенділікті көтеруге, өзара көмекке еңбек ұжымдары мүшелерінің арасындағы жолдастыққа бағытталған.

5. Жаңашылдық қызмет нәтижелері, олардың жетістіктері мен болжау шарттары

Инновация (латын сөзі іп-в, nо-vis –жаңа) жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді екен. С. И Ожегов сөздігі бойынша: «инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық» -делінген. «Инновация» ұғымын әр елде әр түрлі түсінген, кейбір мемлекттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең тараған, ал Араб елдерінде, Жапония елдерінде «инновация» 95 мың сөздіктерде кездестіру мүмкін емес. Сондықтан әр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми – педагогикалық, техникалық саяси әдебиеттерді, баспа беттерін зерттей келе, Ресейде, шет елдерде, Қазақстан мемлекетінде «инновация» ұғымына берілген анықтамаларға зейін аударайық. «Ғылымның қайнар көзі» — Ресейде «инновация» ұғымына өте үлкен күдікпен қараған: XIX- XX ғ. басындағы бірде-бір білім реформаларында бұл термин кездеспейдді. Негізінде реформа жүзеге асқан, яғни инновациялық үрдіске өткен, бірақ «инновация» термині еш жерде аталмайды. Майлс пікірі бойынша: «Инновация — арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешілуін күзетеміз», — деген.

3. Білім беру сапасы ғылыми басқарудың мақсаты мен нәтижесі ретінде педагогикалық менеджмент сапасының талаптары

Педагогикалық ғылымды жəне тəжірибені түсіну үшін көбісі біртұтас педагогикалық үдерісті басқарманың ғылымның айқындамаларынан байқауға тырысады жəне оған тиянақты қатал сипат береді. Өзге жəне өз еліміздің зерттеушілерінің айтуы бойынша, басқару тек техникалық, өндірістік процесс жəне қиын əллеуметтік жүйе саласында ғана керек емес, ол педагогика саласында да өте маңызды болып табылады. Жалпы басқару, ол айқындалған ақпаратқа негізделе отырып, талдау жасау, бақылау, нысананы мақсатқа жетуі үшін реттеу жəне дұрыс шешім қабылдау. Басқару нысаны болып техникалық, биологиялық, əлеуметтік жүйелер табылуы мүмкін. Əлеуметтік жүйенің ең кең тараған түрлерінің бірі білім жүйесі жəне өзіне тəн елдің, мекеннің, облыстығы, қаланың жəне ауданның барлық жүйелерін қамтиды. Жалпы мектептік білім бұл динамикалық əлеуметтік жүйе сияқты мектепішілік басқарудың нысаны болып табылады. Осыған байланысты мектепті басқару жəне олардың компоненттерін, бөліктерін жəне басқа да қатысушы жүйелерін жалпымектептік білім жүйесі деп қарастырсақ болады. Бұл жүйеге жалпы педагогикалық процесс, сынып оқыту жүйесі, мектеп жұмысын тəрбиелеу жүйесі, қатысушының эстетикалық тəрбие жүйесі кіреді. Жалпы мектепті басқаруды бөлшектеп қарастыру мектепішілік басқарудың мазмұнын көрсетеді
Мектепішілік басқару өз алдына мақсатқа жету, педагогикалық жүйені жалпылама танып білу, нысана заңдылықтарын қарастыру арқылы барынша оңтайлы шешім қабылдау болып табылады. Педагогикалық процесс қатысушыларының жүйесі тізбе сияқты бірінен кейін бірі келесі функцияларды атқарады: педагогикалық талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу. Мектепішілік басқаруды дəстүрлі жүйеде түсіндіретін болсақ, ол субъектінің белгіленген нысанаға басқарушылық жүргізуі; сапаны жақсарту мақсатында басқарушылық жүйенің тигізетін əсері, педагогикалық еңбекке байланысты ғылыми элементтерді енгізу болып табылады. Қазіргі таңда ықпал ету философиясының орнына, мектепте екіжақты келісім, бірігушілік философиясы орын тапты жəне мектеп басқару теориясы мектепішілік менеджмент теориясымен толықтырылып отыр. Менеджмент теориясы ол жекеше басқару, яғни менеджердің қызметі, яғни оның өзіне деген сыйы, өз қызметкерлеріне сенім артуы жəне олардың табысқа жетуіне ықпалын тигізуі. Менеджменттің нақ осы бөлігі мектепішілік басқаруды толықтырып отырады. Менеджмент идеясының дамуы, олардың мектеп жағдайларына əсер етуі жеке бір бағыттың пайда болуына əкеледі, ол мектепішілік менеджмент. Мемлекеттік басқарудың артықшылығының бірі (білімді), ол мемлекттік білім басқарудың жалпылама бағытқа өтуі

2. Педагогикалық менеджменттің жүйелі сипаты

Өндірісті шоғырландыру мен жаратылыстану техникалық білімдері жетістіктері нәтижесінде басқаруға ғылыми жүйе ретінде қызығып көңіл бөлу 20 ғасырдың басынан орын алды. 1911 жылы жарияланған Фредерик У. Тейлордың «Ғылыми басқару қағидалары» атты еңбегі осы үлкен ғылыми бастаманың ұйытқысы еді. Тейлордың пікірінше тиімді ғылыми басқару ұдайы бақылау, тәжірибе жасау және ой- саналық, топшылау арқылы анықталған көрсеткіштер көмегімен бизенсті жпандандыратын қызмет саласы болып саналады. Тейлор өз теориясын тұжырымдай келе, мынадай тоқтамға келеді: «дәстүрлі әдістің орнына – ғылым, қарама- қарсылықтың орнына – үйлесімділік, дербес жұмыстың орнына ынтымақтастық, еңбек өнімділігін арттыру, өте қажетті барынша қолайлы жағдай жасау...» Басқару ол біздің айналамыздағы дүние элементтерінің бірі болып табылады. Бірақ басқару процестерін тарихтан тыс және басқаруды жүзеге асыру саласынан қол үзген деп қарастыруға болмайды.
Менеджмент басқарудың мақсатына адамдардың еңбек белсенділігін ынта-ықыласы арқылы көтеріп, олардың тиімді жұмысының негізінде жетуді ұйғарады. Ғылымның бұл түрін білу барысында басқарудың мақсаттарын қою мен дәлелдеу үшін нақты білім және тәжірибелік дағды алуға болады, осы мақсаттарға жету жолында персоналдың күш-қуатын жинастыруға, ғылыми дәлелденген шешімдерді қабылдауға, кадрлар жұмысын жүйелеуге, кәсіпорындарды біртұтас жүйе түрінде басқаруға мүмкіндік береді. Әртүрлі ғылымдар секілді менеджменттің де теориясы болады, онда осы пәнге тән қасиеттер, міндеттер, категориялар, заңдылықтар, принциптер, әдістер, функциялар және өзінің ізденіс жолы қамтылады. Басқару адамдардың парасаттылық нысаналы іс-қызметінің көмегімен қоршаған әлемді бағындыру және тіртіпке келтіру жұмысынан тұратындығы бұрыннан белгілі. Менеджмент – басқарудың маңызды құрамдас бөлігі, оның пәні басқару үрдісіндегі әлеуметтік қатынастардан тұрады. Сөйтіп, менеджменттің ғылым ретінде айналысатын пәні басқару үрдісінідегі адамдардың арасындағы қалыптасатын қатынастар.